Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 21:13, реферат
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады.
Кіріспе
І-Бөлім. Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
1.1 Азаматтардың кейбір экологиялық негізгі құқықтары мен міндеттері
1.2 Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері
ІІ-Бөлім
2.1 Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
2.2 Қоршаған ортамызды ластануына жол бермеу
ІІІ.Ұсыныс
ІV.Қорытынды
Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған «Жер кодексі», 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған «Су кодексі»; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған «Орман кодексі»,
2002 жылы 11 наурызда «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.
Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.
Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашақ ұрпақ үшін сақтау болып табылады.
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар мен
өнеркәсіп орталықтарындағы
Елдің қоршаған ортасының
жай-күйін талдау кезінде Есеп
комитетінің бақылау іс-
Қазақстан Республикасы
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның
сапасын жақсарту және
Қазіргі кезеңде
экологиялық қауіпсіздікті
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:
- төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
- 2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;
- cу үнемдеу;
- шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
- халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
- байырғы ластануларды жою;
- өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
- әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.
Алайда, тек екі
бағдарлама ғана, атап айтқанда,
«Төтенше жағдайлардың алдын
алудың және оларды жоюдың
мемлекеттiк жүйесiн дамытудың
2004-2010 жылдарға арналған
Байырғы ластануларды
жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп
және тұрмыстық қалдықтарды
Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында» көрініс тапты.
Бағдарламаның мақсаты
мен міндеттерін іске асыру
саларалық өзара іс-қимылдарда
көптеген мәселелерді шешу
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде
(2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану
деңгейін төмендету жөніндегі
жұмыстарды және ұйымдастыру
іс-шараларын оның сапасын
Екінші кезеңде
(2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару
сапасын жақсарту, орнықты даму
тетіктерін іске асыру және
жетілдіру жөніндегі
Министрліктің стратегиялық
жоспарына сәйкес қоршаған
Кәсіпорындар мен
ұйымдар қоршаған ортаны
- ластағыш заттардың
атмосфераға шығарындыларының
- ластағыш заттардың су көздеріне төгінділерінің жоғары деңгейіне;
- қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемінің төмендігіне (бұл өңірлерде қалдықтардың үлкен көлемдегі үйінділерінің пайда болуына алып келеді);
- халықтың (әсіресе, қолайсыз экологиялық өңірлерде тұратын халықтың) денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын белгілі бір проблемалар туындатуда.
Қоршаған ортамыздың ластануына жол бермеу
Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі этностардың дәстүрлі медициналық мәдениеті – этноэкология проблемаларының бірі; дәлірек айтсақ әр этнос топтарының денсаулығы мен табиғи өсіп-өнуін сақтау мәдениеті.
Табиғаттың мәдени тәрбиелік - қазақтың байырғы өзiнiң ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға және оны тиiмдi пайдалануға үйрету. Экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң мақсаты да - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесiмдiлiктi қалыптастыру және дамыту. Экологиялық бiлiмдi жастардың санасына, ой-өрiсiне, қоршаған табиғи орта мен қоғам үшiн қажеттiлiгiн сезiндiру. Экологиялық бiлiм берудің түп негiзi отбасынан басталады. Өкiнiшке қарай, аға ұрпақтың, сана - сезiмiнде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келдi. Ол олардың табиғатқа "байлық көзi немесе табыс көзi" ретiнде қарауы, осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы алыс болуға тиiс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиiмдi пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Биосфера - тiршiлiк қабаты және оның құрамдас бөліктері атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының бiр-бiрiмен үйлесiмдi ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды.
Қазақ халқы үшiн киелi, қасиетті деген ұғымның қандай мән-маңызға ие екендiгiн Шоқан Уәлиханов «Тәңірі» деген еңбегінде былай берген: «егер жануардын айрықшалығы, ерекшелiгi байқалса, онда оны әулие санайды (бақыт қасиеті). Аққудың киесiнен қорқып, аққуды атпас болар дейдi, аққу құстардың патшасы деп атайды. Үкіге, тоқылдаққа, қарлығашқа тиіспейді». «Жалғыз өсiп тұрған, ен айдалада ағашты немесе ерекше бiр қисық бұтақтары бар кейiпсiз өскiндердiң жаңына түнейдi, ыдыс-аяғын қалдырады, басына мал шалады». Қазақтар тек өсiмдiк пен жануарларға емес, өлi табиғаттың жеке объектiлерiне бас иген.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға
жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет
дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі
арқылы табиғатты қорғау,
күту және жақсарту;
•экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты -жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбие және ағарту- адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.
арлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.
Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.
Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.
Облыс
орталығы әр аудан
Ауылдық
жерлерде, ауыл маңында, шабындық
өлкелерде жас ағашты
Информация о работе Табиғатты қорғау шараларының негізгі бағыттары