Табиғатты қорғау және Тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 16:47, реферат

Краткое описание

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының сипатамасы…………………………1-2
1.2 Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері................................................2-4
2.Негізгі бөлім
2.1 Табиғатты тиімді пайдаланудың ұстанымдары..............................................5-6
2.2 Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы...............7
2.3 Экологиялық құқықтың негізгі қайтар көздері..................................................8-9
2. Қорытынды:...............................................................................................................10
3. Қолданылған адебиеттер.........................................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

1280топ Өсербай Аида.docx

— 66.32 Кб (Скачать документ)

          Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

         Абылай атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері                

                                                          Университеті

                                   


  Халықаралык қатынастар кафедрасы


                              Халықаралық қатынастар факультеті   

                           

                                  Экология және тұрақты даму пәні

       СӨЖ

 

                     Тақырыбы:  Табиғатты қорғау және Тұрақты даму

                                                              

                                                

 

  

                                            Дайындаған: 128-топ,Халықаралық қатынастар

                                                                          2-диплом   Өсербай Аида

                                             Тексеруші:  Техника ғылымдарының докторы,

                                                            Профессор  Айдосов Аллаярбек Айдосович

 

 

 

                                    Алматы қаласы-2013

                                    

        Мазмұны:

  1. Кіріспе

         1.1 Әлемдегі  қоршаған табиғи орта  жағдайының сипатамасы…………………………1-2

    1. Табиғат  қорғаудың  экологиялық  негіздері................................................2-4

        2.Негізгі бөлім

               2.1 Табиғатты  тиімді  пайдаланудың  ұстанымдары..............................................5-6

               2.2 Адамның салауатты және қолайлы  қоршаған табиғи ортаға құқығы...............7

               2.3 Экологиялық құқықтың негізгі  қайтар көздері..................................................8-9

  1. Қорытынды:...............................................................................................................10
  2. Қолданылған адебиеттер.........................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы


Адам  әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады  және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы жәневирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

  • 1) барлығы барлығымен байланысты;
  • 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
  • 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
  • 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

 

 

                                                         1

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

  • қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
  • мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
  • әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
  • қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
  • табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
  • кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
    • қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
    • коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
    • қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

 

 

                                                                        2

                  Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері    

 Табиғат - адам баласыньщ тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.       

 Адам баласының саны  артқан сайын табиғат байлықтарын  пайдалану еселеп өсті. Енді бос жаткан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осынын бәрі табиғатқа бұрын-сонды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қорытаусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. кмдеп есептесек, онын соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері   қаланды.     

 Табиғат қорғау дегеніміз  табиғат ресурстарын пайдалану  барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.    

Табиғат қорғаудағы  негізгі  мақсат – оның  байлығын  тиімді  пайдалана  отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Ол  үшін  біз  табиғат  қорларын  жете  білуіміз  қажет.    

 Табиғат  қорлары  сарқылмайтын  және  сарқылатын  болып  екіге  бөлінеді.Сарқылмайтын  қорлар  адам  баласына  тәуелсіз  болып  келеді. Соның  бірі-су. Жер шарындағы судыңүлесі барлық жердің 2\3 алып жатыр. Сондықтан  оның  қоры  үздіксіз  айналымға   түсіп, қалпына  келіп  отырады. Ал  экожүйелердің  таралуы  уақыт  пен  кеңістікке  қатысты  салыстырмалы  түрдегі  айлағаны  объектілер.     

 Сарқылатын  қорлар  өз  кезегінде  қалпына  келетін  және   қалпына  келмейтін  деп жіктеледі.Мысалы,қазба байлықтар,мұнай,көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын  қорларды  адам  баласының  өте  ұқыпты  түрде  пайдалануы 

болашақ  ұрпақтың  қамын  ойлағаны.     

 Соңғы  жылдары  жер  шарындағы барлық  табиғат  қорлары  бұрын-соңды  болмаған  антропогендік  өзгерістерге  ұшырап  отыр. Олардың  ең  бастысы -әлімдік климаттағы өзгерістер.

Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен,өнеркәсіптің  қарқындап  дамуына байланысты ауаға зиянды газдар,шаңдар көтеріп,адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде.Бұл  апатты  құбылыстар  өнеркәсібі  шоғырланған  ірі  қалаларда  өріс алып отыр.Ауа  кеңістігінің  ластануы  дүниежүзілік  мұхиттар  мен  теңіздерге  де  өз  ықпалын  тигізуде.    

 Өркениетті  елдер  сияқты  біздің  республикамызда  да  табиғат  қорғауға  көп  көңіл  бөлініп  отыр. 1997  жылы  "Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заң” қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау  мен  оның  байлығын  халық  қазынасы  ретінде  болашақ  ұрпақтардың  салтанатты өмірі үшін сақтау. Адам баласытабиғат  қорғауды  жүзеге  асыру  үшін  табиғатты тиімдіпайдалану жүйесі бойыншажұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдаланутабиғат  ресурстарын  пайдалану  мен  оны  қайта  түлетудің  ең  ұтымды  әрі  адамға  пайдалы  технологиясы.     

 

 

 

 

                                                 3

Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен  негізгі  ұстанымдарын  білуге  міндетті:     

1.Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бірбірімен байланысты және қарымқатынас жағдайында ғана тіршілік етуге  бейімделген.Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдіккеөзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан  адам  баласы  әрбір   табиғат  құрауыштарының  орта  мен  табиғат  экожүйедегі  рөлін  білуі  тиіс.    

2. Табиғатта  ешбір  зат  жоғалып  кетпейді. Егер  адам  баласы  жаңа  бір затты  дүниеге  әкелсе  оны  жоюдың  да  жолын  ойлауы  керек. Ол    зат  табиғи  айналымға  түсуі  тиіс. Мысалы, адам  полиэтиленді  ойлап  тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді.Себебі,оны ыдырататын  редуцент  (бактерия)  жоқ. Осыдан  барып  жер  бетінде  қоқсықтыр  көбеюде.

3.Заттардағы  барлық  өзгерістер  энергия  жұмсаумен  жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді.Сол үшін  адам  баласы 

 табиғатты  пайдаланған  кезде  оны  өндіру  мен  қайта  түлетуді  үйлестіре  отырып, адам  мен  табиғаттың  қауіпсіздігін  сақтауы  керек.    

4.Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарымқатынастар  ұзақ  жылғы  тұрақты  даму  эволюциясының  жемісі. 

Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал  бұзған  жағдайда  қайтымсыз  экологиялық  апаттарға  алып  келуі  мүмкін.Осыған  орай  табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:    

 а)өндірісті,өнеркәсіпті  және  агрокешендерді  игеру  кезінде  табиғатқа  түсетін  салмақ  ең  аз  мөлшерде  болуы  керек;     

 ә)  өндіріспен  өнеркәсіп  салаларын  ұйымдастыру  кезінде  адам  баласы  мен  табиғат  арасында  экологиялық  қауіпсіздік  сақталуы  тиіс;    

Информация о работе Табиғатты қорғау және Тұрақты даму