Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 09:54, реферат
Бүгінгі таңда сірә, бұл қатерлі ауру туралы естімеген адам таппаймыз. Бірақ обаны ылғи баяғы кезде болған ойранды індетпен байланыстырады. Ия, шынында да солай. Әйтсе де жалғыз-жарым адамдардың обамен ауруы Қазақстанда қазірде болып тұрады, ал осындай әр жағдайда шұғыл күрес шаралары алынғандықтан ғана індет қаумаламайды.
1.Кіріспе
2.Оба ауруынан сақтану жолдары
3.Оба ауруы адамға қалай жұғады
4.Оба ауруына шалдыққан адам
5.Оба қоздырғышының табиғатта сақталуы мен адамдарға таралу жолы
6.Бүрге негізгі сақтаушының бір түрі
7.Қорытынды
Жоспар
Кіріспе
Бүгінгі таңда сірә, бұл қатерлі ауру туралы
естімеген адам таппаймыз. Бірақ обаны
ылғи баяғы кезде болған ойранды індетпен
байланыстырады. Ия, шынында да солай.
Әйтсе де жалғыз-жарым адамдардың обамен
ауруы Қазақстанда қазірде болып тұрады,
ал осындай әр жағдайда шұғыл күрес шаралары
алынғандықтан ғана індет қаумаламайды.
Бұл біздің республика жерінде ежелден
обаның табиғи ошақтары болумен байланысты.
Табиғатта обаны ұдайы таситындар түрлі
кеміргіштер болып табылады. Бұлар обамен
ауырып, одан өледі,індетті біріне-бірі
тікелей жанасқанда немесе өздерінің
үстінде көп болатын бүргелердің шағуы
арқылы жұқтырады.
Оба ауруынан сақтану жолдары
Елімізде оба ауруынң қатерлі табиғи ошақтары әлі де болса кездесіп қалады. Оба ауруына дер кезінде шаралар қолдану үшін, бұл ауру қалай, қайдан пайда болатынын жазатайым ауру кедессе істейтін шараларды дәрігерлерден басқа көпшілік халықтың да біліп жүргені абзал. Оба ауруын өте кішкентай микробтар қоздырады. Оны бірнеше мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы ған көруге болады.
Оба микроптары ауырған адамның, малдың,
тышқандардың қақырық, сілекей нәжістерінде
болады. Оба ауруының микроптарын таратушылар
– бүрге, бит, кене, қандала сияқты қансорғыштар.
Оба ауруы қалай жұғады?
Оба ауруына шалдыққан адам
Адамның обамен ауруы кенеттен басталады: бас ауырады, қалтырайды, қызуы бірден көтеріледі, қолтық, шапта ісік ұлғаяды. Кей ретте кеуде ауырып қанды қақырық бөлінетін күшті жөтелге ұласады. Сырқаттың жай күйі нашарлайды. Ал егер ем жасалмаса, тез арада өліп кетуі мүмкін. Егер де жоғарыда айтылғандай ауру кездессе тездетіп дәрігерге көріну керек.
Оба қоздырғышының табиғатта сақталуы мен адамдарға таралу жолы
Бүрге – негізгі сақтаушының бір түрі
Бүрге бөрте сүзекті де, оба ауруын да таратады. Бұлардан сақтандыру шаралары – медицинаның басты міндеті. Ересек бүрге қанмен қоректенеді. Әр жануардың өзіне тән бүргесі болады.
Обамен ауырған түйеден сақтану шаралары
Түйіні
Далада тышқандар ініне
таяу орналаспаңыз, уақытша баспана,
киіз үй тіккенде кеміргіштер жоқ
жерді таңдаңыз. Азық-түлікті тышқандар
жолай алмайтын жабық ыдыста сақтаңыз.
Тұрғын үй жайыңызды, оның маңайын таза
ұстаңыз.
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар
бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар
болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы
ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп,
көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы,
сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады.
Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық
аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык
географиялык жағдайларда кездеседі,
бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары
жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше
тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер
өмір сүреді.
Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік
емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін
қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі,
осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру
қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті
механизмі көмегімен жүзеге асырылады.
Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне
өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы)
жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық
айқын немесе жасырын формада көрініп
отырады, бұл эпидемиялық процесс деп
аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция
көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты
жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті
орны. Эпидемиялык процестін пайда болуы
үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа
қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі
жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай,
ауру адам немесе жұқпалы (залалданған)
жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа
кезі — тасушы (бацилло — «таратушы»).
Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі)
ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан
босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық
тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі
мүмкін, бұл «тасушы» деп аталады. Қоздырғыштың
залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық
қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа
қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп
аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы
мен жұкпаның берілу механизміне байланысты
бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді:
ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы,
қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.
Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте
орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы
ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән.
Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға
ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен
немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде
жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ,
ішек уыты жұқпалары жатады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс
алу жолдарының шырышты кабықшаларда
өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу,
түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу
кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен,
кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар
аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ
шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің
жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде
жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи
шешек, дифтерия жатады.
Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына
қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса)
шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен,
қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар
жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек,
безгек, оба жатады.
Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, дуа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.
Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.
Оба – ауыр интоксикация
синдромымен өтетін, лимфа түйіндерін,
өкпені арнайы зақымдаумен жүретін
жедел- табиғы ошақтық ауру. Оба ауруының аты араб тілінен
аударғанда «джумма» яғни «боб» . Ол лимфа
түйіндерінің боб тәрізді қабынуымен,
үлкеюіне негізделіп айтылған.
Этиологиясы. Оба қоздырғышы Iersinia pests,
Iersinia туысына жатады, қозғалмайтын, өлшем
бірлігі 1,5-2 мкм бактекрия . Спора түзбейді,
бірақ капсуласы бар, қарапайым сұйық
және тығыз көріктік ортада өседі.
Этиологиясы. Оба ауруын 2 түрге бөледі
:
1) Табиғы ошақ / «жабайы оба» /
1. Шілік ошақ
2) 2-шілік ошақ
Клиникасы: Жиі бубонды түрі, ал өте сирегірек- ішектік түрі кесдеседі. Жасырын кезең 3-6 күнге созылады, тек вакцина жасалғандарда 10 күнге дейін сосылады.
Емдеу диагностикасы:
1. Бубонды түрінде:
туберкулез,туляремия, іріңді
2. Өкпелік түрінде:
өкпе туберкулезі,крупозды
тұмау асқынулары
3. Сепсис түрінде: түйнем, туляремия,сальмонеллез.
Алдын-алу шаралары.
1) Аурудың табиғы ортасында
кеміргіштермен мен бүргелерге
қарсы бағытталған комплексті шаралар
2) Оба ауруына күдік
туған адамдарды міндетті
3) Санитарлық ағарту шаралары жүргізіледі
4) Карантин
5) Науқаспен жұмыс қатаң түрде обаға қарсы кастюмді киіп жаслады
6) Науқаспен ауруханаға
жатқызған соң ақырғы
жасалады.
XVIII—XIX ғасырларда Орта
Азия елдерінде оба ауруы етек
алды. Тіпті сол XIX ғасырдың езінде
Россияда, соның ішінде Волга
жағалауында, Ставрапольеде, Одессада, Қырымда обадан бірқатар адамдар
қүрбан болды. 1894 жылы Гонконг қаласында
ете зор оба эпидемиясы байкалады. Дәрігерлер
обадан өлген адам денесін тексергенде,
онда оба ауруын коздырушы өте ұсақ микробтарды
байқаған болатын.
Бүл микробты бактериум пестис деп атайды.
Ауру әдетте орга-низмнің өлуімен аяқталады.
Адам, кемірушілер жәве түйе обасы-ның
бәрінің де қоздырушысы біреу. Ол жоғарыда
керсетілген микроб. 1910 жылдары араб елінде
обамен ауырғаы түйенің етін жеген 100-дей
адам лезде қырылған. Бүл ауру өте тез
таралып, шапшаң өтеді.
1896 жылдан бастап обаның
етек алып таралған жері сол
кездегі ағылшын колониясы
Оба бактериясы — қысқа
таяқшалар, кейде бір-бірден, кейде
тіркесіп, ұзыиша шын-жыр тәрізденіп
орналасады. Қоректік ортада олар капсула түзеді,
спора түзбейді, қозғал-майды. Олар пастерелла
туысына жатады. Оба микробы аэроб, әдеттегі
қоректік ортада жақсы өседі, қолайлы
темпера-
тура +28, +30°. Маннит, салицил, глюкоза, мальтоза
және араби-ноза углеводтарын ыдырата
алады. Аурудың инкубациялык кезеңі 1—5
күн шамасында. Әдетте ауырған адамдар
м<ен малдардың барлығы дерлік өледі.»Обаны
таратушылар кемірушілер және олардың
паразиттері — бүргелер. Ауыл шаруашылық
малдарынан түйелер қауіпті. Оларда аурудың
инкубациялық кезеңі 2-ден 8 күнге созылады.
Обадан өлген түйе етін мүлде қолдануға
болмайды. Қазір оба микробынан жасалған,
вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда
болар алдынан кеңінен қолданылып жур.
Әдетте оба микробы ұзақ уакыт сақталып
қалады. Сондықтаи болса керек анда-санда
болса да кейбір мемлекеттерде бұл ауру
байқалып қалады. Оба микробтарының биологиясын
және оның таралу кезеңдерін отанымыздың
көрнекті ғалымдары Д. К. Заболотный мен
И. А. Деминский дәйектілікпен зерттеген
болатын.