Экологиялық қуыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 18:57, реферат

Краткое описание

Ағзалар мен ортаның тірі және өлі табиғаттың арасында ағзалар ортаға байланысты, ал орта ағзалардың тіршілігенің бүкіл тарихи даму барысындағы тіршілік әрекеттілігінің арқасында өзгереді деп айтуға болатын тұтастық бар.
Ортамен өзара қатынастың ерекшелігі әрбір ағзанның өзінің экологиялық ортасының болуында жатыр.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а)
ә)
б)
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат экология.doc

— 76.00 Кб (Скачать документ)

             “Астана медициналық университеті” АҚ

     

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

Тақырыбы: Психология тарихы. Психологиялық концепциялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Орындаған: Канди Ұлпан

                                                    Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

                                          Астана 2015 

 

Жоспар:

 

 

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а)

ә)

б)

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кіріспе

 

Тіршілік –қоршаған табиғи ортамен үнемі зат, энергия алмасу жағдайында болатын белокты денелердің өмір сүруі. (Ф. Энгельс)

Тіршілік – бұл өздігінен өніп-өсумен байланысты материяның өмір сүруіндегі қозғалыстын ерекше түрі.

Тірі заттың қасиеттеріне өзін-өзі қайта тудыра алудан басқа ұйымдасу ерекшелігі, құрылымның реттілігі, тұтастығы және дискреттілік, өсуі мен дамуы, зат және энергия алмасуы, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік, тітіркенгіштік, қозғалыс, ішкі реттеушілік, қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің  ерекшлігі жатады. Орта мен өзара қатынастың ерекшелігі әрбір ағзаның өзінің экологиялық ортасының болуында жатыр.

Ағзалар кеністікке кездейсоқ шашылған жоқ. Олар популяцияларға, ал популяциялар топтануға немесе биоценоздарға жинақталған. Соңғылары биосфераның қарапайым бірліктері болып табылатын экологиялық жүйелерді немесе биогеоценоздарды абиотикалық факторлармен бірігі отырып қалыптастырады.

Тіршілік тұтас, әрі сол уақытта дискретті. Бір ағзалардың тіршілік етуі басқаларына байланысты болғандықтан органикалық дүние біртұтас. Сөйте тұра жеке ағзалардан құралатын ол да дискретті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі бөлім

 

 

а) Тіршілік ету ортасы

 

     Тіршілік ету ортасы – бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Тіршілік иелерін қоршаған орта сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгерісте болып ықпал ететін әсерлерден тұрады. Кез келген тірі зат осы күрделі, әрі өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.

    Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігінмен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орталарын игерді. Су тіршілік пайда болып, таралған ең алғашқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиоздар үшін тұтас дүниені білдірді.

     Ағзалардың ортаға икемденуі бейімделу (адаптация) деп аталады. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндігін, ағзалардың тірі қалуы мен көбеюінің мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бейімделулер түрлі деңгейлерде көрінеді: жасушалардың биохимиясы мен жеке ағзалардың іс-қылықтарының топтар мен экологиялық жүйелердің құрылып, жұмыс істеуіне дейін.  Бейімделулер түрлер эвалюциясының барысында пайда болып, өзгереді.

Экологиялық қуыс – түрдің, популяцияның, ағзаның тұрақты тіршілік етуіне сәйкес келетін, негізгі ордтоногальді өзгерісті, жиынтығында ортаның ресурстары мен жағдайларың бейнелейтін көп өлшемді кеңістіктің (гиперкеңістік) аймағы.

Табиғи немесе табиғи-анропогенді айналаның мүмкіншілік көлемінің ағзалар мен олардың қауымдастықтарына  айналаның өзін илеулі бүлдірусіз қалыпты тіршілік әрекетімен қамтамасыз етуі  ортаның сыйымдылығы деп аталады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 ә) Экологиялық факторлар

 

Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйде әсер етеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше  зиянды болуы, тіршілік ету мен көбеюге жәрдемдесуі немесе кедергі келтіруі мүмкін. Бұл факторлардың әсеріне тірі организм өзінің бейімделгіштік қабілетімен әр түрлі жауап береді. Мысалы, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші рөл атқарса, тұщы су организидеріне оның қажеті шамалы. Шөл, шөлейтті жерлердің өсімдіктеріне жоғары температура мен ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ол орман өсімдіктеріне қолайсыз болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторларға организмдердің бейімделуі – ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі. Соның нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан гещграфиялық белдемдері айқындалады.

     Экологиялық факторлар  – абиотикалық (бейорганикалық заттар жиынтығы: жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар, т.с.с.), биотикалық (түрлі топтағы тірі организмдердің бір-бірімен тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынас жиынтығы) және антропогенді (адам және оның шаруашылық әрекетінің тіршілік ортасына және тірі организмдерге әсерінің жиынтығы).

1. Абиотикалық факторлар

        а) Жарық.  Барлық организмдер тіршілігіне қажетті энергияны күн               сәулесінен алады. Күн сәулесінің әсерінен жасыл өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді. Жер бетіндегі организмдер үшін күн сәулесі негізгі энергия көзі болып табылады. Себебі күн сәулесі арқылы өсіп-өнеді, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Өсімдіктер жылдың әр мезгілінде гүлдейді. Жыл бойы күн ұзақтығы ауысып отырады. Фотопериодизм - өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына тәуелділігі, бейімделуі. Жарықтың түсуінен жасыл өсімдіктертде органикалық заттар түзіледі, оны басқа организмдер пайдаланады. Жануарлар үшін жарық та елеулі рөл атқарады. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.

Жыл бойы күн ұзақтығы ауысып отырады. Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіктерді қысқы күнді және ұзақ күнді деп  екіге бөледі.

        ә)  Ылғал да экологиялық фактор ретінде организмдерге әсер етеді. Ылғал көбінесе климатқа, құрлықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемдеріне байланысты болады. Кейбір жағдайда ылғал шектеуші фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерде өнімді төменлетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдемдерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше процесс байқалады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары жіктеледі.

   1. Ксерофиттерге ылғал тапшы  аймақтардың өсімдіктері (шөл, шөлейт, дала) жатады. Ксерофиттердің жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген (сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік, т.б.).

   2. Суккуленттер – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары, сабақтары етженді болып жұмырланған немесе тікенектерге айналған.

   3. Мезофиттер жартылай ылғалды  аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық  әрі ірі болып келеді (қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер),

   4. Гигрофиттер – ылғалы  мол ортада өсетін өсімдіктер. Суды мол қажет етеді (қамыс, қоға, күріш, тұңғиық, т.б.).

   5. Гидрофиттер – су өсімдіктері. Су ішінде өседі (элодея, балдырған, т.т.). Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы, түйе өркешінің мйаын пайдаланады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді, т.с.с. Ал өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азаюы, сексеуіл тамырларының тереңге кетуі т.с.с.

        б)  Температура – экологиялық фактор. Дене температурасының сипатына қарай барлық организмдерді екіге топтайды:

пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді түрде өзгеріп отырады);

гомойотерімді (дене температурасы тұрақты организмдер).

Пойкилотермді топқа өсімдіктер, бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, балықтар, буынаяқтылар жатады.

Гомойотерімді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады. Бұл организмдер қоршаған тртаның температурасына тәуелсіз дене температурасын реттеп отырады.

     Өсімдіктер төмен  температураға шыдауына байланысты  жылылық сүйетіндер және суыққа  төзімділер деп бөлінеді. Жылу  сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт  жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын, т.б. жатады.

     Әрбір жеке организмнің  өзіне тән температураға деген  талабы және шегі болады. Кейбір  организмдер температураға төзімділік  көрсетеді. Мәселен, балықтар 52С градуста, ал бактериялар 80С градуста тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 44С градуста өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден ауытқуы кез келген организм денесіндегі зат алмасуды тежеп, жасушадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілік баяу тоқталады. Ортаның температура өзгерісін өсімдіктер түрліше қабылдап, оған бейімделуге көшеді.

  1. Күзге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суынан арылып, қоюланып, оның органоидтары (глицерин, моносахаридтер, т.б.) төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді.
  2. Қыс кезінде өсімдіктердің тыныштық күйге көшуі спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр күйінде болады. Ал ірі ағаштар жапырағын, өркенін тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді формаға ауысады.

   Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады.

   Гомойотерімді жануарлар  төмен температурадан әр түрлі  жолдармен қорғанып отырады.

  1. Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа орын ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүйектілер, т.б.).
  2. Тері жабындыларындағы жүн мен май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар, шошқалар, т.б.).
  3. Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар, т.б.).

2. Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-біріне және табиғи ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл - өте күрделі үрдістер жиынтығы. Өйткені тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым – қатынастарда өсімдік немесе жануар арасында болуы мүмкін. Биотикалық факторлар организмдер арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады.

а) Өсімдіктердің бір-бірімен және тіршілік орта жағдайымен әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен сиреуіне әкелетін, бір түрге жататын өсімдіктердің арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері мен мәдени өсімдіктер арасында жарық, ылғалға, т.с.с. бәсекелестік (конкуренция) пайда болады, өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды (оттегі – фотосинтез нәтижесі).

ә) Жануарлар мен өсімдіктердің бір-біріне әсері. Шөпқоректі жануарлар өсімдікпен қоректене отырып, олардың өсуін белсенді тежейді. Бал арасы, жабайы аралар өсімдіктерді тозаңдандырады және шырынымен қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің жемісін және тұқымын жануарлар арқылы таратады (жаңғақты тиіндер, т.с.с.), жәндік қоректі өсімдіктер жәндікпен қоректенеді (шыбынжұт, шықшылдақ).

б)   Жануарлардың бір-бірімен және тіршілік ортасымен қатынасы. Бір немесе бірнеше түрге жататын организмдер тіршілік үшін өзара бәсекелестікке түсуі мүмкін. Кейбір жағдайларда қоректік факторларға ғана емес, басқа да (мінез- құлық, мекен ететін ортасы үшін т.б.) ресурстардың жетіспеуіне байланысты бәсекелетік тууы мүмкін.

в)   Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустардың өсімдіктермен, жануарлармен және тіршілік ортасымен әрекеті. Симбиотикалық бактериялар өсімдіктер мен жануарларды дәрумендермен және қоректік элементтермен қамтамасыз етеді. Ауру туғызатын микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар организмінде паразиттік өмір сүретіндер оны өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақ бактериясы мен саңырауқұлақтар топырақты құнарландырып, экожүйедегі заттар айналымын қамтамасыз етеді.

3. Антропогендік факторлар

а) Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімды қолтұқымдарын шығару; табиғи аймақтарды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау; табиғаты ерекше, сұлу объектілерді қорғау.

ә) Сол әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу, батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтауды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру,өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды жаппай жинау т.с.с.

Информация о работе Экологиялық қуыс