Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:39, реферат
Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................5-6
1.1 Экология туралы түсінік...................................................................6-8
1.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................8-11
1.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................11-15
2 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................15-16
2.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................16-17
2.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........17-18
Қорытынды ...............................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................20
- табиғатты
қорғаудың функциясын тікелей
өндіріс экономикасына
- өндірістің техникалық жарақтану негізінде сапалы өсудің стратегиясына көшуі;
Осы күнге дейін табиғат қойнауынан қанша ресурстарды алуға болады және оның салдары қөандай болатындығы туралы нақты негіздеме жоқтың қасы. Біздің экономиканың ресурстарды тұтынуға (пайдалануға) бейімделгендігі ғана белгілі нәрсе. Әрине, оны
пайдаланудың өсе түсуі ұлттық табыстың өсу тепе – теңдігіне (бірдейлілігіне) әкелмейді. Шетел тәжірибелері көрсеткендей, қай мемлекет табиғи ресурстарды аз пайдаланса, сонда ұлттық табыстың өсуі жоғары болып отыр [12,103б].
Ғылыми – техникалық дамудың негізінде табиғат ресурстарын жасанды жолдармен алмастыруды енгізудің дәрежелері туралы мәселелер принципті бола бастады. Әрине, мұндай алмастырудың мүмкіндігі тым шектеулі. Ал, адам баласы үшін бірқатар маңызды экологиялық жүйе мен табиғи игіліктер тіптен алмастырылуға келмейді. Мысалы, отын ресурстарының орнына күн немесе жел энергиясын пайдаланатын болса, табиғи ландшафтарды, өсімдік пен жануарлар әлемін, озон қабатын және т.б. жасанды жолмен алмастыру мүлде мүмкін емес.
Қазіргі заманғы экономикалық теориялардың ең бір қиындығы экологиялық факторлардың категорияға енгізілуі. Өйткені Маркстік саяси экономия тек қана адам баласынаң еңбек өнімін экономикалық категория айналымына (шеңберіне) енгізуге рұқсат етті. Шындығында бағалы ретінде құн шығын мен табиғат ресурстарының бірлігінен көрінеді. Қоршаған орта факторы мен оның қандай да болсын құрылған формасына әсер етпейтін құн өмірде жоқ. Экологиялық факторлардың экономикалық категориялар санына енуі пайдалы шекті теориясына сай болады.(еңбек, табиғи ресурс және капитал)
Елде өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызмет өрсетулердің нарықтық құны - экономикадағы маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі. Өйткені, өнімдердің әрбәр бірлігіне 10 бірлік қалдық массасы өндіріледі, ал табиғатты пайдалануда біршама жоғары. Осы қалдықтар ортаны ластап, адамдардың тіршілік ахуалын нашарлатады және олардың тұрмыс жағдайын төмендетеді. Шығындар жалпы ұлттық өнімдердің есебінен шығарылмайды, ал адамдардың тұрмыс халінің бағасы арты түседі. Біздердің қолымыздан келгені жалғыз-ақ нәрсе, ол – табиғатты пайдалануды мемлекет тарапынан реттелуі мен қоршаған ортаның ластануына, табиға ресурстарына төмен жолымен ғана белгілеу болып табылады [16,102-104б].
2.3.Табиғатты қорғау жүйесін тиімді жүргізу экономиткалық механизмге тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда табиғат қорғау қызметіндегі экономикалық құралдың жүйесі мыналарды қамтиды:
Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғауды іс жүзінде асыруда кәсіпорындардың тікелей ынталылығын арттыру. Экономикалық ынталандырудың нақтылы шаралары объект деңгейіндегі ықпалы, жеке қызметкерлер деңгейіндегі негізгі ынталандыру:
Табиғи ортаны қорғауда экономикалық ынталандырудың қазіргі ықпалдылығы элементтерін табудан бастау қажет.
Қоршаған ортаны қолрғаудағы ынталандырудың жүйесінде баға құрылымы айрықша орын алады. Себебі, табиғатты қорғау қызметіне кеткен шығындар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнімдердің өзіндік құны артады, кәсіпорындардың таза пайдасы да азаяды. Сондықтан табиғатты қорғау жұмыстарына кететін шығындарды барынша азайтқан жөн. Ол үшін қоршаған ортаны ластандыруды барынша азйту немесе тіпті болдырмау, олардан алынатын төлемді қысқарту және т.б.
Нарықтық экономика жағдайында неше табиғатты қорғау қызметіндегі ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың тоқтап қалуы, қаржының жетіспеуі табиғат қорғау жұмыстарын жүргізуге көп кедергі жасауда. Осыған орай, мемлекет тарапынан несие алып, оны орынды жұмсау және мерзімді қайтару басты міндет.
Табиғи ортаны қорғау қоғамдық өндірістің табиғи ортаға қайшы ықпалын қысқартуды алдын-ала ескерту үшін кешенді түрде шаралар жүргізуді қажет етеді. Табиғат қорғау шараларын іске асру үшін күрделі және кезектегі шығындар жұмсалу қажет. Экономикада күрделі қаржының абсолюттік тиімділігін есептемегенде жалпы деңейін анықтау мақсатында табиғи ресурстардың нашарлауын болдырмауға арналған жеклеген шараларды іске асырған жөн.
Табиғатты қорғау шаралары – алғашқы тиімділік және соңғы әлеуметтік – экономикалық тиімділік болып ажыратылады. Алғашқы тиімділік – зиянды қалдықтарды щығаруды азайту, қоршаған ортаның жағдайын жақсартудан, ал соңғы әлеуметтік – экономикалық тиімділік халықтардың тұрмыстық дәрежесін арттыруда, қоғамдық өндіріс және ұлттық байлықтың тиімділігінен тұрады [14,178б].
Қорытынды
Қоршаған табиғи ортаны қорғау кәсіпорындардың маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Қоршаған ортаға жағамсыз антропогендік ықпалын азайтуға және жоюға бағытталған іс-шаралар жасалынып, оларды орындауға әрбір кәсіпорын ат салысу қажет.
Табиғатты қорғау – бұл табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау немесе бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара.
Табиғатты қорғауға байланысты қоғамдақ қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің жиынтығы табиғат қорғау құқығы болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктен қорғаудың тиімді жүйесі сонымен бірге ол адамдардың және жалпы қоғамның қазіргі кездегі бірден-бір аса қажеттілігі болып саналады. Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашарлатады.
Бүгінде экологиялық дағдарыстың қауіп – қатерінен құтылу, барлық елдер мен халықтардың жан-жақты күш салуымен ғана мүмкін болады. Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі бірқатар саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да факторлардың іс-әрекеттеріне әділ сүйенеді.
Өз кезегінде, экономиканы өзгерту, ғылыми – техникалық прогресс, ақпарат алмасуды жеделдету, адамдар мен тауарлардың қозғалысы – бір сөзбен айтқанда, адамзат өркениетінің бүкіл дамуы дүниенің өскелең бірлігіне, континенттер, аймақтар және елдер арасындағы өзара байланыстылыққа жеткізеді. Жалпы адамзаттық мүдделердің біздің өмірімізге барған сайын тереңдеп еніп, барған сайын айқындала түсетіні, міне, сондықтан. Олар ең алдымен адамзаттың ғаламдық проблемаларынан байқалады, ал олар мемлекеттер мен халықтардың бүкіл планета көлемінде сындарлы, жасампаз әрекет жасауын талап етеді [20,255б].
Қарама-қайшылықты болғанымен, біртұтас дүниенің артып келе жатқан өзара тәуелділігі – осы заманғы дүниежүзілік дамудың аса маңызды белгісі. “Біздің бәріміз – Жер атты бір кеменің жолаушыларымыз” – француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің осынау бейнелі сөзі нақ бүгін ерекше маңызды болып отыр. Ендеше, бұл кеменің жүзу сапары сәтті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейік!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Сүлейменов.О. “Адам баласының ақылы жетсе де, мәдениеті жетпейді”. “Дүние”журналы, №6 . Астана, 2005, 12 желтоқсан. 24бет.
2.Қалдыбаев О., Теміров Е. “Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы : “Бастау”, 1993. 295бет.
3. Жүкешев Қ.М. “Адам. Қоғам. Құқық”.Алматы, 2005. 255бет.
4. Күнқожаев Н. “Адам және қоғам”.Алматы, 2003. 175бет.
5. Сәттімбекұлы Р.,Ережепова Ғ. “Қазақстан – арайлы туған өлкем, табиғаты ажарлы әрі көркем”. “Атамекен” газеті, №4 (255), 1991.12бет.
6. Сейтқалиев Ғ. “Экологиялық проблемалар”. Алматы, 2003. 257бет.
7.Бейсенова А.,Шілдебаев Ж. “
8.Мамыров Н.Қ. “Табиғатты пайдалану экономикасы”. Алматы, 2005. 367бет.
9. Үпішев Е.М.,Мұқаұлы С.“Табиғатты пайдалану экономикасы”.Алматы, 1999. 269бет.
10. Сүмесінов М. “Теңіз күкірті тың көзқарасты талап етеді”.“Атырау” газеті, №136 Атырау, 2007, 24 қараша. 24бет.
11.Нұрғалиев Қ.Р. “Қазақстан экономикасы”. Алматы, 1999.289бет.
12. Максаковский В.П. “География”. Алматы: “Рауан”, 1997. 225бет.