Лимфа жүйесінің физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 15:19, реферат

Краткое описание

Лимфа жүйесі - (systema lumphaticum) тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Оның элементтерінің қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты иммунды қорғаныш қызметін қамтамасыз ететін иммуңды жүйе мүшелеріне және тасымал қызметін атқаратын лимфа әкелуші жолдарға бөлінеді.

Содержание

І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
1. Лимфа жүйесі
2. Лимфа тамырлары
3. Лимфа түйіндері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Eralkhan_A__Limfa_zh_1199_yesi.doc

— 83.00 Кб (Скачать документ)

Аш ішек пен мықындық ішектен лимфа тамырлары жоғары шажырқайлық түйіндерге (nodi mesenterici superiores) құйылады, олардың саны 60-180 түйіндер. Шажырқайлық лимфа түйіндері жіңішке ішектің шажырқайында үш топпен орналасқан: ішектің шажырқайлық жиегі, сабаумен жоғарғы шажырқайлық артерияның тармақтары мен оның бастапқы бөлімінде орналасқан. Жоғарғы шажырқайлық лимфа түйіндерінің әкетуші қан тамырлары бел лимфа түйіндеріне, кейбір жағдайда кеуде сабауына, ішектік сабаулар құрай құйылады.

Лимфа бауырдан бауырлық, өтқуықтық, пилорикалық, асқазандық, оң құрсақтық және бел лимфалық түйіндерге, және төменгі және жоғарғы диафрагмалық арқылы көкірекаралық түйіндеріне ағады.

Бүйректен лимфаны белдік түйіндермен тамырлар арқылы жалғасқан бүйректік түйіндер (nodi renales) жинайды. Он екі елі ішектен және онда жататын ұйқы безінің негізгі лимфа ағыны ұйқы безі және он екі елі ішектік артерияның тармақталуында жататын панкреатодуоденальді түйіндерге (nodi pancreatoduodenales) барады.

Ішектерде лимфалық тамырлар 60-180 түйінге жететін жоғарғы шажырқайлық түйіндерге (nodi mesenterici superiores) түседі. Шажы-рқайлық лимфа түйіндері аш ішектің шажырқайында 3 топпен орналасады: ішектің шажырқай аймақтық жиегі, сабау аймақтық және жоғарғы шажырқай артериясының тармақтары. Жоғарғы шажырқайлық лимфалық түйіндердің шығарушы тамырлары белдік лимфалық түйіндерге жалғасады, кей жағдайларда ішектік сабаулар (trunci intestinales) түзіп, кеуде ағысына түседі. Мықындық ішектің соңғы бөлімінен лимфа мықын - доғалық лимфа түйіндеріне (nodi iliocolici) беттейді. Тоқ ішектен лимфа мықын-доғалық, оң аралық жөне сол доға-ішектік, оң және сол асқазандық түйіндерге өтеді, ал олардан жоғарғы шажырқайлық және белдік түйіндерге өтеді. Ситма тәрізді және доғалық ішектерден лимфа доғалық (nodi colici sinistri) және сигматәрізді лимфа түйіндеріне (nodi sigmoidei) жиналады. Ал олардан белдік  лимфа түйіңдері жиналады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Тәнтану (адам анатомиясы) атауларының латынша – қазақша – орысша сөздігі». Алматы: «Ана тілі», 1996ж, 208 бет
  2. Рақышев А.Р. «Адам анатомиясы», Алматы, 2004ж, 204 бет

 

 


Информация о работе Лимфа жүйесінің физиологиясы