Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 20:23, реферат

Краткое описание

Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық мәселелер.doc

— 76.00 Кб (Скачать документ)

                        Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары

 

          Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық және жергілікті экомәселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек қана қазақстандықтардың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізілді.

 

    Экологиялық  мәселелер. Жаһандық экологиялық   мәселелер: 1.Климаттың өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі  және  тозуы.

 

    Ұлттық экологиялық мәселелер: 1.Семей, Арал; 2.Каспий теңізі қайраңының ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4.Байырғы ластануы; 5.Трансшекалық сипаттағы мәселелер; 6.Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.

 

    Жергілікті  экологиялық мәселелер: 1.Әуе бассейнінің ластануы; 2.Радиоактивті ластану; 3.Бактериологиялық және химиялық ластану; 4.Химиялық  ластану; 5.Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

 

1.Климаттың  өзгеруі.

       «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе  болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам улы, иісті газ, азот тотығы, күкірт шығарылады. Солардың 10 пайызын ғана өсімдіктер сіңіреді. Қос тотықты күкірттің азот тотығында шоғырлануы қышқыл жауын тудырады. Мысалы көмір қышқыл газының пайда болған уақытынан бастап осы күнге дейін 20 пайызға, ал жыл сайын оның көбеюі 0,2 пайызға өсуде. Көмір қышқыл газы жанудың нәтижесінде пайда болады. Оның көздері, таратушысы - жылу станциялары, металлургия зауыттары, көлік құралдары. Осындай күрделі физико-химиялық қоспалар «қызу әсерін тудырады». «Қызу әсері» ауа ыстығының көтерілуіне, ол ауа-райының, климаттың өзгеруіне әкеледі. Әлемдік мұхит суының көтерілуіне, соңғы 100 жылда 10-12 см көтерілсе, «қызу әсері» оны 10 есе күшейтуі мүмкін.

      Аталған экологиялық мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр? Қызған газдардың шығарындыларын қысқарту мақсатында Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік конференциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияның Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, I қосымшаның  Тарабы болады.

       Экологиялық  тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергиялық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

 

1.1.Озон қабатының бұзылуы.

        Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға азайғанын көрсетті.  Адамдардың барынша шоғырланған аумақтарында озон қабаты 3 пайызға жұқарған. Озон қабатының 1 пайызға жұқаруы тері ісік ауыруымен ауырушылардың санын 6 пайызға ұлғайтады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда озон бұзғыш заттардың (ОБЗ) мөлшері 10 есеге азайды. Озон бұзғыш заттарға негізінен (ОБЗ) флерон, фреон, хлор, көміртек, автокөліктер бөліп шығаратын улы химиялық заттар жатады. Денсаулыққа әсер етумен қатар, озон қабатының азайып, кеміп кетуі жылыжай әсерін күшейтіп, егін шығымы түседі, топырақ бұзылады, жалпы қоршаған ортаның ластануы етек алады.

      Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ-ды пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ ОБЗ-ды пайдаланатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық  актілерді қабылдау, ОБЗ-ды пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу жолымен ОБЗ-ды пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөніндегі жұыстарды жалғастыру қажет болады. Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ-ды шығарындысы қысқарып, ол жердің озон қабатын сақтауға септігін тигізетін болды.

1.2 Биоәртүрлілікті  сақтау.

        Биологиялық әртүрлілік жердегі өмірдің негізі және тіршіліктің маңызды ресурстары болып табылады. Биологиялық әртүрлілікпен қамтамасыз ететін тауар сандары мен қызмет көрсету түрлерінің барлық маңызын есептеп шығу қиын. Соңғы уақытта адамзат жабайы өсімдіктер мен жануарлардың пайдалы екендерін түсіне бастады. Олар ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етіп қоймай, биотиканың табиғи экожүйесін құрайтын міндетті компоненті, циклдері мен биосферадағы энергияның тұрақтылығын анықтайтын басты факторлары. Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшеленеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық  деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті  іс жүзінде жоғалтудың негізігі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су  айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады.

       Биоәртүрлілікті  сақтаудың неғұрлым  тиімді шарасы ерекше қозғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын құрайды, бұл биологиялық  әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10 пайызды құрайтын әлемдік  стандарттардан төмен  Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4 пайызын құрайды. Республика аумағының небәрі 4,2 пайызын алатын Қазақстанның барлық ормандарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру. Орман - оттегін бөліп шығарудың негізгі көздерінің бірі. Реактивті ұшақ АҚШ-тан Еуропаға дейін 50-100 тоннаға дейін оттегін құртады, оны 10 мың гектар орман қалпына келтіре алады. Дүние жүзінде жыл сайын 11 млн. га, минут сайын 20 га, өркениет тарихында орманның 2/3 жойылған.

        Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар. Экологиялық өнегеліліктің принциптерінен мына төмендегіні атауға болады: әрбір келер ұрпақтың өткендегідей осындай биоәртүрлілікке толық құқы бар. Биоәртүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтауға бағытталған шаралардың 4 түрі жасалуда.

  1. Ерекше мекендейтін ортаны қорғау – ұлттық саябақтар, биосфералық қорықтар мен өзге қорғалатын зоналар құру.
  2. Жеке түрлер мен организм топтарын шамадан тыс пайдаланудан қорғау.
  3. Түрлер ретінде ботаникалық бақтарда немесе генофондта (текқорда) гендерді банкте сақтау.
  4. Қоршаған ортаның ластануын қысқарту. 

        Биоәртүрлілікті сақтаудың маңызды құрылымының бірі – халықаралық ұлттық бағдарламалар мен шараны жүзеге асыруға бағытталған конвенцияны жасау болып табылады. Биоәртүрлілікті сақтау  үшін  Қазақстан Республикасы 1994 жылы  Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.

 

1.3. Жердің шөлейттенуі  және тозуы.

       Қазақстанның көп бөлігі қуан аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66 пайызы түрлі деңгейде шөлейттену үрдістеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды. БҰҰ мәліметі бойынша қазіргі таңда жылына 23 млн. гектар жер шөлейттенеді  екен.

       Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу мәселесі шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық мәселеге айналуы мүмкін.

     2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі  мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды және /немесе қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ  шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.

 

Ұлттық экологиялық мәселелер: 1.Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал)

       Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы флора мен фаунаның тозуы орын алған жән қолайсыз экологялық ахуал салдарынан халықың денсаулығына елеулі зиян келтіілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсізігіне нақтылы қатер болып табылады. Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда онкологиялық аурулардың және адам өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда. Арал өңірі экологиялық апат аймағында әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда. Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет.

 

          1.1. Каспий теңізі  қайраңының  ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер. Ғалымдардың есебі бойынша балық уылдырығының жойылуына 1 кубометр суға жайылған 10 грамм мұнай жетіп жатыр. Мұнайдың әрбір тамшысы судың бетінде 30 диаметрлік лай, қабыршық-қарашыққа айналады. Осындай әрбір тамшының салмағы 0,5-0,8 грамм. Оттегінің үлкен екі көзі бар-өсімдіктер және әлемдік мұхиттар. Сондықтан, осындай мұнайдың қабыршықтары дүние жүзілік мұхиттағ тіршіліктің жойылуына, әсіресе  оттегін үлкен мөлшерде бөліп шығаратын балдырлардың жойылуына,нәтижесінде оттегін жұтып, көмір қышқыл газын бөліп шығаратын бір жасауынды алтын түсті зиянды балдырлардың көбеюіне әкеледі. бұл балдырлар өте тез дамып көбейеді. әдетте олардың ұзындығы 10 шақырымға, қалыңдығы 35 м, күндік қозғалыс жылдамдығы 25 шақырым. Өзінің  жолындағы тіршілік атаулының барлығын жояды. Бұндай балдырлар Скандинавияның оңтүстігінде, Солтүстік теңізінде байқалуда.

       Қазақстан үшін Каспий теңізі қайраңынаң ресурстарын қарқынды игерумен байланысты туындайтын экологиялық мәселелер алаңдатады. Кейбір деректерге сүйенсек теңіздің мұнаймен ластануына байланысты 2000 жылы 50 мыңдай итбалық өлген. Профессор М.Дайыровтың пікірінше жыл сайын өндірілетін 300 млн. тонна мұнайдың біз үшін құны 45 млрд.доллар болуы мүмкін. Оның 15 млрд. доллары мұнайды өндірген шығынды жабуға кетсе, биологиялық шығындар да сондай мөлшерде, нәтижесінде мұнайдан түскен 15 млрд. таза пайда Каспийдің құрып кеткен балық қорына барабар екен. Бұл мұнай өндірудің салдарынан жйылған жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда. 200 мың гектар топырақты қабат зиян шеккен. Мұнай кәсіпшілігінің  нәтижесінде топырақтың зиян шегу тереңдігі 2-3 см. жеткен топырақтың бұзылуын қайта қалпына келтіру үшін 200-ден 1000 жылға дейін уақыт керек екен.

       Сондықтан, 2005 жылдың аяғына дейін теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық мониторингті іске асыру, иесіз мұнай  ұңғымаларын  және басқа да байырғы ластануларды жою, ілеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.

 

Атырау облысының  экологиялық жағдайы.

        Табиғатта кездейсоқ ештеңе болмайтыны баршамызға аян: көктегі не жердегі, жақсысы не жаманы бар бүкіл құбылыстар, құбырлаған жан-жануарлар, жәндіктер, қалыптасқан пайдалы қазындылар, шипалы тұздар мен бұлақтар, сылдырап аққан өзен мен тұнжырап жатқан көлдер, әр ағаш пен бұта-бұта шөптесіндер бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты, тәуелді және бір-біріне тікелей әсер етеді. 1998 жылғы дерек бойынша облыстың ауа кеңістігіне, су айдындарына және топырақ бетіне тасталатын өндірістік зиянды заттарды жан басына шаққанда әр жанға 404 кг улы-зиянды заттардан келеді; әр тонна топыраққа 4 кг-нан қорғасын мен хром қосындылары тасталады екен. Төңіректі қорғау шаралары мүлде сылбыр жүзеге асырылуда. Зиянды заттарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстардың деңгейі жағынан облыс республикадағы ең соңғы орындардың бірін иеленеді. Кәсіпорындарда тозаң мен газ ұстағыш жабдықтар жетіспейді, шикізат пен қалдықтарды ұтымды пайдалану тәсілі кешенді қолданылмай келеді.

       Каспий теңізі жағалауында экологиялық ахуал жылдан-жылға қиындай түсуде. Қарашығанақ пен Теңіз мұнай кен орындарында зиянды заттар шамадан тыс көп және олар бірден ауаға, суға және топырақ бетіне тасталуда: теңіз деңгейі жыл сайын көтеріліп, айнала 20-30 км төңіректі су басуда не ыза сумен батпақтануда. Мұнай кәсіпшіліктерін ауық-ауық су басып кетіп, оның төңірегі шайылып теңізге қосылып, айдынның күрт ластануына әкеп соқтыруда. Химия зауытының қалдық суларының қосылуы салдарынан теңіздің фенолмен ластану мөлшері әдеттегіден 9 есе жоғарылағаны байқалады. Мұнай және мұнай өнімдерімен неғұрлым көбірек ластанған сайын адам организміне де, малға да зиянды заттардың көбею қаупі туып отыр. Суды орынды, ысырапсыз пайдаланудың және оны ластанудан, буланудан сақтаудың жер бетіндегі су ресурстары өте тапшы Атырау облысы үшін аса зор мәні бар мәселе. Қоршаған ортаны қорғау шараларын қатаң сақтамай мұнай мен газды жеделдете игерудің салдарынан Каспий маңы ойпатының теңіз жағалауларында су құстарының жаппай қырғынға ұшырауы байқалып отыр. Тіпті Үстірт қорығының өзінде мұнай мен газ көздерін барлау-бұрғылау жұмыстары үсті-үстіне жүргізілуде. Облыста бұлармен қатар жалпы экологиялық, санитарлық-тазалық жұмыстардың нашар жүргізілуі; ресми деректерге қарағанда, жекелеген аудандарда жұқпалы және басқа да әртүрлі аурулар ошағы байқалып, өлім-жітім көбеюде, жалпы адамдардың ғұмыры қысқаруда. Жұқпалы аурулардың пайда болуына аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымның, қалалар, кенттер мен ауылдардағы санитарлық жағдайдың төмендігі бірден-бір себепші болып отыр. әсіресе іш, ішек-қарын әне вирусты бауыр қабынуы, тыныс алу мүшелерінің аурулары, туберкулез, басқа да қатерлі аурулар азаймай отыр. 

Информация о работе Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары