Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 19:20, реферат
Табиғат байлығын үнемді пайдалану мен оған қамқорлықпен қарау адам баласына бұрыннан келе жатқан табиғи мәселе. Ғылыми техникалық ғасырдың дамып тұрған уақытында қоршаған ортаны қорғауды жеткілікті дамытпай, оны ары қарай өркендету мүмкін емес.
Экологиялық кодекс - бұл атқарылуға міндетті заң және экологиялық заңнамалардың реформаторы ретінде қазірдің өзінде негізгі ережелермен жұмыс істеуде. Және бұл тұрақты даму процесіне өту үшін жасалған соңғы нүкте деп айтуға болмайды.
Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды тамақтануды ұйымдастыру керек.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi: Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi; қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру; экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету керек.