Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 15:07, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады. Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғат пайдалану құқығының ұғымы.docx

— 73.89 Кб (Скачать документ)

> қоршаған табиғи ортаны және  жекелеген табиғи объектілерді (орман,  су, жер койнауы және т.б.) ластау;

> табиғи объектілерді бүлдіру,  бұзу, жою (жерді бүлдіру, Қызыл  Кітапқа енгізілген жануарларды  жою, орманды ағын сулармен  қүрту және т.б.);

> табиғи корлардың азып-тозуы;

> табиғи ресурстарды тиімсіз  (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды  ысырапсыз пайдалану жөне т.б.).

Экологиялык кұқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы үшін. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құкық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құкық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады:

-табиғи ресурстардың,  қоршаған ортаның  ластануы, азаюы;

-табиғи ресурстардың бүлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс  ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өндеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу.

Мұндай істерді соттар, ішкі істер  органдарында, Мемлекеттік өртке  қарсы қызмет органдары, Қазақстан  Республикасының Табиғи ресурстар  және қоршаған ортаны корғау министр-лігі органдары және т.б. карастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мүлкін тәркілейді. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық кылмыстардың барлық түрі Қазакстан Республикасының Қылмыстьщ кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бүлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар. Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай кыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялык апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау. Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні кылмыстык, әкімшілік немесе баска да жауаптылықка тартуға қара-мастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты корғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды кызметкерлер тартылады. Материалдық жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды өндіруді айтамыз. Сонымен, экологиялык мәселелерді бірігіп шешу қажет. Табиғаттың ластануы, бүлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халыкаралык ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялык кылмыстар мен өзге де құқық бұзушылыктар саны өсуде. Олардың коғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы кылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп коймай, сондай-ақ адам тіршілігіне биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылықка әкеліп соқтырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстык, азаматтық-құкықтық, тәртіптік. материалддық жауаптылықтар. 
Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтас- тырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады. Жалпы табиғат пайдалану халықгың өмірлік қажеттерін қана- ғаттандыру үшін тегін және азаматтар мен үйымдарға табиғи ре- сурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар та- биғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рүқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін. Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаң- дар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парк- тер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықгың қажеттерін қанғаттаңдыруға арналған өзге де объектілер (су қүбырлары, жылыту-құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жүрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға ар- налған ортақ пайдаланудағы жер жатады. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудіңжеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайты- нын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады. Бұдан баска, Жер Кодексінің 67-бабында былай делінген: меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мұдцелі жеке және заңды тұлға- ларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен (сервитут) беруге міңдетгі. Сервитут жекеше және қауымдық сервитут болып бөлінеді. Егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықгың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік  құқықтық актілерінің негізінде, жер учаскелерін алып қоймай,  қауымдық сервитут белгіленеді. Қауымдық сервитуттар: – ортақ  пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту; – жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілері мен тораптарын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану; – жер учаскесін межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру; – су алу және суат; – жер учаскесі арқылы мал айдап өту; – жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану; – жер учаскесін іздестіру, зерттеу және басқа да жүмыстар жүргізу мақсатыңда жер учаскесін уақытша пайдалану; – жағалау белдеуіне еркін өту; – жер учаскесін мемлекеттік органдардың шешімімен мәдени- көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану; – қоғамдық және мемлекеттік мүдделермен байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін. 
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.

Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады. 
 
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.

Билік ету құқығы табиғат  объектілерініңзаңдық мәртебесі мен  заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының  негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

- меншік құқығын беру;

- еншік құқығын басқаға беру;

- меншік құқығының әбебап  құқық мұрагерлігі тәртібінде  көшуі.

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мыналардың негізінде  туындайды:

1. мемлекеттік органдардың  актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында көзделген  өзге де негіздерде.

 

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мынадай жағдайларда  тоқтатылады:

1. меншік иесінің табиғат  объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;

2. меншік иесінің табиғат  объектілеріне меншік құқығынан  бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне  сәйкес меншік құқығынан айрылуы  жағдайында.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар  танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Меншік құқығының объектілеріне  жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

Табиғи ресурстарды пайдалану  – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат  объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.

Қазақстан Республикасының  «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы»  заңында «табиғи ресурстарды  пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Табиғи ресурстарды пайдалану  табиғатты жалпы және арнайы пайдалану  тәртібімен жүзеге асырылады.

Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.

Табиғатты арнайы пайдалану  – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.

Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге  бөлінеді.

Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.

Уақытша- мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі. Табиғи ресурстарға қатысты маңызы және арнайы заттық құқық, ол – табиғатты пайдалану құқығы (табиғи рестарды пайдалану құқығы). Оның меншік иесінің табиғи рестарды пайдалану құқығымен шатастыруға болмайды: бұлар құқықтың екі түрі. Пайдалану құқығын, өз өкілетілігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектіснеің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскісінің пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншікті жерлерге қатысты болуы мүмкін. Табиғатты пайдалану құқығы, әдетте, табиғатты пайдаланудағы учаскілерін иемдену құығын қамтиды. Иемдену құқығымен табиғат пайдаланудың кейбір басқа түрлерінің де қосылғаның айтуға болады, мысылы, жер қойнауын пайдалану, су пайдалану мен орман пайдаланудың көптеген түрлері, сондай өсімдік әлемінің басқа түрлерін пайдалану. Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы оларға деген меншік құқығынан туындайды. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығың мемлекеттік меншік құқығынан туындауы табиғатты пайдалану құқығын бастапқы, яғни табиғат ресурстарын меншік иесінен алғанға және қайталама, яғни оларды бастапқы пайдаланушыдан алғанға бөлумен байланысты. Табиғи ресурстарын қайталама пайдаланушның құқығының көлемі бастапқы пайдаланушының құқығының көлемінен аз. Табиғи ресурстарды пайдалану құқғы, тағы да, тұрақты және уақытша, ортақ және арнаулы, ортақ жәнеарнаулы болып бөлінеді. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы түрлерінің табиғи ресурстардың жекеленген түрлеріне қатысты заң құжаттарында көзделген басқа арнаулы топтастырулары, олардың бірнеше түрлері үшін сайкес келуі мүмкін немесе олардың түрлерінің біреуінің ғана ерекшелігін көрскту мүмкін. Мыссалы, жер пайдалану құқығы сияқты жер қойнауын пайдалану құқығы да тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын пайдалану құқығы да тұрақты немесе өтексіз болуы мүмкін. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарылықтың 10-бабының 2-тармағы). Табиғи пайдалану объектілерінің біреуінің ғана ерекшелігіг сипаттайтын топтсатырудың мысалына Орман кодексінің 88-бабын алуға болады, ол бойынша мемлекттік орман қорында пайдаланудың ағаш даярлау, нәрлі су, сөл даярлау; Қослқы ағаш ресурстарын даярлау, орманды қосымша пойдалану )шөп шабу, мал жаю); орманбы мәдени сауықтырушылық, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану; аң шарушылығының мұқтаждығына пайдалану; ғылыми-зеріттеу мақсатында пайдалану сияқту түрлері жүзеге асырулы мүмкін. Дегенмен, табиғат пайдалудың барлық түрлерінде бірқатар ортақ арнаулы сипаттар бар. Мұндай арнаулы сипаттарға, біріншіден, табғи ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудағы мақсаттық сипатты жатқызуға болады. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңына сәйкес табиғи пайдаланушылар табиғи ресурстарды арналған мақсатына және олардың бреудегі шарттарға сәйкес пайдалануғатиіс. Табиғат пайдалану құқығының мақсатты арналымы табиғат ресурстарының жекеленген түрлерін пайдаланушылардың құқықтырының көлемі мен сипатына және олардың міндеттеріне байланысты.

Екіншіден, табиғи ресурстарды  пайдалану құқықтарына олардың  азаматтық айналымдағы шектеулілігі тән. Ол табиғи ресурстарды паидалануға  алу үшін уәкілетті мемлекеттік  органдарды арнайы рұқсаты – лицензиянның керек екендігінен көрініс табады. Қошаған ортаны қорғау туралы Заңның 21-бабының 1-тармағы бойынша, табиғи ресурстарды пайдалану олар жайындағы  заңнамаға сәйкес лицензиялауға  жатады. Табиғат пайдаланушыны заңда белгіленген тәртіпте табиғатты пайдалану құқығының тоқтатуына әкеп соғады. Кейбір реттерде, табиғи ресурстарды пайдалану және иемдену құқығынан басқа, табиғатты пайдалану құқығы өзіңе табиғи ресурстарға шектеулі билік ету құқығын қамтуы мүмкін. Мысалы, жер қойнауы паудалану құқығын басқа адамға беру құзыретті органдардың (уәкәлетті мемлекеттік органдардың) рұқсатымен ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал, берудің өзі бұл жағдайда азаматтық – құқықтық мәміле негізінде жүзеге асырылады (жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы Заңына сәйкес). Заң құжаттарында көзделген реттерде табиғи ресурстарды пайдалануға беру және табиғат пайдалану құқығын басқа адамдарға беру азаматтық - құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады. Жерді пайдалану құқығына, табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше құқықтық белгісі бар түрі ретінде, айрықша тоқтала кеткен жөн. Жерді пайдалану құқығында, табиғатты пайдалану құқығының басқару түрлері сияқты, мақсаттық сипат бар. Бірақ кейбір жағдайларда ол жер учаскесінде жеке меншік құқығына жақын құқықтық режиммен азаматтық айналымға кіреді. Жер кодексіне сәкес жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады жер пайдалану құқығына меншік құқығының нормалары қолданылады, себебі ол Жер кодексіне немесе заттық құқықтық мәніне қайшы келмейді. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ұзақ мерзімді бастапқы жер пайдалану құқығына қатысты. Бұл жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі учаскелерді жалға немесе уақытша ақысыз жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқылы. Қайталама жер пайдалану құқығы, әрқашанда уақытша болғандықтан, айналымда ол одан да бетер шектелген. Қайталама жер пайдалану құқығының иесі белгілі бір шаттармен жерін жалға өткізуге немесе уақытша немесе ақысыз пайдалануға беруге құқылы.

Барлық көрсетілген жағдайларда  мемлекеттік емес жер пайдаланушы, жер учаскесін пайдалану және иемдену құқығынан басқа, өз құқығына билік ету құқығына ие және өкілеттіктерінің құрамы жағынан жер учаскесінің  жеке меншік иесіне жақын. Бірақ, меншік иесі билік еткен құқық обьектісі  болып меншік құқығының обьектісі  ретіндегі жер учаскесі саналады, мемлекеттік емес жер пайдаланушы  айналымға қосылған жер пайдалану  құқығына тікелей, жер учаскесіне-жер  пайдалану құқығы арқылы ғана жанама билік етеді. Жер пайдалану құқығын айналымға қосудың практикалық маңыздылығы сонда, сол арқылы жер азаматтық айналымға шығады, ол жер жеке меншікте бола алмайды мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығы азаматтық айналымға едәуір аз таралған. Мемлекеттік жер пайдаланушы, жер учаскесіндегі қозғалмайтын мүлікті белгіленген тәртіпте иеліктен шығаруға байланысты жағдайлардан басқа реттерде, өзіңе тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, сондай-ақ кепілге өткізуге құқылы емес.

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі  мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа  қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі  жасыл фабрика – көпжылдық  ағаштар. Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды. 50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді. Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады. Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды. Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен. Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады. Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті. Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді. 1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды. Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор. Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары. Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады. Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі. Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр. Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет. Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған. Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек. Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет. Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен  кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек. Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады. Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін. Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді. Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады. Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр. Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.   

Информация о работе Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері