Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 17:48, лекция
1. Табиғатты ұтымды пайдалану бағдарламасы.
2. Жергілікті табиғи жағдайларға табиғи ресурстарды пайдалану әдістері мен мінезінің сәйкестігі.
3. Табиғатқа антропогенді әсер салдарын болжау.
4. Қайта жаңаратын ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісі.
8 дәріс
Тақырыбы: Табиғатты пайдалану және қолданбалы экология.
Қолданбалы экология табиғатты
ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаның
экологиялық жағдайларын
Табиғатты пайдаланудың мақсаттары:
Қолданбалы экология мақсаттары үшін ең көп таралған және жарамды болып Н. Ф. Реймерстің табиғатты пайдалану туралы ұсынылған келесі анықтамасы табылады: Табиғатты пайдалану – адам қоғамының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануының жалпы принциптерін зерттейтін кешенді ғылыми пән.
Н. Ф. Реймерстің өзінің анықтамасын келесі маңызды қорытындымен толықтырады. Табиғатты пайдалану дегеніміз – адам денсаулығына нұқсан келтіріп немесе оның өміріне қауіп төндіретін табиғи-ресурстық потенциалдық күрт өзгерістеріне және қоршаған ортаның терең өзгерістеріне әкелмейтін жоғары нәтижелі шаруашылық. Табиғатты ұтымды және ұтымсыз пайдалануын бөліп білу керек.
Табиғатты ұтымды пайдалану - табиғи жағдайлар мен ресурстардың үнемді пайдалануын қамтамасыз етуге шақырылған әрекет жүйесі, халық денсаулығын сақтау мен экономиканың алғышартты ықыластар есебімен олардың ұдайы өндірісінің тәртібі.
Табиғатты ұтымсыз пайдалану, жоғарыда айтылған, ұтымды пайдаланудан айырмашылығы – табиғи ресурстық потенциалдық сақталуын және қоршаған ортаның жоғарғы экологиялық сапасын қамтамасыз етпейді.
Ғылыми негізде Жердің
географиялық қабығының табиғи ресурстарын
пайдалану табиғатты ұтымды пайдалану
атына ие болды. бұл жағдай ұқыпты
пайдалануға бағытталған
Д. А. Армандқа сәйкес табиғатты
ұтымды пайдалану келесілерді
Бұл жағдайлардың әмбебап
маңызы бар және олар қолданбалы экологияның
тәжірибелік тапсырмаралын шешу
үшін толық қолданылады. Бұл принциптердің
негізгі жағдайларын
Табиғаттың диалектикалық бірлігі, ландшафттардағы табиғи құрам-бөліктердің өзара келісуі жергілікті табиғи жағдайлар спецификасының жеткіліксіз бағасымен өте жиі байланысқан адамның шаруашылық әрекетінің мүмкін болатын жағымсыз салдар есебімен барлық экономикалық шаралардың жүзеге асырылу қажеттілігін шығарады. Осыған байланысты тек табиғи ресурстардың уақытынан бұрын сарқылуы мен оларды пайдалану мүмкіндігінің жоғалуын тудыратын емес, сонымен қатар қоршаған ортаның табиғи бірлігінің бұзылуына әкелетін антропогенді әсердің табиғатқа жағымсыз салдарын күні бұрын болжау қажет.
Жоғарыда айтылған жергілікті табиғи жағдайлармен қатаң сәйкестікке кез келген шаруашылық шаралардың жүзеге асырылу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді. Ландшафттар, гидроклиматтық және биогенді құрамбөліктерінің ең аз тұрақтылығы мен ең көп динамикалығымен байланысты бұл жағдай көбінесе су, топырақ, өсімдік, фауна ресурстарының шаруашылық пайдалану жағдайларына қолданбалы. Жергілікті табиғи жағдайлардың кемшілігіне тән үлгісі болып әдетте бедлендті қолайсыз жерлердің пайда болуымен және жел эрозиясының активизациясымен аяқталатын жеңіл механикалық құрамды топырағы бар жерлерді жырту табылады.
Басқа жағынан, құмайт массивтер
өрістердің эрозияға жеңіл ұшырағыштығын
бағаламау малдың шектен тыс жайылымы
нәтижесінде жайылымдардың
Әртүрлі табиғи ресурстарды пайдалану процесінде, әртүрлі шаруашылық шараларды жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаға енгізілетін өзгерістердің жағымды да, жағымсыз салдарын болжап білу керек.
Табиғатқа антропогенді әсер салдарының ғылыми негізделген болжамы максималды нәтижелілікпен табиғи ресурстарды пайдалануға рұқсат етеді, шынайы өзгертілген ландшафттардың құрылысын құруға көмектеседі. Керісінше, адамды қоршаған ортада өзгерулердің тікелей де жанама салдарын толық есептемеу ландшафттардың табиғи потенциалының күрт сандық және сапалық бұзылуына әкелу мүмкін. Сонымен қатар антропогенді әсер салдарының шаруашылық шаралары тікелей жүзеге асырылатын табиғи аймақтан едәуір алшақтанған ландшафттарда бейнелеу мүмкіндігін есте сақтау керек. Мысалы, металлургиялық, химиялық, мұнайгаз өңдейтін өнеркәсіптер жұмыстарының нәтижесінде атмосфераның, әрекет етуші өнеркәсіптік объектілерден едәуір қашықтатылған кең аумақтардың жер асты және жер беті суларының ластануы жүреді.
Табиғатқа мүмкін болар антропогенді
салдарын болжау кез келген шаруашылық
шаралардың жүзеге асырылу бағдарламасының
алдында болу керек. Бұл жағдайда
экономиканың жобаланатын объектілерінің
экологиялық сараптама
Ірі шаруашылық объектілердің табиғатқа әсер салдарын толық есептемеуіне тән мысал болып Іле өзенінің ағындысын реттеу табылады. Қапшағай СЭС-ның құрылысы нәтижесінде Балқаш көлінің алабында орналасқан ландшафттардың құрылымында күрт өзгерістер болды. Қапшағай су қоймасының пайда болу салдарының қатарына Іле өзенінің аталған жерлерінің су басуын, су қоймасының бүкіл ұзындығында (150км) тоғайлардың жойылуын, СЭС-ның бөгетінен төмен орналасқан Іле өзені ағындысының азаюын және Балқаш көлі деңгейінің төмендеуін жатқызуға болады. Су қоймасының жағалық зонасында грунт суларының деңгейі көтерілді. Іле өзенінің сағасында бірнеше тармақ пен көлдердің құрғауы, топырақтың екінші рет батпақтануы мен тұздануы байкалады. Қапшағай СЭС-ның құрылуының маңызды салдары болып бұрын Іле өзені сағасында табысты акклиматизацияланған онда тіршілік ету жағдайларының күрт төмендеуі табылады.
Осыған тән мысалдар қатарын жалғастыруға болады. Олардың барлығы ірі шаруашылық шаралардың жүзеге асырылуының алдында болатын табиғи орта өзгерістерін уақытында болжау қажеттілігін сендіре айтады.
Табиғи ресурстарды шаруашылық пайдаланудың орынды кезектілігі. Қазақстан территориясында әртүрлі табиғи ресурстардың болуы оларды ұтымды пайдалануын ұйғарады. Алайда табиғи ресурстардың барлығы бірдей практикалық қолдануды таппайды. Бұл егер минералды-шикізатты ресурстарына келсек, минералды ресурстардың аз қорымен немесе олардың құрамындағы пайдалы қазбалардың аз болуымен немесе пайдалануға мүмкін еместігімен, сонымен қатар олардың қазіргі уақытта қажеттілігінің болмауымен байланысты. Соңғысын минералды-шикізатты сияқты климаттық, су, топырақ және т.б. ресурстарға қолданады. Табиғи ресурстардың пайдаланылмайтын түрлері консервацияға ұшырау керек және олар кең шаруашылық қолдануды таба алатын адамдардың болашақ қажеттіліктері үшін мұқият қорғалу керек (Мысалы, Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде кең таралған термалды және қатты минерализацияланған жер асты сулары). Басқа сөзбен айтқанда, табиғи ресурстардың көрсетілген түрлерін пайдаланудың орынды кезектілігі ұзақ мерзімді экономикалық жоспарлауда бейнелену керек, ол қоғам қажеттіліктерінен және сәйкес ғылыми-техникалық қаруланғандықтан тәуелді.
Қайта жаңармайтын табиғи ресурстарды үнемді пайдалану. Табиғатты ұтымды пайдаланудың берілген принципі шығынсыз және қалдықсыз қазбалар кен орындарының кешенді пайдалануын болжайды. Табиғатты ұтымды пайдалану принциптерінен тұрпайы түрде бас тартуы болып құнды қоспалар үйінділеріне ілеспелі қалдық пен бірнеше негізгі құрамбөліктер шығарылуы арқылы рударалды қайта өңдеу табылады. Пайдалы қазбалардың шығындары тасымалдау және байыту, жартылай фабрикаттар мен шикізаттар өңдеу процесінде байқалады. Бұлардың барлығы кен орындарды уақытынан бұрын өндіруіне және болашақ ұрпақ қажеттіліктерін қамтамасыз етуге шақырылған пайдалы қазбалардың резервті кен орындарын өңдеу қажеттілігіне әкеледі.
Қайта жаңармайтын табиғи
ресурстарды пайдаланудағы
Қайта жаңармайтын табиғи ресурстардың маңызды түрі болып жыртылған және жыртылуға жарамды жерлер табылады. Жер қорын ұтымды пайдалануына Қазақстанның бірнеше облыстарында орын алатын азаматтық, тұрмыстық, өнеркәсіптік және жол құрылысы үшін жыртылған және жыртылуға жарамды жерлерді ақтаусыз кең қолдану нұқсан келтіреді. Көрсетілген мақсаттар үшін жерлерді бұру тек қана қолайсыз және аз пайдаланылатын жерлер есебінде жүзеге асыру керек (мысалы, өнімділігі төмен жайылымдардың).
Қайта жаңаратын ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндіріс принципі нақты ландшафттарға қоланғанда тұрақты қолайлы жағдайда биогенді құрамбөліктерді қолдауды болжайды. Соңғысы тек ландшафттың биологиялық өнімділігін қорғауды ғана емес, ұдайы көтерілуін де білдіреді. Ландшафттардың биогенді құрамбөліктерінің нәзіктігі адамды антропогенді әсер алдында, әсіресе, тірі табиғат ресурстарды ұқыпты қорғау мен ұдайы өндірісіне міндеттейді.
Сарқылмайтын табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану. Космостық, климаттық және су ресурстарын ұтымды пайдалану адам қоғамының шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғи ресурстардың бұл сарқылмайтын түрлерінің сапалық күйінің өзгеруін алдын алуда тұратын өзіндік ерекшеліртері бар.
Техногенді әсер салдарынан атмосфераның ластануы өнеркәсіптік қалалар төңірегінде ауылшаруашылық мәдениеттер жетілуінің мерзімін азайтатын Күн радиациясының күшін күрт төмендетеді. Әсіресе, антропогенді әсер нәтижесінде су ресурстары әлсіз. Тазартылмаған өнеркәсіптік ағынды суларының тасталуы су бөгендерінің химиялық құрамының ластануы нәтижесінде жаппай ірі өзендер және көлді бөгендер маңдарының өзінде таза тұщы суда күрт көрсетілген тапшылық байқалады. Сарқылмайтын ресурстарды ұтымды пайдалану принципі су қайнарлары мен атмосфера ластануының алдын алуын және су ресурстары мен атмосфера мелиорациясына бағытталған шаралар жүйесін алдын алуды қарастырады. Олардың қатарына өнеркәсіптік мекемелерді ауа тазартатын эффективті сүзгіштермен жабдақтау, ауаның автокөлік пайдаланған газдармен ластануын алдын алу, ауаның шаңдануына қарсы күрес, елді мекендермен қоныстанған ландшафттарды көгалдандыру т.б. жатады. Бұл және басқа шаралар ұтымды пайдаланудың негізі болып табылатын су және климаттық ресурстар күйін тиісті деңгейде ұстауға әрекет етеді.
Информация о работе Табиғатты пайдалану және қолданбалы экология