Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 17:48, лекция
1. Табиғатты ұтымды пайдалану бағдарламасы.
2. Жергілікті табиғи жағдайларға табиғи ресурстарды пайдалану әдістері мен мінезінің сәйкестігі.
3. Табиғатқа антропогенді әсер салдарын болжау.
4. Қайта жаңаратын ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісі.
Рекреациялық-сауықтыру мақсаттары есебімен табиғи ресурстарды пайдалану. Жалғасатын ғылыми-техникалық революциямен байланысты табиғи ресурстардың барлық түрлерін белсенді игеруінің өзекті мақсаты болып адамзаттың пайдалы өмір ортасын сақтау табылады. Экономикалық әрекет табиғи ресурстардың әр түрлерін пайдаланумен байланысты жүзеге асырылуы керек, ал нәтижелілігі адам үшін таза қоршаған ортаны қамтамасыз ету мен сақтау көзқарасынан бағалану керек. Мысалы, пайдалы қазбаларды өңдеу және онымен байланысты жер бедерінің өзгеруі атмосфера мен судың шаңмен және зиянды ағынды қоспалармен ластану көздерін жою мақсатымен жерлерге рекультивация жұмыстарын жүргізуді және таулы ландшафттарға эстетикалық кескінің беруді болжайды. Елді мекендердегі өнеркәсіптердің дамуы жергілікті табиғи жағдайлар есебімен жүзеге асырылуы тиіс және міндетті түрде атмосфералық ауа мен су қайнарларының тазалықта сақталуын қарастыру керек. Қоршаған ортаның дұрыс табиғи жағдайларын қамтамасыз ету бойынша күрделі шаралардың жиыны, сонымен қатар су бөгендерінің, жер асты су қайнарларының тазалықта сақталуын, табиғи өсімдіктің сақталуын, жасыл құрылыстың кең масштабтарда іске асуын, эрозияға қарсы және т.б. жұмыстардың жүргізілуін ұйғарады.
Көрсетілген шаралар заң шығарушы тәртіппен бекітілуі тиіс, олардың жүргізілуі іске асырылатын санитарлық-гигиеналық нормалармен қарастырылады. Сонымен бірге таза қоршаған ортаның сақталуы, көбінесе, халықтың бұл өмірлік мақсатты шешуге кең қарастырылуына тәуелді.
Табиғи ресурстарды
пайдалану нәтижесінде
Информация о работе Табиғатты пайдалану және қолданбалы экология