Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 16:12, автореферат
Аталған мақсатқа келесі мәселелерді шешу арқылы қол жеткізіледі:
- мемлекеттің тұрақты дамуға көшу кезеңінде өндіріс саласындағы қоршаған ортаны құқықтық қорғау ерекшеліктерін табу;
- өндірістегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама мен басқарудың жағдайын бағалау және оны құқықтық реттеудегі кемшіліктер мен ақаулықтарды табу;
- осы саладағы экологиялық заңнамамен және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа салалардағы нормаларының ролі мен маңызын анықтау;
- құқықтық реттеудің тиіміділігін және жоғарылату үшін ғылыми ұсыныстарды, соның ішінде, заңнаманы ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық механизмдері мен заңды жаупкершілік нормаларын жетілдіру.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып динамикалық және тарихи материализм, қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы туралы қазіргі таңдағы көзқарастар, (экономика және қоршаған орта); өндірістегі қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекет және құқық туралы, экологиялық қызметтің жалпы танылған халықаралық қағидалары мен конституциялық ережелері.