Өндірістік практика есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2012 в 00:15, реферат

Краткое описание

Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Содержание

1.Кәсіпорынның сипаттамасы;
2.Ұйымдастырушылық құрылымы;
3.Маманданған жұмыстары;
4.Өндірістің орындалған жұмыстарының көлемі,өзінің орындалған жұмыс көлемі;
5.Орындалған жұмыстарының технологиялық картасы;
6.Еңбек қорғау;
7.Қорытынды және ұсыныстары;
8.Әдебеттер тізімі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік практика есебі.docx

— 34.62 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 

                             Экология және биотехнология  кафедрасы 
 
 
 

Өндірістік практика есебі 
 
 
 

                                            Орындаған:

                                          Тексерген: 
 
 
 
 

                              Жоспар

1.Кәсіпорынның сипаттамасы;

2.Ұйымдастырушылық  құрылымы;

3.Маманданған жұмыстары;

4.Өндірістің орындалған  жұмыстарының көлемі,өзінің орындалған  жұмыс көлемі;

5.Орындалған жұмыстарының  технологиялық картасы;

6.Еңбек қорғау;

7.Қорытынды және  ұсыныстары;

8.Әдебеттер тізімі; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан  облыстық филиалының атқарылған жұмыстары  туралы ақпарат 

    

    

   1.   Филиалдың реквизиттары:

   Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы» ММ

   Филиалдың бастығы: Қазтуғанов Төлеген Мақсотұлы 
 

   3. Филиалдың  басшысы туралы мәлімет:

   Қазтуғанов  Толеген Мақсотұлы –Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан  облыстық филиалының басшысы, 1967 жылы 14 сәуірде БҚО, Камен ауданы Крупский ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. 

   1984-1985 ж.ж-  Камен ауданы Крупский ауылында  жұмысшы; 

   1985-1987 ж.ж  – СА әскери қатарында болған;

   1987-1992 ж.ж  – Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы  институтының студенті;

   1992-1995 ж.ж  – НГГХ «Казахгазпром» әлеуметтік дамыту бөлімінің маманы;

   1995-1997 ж.ж–  Специалист 1 категорий отдела хоз.  обеспечения НГГХ    

    «Казахгазпром» шаруашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің 1 санатты маманы;

   1997-1998 ж.ж  – Зам. управ. делами НГХ «Казахгаз» істері басқармасының орынбасары;

   1998-1999 ж.ж  – « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының орынбасары;

   1999 ж.-  « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының м.а.;

   1999-2000 ж.ж  –  «Колесо» ЖШС коммерциялық директоры;

   2000 ж - «Гороформление» МКК директоры, «Уральсоблгаз» АҚ істерін басқару;

   2000-2005 ж.ж  –«Уральскоблгаз» АҚ коммерция және маркетинг бойынша Вице-президенті ;

   2005-2009 ж.ж  – «Жайыктеплоэнерго» АҚ бас директоры;

   2009 ж –  «Дала кыраны» ЖШС директорының кеңесшісі, «БҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының» бас маманы;

   2009 ж- к/д  Жайық-Каспий экология департаменті  БҚО бойынша мемлекеттік экологиялық  бас инспектор, бастықтың орынбасары. 
 
 

   4. Органның  маманданған жұмыстары:

    Органның  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

    1) Батыс Қазақстан облысы аумағында қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттік саясатты жүргізу;

    2) Облыстағы  қоршаған ортаны қорғаудағы және  табиғат ресурстарын мемлекеттік  бақылауды қамтамасыз ету, табиғат  қорғау заңнамаларын, экологиялық  нормативтер талаптарын сақтау;

    3) Батыс  Қазақстан облысы аумағындағы  қоршаған ортаның және табиғат  ресурстарының мониторинг  жүйесін  ұйымдастыру;

    4) аймақтық  табиғат қорғау бағдарламаларын  келісу мен шаралар жоспары  шеңберінде әлеметтік-экономикалық  дамыту және оны жүзеге асыруды  бақылау;

    5) экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру, облыстағы қоршаған ортаны қорғау саласын ағарту жүйесін дамыту;

    6) облыстағы  қоршаған ортаны қорғаудың қоғамдық  бірлестіктерімен ынтымақтастық  қарым-қатынас жасау;

    Филиалы  белгіленген заңнамалық тәртіппен  төмендегідей қызметтер ақарады: 

    1) облысы  аумағында қоршаған ортаны қорғауға  мемлекеттік саясатты жүргізуді  қамтамасыз етеді;

    2) бекітілген  министрліктің тәртібіне сәйкес  рұқсат беріледі, табиғат пайдалануға  рұқсат алуды жойылуы және  оған есебі жүргізіледі;

    3) қоршаған  ортаның мониторингінің аумақтық  жүйесін ұйымдастыруға  және  өндірістік мониторинг бағдарламаларын  және өндірістік бақылау жоспарын  келісуге қатысады;

    4) облыс  аумағындағы табиғат ресурстары, қоршаған ортаның мониторингінің  мемлекеттік жүйесінің шеңберінде  жұмысты жүргізіеді;

    5) қоршаған  ортаның бағасын, ластану факторларымен  көздерін анықтап, ақпараттарға  сәйкес ұсыныстарын Министрлікке  жолдап, жүзеге асырады;

    6) стратегиялық, трансшекаралас және  экологиялық  қауіпті шегіндегі обьектілер  үшін мемлекеттік экологиялық  сараптама ұйымдастырылып, жүргізіледі,  қоршаған ортаға әсерінің, оның  ішіне кіретіндері: атмосфераға  шектеулі рауалды шығарындылар, жер үсті, жер асты суларының  төгінділері, зиянды заттарды  көму көлемдері және жергілікті  жердегі және жер қойнауларындағы  қалдықтарды орналастыру көлемдері  нормативтері келісіледі немесе  бекітеді. 
 
 
 
 
 
 

   Батыс Қазақстан  облысының, Орал және Ақсай қалаларының  ірі өнеркәсіптік орталықтарының ауа  қабатының жағдайы есеп беру кезеңінде  бірқалыпты көрсеткішпен бағаланады.

     

    Жүргізілген  мониторингтің нәтижесі бойынша  ағымдағы жылда Орал қаласында  атмосфералық ауаның жағдайы,  өткен жылмен салыстырғанда кішкене  жақсарды. Орал қаласының атмосфералық  ауасының ластануын байқау мәліметтері  бойынша орташа республика бойынша  аитарлықтай төмен: ағымдағы жылы  атмосфералық ауаның ластану  индексі (АЛИ5) 2,6-ны құрады (2008 жылы-2,4).

    Жедел  мәліметтер бойынша көміртегі  оксиді 1,9 есе (0,3 ШРК ор. тәул.) концентрациясының  төмендеуі байқалды. Күкіртсутегінің  концентрациясы өткен жылмен  бір қалыпта қалған 0,001 мг/м3 (0,125 ШРК). Аздап, азот диоксиді концентрациясының  1,5 есе өскені (0,68 ШРК) және күкірт  диоксиді 1,3 есе өскені(056 ШРК) және  шаң 1,1 есеге (1,1) байқалады.

    Шаң  бойынша ШРК аз мөлшерде көбейгені  анықталды, ол 1,1 ШРК. Есеп беру  кезеңінде анықталған ингредиенттер  бойынша ШРК артықтық анықталған  жоқ.

    Ағымдағы  жылы Ақсай қаласының атмосфералық  ауасының жағдайында өткен жылмен  салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс  байқалмайды. Аздап-қана көміртегі  оксиді бойынша концентрацияның  1,15 есе төмендегені (0,31 ШРК), ал  күкірт диоксиді бойынша концентрацияның  1,2 есе өскені байқалады (0,44 ШРК)  және шаңы 4,5 есе өскені байқалады  (0,06 ШРК) . Күкіртсутегі және азот  диоксидінің концентрациясы өткен  жылғы денгейде қалып, 0,002 мг/м3 (0,25 ШРК) және 0,031 мг/м3 (0,76 ШРК) құрайды.

    Ақсай  қаласының атмосфералық ауасында  кукіртсутегі концентрациясының  көптігі маусым айында байқалғанын  атап айтқан жөн. Ол 0,003-0,004 мг/м3  құрап, сәйкесінше 0,38-0,5 ШРК құрайды,  ал азот диоксиді бойынша концентрациясының  көптігі солай маусым айында  болып, 0,035-0,04 мг/м3 құрап, сәйкесінше 0,88-1,0 ШРК құрады.

    Есеп  беру кезеңінде анықталған ингредиенттер  бойынша ШРК артықтық анықталған  жоқ.

    Батыс  Қазақстан облысының ауа қабатын  ластайтын негізгі көздер болып  табылатын мұнай-газ кешені кәсіпорындары,  жылу беретін қазандар, автокөліктер  және элеваторлар. Олар атмосфераға  азот қышқылдарын, көміртегін, күкірт  ангидридін, күкіртсутегін, ұшқыш  органикалық қосындылар және  органикалық емес шаңдарды шығарады.

    Облыс  бойынша тұрақты көздерден атмосфералық  ауаға шығарылатын ластағыш заттар  шығарындыларының динамикасы: 1997ж.-13,3 мың тонна, 20001ж-33,6 мың тонна, 2003ж.-58,4 мың тонна, 2004ж.-93,7 мың тонна, 2005ж.-76,4 мың тонна, 2006ж.-52,3 мың тонна, 2007ж.-46,3 мың тонна, 2008 жылы – 42,0 мың тонна, ал 2009 жылы шұғыл мәліметтерге сәйкес, 56,0 мың тонна болды. 

    6.   Қоршаған ортаның мемлекеттік   бақылауы және табиғат қорғау  заңнамаларының орындалуы.

    2009 жылы  бойынша экологиялық инспекциясы  433 табиғат пайдаланушыларға тексеріс  өткізді.

    Есеп  кезеңіндегі салынған 216 айыппұлдың 122 заңды тұлғаларға, 32 жеке тұлғаларға, 62 лауазымды тұлғаларға салынды.  Салынған айыппұлдардың жалпы  сомасы 5 934 265,1 мың. теңгені құрады, оның 5 933 057,1 мың теңгесі  заңды  тұлғаларға болса, 260,4 мың теңгесі  жеке тұлғаларға салынған, 947,6 мың  теңгесі лауазымды тұлғаларға  салынды.

    Қоршаған  ортаға зиянды әсер тигізгені  үшін 95 заңды тұлғаларға  келтірілген  шығынды қайтарып алу үшін  жалпы сомасы 46 749,6 мың. теңге айыппұл  төленген.

   Экологиялық талаптар мен нормалардың сақталуын  насихаттау бойынша өткізілген кездесулер, БАҚ шығу туралы мәліметтер. 

   Облыстың  экологиялық мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және қоршаған ортаны туралы экологиялық ақпаратты тарату бойынша Жайық-каспий экология департаментінің  Батыс Қазақстан облыстық филиалы  мамандары үнемі облыстық, қалалық  және аудандық басылымдарда мақалалары жарияланып, «Ақ қайнар», «Маман кеңесі», «Это актуально» радиобағдарламалар, облыстық телеарналардағы тікелей эфирде «Ел алдында», «Время вашего вопроса» телебағдарламаларына қатысып тұрады.

    Филиал  тоқсан сайын экологиялық жаршы «Жайық табиғаты». 

    2009 жылы бойынша басылымдарда 32 мақала жарияланса, телевидение, радиодан берілген сұхбаттар саны 35, экологиялық тақырыпта 32 дәрістер оқылды. 

   8. Қоршаған  ортаны ластауға рұқсат беру  және оның  есебі.

    2009 жылы  бойынша Жайық-Каспий экология  департаментінің облыстық филиалында 1 санат бойынша  қоршаған ортаға  эмиссияға 16 тапсырыс қабылданды, оның 3-і қаралу үстінде, 3 тапсырыс  ұсынылған материалдардың жетіспеушілігінен  кері қайтарылды, ал 9 тапсырыс бойынша  қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат  рәсімделді.

    2008 жылдың  аяғында қабылданған 25 тапсырыс  материалдары қаралды, оның  22-сі  бойынша рұқсат рәсімделіп, 3 тапсырыс  өңдеу үшін кері қайтарылды. 

   9. Экологиялық  ақпаратты тарату, мемлекеттік емес  ұйымдармен және бұқаралық ақпарат  құралдарымен жұмыс

    Облысымыздағы   қоғамдық бірлестіктердің ішінде  қоршаған ортаны қорғау бойынша  қоғамдық бақылаудың міндеті  БҚО бойынша облыстық үкіметтік  емес экологиялық ұйым Ассоциация  жарғысында қарастырылған.

    Ағымдағы  жылдың наурыз айынан бастап  тұрғындар арасында экологиялық  үгіт-насихат және ағарту жұмыстарын  жүргізу үшін облыстық экологиялық-биологиялық  орталық базасында «Жас эколог» ЖҚҰ өз жұмысын бастады.

Информация о работе Өндірістік практика есебі