Саяси партиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:59, реферат

Краткое описание

Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) – Кеңестік кезеңде құрылған жетекші саяси ұйым. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін РСДЖ(б)П ОК-нің көмегімен, жергілікті большевиктік топтардың қатысуымен (басшылары – Ә.Жангелдин, П.Кобозев, т.б.) өлкедегі марксшіл үйірмелер мен ұйымдардың негізінде құрылған. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдары бірыңғай с.-д. ұйымдардың межеленіп бөлінуі орын алып, РК(б)П құрамына ұйымдық түрде енген большевиктік ұйымдар құрылды. 1917 ж. қараша-желтоқсанда Петропавлда, Ақмолада, Әулиеатада, Оралда, Өскеменде, 1918 ж. қаңтарда Семейде, сол жылы наурызда Верныйда, Көкшетауда большевиктік ұйымдар қалыптасты. 1918 маусымда құрылған Түркістан Компартиясының құрамына Сырдария, Жетісу, Торғай және Орал облыстары партия ұйымдарының бір бөлігі енді. 1920 ж.

Содержание

Кіріспе
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

арнайы курс.doc

— 88.50 Кб (Скачать документ)

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1-бап. Саяси партия ұғымы

1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк  топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады. 
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.

2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының саяси  партиялар туралы заңдары Қазақстан  Республикасының Конституциясына  негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.

3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының  саяси партияларға бiрлесу бостандығына  құқығы бар. 
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады. 
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды. 
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

4-бап. Мемлекет және саяси партиялар

1. Мемлекет саяси партиялардың  құқықтары мен заңды мүдделерiнiң  сақталуын қамтамасыз етедi. 
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. 
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. 
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. 
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде

Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды. 
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады. 

 

 

 2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 
6-бап. Саяси партияны құру

1. Саяси партия саны бiр мың  адамнан кем емес, саяси партияның  құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын  және облыстардың, республикалық  маңызы бар қала мен астананың  үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша

құрылады. 
2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi. 
3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн құрамында кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін. 
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады. 
5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.

7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi

1. Саяси партияның атауында "саяси  партия" немесе "партия" деген  сөздер болуға тиiс, оларды саяси  партиялардың атауында ғана пайдалануға  жол берiледi. 
Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың атаулары мен рәмiзiнен өзгеше болуға тиiс. 
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi. 
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ. 
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы. 
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс. 
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.

8-бап. Саяси партияға мүше болу

1. Қазақстан Республикасының жасы  он сегiзге толған азаматы саяси  партияның мүшесi бола алады. 
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi. 
3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, 

 

 

 

қандай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс. 
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады. 
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады. 
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс. 
 7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына

сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы. 
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып 

 

3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI

15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi

1. Саяси партия жарғысы мен  бағдарламасында анықталған мақсаттар  мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: 
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға; 
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге; 
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға; 
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге; 
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 
2. Саяси партия: 
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға; 
2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге; 
3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан жердiң өзгергенi туралы және өз басшылары туралы деректердi тiркеушi органға хабарлауға; 
4) салық органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп табыс етуге мiндеттi. табылады.4,54% дауыс жинады.

 

Қорытынды

 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан  кейін ҚКП 1991 ж. 7 қыркүйекте кезектен  тыс өткізілген соңғы съезінде  өзін-өзі таратты. Партияны Қазақстан Соц. партиясы деп атау туралы шешіммен келіспеген делегаттар партияның 1991 ж. қазандағы 19 съезінде партия атын қайта жаңғыртты. Съезде ҚКП-ның жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, тең төрағалары болып Д.Кішібеков пен Л.Корольков сайланды. 1994 ж. 22 қазанда өткен 22 съезде партияның 1-хатшысы болып Б.Төлепбаев сайланды. 1996 жылғы сәуір айынан бастап партияның 1-хатшысы – С.Әбділдин. ҚКП 1994 ж. 28 ақпанда ҚР Әділет мин-нде тіркелген, 1997 ж. 17 ақпанда қайта тіркеуден өткен. Партия республикада бостандық пен әлеум. әділетті қоғам құруға, парламенттік басқару үлгісін жүзеге асыруға ықпал ету үшін күреседі. Жоғары органы – съезд, басшы атқарушы органы – ОК, жұмысшы органы – ОК бюросы, бақылаушы органы – ОБК. Партияның әлеум. негізін қызметкерлер, жұмысшылар, шаруалар, зейнеткерлер, т.б. құрайды. 1993 – 99 ж. аралығында ҚКП-ның баспасөз органы – “Рабочая жизнь” апталығы мен “Коммунист” газеті шығып тұрды, 2000 ж. қарашадан бастап “Правда Казахстана” газеті шығады. Қазақстанның 11 обл. және Астана мен Алматы қ-ларында өкілдіктері жұмыс істейді. Екінші сайланған Парламент Мәжілісіне ҚКП-дан партиялық тізім бойынша екі депутат сайланды. Бір мандатты сайлау округінен сайланған бірнеше парламент депутаты ҚКП-ның және депутаттық топтың құрамына енген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес, ҚКП 2003 ж. 20 наурызда ҚР Әділет мин-нде қайта тіркеуден өтті. Партияның 60 мыңнан астам мүшесі бар

 

Пайданылған әдебиеттер

1.http//knpk.kz/ сайт

2.http//kk.wikedia.org/wiki/ Қазақстан коммунистік халық партиясы сайт

3. http//election.kz/portal/page сайты

4. «Саясаттану» Әбсттаров Р.


Информация о работе Саяси партиялар