Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 09:54, реферат
Бүгінгі таңда сірә, бұл қатерлі ауру туралы естімеген адам таппаймыз. Бірақ обаны ылғи баяғы кезде болған ойранды індетпен байланыстырады. Ия, шынында да солай. Әйтсе де жалғыз-жарым адамдардың обамен ауруы Қазақстанда қазірде болып тұрады, ал осындай әр жағдайда шұғыл күрес шаралары алынғандықтан ғана індет қаумаламайды.
1.Кіріспе
2.Оба ауруынан сақтану жолдары
3.Оба ауруы адамға қалай жұғады
4.Оба ауруына шалдыққан адам
5.Оба қоздырғышының табиғатта сақталуы мен адамдарға таралу жолы
6.Бүрге негізгі сақтаушының бір түрі
7.Қорытынды
Оба микробы адам денесіне
ене калса, көбінесе олар лимфалық тамырлар
аріқылы бездерге ауысады, ол жерлер
ісініп, іріңдейді де, төмпешіктер
пайда болады. Оны бөртпе оба деп атайды. Ол көбінесе
қан тамырлары арқылы таралады. Егер оба
микробы өкпеге ене қалса, оба пневмониясын
қоздырады.
Бұнда кәдімгі өкпе ауруы сияқты адам
қан түкіреді, егерде қа-қырыкты микроскоппен
қараса миллиондаған оба микробын көруге
болады. Әдетте бөртпе обамен ауырғандардың
40-тан 90%-ке дейі-ні қаза болса, өкпе обасынан
іс жүзінде адам тірі қалмайды. Совет елінде
оба түп тамырымен жойылды. Қазір оба вакцина-сы
әлсіретілген оба микробынан жасалады
және адамға міндетті түрде егіледі. Осының
нәтижесінде обаның жеңіл түрімен адам
ауырып тұрады да, онда иммунитет пайда
болып, ол екінші рет ауырмайтын болады.