Экологиялық мониторингтің жүйелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбында «Экологиялық мониторингтің жүйелері»
экологиялық мониторингтін жалпы түсініктемесі, Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы, ауа ортасы, су, жер, және орман ресурстарының жағдайлары қарастырылған.
Курстық жұмыс 27 беттен, кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 2 суреттен, 2 кестеден, 2 диаграммадан және 1 қосымшадан тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айтмухамедова.doc

— 484.50 Кб (Скачать документ)

Топырақ эрозиясымен  күрес жергілікті жер бедерін, климаттық жағдайлар мен эрозия процесінің интенсивтілігін есепке ала отырып жүргізіледі. Оларға ұйымдастырылған-шаруашылық шаралары жатады: жердің дифференциялды қолданылуы, егістіктердің өңделуі, жер бедері мен

эрозиялану деңгейіне  тәуелді. Түрлі ауыспалы егіс типін қолдану, егістікті кесу, топырақты қорғайтын көпжылдық өсімдіктердің, жолдардың орналасуы, ірі қараны айдау, агротехникалық тәсілдер топырақтағы дәнді-дақылдардың өсуіне, дамуына, қалыптасуына, азықтық, сулық және жылулық режимін қалыптастыруға жағдай жасайды. Қазақстанда топырақты сақтаушы жер шаруашылығы, жер бетіндегі орылған егісті сақтай отырып топырақты өңдеу, ауыл шаруашылық дақылдар мен егістерді ауыстыра отырып ауыспалы егістікті қолдану пайдаланылады. Ормандық ағаштар отырғызылған далалықта өсімдіктердің өсуіне қажет күшті микроклиматтық жағдайлар туып, жел жылдамдығы азаяды, қар тоқтатылып, ылғалдың булануы азаяды, ауаның ылғалдылығы өседі. Ені 10-15 метр 3-5 қатар ағаш егу ұсынылады.

Жердің сортаңдануы. Бұл жағдай топырақтағы оңай еритін тұздар (натрий карбонаты, хлоридтер мен сульфаттар) көбейгенде, грунттық және жер бетіндегі сулар әсерінен (алғашқы сораңдану), бірақ та жиірек дұрыс суармаудың әсерінен (кейінгі сортаңдану) пайда болады. Топырақ 0,1% токсикалық тұздар болған кезде сортаңдалған деп есептеледі. Суарылатын жерлерде тұзды 1 жоғарылатса, түсімділік 3 кемиді, ал 2-3 көбейту - егістіктің өсуіне әкеледі. Қазақстандағы сортаңдалған аудандар 1990 жылы 200 мың га-ға жеткен Оңтүстік Қазақстан облысының Пахта-Арал совхозында 23 жыл ішінде грунт суы 5,2 м тереңтіктен 1,8м-ге дейін көтерілген.

Жердің шөлге айналуы. Бүкіл жер шары ауданыңың 30%-ын шөл алып жатыр, бұл жерлерді аридті деп атайды. Судың үнемі жетпеуі аридті зоналарды халыққа үлкен қасірет әкелетін күшті қуаңшылықтар жиі болады.

Шөлге айналу проблемасы глобалды болып табылады, себебі, ол әлемнің көп еліне қатысты  және де оның шешілуіне бүкіл адамзат  ат салысады.

Қазіргі уақытта шөлге  айналу қаупі жердің 35құрлығына  төніп тұр, бұл аудандарда мекендейтін 850 млн тұрғындар өмір сүруін күмәнді етеді. Шөлдің жалпы ауданы 20 млн км2 болады.

Қазақстандағы жердің шөлге  айналу сұрақтары көңіл бөлуді қажет  етеді. Егер ол территориясының 40%-ын шөл, 23%-ын шөлейт экожүйесі алып жатқаның ескерсек, бұл проблеманың біз үшін қаншалықты маңызды екені көрінеді. Өкінішке орай, республика жағдайы жыл сайын нашарлауда. Шалғындар мен жайылымдарды басқа мақсаттарға қолдану, жерлерді жырту басқа жайылымдарға салмақты көбейтті. Көп жылдар бойы олар демалыссыз газдалынып келеді және өздігінен қалпына келе алмайды. Жоғары шөл қабаты бұзылып, жайылымдар эрозияланған жерлерге, құмдарға оңай айналады. Негізгі қорғау әрекеті болып топырақты орман отырғызу жолы арқылы үрлеуді тоқтатып бұталардан біржылдық жасанды жайылымдар жасау.

Жердің батпақтануы. Бұл табиғи жағдай атмосфералық жауын- шашын мөлшері топырақ бетінен ылғалдың булануынан асып кеткен аудандарда болады, осындай жағдайда жердің батпақтануы пайда болады. Қазақстан территориясында батпақтар жоқ, ал батпақты жерлер көп аудан алмайды.

 

 

 

Жер мониторингі

 

 

Құраушылар блогы

 

Топырақ

 

Өсімдік

 

Жердің беткі қабатындағы  атмосфера

 

Су

 

Объектілер 

 

Шаруашылыққа арналған жер

 

Орман

 

Қорықтар және т.б. объектілер

 

Өнеркәсіп, басқада кәсіпорын жерлері

 

Су айдындары және өзендер

 

 

Аумақтық тәжірибе

 

Жақандыһ

 

Аймақтық

 

Жергілікті

   

Жүргізу әдісі

   

Жаппай

     

Полигон

   

Жүргізу тәртібі

   

өндірістік қамтамасыз ету                                            ғылыми қамтамасыз ету

Жер комитеті

Ғылыми зерттеу институттары

ҚР экология комитеті, орман шаруашылығы

 

Тәжірибиелердің географиялық желісі

 

2 Сурет  – Жер  мониторингі және оны жүргізу  тәртібі


Топырақтың техногенді зақымдануы мен улануы. Бұл жағдай атмосфераға, радиоактивті элементтер, ауыр металдар, күкірт қышқылы мен басқа да заттар, улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштар дұрыс пайдалану нәтижесінде түскенде пайда болады. Мысалы, түсті металлургия кәсіпорны орналасқан ауданда топырақтағы қорғасын мөлшері қалыптыдан 20 есе көп. Суперфосфат зауыты орналасқан ауданда мышьяк пен фтор қалыптан 20-25 есе көп.

Көптеген елдердегі  аграрлы өндірісті химиялау экологиялық  баланстың бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Өсімдіктерді ауру мен зиянкестерден сақтаудың  биологиялық әдісін кең қолдану керек. Агротехниканы биологиялық әдіспен бірге дамытудың болашағы ауыл шаруашылығындағы химия өнімдерін пайдалануды минимумға әкеледі. Өсімдіктерлі қорғаудың интеграциялау жүйесінің үлкен болашағы бар. Ол химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да күрес түрлерінен тұрады.

Жерлер рекультивациясы. Рекультивация жердің бұзылған құнарлылығын қалпына келтіру мен оның ауылшаруашылықтық қолданылуын іске асыратын жұмыстар кешені. Рекультивация процесі екі кезеңнен тұрады: таутехникалық және биологиялық. Қазіргі жерлерді қалпына келтіріп, бұзылған топырақ құнарлылығын қалпына келтіруді жылдамдататын әдістер өңделген. Бірінші орында, бұл жерге өнімді өсімдік жақсылғысын себу мен органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану, су тәртібін реттеу, топырақтық физикалық қасиетін жақсарту. Су қойманы салған кезде құнарлы қабатты суға батырмау керек, ол сылынып алынып аз өнімді жерлердің құнарлылығын арттыру үшін қолданылу керек.

Жерлердің санитарлық қорғалуы. Ол топырақты күнделікті тұрмыс қалдығынан, микробтардан, вирустардан және басқа да ауру таратқыштардан қорғаудан тұрады.

Қазіргі заматы ауылшаруашылық техникасының топыраққа әсері. Топырақ құнарының төмендеуіне, яғни оның құрылымының деформациялануына аул шаруашылығының материалды-техникалық базасының дамуы әсерінен болатын қазіргі заманғы тенденциялар үлкен әсерін тигізеді. Ауданда топырақтың үлкен тереңдікке нығыздалуы, оның су тәртібінің өзгеруі жоғары қабатындағы судың ағуы және т.б пайда болады.

Тек қана топырақтың нығыздалуынан, ғалымдардың есептеулері бойынша, егін түсімділігі 20%-ға кеміп, жанар-жағармай шығыны 18%-ға өседі. Сондықтан да топыраққа аз қысым түсіретін машиналар мен механизмдер енгізу керек.

Топырақтық құқықтық қорғалуы. ҚР-ның Конституциясына  сай жер бүкіл халықтың байлығы, ол сатылмайды және сатып алынбайды, тек ол пайдалануға беріледі. ҚР-ның жер Кодексі бүкіл жерді пайдаланушылардан жерді тиімді қолдануды, эрозиядан, сортаңданудан, арамшөп өсуден және қалдықтармен ластанудан қорғауды талап етеді.

 

6 Орман ресурстары.

Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен  роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі»  деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның  қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.

Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.

Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.

БҰҰ-ның мәліметтері  бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы  елдеріндегі ауыл тұрғындарының  шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.

БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы  конференциясынан (1992 ж.) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық  келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық  аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.

Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың  пікірінше, еліміз орман қорғау ісі  бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.

Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтерілуімен байланыстырады. Осыдан бірін-бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) - парникті эффект — су тапшылығы — азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы). Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа көтерілді. Әсіресе 1995-1998 жылдары температура қатты көтерілді. Көмір қышқыл газы, метан және басқа да газдар жылу сәулелерін сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде. Одан да маңызды фактор - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Қытайдық ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді- АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді. Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.

Республикада мемлекеттік  орман қоры жерінің ауданы 25,56 млн. га. құрайды, оның ішінде орман 11,4 млн. га. жер алып жатыр. Ормандардың көп бөлігі сексеуіл, бұталы және тек аздаған бөлігі жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар тұқымды болып келеді.

Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсер мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы шиеленісті болып  қала береді. Республикадағы экологиялық  жағдайды жақсарту мақсатында қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты дамуы  үшін іс әрекеттің Ұлттық жоспары  қалыптастырылған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Республикада Экологиялық кодекс іске қосылған.

Стратегиялық мақсаттардың құрамына:

- қоршаған орта жағдайын  бақылауға мониторингтің біртұтас  жүйесін құру;

- табиғатты пайдалануды  жоспарлау, экологиялық бағдарламаларды  өңдеу;

- табиғат ортасы сапасының жағдайын бағалау, экологиялық аудандастыру;

- табиғатты қорғау  заңнамасын толық жетілдіру;

Информация о работе Экологиялық мониторингтің жүйелері