Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:59, реферат
Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) – Кеңестік кезеңде құрылған жетекші саяси ұйым. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін РСДЖ(б)П ОК-нің көмегімен, жергілікті большевиктік топтардың қатысуымен (басшылары – Ә.Жангелдин, П.Кобозев, т.б.) өлкедегі марксшіл үйірмелер мен ұйымдардың негізінде құрылған. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдары бірыңғай с.-д. ұйымдардың межеленіп бөлінуі орын алып, РК(б)П құрамына ұйымдық түрде енген большевиктік ұйымдар құрылды. 1917 ж. қараша-желтоқсанда Петропавлда, Ақмолада, Әулиеатада, Оралда, Өскеменде, 1918 ж. қаңтарда Семейде, сол жылы наурызда Верныйда, Көкшетауда большевиктік ұйымдар қалыптасты. 1918 маусымда құрылған Түркістан Компартиясының құрамына Сырдария, Жетісу, Торғай және Орал облыстары партия ұйымдарының бір бөлігі енді. 1920 ж.
Кіріспе
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
Кіріспе
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) – Кеңестік кезеңде құрылған жетекші саяси ұйым. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін РСДЖ(б)П ОК-нің көмегімен, жергілікті большевиктік топтардың қатысуымен (басшылары – Ә.Жангелдин, П.Кобозев, т.б.) өлкедегі марксшіл үйірмелер мен ұйымдардың негізінде құрылған. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдары бірыңғай с.-д. ұйымдардың межеленіп бөлінуі орын алып, РК(б)П құрамына ұйымдық түрде енген большевиктік ұйымдар құрылды. 1917 ж. қараша-желтоқсанда Петропавлда, Ақмолада, Әулиеатада, Оралда, Өскеменде, 1918 ж. қаңтарда Семейде, сол жылы наурызда Верныйда, Көкшетауда большевиктік ұйымдар қалыптасты. 1918 маусымда құрылған Түркістан Компартиясының құрамына Сырдария, Жетісу, Торғай және Орал облыстары партия ұйымдарының бір бөлігі енді. 1920 ж. 30 сәуірде РК(б)П респ. большевиктік ұйымның құрылуын дайындауға тиіс Қазақстандағы бірыңғай партиялық орган ретінде Қырғыз (қазақ) обл. бюросын құрды. Оның басшылары С.С. Пестковский (1920 ж. мамыр – маусым), И.А. Акулов (1920 ж. қыркүйек – 1921 ж. қазан), М. Мырзағалиев (1921 ж. қаңтар-мамыр) болды. Қазақстанда партия ұйымдарын РК(б)П-ның бірыңғай обл. ұйымына біріктіріп, нығайту кезеңі басталды. 1921 ж. 11 – 18 маусымда респ. бірінші партия конференциясы өтті. Конференция өлкедегі экономиканың аса маңызды мәселелерін, ұлт мәселесін талқылап, партия және кеңес құрылысының кезекті міндеттерін, обл. партия ұйымын нығайтудың, РК(б)П-ге жұмысшыларды тартудың жолдары мен шараларын белгілеп, обл. партия к-тін сайлады. Қырғыз (қазақ) обл. к-тіне 14 адам кірді, оны төралқа (кейін бюро) басқарды. К-ттің қызметін бақылау үшін 1922 ж. сәуір – 1924 ж. қазан аралығында РК(б)П ОК-нің өкілетті органы жұмыс істеді. Партия ұйымының құрамына Ақмола, Ақтөбе, Бөкей ордасындағы, Қостанай, Орынбор, Семей, Орал губернияларының және Адай уезінің партия мүшелері енді; РК(б)П мүшелері мен кандидаттарының жалпы саны 26 мыңнан асты. РК(б)П Қырғыз (қазақ) обл. к-тінің хатшысы қызметінде М.Мырзағалиев (1921, маусым), М.М. Костеловская (1921, шілде), Г.А. Коростелев (1921, тамыз – 1924, қыркүйек), В.И. Нанейшвили (1924, қыркүйек – 1925, тамыз) жұмыс істеді. К-т ұйымы жер-су реформасын, жаңа экон. саясатты жүргізуге және басқа әлеум.-экон. өзгерістерге басшылық етті. 1921 – 34 ж. Қазақстанның партия ұйымында партия қатарының “тазалығын” қадағалауға және жергілікті партия ұйымдары мен олардың к-ттерін бақылауға тиісті бақылау комиссиялары құрылды. РК(б)П ОК-нің 1925 ж. 19 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақ обл. ұйымы өлкелік ұйым, ал оның басшы органы БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті болып өзгертіліп, 1937 жылға дейін осы негізде қызмет етті. Партияның басшылығымен Қазақстанда индустрияландыру, а. ш-н ұжымдастыру, өнеркәсіп өндірісін дамыту, мәдени-ағарту, идеол. үгіт-насихат жұмыстары, т.б. шаралар жүргізілді. Осы жылдары Қазақ өлкелік к-тінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин (1925, тамыз – 1933, қаңтар) және Л.И. Мирзоян (1933, қаңтар – 1937, сәуір) болды. РК(б)П өлкелік 5-Бүкілқазақстандық конференция (1925, 1 – 7 желтоқсан) өлкелік партия ұйымдарын сайлады, қазақ жерлерінің Кеңес мемлекетіне бірігуін мақұлдады. Осы кезеңде партия ұйымының құрылымы бірнеше рет өзгеріске ұшырады – губерниялық к-ттер таратылып, партияның өлкелік к-ттері, ауд. және обл. к-ттері құрылды. Партия ұйымын идеялық және ұйымдық жағынан нығайту мақсатында партияға лениндік (1925) және қазан (1927) шақырулары, партия қатарын “негізгі тазарту” (1929 – 30) және партиялық құжаттарды ауыстыру (1926 – 35) өткізілді. Осы іс-шаралар барысында 50 мыңға жуық партия мүшесі “әшкереленді”, партия қатарынан шығарылып, саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Партия ұйымының саны 101486 адамнан (1933) 51881 адамға (1937 ж. 1 қаңтар) дейін қысқарды. БК(б)П ОК 1937 ж. 23 сәуірдегі қаулысында БК(б)П Қазақстан өлкелік ұйымын Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы, ал Қазақстан өлкелік партия к-тін Қазақстан Компартиясының ОК етіп қайта құрды. Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметін 1991 жылға дейінгі аралықта Л.И. Мирзоян (1937, сәуір – 1938, мамыр), Н.А. Скворцов (1938, мамыр – 1945, тамыз), Г.А. Борков (1945, мамыр – 1946, маусым), Ж.Шаяхметов (1946, маусым – 1954, ақпан), П.К. Пономаренко (1954, ақпан – 1955, тамыз), Л.И. Брежнев (1955, тамыз – 1956, наурыз), И.Д. Яковлев (1956, наурыз – 1957, қаңтар), Н.И. Беляев (1957, желтоқсан – 1960, қаңтар), Д.А. Қонаев (1960, қаңтар – 1962, желтоқсан), И.Юсупов (1962, желтоқсан – 1964, желтоқсан), Д.А. Қонаев (1964, желтоқсан – 1986, желтоқсан), Г.В. Колбин (1986, желтоқсан – 1989, маусым), Н.Ә. Назарбаев (1989, маусым – 1991, мамыр) атқарды. Екінші дүниежүз. соғыс жылдары (1941 – 45) ҚКП-нан 82 мың адам Кеңес әскерінің қатарында болды. ҚКП-ның мүшелігіне 128559 адам алынып, әскери іс-қимылдарға жұмылдырылды, халық ш-н соғыс жағдайына сәйкес ұйымдастыруға қатысты. ҚКП тың және тыңайған жерлерді, жер қойнауының байлығын игеру, ірі өнеркәсіп орындарын, т. ж-дар, автожолдар салу істерін басқарды, халық ш-н дамытудың бесжылдық жоспарларын жүзеге асыруда жетекшілік рөл атқарды, идеол. мәселелерді өз қолына алды. Партия қатарының саны 1937 – 91 ж. аралығында 51 мыңнан 842,5 мыңға дейін өсті. 1985 ж. ҚКП-нда 322 жергілікті аумақтық – обл., қ-лық және ауд. ұйымдар болды. Халық ш-ның түрлі салаларындағы өндірісте 22730 бастауыш, 22444 цехтық ұйымдар және 24926 партиялық топтар жұмыс істеді. ҚКПКеңес Одағы Коммунистік партиясының құрамдас бөлігі болды.
.
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.
Қазақстанның партиялық
2. ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады
Қазақстан коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы
– Серікболсын Әбділдәұлы
Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.
Қазақстанның патроиоттар партиясы
Партия төрағасы – Ғани
Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы
4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда
қайта тіркеуден өтті. Партияның
мәліметтері бойынша оның
денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс
сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.
«Руханият» партиясы
Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.
«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.
Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы
Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан
Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006
жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы
25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің
саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және
Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін
ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық
партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық
әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық
экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты
жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы
Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі»
ЖАҚ басшылар кеңесінің
Қазақстанның аграрлық партиясы.
Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі қарсы көзқарасты ұстанатын консервативтік саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов
Қазақстанның азаматтық партиясы.
Еліміздің бірқатар ірі
3. ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы
15 шілде N 344-ІІ
Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық
негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн,
қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси
партиялардың мемлекеттiк органдармен
және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi.