Экология ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 16:48, реферат

Краткое описание

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде.

Содержание

Экология ғылымы
Табиғат-анаң, ал сен-оның аялаған ұлысың
Адам экологиясы
Қоршаған ортаның ауа ластануы
Статистика
Экологиялық тәрбие

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.doc

— 98.50 Кб (Скачать документ)

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары,  автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді. Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады. Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында  — 90 пайыз.  Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден – бір қосындылар.

                                                            Статистика

    1. Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарымсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3млн.га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4млн.га жер радиоактивті ластануда.
    2. Ал Каспий теңізінің 268млн.га жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан ары етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің  2млн.га жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300млн.га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұл, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының  да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғынларына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың қатарына жатады.
    3. Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің Республикада «экологиялық білім бағдарламасы», «экологиялық білім тұжырымдамасы», т.б құжаттар қабылданған. Мектептер үшін экологиялық білім беру бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып жатқан игі істап болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ақуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды қажет.
    4. Жарамсыз  жерлердің (опустывание) проблемасы- Қазақстан үшін күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің орман қоры 10%-ға кеміді. Әсіресе Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау, т.б табиғи жайылымдар қоры экологиялық аптты жағдайда тұр. Алтай ормандары 13%-ға, ал Алатаудың алма бақтары 24%-ға кеміген. Ал табиғи жайылымдардың жайы тіпті нашар, яғни 26,6млн.га деградацияға ұшыраған. Бұл шөлге айналу процесінің жылдам жүріп жатканын көрсетеді. Сол сияқты су балансының бұзылуы мен өзендердің ластауынан Сырдария, Іле аймақтары өте нашар халге түсті. Арал өңірі тіршіліксіз аймаққа айналуда.
    5. Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес-өмір үшін күрестің негізі болып табылады.

Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен атқаратын ісі емес, барлық мемлекеттері бас қосып, күш біріктіріп, жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.Экологиялық тәрбиенің мәні жайлы айтқанда, оқушылардың табиғатқа қарым қатынастарын қалыптастырып оны қорғау, саналы белсенділіктерін арттыру, адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоршаған ортаны қорғауға ортаны қорғауға дайындау. Елдігімізді әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ.  Сондықтан да, еліміздің болашағын, осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігі айқындайды.




Информация о работе Экология ғылымы