Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 15:07, реферат
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады. Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады
Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері
Экологиялық құқықтың аса күрделі
және көпжақты институттарының бірі
табиғат пайдалану құқығының
институты болып табылады. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңына
сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана
қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар
дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану
құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық.
қатынастардың аса көп мөлшері табиғат
пайдалану институтына қатысады. Жалпы
мағынасында табиғат пайдалану деп адамның
өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық,
экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру,
имандылық - эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен
итермелейтін адамның табиғатпен өзара
әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес
табиғат пайдалану — адамның шаруашылық
және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды
пайдалану. Табиғат пайдалану ұғымын экологияны
пайдалану ұғымынан айыра білу керек.
Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан
өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін
табиғи ресурстардың тәртібі ретінде
ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда
ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай
алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау
мүддесі үстем болады. Табиғат пайдалану
құқығы объективтік мағынасында — табиғат
объектілерін пайдалану мен қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
болып табылады. Субъективтік мағынасында
табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан
өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін
табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі
табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген
құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы
қасиеттерін немесе жекелеген табиғи
ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген
шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін
кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы
деген анықгама беруге болады. Барлық
уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат
пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін
қанағаттандыру құралы қызмет атқарып
қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған
ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін. Табиғат
пайдалану құқығын беру негіздерінің
бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға
берілетін лицензия және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызмепің жекелеген
түрлерін жүзеге асыру. Қоршаған ортаны
қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану
саласыңда мына төменде аталған шаруашылық
қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті
түрлері міндетті түрде лицензиялауға
жатады: Улы, радиоактивтік және басқа
да қауіпті зиянды заттармен ластанған
жерлерді техникалық қалпына келтіру;
Су объектілерін ластануға және бітеліп
қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық
және биологиялық заттар мен радиоактивтік
материаддарды өндірістік мақсаттарға
пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды
су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;
1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің
қауіпті қалдықгарын жағу, химиялық өндеуден
өткізу, сақгау мен көму, Кдзақстан Республика-
сының қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы
Базель конвенциясы бойынша міңдеттемелерін
орыңдаумен байланысты трансшекаралық
тасымал; Қоршаған ортаға зиянды ықпал
ететін техногендік минералдық түзілістерді
сақтау; Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде
мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды,
құрылыстарды және өзге де объекгілерді
орналастыру, салу мен қайта құру; Қоршаған
ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне
биологиялық заттарды өндіру. Сондай-ақ,
қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды
пайдалану саласында экологиялық аудиторлық
қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау
жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама
саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға
тиіс. Лицензиядан басқа табиғи ресурстар
табиғат пайдалануға облыстың жергілікті
атқарушы органдарының (республикалық
маңызы бар қалалардың — Алматы, астана
— Астана қалаларының әкімдіктерінің)
табиғи ресурстарды пайдалануға беру
туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ
табиғат пайдалануға жасалған шарттар
(келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы
көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі
және квотталады. Бұл мынадан туындап
отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын
ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын
ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес
қоршаған ортаның ластануына лимиттер
және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер,
сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына
және оларды алып қоюға квота бар. Қоршаған
ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын
заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықрының
жалпы көлемінің түсу шекгері, сондай-ақ
қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі
қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті
өрістердің және өзге де зиянды физикалық
ықпалдардың әсері; Табиғи ресурстарды
алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды
ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл
жағдайда био- логиялық ресурстарды табиғи
молайту бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды
ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;
Ластануға берілетін квота — бұл белгілі
бір мерзімге нақгы таби- ғат пайдаланушыға
берілетін ластануға арналған лимиттің
бір бөлігі; Табиғи ресурстарды алып қою
квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты
табиғат пайдаланушыға берілетін алып
қою лимитінің бір бөлігі; Қоршаған ортаның
ластануына берілетін лимиттер мен квота-
ларды жергілікті өкілді органдар (мәслихатгар)
және облыстардың әкімдіктері (Астана
және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан
Респуб- ликасының Үкіметі облыстар (республикалықмаңызы
бар қалалар, астана) үшін белгілейтін,
ал табиғи ресурстарды альш қоюға - Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі белгілейтін лимиттер мен
квоталар шектеріңде анықгалады. Табиғат
пайдалану құқығының принциптері деп
табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі
құқық қатынастарын реттеудің негізгі
бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғыньшады.
Табиғат пайдалану құқығының негізгі
принциптеріне мыналар жатады: Адамның
өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы
халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін
қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру. Бүл табиғат пайдалану кезінде
бірінші кезекте адамның экологиялық
мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі
мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға
құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
мен ұдайы молайту. Табиғатты ұтымды пайдалану
сонымен бір мезгілде адамның экологиялық,
экономикалық, әлеуметгік және өзге де
мүдделерін ескеру дегеңді білдіреді,
онда табиғат пайдалану ақылға қонымды,
ойластырылған, үнемді және өтемді болуға
тиіс. Тек осындай көзқа- рас қана бүгінгі
үрпақгың қажеттерін қанағаттандырып
қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақгар
үшін табиғи ресурстарды сақтай алады.
Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен
ақы төлеуді енгізу жөне қоршаған ортаны
қорғауды экономикалық ынталандыруды
енгізу. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде
әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға
табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз
болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны
үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты
қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны
үшін және табиғи ресурстарды қалпына
келтіруге жауап береді. Табиғи ресурстарды
пайдаланудың мақсатты сипаты. Осы мақсат
үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының
учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары
учаскені пайдалануға беру туралы шешімде,
жер қойнауын пайдалануға жасасылған
келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген
рұқсатқа, орман билетіңде міндетті түрде
белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы
мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл
заңды бұзу ретінде қарастырылады және
жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.
Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақгарда
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету және бұзылған табиғи экологиялық
жүйелерді қалпына келтіру; Ерекше экологиялық,
ғылыми және мәдени маңызы бар био- логиялық
алуан түрлілікті және қоршаған ортаның
объектілерін сақгауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік ретгеу және мемлекеттік
бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы
заңды бүзғаны үшін жауапкершіліктің
ымыра- сыздығы; Қоршаған ортаға нұқсан
келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға
ықтимал ықпалды бағалау.
Табиғат пайдалану құқығының субъектілері,
мазмұны мен объектілері Табиғат пайдалану
құқығының субъектілері ретінде мемлекет,
жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат
пайдаланушылар жеке және занды түлғалар,
мемлекеттік және мемлекеттік емес, үлттық
және шетелдік табиғат пайдаланушылар
болып бөлінеді. Ұлтгық табиғат пайдаланушыларға
Қазақстан Республикасының азаматтары
мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның
ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік
табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары,
шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер,
халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар
жатады. Табиғат пайдаланушылар: Тұрақты
(табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін
си- патта болады) және уақытша (табиғат
пайдалану құқығы белғілі бір мерзіммен
шектелғен); Бастапқы табиғат пайдаланушылар
(табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен
не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан
сол құқықган айыру тәртібімен алынған)
және қайталама табиғат пайдаланушылар
(табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл
мәртебені өзінде сақгап қалатын бастапқы
табиғат пайдаланушыдан шарт неғізінде
алынған) болуы мүмкін. Табиғат пайдалану
құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының
құқықгары мен міндеттері болады. Табиғат
пайдаланушыл ардың: — заңмен белгіленген
шектерде қоғамдық қажеттерін қанағат-
тандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға;
— өзінің шаруашылық және өзге де қызмет
әдісін дербес таңдап алуға; — жүзеге
асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен
байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға
қатысуға; — шартты мерзімінен бұрын бұзуымен
байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне
алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды
өтеуге құқығы бар. Табиғат пайдаланушылардың
құқықтары заңмен қорғалады. Занда көрсетілген
негіздер бойынша болмаса, ешкімді де
табиғат пайдалану құқығынан айыруға
немесе шектеуге болмайды. Табиғат пайдаланушылардың
құқықтарынан басқа жалпы міндеттері
де болады. Мысалы, ҚР-ның "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабына
сәйкес табиғат пайдаланушылар: Табиғи
ресурстарды нысаналы қызметіне және
олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға;
Шаруашылық және өзге қызметке белгіленген
экологиялық нормативтерді және экологиялық
талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды,
техникалықшарттарды сақгауға; Берілген
табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға,
қоршаған ор- таға нұқсан келтірмеуге
және басқа да табиғат пайдаланушылар
құқықгарының бүзылуына жол бермеуге;
Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға,
табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды
пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге
асыруға; — Қазақстан Республикасының
Салық кодексімен белгіленген табиғи
ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны
ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны
мен молайтқаны ұшін төлемдерді дер кезінде
төлеуге; — қоршаған ортаны қорғау саласында
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
органдардың талап етуі бойынша қажетті
ақпарат беруге; — шаруашылық қызметтің
экол огиялық тұрғыдан қауіпі түрлерін
жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның
өндірістік мониторингі мен бақылауын
жүргізуге міндетті. Табиғат пайдалану
құқығының объектілері ретінде табиғи
ре- сурстар - жер, су, орман, жер қойнауы
және т.б. қатысады. Табиғат объектілеріне қарай
табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге
бөлінеді:
— жер пайдалану құқығы;
— су пайдалану құқығы;
— орман пайдалану құқығы;
— жер қойнауын пайдалану құқығы;
— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;
— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.
Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жоғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін.
Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:
1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл ша- руашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақгардың жері, сауықгыру, рекреациялықжәне тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері; су қорының жері;
6) қосалқы жер.
ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдаланылуы мүмкін:
1) ауыз сумен және шаруашылық-
2) сауықгыру және рекреациялық мақсаттарүшін;
3) ауыл шаруашылығының мүқгаждары үшін;
4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мүқгаждары үшін;
5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мүқхаждар үшін;
6) балықжәне аңшылық шаруашылықгарын жүргізу үшін;
Орман Кодексінің 88-бабы мемлекетгік
орман қорында орман
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықгар, бұтақгар, түбірлер, тамырлар, жапырақгар, бүршікгер) дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруа- шылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқүлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақгар, қамыс дайындау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылы- ғының қажеті үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақса- ты үшін пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықгыру, рек- реациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1) жер қойнауың мемлекеттік геологияльщ зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) барлау мен өндіруді қоса атқару;
5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысгы емес жерасты қүрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24-бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріңе жол беріледі:
1) аң аулау;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануар- ларды шаруашылықмақсатгарда пайдалану;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсатгарда пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану.
Атмосфералық ауаны пайдалану
туралы айта отырып, әңгіме атмосфералық
ауаны пайдалануды реттеу туралы болып
отырған жоқ, бүл арада бәрінен бүрын атмосфералық
ауаны әр түрлі лас- танудан қорғау туралы
айтылып отыр. Атмосфералық ауаны пайдаланудың
түрі зиянды және ластаушы заттардың атмосфераға
шығарындылары болып табылады, осымен
байланысты бүл құқық қатынастарын реттейтін
заң — "Атмосфералық ауаны қорғау
туралы" заң деп аталады.
ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ . ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. 2. Экологиялык құқық — бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым. Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге кажетті
2. Адамдардың материалдық
3. Адамның жан дүниесінің
Қоршаған ортада — бұл әлеуметтік экологияның заты емес. Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтык экология кіреді. Құқықтық экология деп — қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құкықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы — бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін коршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен корғауға байланысты қоғам мен табиғаттың карым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің экологиялық қызметінің дамуы — экология қүкығы деген атқа ие болған жаңа қүқықтык бірліктің кұрыл-уына алып келді. Құқық саласының құрылу процесі объективті түрде негізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе коршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңньщ болуы және бол~ мауына байланысты емес. Бұндай заңның түрлерінің болуы берілген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі кажеттіліктерінен туындайтын болса. Экология құқығы, құқык саласы ретінде біздің ортақ үйіміз өмір сүру мүдделері үшін коғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялык қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құкықтық нормалардың жүйесін құрайды. Кез келген жүйе — біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады. Экология құқығының әдістері — қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыска жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, коғамға да катысты зандылықтардың құкықтык, реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы 3 негізде окытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде. Экологая құқығы сала ретінде — экологиялык құкықты сала, пән ретіндегі танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды. Экологиялық құқыкты — құқык саласы ретінде тану үшін біз белгілі бір зандарға жүгінеміз, оның нормаларына түсінік береміз. Экологиялық құкықты оқу пәні ретінде біз, теориялык және тәжірибелік сұрақтарын камтитын оқыту әдістемесіне және де кұқық нормалары мен олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтардың қолайлы қоршаған
ортаға құкықтары — Қазақстан
Республикасындағы жалпы
— белгіленген тәртіппен
табиғи ресурстарды
— қоршаған ортаны қорғайтын
қоғамдық бірлестіктер мен
— қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі жиналыстарға, митингілерге,
пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға,
— коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап етуге;
— коғамдық экологиялық
— кәсіпорындарды, құрылыстар
мен экологиялық жағынан
— айыпты ұйымдарды,
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық Қазакстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялык заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл. Экологиялық кұкык бұзушылық белгілерін қарастырайық: > Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушынын жасаған кұкыкка карсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол касақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаканалы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін. > Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардын және баска да заңдардың бұзылуын білдіреді. > Экологиялық құқық бұзушылыктың қоғамға қауіптілігі коршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады. > Құкыкка қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы. > Кұкык бұзушыға заңды жауаптылык шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады. Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык зиянның болуы экологиялык құқык бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байкалмай, ұзак уакытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен катар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялык зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық кұкык бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Информация о работе Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері