Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:39, реферат

Краткое описание

Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................5-6
1.1 Экология туралы түсінік...................................................................6-8
1.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................8-11
1.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................11-15
2 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................15-16
2.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................16-17
2.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........17-18

Қорытынды ...............................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................20

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны1.docx

— 50.83 Кб (Скачать документ)

Экологиялық  факторлардың   әсерінен  тірі  организмдер   белгіленген  иерархиялық   жүйеге  бірігеді.  Онда   тіршілік  иелерінің  әр  алуан    деңгейде   ұйымдасқандары:  популяциялар,  бірлестіктер  және  экожүйелерді  көруге  болады.

Популяция  дегеніміз – белгілі  бір  аумақта   тіршілік  ететін  және   өзара  шағылысып  ұрпақ  беретін  бір  түр  даралардың   жиынтығы.  Түрі  факторлардың   әсерінен   популяциядағы  даралар  саны,  құрамы,  таралуы  өзгеріп  тұруы  мүмкін.  Популяция   латынша  populus – халық,  ел  дегенді білдіреді.

Көптеген  орта  параметрлерінің  жиынтығы   осы  немесе  басқа  түрлердің   тіршілік  жағдайын   анықтайтын  функционалды  сипаты  оның    экологиялық  қуысын    көрсетеді.  Н.Ф.  Реймерс   бойынша  эколгиялық  қуыс – экологиялық  жүйе  ішіндегі   түрлер  ортасы  немесе  оның  популяциялық  тіршілік  жағдайының  жиынтығы.  Сонымен  қатар  өзі  мекендейтін  әрбір  түр  аумаққа,  өндіру   функциясымен   байланысты,  қоректік   қажеттілігіне  сәйкес  орынды  иеленеді.  Осындай  экологиялық  байланыстар   биоценоздың  белгіленген   құрылымын  жасайды.  Биоценоздар  – динамикалық  жүйелер,  олар  тұрақты  даму  жолында  және  оларға  сукцессия   тән [12,16-18б].

Табиғат – бүкіл  әлем.  Табиғат –  адамның   өмір  сүретін  ортасы.

Адам  табиғатта   өмір  сүреді,  онымен  тұрақты  қатынаста  болады.  Адам,  оның  денесі  мен  рухани  өмірі  табиғатпен   тікелей  байланысты.  Одан  шығатын  қорытынды –  адам  табиғаттың  бір  бөлігі.  Табиғат  адамның  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайы  ғана  емес,  оның   өзгертушілік  іс-әрекетінің  кеңістігі,  ортасы.

Адамның  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайы  екі  түрлі:  өмір  сүрудің  қайнар  көзі  болып  есептелетін –  табиғи  байлық (көмір,  мұнай,  ағын  су  мен  желдің  энергиясы, т.б.). Қоғам  дамуының  ерте  кезеңдерінде   адамдардың  ынтасы  “бірінші  құбылысқа”  көп аударылды,  ал  кейін өндіріс күшінің   дамуымен  байлаанысты   “екінші  құбылысқа”  ауысты.  Себебі  табиғи  байланыстар өндіріс дамуның,  бүкіл қоғам   дамуының  алғышарттарына  айналды.

Адам,  сонымен  қатар,  жасанды  ортада – екінші  табиғатта  да  өмір  сүруде.  Жасанды  орта   заттық  негізде  ғана  жинақталмайды.  Адам  қоғамдық  қатынас  жүйесінде  өмір  сүреді,  іс-әрекет  жасайды.  Ондай  қоғамдық  қатынас  белгілі  бір  материалдық  дүниеде  ғана  іске  асырылады [5,44б].                          

1.2.Табиғат – күллі  тіршілік  атаулының  құтты  қоныс  мекені,  алтын-ұя  бесігі,  құт-берекесі.  Ал  адам  үшін табиғат  ең  қасиетті  де  қастерлі  ұғым.  Өйткені  адамның  өзін  дүниеге  келтіретін   аяулы  анасы,  сондықтан  да  адамның  табиғатты ана деп  құрметтеуінде  де  өте  үлкен  ұғым  жатыр.

Қазақ  халқының  бар  өмір  тіршілігі  табиғатпен  тікелей  етене  байланысты  өтіп  келеді.  Сан  ғасырлар  бойы  халқымыз,  сол  өзін  аялаған  табиғат  аясында  тіршілік  ете  жүріп,  оның  сан  алуан  құпия  – сырларына   көңіл  бөлді  және  сол  туралы  орынды  пікірлерге  келді.  Халқымыздың  табиғат  жөніндегі   ой-пікірлері  табиғат  құбылыстарымен,  заңдылықтарымен  үнемі  үндесіп  жатты.  Қазақ  халқы  өзін  табиғаттың  бөлінбес  бөлігі,  құрамдас  тобы  деп  есептеді.  Сондықтан  да  табиғатпен  бірлікте  өмір  сүру  қажеттігін,  ерте  кезден-ақ  сақтай  білді.  Табиғаттың  қатаң  жағдайына,  түрлі  өзгеоістеріне  сай  көшіп  – қонып  жүріп,  өз  шаруашылығын  табиғатпен  үйлесімді  жүргізіп  отырды.  Және  табиғатқа  аялы  алақан,  жылы  жүрек  сезімі,  көздің  қарашығындай  қамқорлық  қажет  екндігін  ерте  сезінді.  Осыған  орай  халқымыздың  да  мінез – құлқы  бірте-бірте  қалыптасып,  ондай  қасиеттер  атадан  балаға,  ұрпақтан – ұрпаққа  асыл  мұра  ретінде  жеткізіліп,  жалғасып  отырды [10,44б].             

Әлемдік  экономиканың  тоқтаусыз  дамуы  ғаламдық  экологиялық  көкейкесті  проблемалардың  туындауына  себеп  болып  отыр. Жердің  шөлге  айналуы, орманның  құрып  кетуі,  табиғи  қордың  сарқылуы,  озон  қабатының  бұзылуы,  жылыжай  буының  әсері  (парник),  тұзды жауын,  ауыз  судың тапшылығы,  мұхиттардың ластануы,  өсімдік пен жануарлар түрлерінің  жойылуына және  жердің  аууына  әкелуде.  Жоғарыда  аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің   болашағымен тығыз байланысты. Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді.  Егер де  олар  кейбір  организм  топтарында  туындай қалса,  әдеттегідей эволюциялық баяу  жолымен,  біршама уақыт аралығында  бір түрдің  екінші  түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді.  Оларға  қарағанда адамдардың  экологиялық проблемаларды жер шарындағы бар табиғаттың  өзекті  проблемаларына  айналып отыр. 

1.Табиғатпен  қоршаған ортаға  алдымен XX ғасырдағы антропогендік әсер  етуінің   шамасы  үлкен болды.  Қалыпты биосфераның шегіне  жақындап  қалды,  тіпті кейбір  параметрі бойынша асып  кетіп жатыр.  Әрине,  мұның көріністері әр  түрлі.

- бұзылмаған  жер  көлемінің  күрт азайып  кетуі,  олардың  тозуы,  биологиялық   түрлердің  азаюы,  биосфераның   сандық  және   спалық  жағынан   да  кедейленуі.

- тұщы  су,  топырақ  гумусын,  биомассасын   және  өсімдік  өнімдерінің   орнын  толтыруға “мұрша  бермей  бәрін  алып,  тұтынып  жатыр”.

- XX ғасыр орны  толмайтын минералдық  және  отындық қорлардың тез азайып,  сарқылуға жақындауы өз  кезінде қиын  экономикалық  проблемаларды тудырып отыр.

- Құрамындағы   заттар  мен  материалдар   табиғат  айналымына  еш  пайдаға   аспайтын  шаруашылықтағы  қалдықтар   ортаны  ластайды,  экожүйенің  бұзылуына  әкеп,  адам  денсаулығына  қауіп  төндіреді.

- ортаны  реттеп  тұратын  биосфераның   қызметі  әлсізденіп,  экологиялық   тепе-теңдіктің  бұзылуына   әкеледі.

Жердің  геологиялық тарихында өсімдік  жабындысының  құрғақтығында,  құрлықтың  ландшафт  құрылымында,  климат  пен  атмосфераның  химиялық  құрамында  айтарлықтай  өзгерістер  бұрындары  болып  тұрған.  Мондай-ақ  адамның  табиғатқа  жағымсыз  әсер  етуінің  де  ұзақ  тарихы  бар.  Бірақ  осылардың  барлығы    біздің  заманымыздағы  жағымсыз  әрекеттердің  жылдамдығындай  болған  емес.  Бұл  ғаламдық  экологиялық  дағдарыстың  есіктен  “сығалауы”  деген сөз.

2.Өсіп  отырған  антропогендік  қысымға   табиғат  бұрын  соңды   көрмеген  экологиялық  қауіпті   өзгерістермен  жауап  беруде.

- ортаның   химиялық  және  радиациялық   ластануының  әсерінен   мутацияны   тездетіп  және  жаңа  биологиялық   түрлердің  пайда  болуына   әкеліп  отыр.  Олардың  бейімделуі  мен  тұрақтылығы  өте  жоғары,  ал  кей  жағдайда  адамға  қауіпті   қасиеттерге  де  ие:

- микроорганизмнің,  өсімдіктің  немемсе  жануарлардың  жеке  түрлеріне  таңдап  жүріп   әсер  етуі,   олардың  табиғи  бірлестіктен  жойылуы  көптеген  түрлерді  жанап  өтетін,  экожүйелердің   тұрақтылығын  бұзып  және  олардың  ішінен   көбін   бүлінуге  әкелетін  бақылауға   еш  келмейтін  тізбекті  реакцияларға  жол ашады.

- ланшафтың   антропогендік  тұрғыдағы   қайта  құрылуы  мен  ортаның   ластануы  экологиялық  апаттар   мен  экономикалық  қауіп-қатерге   бақылауға  еш  келмейтін   салдарлары  да  жоқ  емес. Табиғат   жауаптардың  адам  табиғатын   тікелей  қатысы  бар.

3.Адам  өзінің  консервативті  биологиялық   мәнінің  және  табиғаттан  күн  санап  өсе  түскен  өгейсінудің  арасындағы  қайшылықтардың  торында  шырмалғандай  күй   кешуде.  Өздері  ойлап  тапқан  технологияны  жақсы   өмір  сүру  үшін  тұрмыс  құралдарын   пайдалана  отырып,  табиғи   сұрыптау  мен  түраралық   бәсекелестіктің  қысымынан   үлкен  дәрежеде   құтылып   отыр.  Ол  биологиялық  түрлер  санынан  бірнеше  есе   асып,  биологиялық  тұтынуды  қанағаттандыру  үшін заттар  мен  қуат  көздерін  пайдалану   көмегімен  ондаған  есеге   арттырады.

- адам  санының  өсуі  олардың  биологиялық   сапасының  артуымен  байланысты  емес.  Керісінше,тұқым  қуалайтын  аурулардың  жұқпалы  ауруларға  бейімділілігі,  срндай-ақ  егде  адамдардың  созылмалы  аурулары   да  кең  етек  алып  отыр.  Адамдардың  экологиялық  проблемары  денсаулық  проблемаларына  көп  ұқсап  келеді.

- адамзат   XX  ғасыр өзінің  тұтыну  өркениетінің  шегінде отыр.  Экономика екінші   қажеттіліктің үлкен санына  жабысуының  арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру   қоршаған  орта  мен табиғатымызға артық техногенді  салмақ  түсіреді.

Адамзаттың  экологиялық  проблемалары  әлеуметтік  және  экономикалық  проблемалары  өте  тығыз  байланысты. Аймақтық  экологиялық  проблемалары   әлеуиеттік  мүлік  теңсіздіктері  мен  геосаяси  сілкіністердің  тікелей  ошағы  болып  табылады. Осы  проблемалардың   көпшілігін  тек   қана  экологиялық  себептерге  ғана  емес,  сонымен  қатар  экономика  мен   қоғамдық  идеологиялық  саясатқа  да  байланысты. Қазіргі  таңдағы  экология  оларды  кешенді  түрде  зерттеп  және   шешудің  маңызды   ғылыми  негіздерін  енгізуде.

Ғылым  ретінде  қазіргі  таңдағы  экологияның  міндеті:  көптеген  нақты  материалдардың  бірегей  теориялық   платформаға  өзара   қатынасын  барлық  қырынан  көрсетіп,  осы   мәліметтерді   бір  жүйеге  келтіріп,  біріктіруі  қажет.

Қазіргі  кезде  ғаламшардың  экологиялық  проблемасын  түсіну  үшін,  экологияның  жаңа  идеологиясы   мен  әдіснамасын  жасау  үшін  табиғатты   пайдаланудағы   тәжірибелік  істерді,  экологиялық   білімді   дұрыс ұйымдастыра  білу  қажет.  Осы  күнгі  экологиялық  жалпы   міндеттерін  ғылыми   іс-тәжірибелік   жоспарда   ауқымды   түсінік  бойынша   төмендегідей  қалыптастыруға  болады.

1.ғаламшар  табиғаты  жағдайларының   және   оның   ресурстарының  жан-жақты   диагностикасы,  ортаның  ластануы  мен  адамзат  әрекетінен  биологиялық  қорлардың   алынуына  себеп  адамның  ісінен,  антропогендік   қысымға  қатынасы  бойынша  биосфераның  шыдамдылық   шамасын  анықтау;

2.биосферасы  ең  маңызды  өнім  әлеуетінің   табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты   өзгеруінің,  сонымен қатар қоршаған  ортаның аймақтық   және  ғаламдық  жай-күйін,  аймақтың  және  адамның   ттолық  әлеуметтік  дамуының   әр  түрлі елдердің   түрлі сценарийі негізінде болжауын  жасау:

3.табиғатты   күштеп  бағындыру  идеологиясынан   алшақтау,  экспертизхм  әдіснамасы   мен  жаңа  идеологияны  қалыптастыру,  өнеркәсіп  өркениетіне   өтуге   байланысты  білімді,  саясатты,  техниканы,  өндірісті,  экономиканы   экологияландыруға  бағытталған   шарашлар;

4. оңтайландыру  критерийлерін   орындау –  экологиялық   өктемдік  пен   анағұрлым   келісімді  таңдау  мен   қоғмның  әлеуметтік  – экономикалық    дамуының  экологияға  қарай  бет  түзеуі  (бағдары).

5.адамзат   қоғамының   стратегиялық  әрекетінің   экономикасы  мен  технологиясы,  табиғат   шыдамдылығы   шегінің   экономикасына  сәйкес  шаруашылық  қызметінің  сипаты  мен  көлемін   қалыптастыру  ғаламдық  экологиялық   дағдарысты   болдырмайды [13,6-7б].  

1.3. Экологиялық  жағдай  қазіргі  уақыттағы  күрделі  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ол  біздің  елімізде  де,  әсіресе  индустриялы,  дамыған  орталықтарда,  соның  ішінде  ауыл  шаруашылық  аймақтарында  да  өткір  түрде  қойылуда.  Табиғи   қорларды  тиімді  пайдалануда,   қалаларды,  елді   мекендерді  көгалдандыруда,  ұлттық  парктер,  көгалды  аймақтар  жасауда  көптеген   шаралар   іске  асырылса  да,  айналадағы  ортаны  қорғаудағы   жауапсыздық,  болашақты  ескермеушілік  орын  алып  отыр.

Ауаның,  судың,  жердің  ластануы  салдарынан  адамдардың  өміріне  және  олардың  өмір  сүру  ортасына  зор  қауіп  төніп  келеді.  Көптеген  индустриялы  аудандарда  айналадағы  ортаның  ластануы   қажетті  нормалардан   асып  түскен.  Қазіргі  уақытта   табиғат  және  биологиялық  орта  тұтас  алғанда   бүкіл  адамзат  алдына  кұрделі  талап  қойып  отыр.

Біздің  планетамызды   барлық  тіршіліктің  өмір  сүруіне  тиімді  етіп  сақтау  үшін  табиғатты,  оның   байлығын  тұтыну   тәсілдерін  түгелдей  өзгерту  қажет.  Кезінде   белгілі  жазушы  Л.Леонов: “Адам  баласының  алдында  бүгінде  бірінші  кезектегі  екі  мәселе  тұр:  бейбітшілікті  және  табиғатты  қорғау,  екеуі  де  болашақ  өиір  сүрудің  шарты”   деген.  Ал  Ш.Айтматов:  “Біз  бүгінде   өркениеттің  шыңына  жеттік,  онда  адам  табиғатты  тұтынушы  ғана  емес,  сонымен  қатар  бағындырушы,  жасаушы  болады.  Біз  бүгінде  оған  тәуелді   ғана  емеспіз,  ол  да  бізге  тәуелді” – деп жазады.

Біздің  республикамыздың  табиғи  байлық  қоры  мол.  Бізде  48 мың көл,  85022  өзен  бар.  Өсімдік және   жануарлар әлемі бай.  Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық  өсімдіктің  түрлері,  сүтқоректілердің  172,  құстардың 490  түрі  бар.  Осы байлықты  тиімді  түрде,  аса зор қамқорлықпен  пайдалануымыз   қажет.

Су  қорларын,  қоймаларды  сақтау – экологиялық  проблеманың  ең  күрделі  саласы  болып  табылады.  Бұл  әсіресе  Арал  теңізінің  тағдырымен  байланысты.  Соңғы  отыз  бес  жылдың    көлемінде  Арал  теңізі  700  км3   су     қорынан  айырылды.  Теңіз  суының  тұздылығы   бір  литрге  шаққанда  20 грамнан  асып  түсті.  Теңіз   деңгейі  17  метрге  төмендеп,  жиектен   жүздеген  километрге  қашықтап  кетті.   Жыл  сайын  75   миллион  тонна  топырақ  пен  тұзды  шаң  ұшады.  Ол  барлық  тіршілікті   түбірінен  құртуда.

Информация о работе Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері