Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 21:13, реферат
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады.
Кіріспе
І-Бөлім. Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
1.1 Азаматтардың кейбір экологиялық негізгі құқықтары мен міндеттері
1.2 Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері
ІІ-Бөлім
2.1 Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
2.2 Қоршаған ортамызды ластануына жол бермеу
ІІІ.Ұсыныс
ІV.Қорытынды
ІІІ.Ұсыныс
Сөз соңында айтарымыз, қоршаған ортаны қорғау — ең басты міндет. Нені өндіріп, нені пайдалансақ та алдымен тазалық мәселесіне мән беріп, қауіпсіздікті жан-жақты ойластырған абзал. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында барлық өндіруші кәсіпорындарға экологиялық зиянсыз өндірісті енгізу қажеттігін тапсырды. Иә, тек қара бастың ғана пайдасын көздеп, жерімізді ластап, суымызды лайлап, ауамызды уламауымыз керек. Экологияны бұзып, адамға да, жан-жануарға да, жалпы тіршілік әлеміне залал тигізу — қасірет. Ешкім де, ешнәрсе де зардап тартпас үшін қайсымыз болсақ та саналылықпен қоршаған ортаның қауіпсіз болуына өз үлесімізді қосқанымыз жөн. Бұл — бүгініміз бен келешегімізге қажет аса сауапты іс. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
ІV.Қорытынды
Жалпы, табиғат
— тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,
тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті
нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.А.П.Чехов
қанатты сөзімен
Экология қазақ үшiн тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен берiлiп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негiзделген ғылым. Сәкеннің «Көкшетауын» алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, «көк шөптi баспа», «суға түкірме» деп үйреткен, «ботам», «құлыншағым», «қошақаным» деп еркелеткен. Жерiн жұтатпас үшiн әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бiр түйiр көлденең зат тастамай, ошағын тегiстеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене ескеннің арқасы.
Қазақстанда табиғат және оның байлығы халқымыздың өмірі мен қызметінің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи негізі, қайнар көзі болып табылады.
Адамзаттың әр замандардағы ойлау және әрекет жүйелері белгілі бір культурологиялық таным қалыптастыруға ықпал жасаған. Атап айтқанда оларға тән мифологиялық мәдениет, қадым заманғы соңғы космологиялық мәдениет, біздің қазіргі культуралогиялық танымымыздың бастауы антропологиялық мәдениет және біз бастап көшіріп отырған технологиялық мәдениеттерді қарастыруға болады. Алдыңғы екі замандағы культуралогиялық таным дәуірлерінде адам мен табиғат арасындағы үйлесімнің гармониясы таңғажайып мамыражай болған. Сондықтанда ол халықтар санасында «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман ретінде есте сақталған. Ал соңғы дәуірлердегі – антропологиялық, әсіресе технологиялық таным тұсындағы мәдениет санамызға жат, табиғатқа «антропологиялық қысым» (антрос-адам) деген түсінікті қалыптастырып үлгерді. Тіпті бұл үрдістің етек алуының соншама ауқымды және аяусыз жүріп жатқандығы «саналы адамның әрекетінің саналылығына» күдік тудырып, жалпы әлемдік індетке айналып бара жатқандығы қорқыныш тудырады. Айтылған мәселенің түпкі адасушылық негізі адамдардың өз мүмкіндігін ғылым мен мәдениеттен тыс асыра бағалап, «не құдай, не бұлай емеспін» деген жан себілдікке баруынан бастау алатыны ақиқат. Алайда экологиялық орта біз үшін жайлау ғана емес, бізді жаратқан кие екендігі, біздің қаншама білімді болсақ та, сол ортаның әрі кетсе ксерокөшірмесі екендігімізді ұмытпаған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
8. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы
9. Қ. Қарпеков, Ә. Бейсенова, М. Қалиев, Н. Молдағұлов. Қазақстанның
физикалық картасы. – Алматы: «Рауан», 1998 ж.
Информация о работе Табиғатты қорғау шараларының негізгі бағыттары