Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 15:19, реферат
Лимфа жүйесі - (systema lumphaticum) тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Оның элементтерінің қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты иммунды қорғаныш қызметін қамтамасыз ететін иммуңды жүйе мүшелеріне және тасымал қызметін атқаратын лимфа әкелуші жолдарға бөлінеді.
І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
1. Лимфа жүйесі
2. Лимфа тамырлары
3. Лимфа түйіндері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Лимфа жүйесінің физиологиясы
Орындаған: Еңбекбай А.
Тобы: 103 «Б» МПД
Қабылдаған:Керембекова М.
Шымкент 2014 ж
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ негізгі бөлім
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Лимфа жүйесі - (systema lumphaticum) тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Оның элементтерінің қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты иммунды қорғаныш қызметін қамтамасыз ететін иммуңды жүйе мүшелеріне және тасымал қызметін атқаратын лимфа әкелуші жолдарға бөлінеді.
Жұйенің бастапқы звеносы - лимфа капиллярлары (vasa lumphocapillaria) базалді жарғағы жоқ, жұқа эндотелиалді түтікше, қантамыр капиллярларынан айырмашылығы, ол соқыр басталады, диаметрі 10-нан 200 мкм шамасындай. Лимфа капиллярлары лимфа жүйесінің түбірлері болып саналады. Бір-бірімен анастомоз құрап, лимфа капиллярлары бүкіл ағзалар мен тіндерде әртүрлі лимфа капиллярлар торын немесе өрімін құрайды.
Лимфа әкелуші жолдарын келесі қүрылымдық звеносы қақпақтары бар, лимфа тамырларына (vasa lumphatica) өтетін лимфа посткапиллярлары болып табылады. Олар мүшелер қатынасына байланысты: ішкі және мүшеден тыс болып бөлінеді. Олар лимфа кері бағытымен әсер ететін, азғана қақпақ санымен сипатталады. Лимфа қантамырлары мүшелер мен олардың жаныңда бір-бірімен бірігіп лимфа өрімін (plexus lumphaticus) құрайды. Қантамырлары арқылы лимфа белгілі мүшеге немесе дене бөлігіне регионарлы лимфа түйіндеріне (nodi lumphatici) барады. Ол барьерлі фильтрациялық, иммунды қызмет атқарады. Лимфа әкелуші лимфа тамырлары бір түйіннен оның жолындағы келесі лимфа түйіндеріне, мойындағы веналық бұрышқа қарай жалпы ағыс бағытында, ішкі мойынды-рық пен бүғанаастылық веналардың қосылысынан құралады. Дененің ірі бөліктерінен лимфаны жинай отырып (қол-аяқ, бас, ішкі мүшелер) лимфа тамырлары ірі коллекторлық сабаулар (trunci lumphatici) жөне түтіктер (ductus lumphatici) құрайды. Адам денесінде 6 ірі лимфа түтіктері мен сабаулары және ұсақтары бар. Олардың 3-уі сол веналық бұрышқа (көкірек түтігі, сол мойындырық және сол бұғанаастылық сабаулар), ал 3-уі оң веналық бұрышқа (оң лимфа түтігі, оң мойындырық және сол бұғанаастылық сабаулар) қүйылады.
Бас пен мойын. Лимфа бас пен мойыннан оң және сол жақ мойын лимфа бағаналарына — trunci jugulares dexter et sinister-лepre жиналады, ал олар ішкі мойындырық венасына параллелді жүре отырып, оң жақтағы бағана - ductus lymphaticus dexter-re немесе тікелей оң жақтағы веналык бұрышқа, ал сол жақтағы бағана - duc-tus thoracicus немесе тікелей сол жақтағы веналық бұрышка құяды.
Баста лимфа түйіндері негізінен оның мойынмен шекарасы бойында топталады. Түйіндердің бұл топтарынан мыналарды атап көрсетуге
болады.
Мойында лимфа түйіндерінің екі тобын ажыратады: алдыңгы мойын түйіндері - nodi lymphatici cervicales anteriores және латералды мойын түйіндері - nodi lymphatici cervicales laterales. Алдыңғы мойын лимфа түйіндері беткей және терең болып бөлінеді, солардың ішінен: көмейалды, қалқаншалық (қалқанша бездің алдында жатады), кеңірдекалды және кеңірдекмаңы лимфа түйіндерін ажыратады
Латералдық түйіндер де беткей және терең топтар құрайды. Беткей түйіндер сыртқы мойындырық венасы бойында жатады. Терең түйіндер ішкі мойындырық венасының, көлденсң мойын артериясының (бұғанаүсті түйіндері) бойында және жұтқыншақтың артқы жағында тізбекшелер түзеді.
Терең мойын лимфа түйіндерінен - nodus lymphaticus jugulo-digastricus және nodus lymphaticus jugulo-omohyoideus-ті ажыратады. Бірінші түйін ішкі мойындырық венасында тіласты сүйегінің мүйізі деңгейінде орналасқан. Екінші түйін ішкі мойындырық венасында m. omohyoideus-тің үстінде жатады. Бұлар тіл лимфа тамырларын тікелей немесе иекасты және төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндері арқылы қабылдайды. Ісік тілді зақымданғанда, бұларға қатерлі ісік (рак) жасушалары келуі мүмкін.
Жұтқыншақарты түйіндеріне, nodi lymphatici retropharyngeales, мұрын қуысы мен оның қосалқы ауалы қуыстарының шырышты қабығымен қатты және жұмсақ таңдайдан, тіл түбірінен, жұтқыншақтың мұрын және ауыз бөліктерінен, сондай-ақ ортаңғы құлақтан лимфа келіп құйылады. Аталған түйіндердің барлығынан лимфа мойын түйіндеріне ағады.
Кеуде түтігі (ductus thoracicus;) ұзындығы 30-45 см болатын тақ лимфа түтігі. Құрсақ қуысында XII Тһ-П L омыртқа тұсында оң және сол жақ сабауларының бірігуінен, әкетуші лимфа тамырларының бірігуінен пайда болады. Олар лимфаны мықын лимфа түйіндерінен, аяқ пен құрсақ қабырғаларынан, ішкі құрсақтық және сегізкөз лимфа түйіндерінен алады. Кеуде түтігіне омыртқаалды, қабырғааралық, висцералді лимфа түйіндері әкетуші лимфа тамырлары құйылады. Көп жағдайда кеуде түтігінің басталатын жерінде буылтық (cisterna chyli), арқан пішінді XI Тһ - II L омыртқаларының алдыңғы бөлігінде орналасады. Көкірек түтігі қурсақ-тық (pars abdominalis), кеуделік (pars thoracica) және мойын (pars cervicalis) бөліктеріне белінеді. Кеуде түтігі қолқа тесігі арқылы көкірек қуысына өтіп, сол жерде жиырылуы арқылы лимфаның түтікпен жылжуына жәрдемдесетін диафрагманың оң жақ аяқшасымен бітісіп өседі. Кеуде түтігі (ductus thoracicus) көкірек қуысынан өтіп, омыртқа бағанының аддымен жоғары қарай көтеріліп қолқаның кеуделік бөлігінің оң жағынан, өңештің артқы жағынан өтеді, одан әрі қолқа доғасының артында орналасады. Қолқа доғасына жетіп, V-III кеуде омыртқалары деңгейінде солға қарай ығысады.
VII мойын омыртқасы деңгейіңде кеуде түтігі мойынға шығып, доға түзе, сол жақ ішкі мойындырық венасына немесе оның сол жақ бүғанаасты венасымен (angulus venosus sinister) қосылатын бұрышына құйылады. Көкірек түтігінің құятын жері іш жағынан оған қан өтіп кетуіне тосқауыл болатын жақсы дамыған қақпағымен жабдықталған.
Кеуде түтігінің жоғарғы бөлігі не кеуде торы сол жақ жартысы-ның қабырғаларымен мүшелерінен лимфа жинайтын (truncus bronchomediastinales sinister), сол қолдан лимфа жинайтын (truncus subclavius sinister) жөне мойын мен бастың сол жақ жартысынан лимфа жинайтын (truncus jugularis sinister) келіп қүйылады. Сөйтіп, көкірек түтігі дененің оң жақ жартысынан: бас, мойын, қол, кеуде торы мен көкірек қуысынан және сол жақ өкпенің төменгі бөлігін қоспағанда, бүкіл денеден келетін барлық лимфаның 3/4 бөлігін жинайды. Лимфа аталған аймақтардан оң жақ бұғанаасты венасына құятын оң жақ лимфа түтігіне құяды
Түтік келесі лимфа сабауларының бірігуінен тұрады:
Жамбас астауы жамбас мүшелері мен қабырғаларының лимфа түйіндері қан тамырлары бойында орналасып, париеталді және висцералді болып бөлінеді. Жамбас астауының париеталді лимфа түйіндері (nodi lumphatici parietalis) ipi қантамырлар жамбас астауының қабырғасы аумағында орналасып, жамбас қуысыньщ бүйір бетінде ішкі мықындық артерияның жанында, 4-8 ішкі мықындық лимфа түйіндері (nodi lymphatici iliaci interni) сыртқы мықындық артерия жолымен 2-12 сыртқы мықыңдық лимфа түйіндері (nodi lymphatici iliaci externi) медиалді, латералді және аралық тізбектер құрайды. Бөкселік артериялардың жанында бөкселік лимфа түйіндері (nodi lymphatici gluteas) орналасқан. Олар лимфаны ортан жіліктің артқы беткей тінінен, бөкселік аумақтан, кіші астау қабырға тіндерінен жинайды. Жапқыштық қан тамырлар жолында 1-2 жапқыштық лимфа түйіндері кездеседі. Сегізкөздің алдыңғы бетінде 2-3 сегізкөз лимфа түйіндері болады, олар кіші жамбас астауы мен тік ішектің қабырғаларының регионарлы түйіндері болып саналады.
Бөкселік, жапқыштық, сегізкөздің әкетуші лимфа тамырлары, сонымен бірге ішкі және сыртқы мықыңдық лимфа түйіндері жалпы мықындық түйіндерге (nodi lymphatici iliaci communes) барып, 2-10-ы жалпы мықындық артерия мен веналармен орналасып, латералді, аралық, медиалді тізбектер құрайды. Соңғысы қолқаның бифуркациясы астында 1-3 қолқасты лимфа түйіндерімен (nodi lymphatici subaortici) аяқталады. Жалпы мықындық және қолқаасты түйіндердің әкетуші лимфа қан тамырлары бел лимфа түйіндеріне (nodi lymphatici lumbales) барады.
Висцералді түйіндер (nodi lumphatici viscerales) жамбас қуысының ішкі мүшелеріне жанасады, жанасу мүшелеріне байланысты несепқуық жанындағы, жатыр жанындағы, қынап жанындағы, тікішек жанындағы болып бөлінеді.
Қуықтан лимфа тамырлары ішісі, сыртқы мықындық, сегізкөз жөне бел лимфа түйіндеріне барып, тік ішектің әр бөлігінен құрсақтық қуысқа, ішкі мықындық, сегізкөз, тік ішек маңы жөне беткей шап түйіндеріне барады. Лимфа жатыр, жатыр түтігі, қынаптан бел түйіндеріне, беткей шап, ішкі, сыртқы мықындық және сегізкөз түйіндеріне құйылады.
Аналық, аталық бездерден, қуықасты безден, бел, сыртқы және ішкі мықындық түйіндерге барады. Сыртқы жыныс мүшелерінен лимфа беткей шап лимфа түйіндеріне құйылады, сонымен бірге сегізкөз, ішкі, сыртқы лимфа түйіндеріне әкетеді. Сол себепті висцерадці түйіндердің әкетуші қан тамырлары мықындық және қолқаасты түйіндеріне барады.
Құрсақтық қуыс. Құрсақтық қуыстық лимфа түйіндері қабырғааралық және висцералді болып бөлінеді.
Қабырғааралық түйіндері бел аумағында, алдыңғы құрсақ қабырғасында, төменгі құрсақастылық лимфа түйіндері (nodi epigastrici inferiores) орналасады. Олар лимфаны тік, көлденең, іштің қиғаш бұлшықеті, ішастар мен ішастар клетчаткадан жинайды. Әкетуші қан тамырлар түйіннен төменгі құрсақтық тамырларынан төмен, сыртқы мықындық тамырларға және жоғары - кеуде жанындағы лимфа түйіндеріне барады. Көптеген бел лимфа түйіндері (nodi lumbales) - сол жақтық бел түйіні - (nodi lymphatici lumbales sinistri), аралық бел (nodi lymphatici lumbales intermedii), және оң жақтық бел түйіндеріне (nodi lymphatici lumbales dextri) бөлінеді. Барлық аталған бел лимфа түйіндері, қолқаның құрсақтық бөлігі мен төменгі қуысты вена жанында лимфа өрімін құрайды. Бел лимфа түйіндері арқылы лимфа аяқтан және жамбас астауы қабырғаларынан ағады. Бұл түйіндерге висцералді лимфа түйіндерінің әкетуші лимфа түйіндері құйылады. Ол лимфаны құрсақ қуысының ішкі мүшелерінен жинайды.
Қабырғааралық лимфа түйіндеріне тұрақты емес төменгі көкетгік лимфа түйіндері (nodi lymphatici phrenica inferiores) жатады, ал артқы құрсақ қабырғасында, төменгі көкетгік артерияның жанында орналасқан. Олар лимфаны көкеттен, бауырдың оң жақ артқы бөлігі мен сол жақ бөлігінен жинайды. Төменті көкетгік лимфа түйіндермен лимфа құрсақтық, кавалды артқылық, аралық бел лимфа түйіндеріне құйылады.
Құрсақтық қуыстың висцералді лимфа тамырлары паренхиматозды мүшелердің қақпағы аумағында немесе қуысты мүшелер жанында, ірі сыңарсыз висцералді қан тамырлары мен олардың тармақтарының жаныңда орналасады.
Асқазан лимфа (сурет 215) оң және сол асқазан лимфа түйіндеріне (nodi lymphatici gastrici) асқазанның кіші иіні тұсында, кардиалді (annulus lumphaticus cardiae), оң және сол асқазан - шарбы (nodi lymphatici gastromentales dextri et sinistri), асқазанның үлкен иінінде, ұйқыбезастылық (nodi lymphatici pancreatici) және көк бауырлық (nodi lymphatici splenici) көк бауыр қақпағында, пилорикалық (ас-қазан - 12 елі артерия жолында бауырлық (nodi hepatici) бауыр тамырлары бойында) лимфа түйіндеріне бөлінеді. Бауырдан лимфа бауырлық, өтқабылык,, пилорикалық, оң асқазан жақтық, құрсақтық және бел лимфа түйіндеріне, ал төменгі, жоғарғы көкеттік арқылы - көкірекаралық түйіндеріне ағады. Бүйректен лимфаны бүйрек түйіндері (nodi lymphatici renales) жинайды.
Он екі елі ішекпен оған жанасып орналасқан он екі елі ішектің басына лимфа ағысы панкреатодуаденалді түйіндерге (nodi pancreatoduodenales) барады.