Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 20:23, реферат

Краткое описание

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық мәселелер.doc

— 76.00 Кб (Скачать документ)

    Осы кезеңге дейін Атырау жеріне жасалған қиянаттарға қоса бүгінгі таңда нарықтық экономика туғызған құқықтық нигилизм жаппай белең алып отыр, сондықтан да болар, облыс әкімшілігі қолға алып отырған:

  • салық жүйесін экологияға тікелей байланыстыру;
  • табиғи қорларды игерген мөлшеріне қарай арнайы төлем төлеу;
  • табиғи ортаға технологиялық зиян келтірген жағдайда, ол үшін заңмен белгіленген ресми айып төлеу;
  • табиғатты жалпы пайдалануға кешенді лицензиялау енгізу сынды игілікті істерден табиғат-анаға жанашырлық байқаймыз.

 

 

 

Қорытынды 

        Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың мкедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.

       Экологиялық сараптаманың мақсаты қоғам дамуының барысында оның өндірістік күштерінің бәрінен бұрын адамның, оның өмірінің және денсаулығының, сонымен бірге оны қоршаған ортаның, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені қоршаған ортаның белгілі бір деңгейдегі сапасы болмай адамның не қоғамның өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан жалпы ғылыми концепцияны жасақтаған кезде оның негіздеріне қоғам мен табиғат арасындағы әсерлердің шамасына керек бағытта, арнайы және оңтайлы жолдармен өзгертуге болатын мүмкіндіктер жатуы керек.                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

  1. Экологиялық мәселелер, оның түрлері:
    1. Жаһандық экологиялық мәселелер
    2. Ұлттық экологиялық мәселелер
    3. Жергілікті экологиялық мәселелер

 

  1. Жаһандық экологиялық мәселелер, оның шешу жолдары:

                1) Климаттың өзгеруі

                2) Озон қабатының бұзылуы

                3) Биоәртүрлілікті сақтау

                4) Жердің шөлейттенуі және тозуы

 

  3. Ұлттық экологиялық  мәселе: Экологиялық апат аймақтары

           (Семей, Арал)

 

       4. Каспий  теңізі қайраңының ресурстарын  қарқынды игерумен 

           байланысты мәселелер

 

      5. Атырау облысының экологиялық проблемасы; алдын-алу    

    шаралары

 

6. Қорытынды

 

      7. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. «Табиғатты пайдалану экономикасы» (Алматы-2005ж.) – Н.Қ.Мамыров, М.С.Тонкопий, Е.М.Үпішев

 

  1. «Атырау энциклопедиясы» (Алматы-2000ж.)

 

  1. «Құқық негіздері» (Алматы-2006ж.) - Қ.И.Оспанов

 

  1. «Кәсіпорындарының табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерін бағалау» (Алматы-2008ж.) - Ә.К.Кенжеғалиев, Қ.Т.Жазықов

 

 

 

 

 

 

                    


Информация о работе Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары