Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 13:39, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбында «Экологиялық мониторингтің жүйелері»
экологиялық мониторингтін жалпы түсініктемесі, Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы, ауа ортасы, су, жер, және орман ресурстарының жағдайлары қарастырылған.
Курстық жұмыс 27 беттен, кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 2 суреттен, 2 кестеден, 2 диаграммадан және 1 қосымшадан тұрады.
2011 жылғы 1 маусым бойынша тіркелген жеңіл автокөліктер саны 2010 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға өсіп, 3 264,4 мың бірлікті құрады.
Экологиялық ахуалға қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда.
Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.
1-кесте
ҚР ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы
Қала |
ИЗА5 |
Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіп салалары | ||||
2007 ж |
2008 ж |
2009 ж |
2010 ж | |||
1 |
Алматы |
13,3 |
12,9 |
12,6 |
11,7 |
автокөлік, энергетика |
2 |
Шымкент |
11,9 |
9,9 |
11,2 |
11,4 |
түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу |
3 |
Өскемен |
7,9 |
9,6 |
7,2 |
7,2 |
түсті металлургия, энергетика |
4 |
Ақтөбе |
8,5 |
8,6 |
9,5 |
7,6 |
қара металлургия, химия |
5 |
Теміртау |
9,6 |
7,7 |
8,6 |
9,3 |
қара металлургия, химия |
6 |
Қарағанды |
7,6 |
7,7 |
7,5 |
7,2 |
энергетика, көмір өндірісі, автокөлік |
7 |
Тараз |
7,2 |
7,5 |
7,5 |
7,6 |
химия |
8 |
Риддер |
7,5 |
6,6 |
7,4 |
6,3 |
түсті металлургия, энергетика |
9 |
Жезқазған |
6,8 |
6,4 |
5,2 |
7 |
түсті металлургия, энергетика |
10 |
Глубокое кенті |
3,4 |
5,4 |
3,0 |
4,9 |
түсті металлургия |
11 |
Атырау |
3,3 |
5,3 |
2,4 |
5 |
мұнай өңдеу |
12 |
Астана |
8,1 |
4,7 |
4,5 |
5,5 |
энергетика, автокөлік |
13 |
Семей |
4,2 |
4,4 |
4,6 |
4,5 |
энергетика, құрылыс материалдары |
14 |
Қызылорда |
4,5 |
3,9 |
5,5 |
5,1 |
энергетика |
15 |
Петропавл |
4,3 |
3,9 |
4,3 |
4,1 |
энергетика, аспап жасау |
16 |
Ақтау |
4,5 |
3,5 |
4,3 |
3,0 |
химия |
17 |
Қостанай |
3,2 |
3,5 |
3,1 |
3,1 |
энергетика |
18 |
Павлодар |
1,9 |
2,4 |
1,9 |
2,5 |
мұнай өңдеу, энергетика |
19 |
Балқаш |
3,0 |
2,3 |
3,8 |
2,1 |
түсті металлургия, энергетика |
20 |
Талдықорған |
1,6 |
1,4 |
энергетика | ||
21 |
Екібастұз |
1,2 |
1,0 |
1,2 |
1,2 |
энергетика, көмір өндірісі |
22 |
Көкшетау |
0,8 |
0,8 |
энергетика, көмір өндірісі | ||
Орташа ИЗА |
5,77 |
6,10 |
5,44 |
5,24 |
Ақпарат дереккөзі: «Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:
2 - экологиялық кезең 2009 жылғы 15 шілдеден;
3 - экологиялық кезең 2012 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптар мынадай мерзімдерде:
2 - экологиялық кезең 2010 жылғы 1 қаңтардан;
3 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда жүрген автомашиналарға жаңа экологиялық талаптар қолданылмайды және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын болады.
Тиісінше уәкілетті
орган Қазақстан
Бүгінгі уақытта «Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы»
Шетелде ескі автомобильдер паркін жаңарту мәселесі ескі автомобильдерді кәдеге жарату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдау арқылы, оларға салықты көтеру (арнайы төлемдер енгізу) арқылы және басқа да жолдармен шешіледі. Үкімет Евро стандарттарды әзірлеу кезінде шетелдің осындай тәжірибесін зерделеп, тиісті шараларды алдын ала қарастыру қажет.
«Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес, 2014 жылға дейін отандық мұнай өнімдері сапасын экологиялық кезең-3 сапа стандарттарына дейін жеткізу үшін Атырау, Шымкент мұнай-өңдеу зауыттарына және Павлодар мұнай-химия зауытына жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
4 Су ресурстарының жағдайы.
Су — биосфераның аса маңызды элементі
Гидросфера — біздің
планетамыздың аса маңызды
Мұхиттардағы судың беткі бес жүз метрлік
қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты
арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір
жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон
арқылы та- зарып отырады. Теңіз суындағы
еріген тұздардың концентрациясы 3,5% болса,
химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың
99,9% — натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний,
кобальт, т.б. иондардың үлесіне тиеді.
Биосферадағы үш сфераның — ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі заты көмірқышқыл газы болып табылатын карбонаттық тепе-теңдік арқылы жақсы түсінуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмірқышқыл газы 60 есе көп. Көмірқышқыл газы суық суда жақсы еритін болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тәрізді тартып алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстік пен солтүстік ендіктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшері артқан сайын мұхит суындағы оның мөлшері де артады, нәтижесінде кальций карбонатының ерігіштігі жоғарылап, гидрокарбонат-иондар көбейеді. СО2 мөлшері азайғанда сутек иодарының концентрациясы төмендейді де, кальций карбонатының көбірек тұнбаға түсуі байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көміртек иондары тұрақтанып, атмосфераның анторопогендік ластануынан жиналған СО2 артық мөлшері сіңіріледі. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негізгі роль атқарушы болып табылады, себебі тірі организмдердегі барлық биохимиялық процестер тек су қатысында ғана жүре алады, сон- дықтан да олардың клеткалары мен тканьдерінің көп бөлігі судан тұрады.
Су — әлемнің ең үлкен байлығы. Бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Жердегі су ресурстары жалпы алғанда, жер бетілік немесе континетальды сулар, Бүкіл Әлемдік мұхит сулары және жер астылық сулар болып үш топқа бөлінеді. Жер бетілік, не континентальды суларға — өзен, көл, жабық теңіздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкіл Әлемдік мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңіздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.
Су ресурстарының Қазақстан территориясында бөлінуі мүлдем біркелкі емес, ал жер үсті сулары аймақтар мен экономика салаларын тұрақсыз сумен қамтамассыздандыруға әкеп соқтыратын, жылдар мен маусымдар бойынша мәнді өзгерістерге ұшырайды. Жер үсті суларының сапасын бақылау жүйесіне әрекет етуші гидрометеорологиялық қызметтің нидропостары кіреді. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері болып балық шаруашылық су қоймалары, шаруашылық және коммуналды – тұрмыстық суды қолдану үшін ластаушы заттардың РШК мәндері табылады.
Жер үсті суларының ластану деңгейі су сапасының өзгеру динамикасын салыстыру мен анықтау үшін қолданылатын су ластануының кешенді индекс (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады (2 кесте).
Қазақстанның дерлік барлық өзендері ластанған, ал шекаралас территорияларда қалыптасатын Орал, Ертіс, Сырдария сынды өзендер ластанған болып түседі. Суды ластаушылардың құрамына өнеркәсіптік, тау кен өңдеуші және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа жануарлар фермалары, суармалы жер өрістері, тұңдырғыштар мен қалдықтарды сақтау қоймалары кіреді.
2 кесте – Жер үсті суы сапасының өзгеру сипаттамасы
Сапа класы |
Жер үсті суы сапасының сипаттамасы |
СЛИ шамасы |
1 |
Өте таза |
СЛИ <0,3 |
2 |
Таза |
0,3 < СЛИ < 1 |
3 |
Азды – көп ластанған |
1,0 < СЛИ < 2,5 |
4 |
Ластанған |
2,5 < СЛИ < 4,0 |
5 |
Лас |
4,0 < СЛИ < 6,0 |
6 |
Өте лас |
6,0 < СЛИ < 10 |
7 |
Төтенше ластанған |
СЛИ > 10 |
5 Жер ресурстарының жағдайы.
Республикада жердің 48,2% ауыл шаруашылығының қажеттілігіне қолданылады, олардың ішінде көп бөлігін жайылым өрістер құрайды.
Барлық өнеркәсіптік өңірлерде экологиялық қауіпті әсер ету зоналары: террикондар, үйінділер, ашық кеніштер, бұрғы құдықтары, тау кен өндірісінің қалдықтары бар. Ғарыштан түсірілген түсірілім берілгендеріне сәйкес Арал маңында қалыптасатын тұзшаңды ағындар 150 – 300 км-ге таралады. Бұл өз кезегінде территорияның одан арғы уақытта шөлге айналу үрдісіне алып келеді. Республикада жер ресурстары өнімдерін қарқынды қолданудың нәтижесінде өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд.т. жинақталған. Республикада жылына бір адамға шаққанда таужыныс заттарының 50 т. Табылады және қайта өңделеді. Олардың ішінде 95 % қалдықтарға кетеді.
Экожүйе құрамының басты блогы – су, топырақ, өсімдіктер. Аталмыш объектілердің әркайсысына мониторинг жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар (2 сурет) [6].
Табиғатта топырақ қабатының бұзылу процесі мен оның жел, су, табиғат апаттары арқылы көшіріліп кетуі болып тұрған. Алайда ең ірі және глобалды топырақтың бұзылуы, ең алдымен адамның ісі арқылы пайда болған. Қарапайым жер шаруашылығы, жайылымдардың жүйесіз пайдалануы құрғауына әкеліп Африка, Оңтүстік Америка мен Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда ірі ауданды шөлдердің қалыптасуына соқтырды.
Қазіргі уақытта жердің құнарлылық проблемасы күшейе түсті. Ең бір өзекті проблема - қалыпты құнарлылықтың кемуі. Құнарлылықтың кемуі ауыл шаруашылығына салымның аз болуының басты себебі болып тұр. АӨК дамуында қалыптасқан «техногенді» тип экологиялық шектеулермен қатар таза экономикалық себептермен «тұйықталған» деп есептеледі. Басқа негізінде экологиялық факторлар АӨК жолы қалыптасуы керек.
Топырақ құнарлығының төмендеуі, тіпті оның толық жоғалуы эрозия, сортаңдану, батпақтану, құрылыс, тау-кен және басқа да өндіріс әсерінен ластану мен тікелей жойылу арқылы пайда болады. Топырақ эрозиясы ең кұнарлы жоғарғы қабаттың еріген және жаңбыр суларымен, су эрозиясы мен жел арқылы пайда болады. Жел эрозиясы шаңды ауылдарда жел жылдамдығы 18-20 м/сек немесе одан да жоғары болғанда қалыптасады. Топырақ территориядан жүздеген шақырымдарға ұшырылып кетеді, кейде бүкіл жыртылған қабат ұшырылады. Жергілікті жел эрозиясы 5-6 м/сек жылдамдықта пайда болып, жоғарғы қабат 5 см-ге дейін ұшырылады. Су эрозиясы күшті жаңбырларды пайда болып, топырақ қабатын жуып, бұзып кетеді де жыралар қалыптасады. Қазақстандағы эрозияланған жерлер 18-20 млн га, және олар солтүстік, батыс пен орталық аудандардың егін егілген жерлерінде орналасқан.