Экология ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 16:48, реферат

Краткое описание

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде.

Содержание

Экология ғылымы
Табиғат-анаң, ал сен-оның аялаған ұлысың
Адам экологиясы
Қоршаған ортаның ауа ластануы
Статистика
Экологиялық тәрбие

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.doc

— 98.50 Кб (Скачать документ)

                                Жоспар

  1. Экология ғылымы
  2. Табиғат-анаң, ал сен-оның аялаған ұлысың
  3. Адам экологиясы
  4. Қоршаған ортаның ауа ластануы
  5. Статистика
  6. Экологиялық тәрбие

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атауының  табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру. Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық  прогестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-тендігі бұзылып, табиғи жүйесінің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды . Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясының 6-бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді . Қазіргі әлемдік денгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы «ҚР-ның жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы ҚР-ның «Білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы ҚР-ның «Экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасында» көрсетілген. Сонымен қатар ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 89-бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі . Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші – адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, ешбір даму немесе еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе. Осы тұрғыда Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам – табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» деп сипаттаған. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды» деп жазды. Ал, психологтар Л.С.Выгоцкий, С.А.Рубинштейн, И.С.Кам, Е.М.Кудрявцева, Ж.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде «оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас. Табиғатты қорғау қарапайым істерден басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, оны жұлмау, сындырмау, яғни мектеп тәрбиесінің басты саласы деп есептеуіміз керек. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету - әрбір адамның қажетті борышы. Расында да, біз бабамыздан ел, анамыздан ер, бүкіл халқымыздан туған жерді, оның асыл қазынасын қызғыштай қорып, молайта отырып, үнемдеп пайдалануды үйренгенбіз. Табиғат сандаған ұрпақ игілігі. Табиғаттың бізге берері де өте шексіз. Сондықтан да, оны қорғап, молайта отыра пайдалануға күш жұмсау - әр парасатты адамның парызы. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көніліне шабыт сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының  сақшысы, жанға дауа шипагер. Бастауыш сыныпта берілген білім мен тәрбие баланың дүниетанымының, болашақ білімдарлығының түп тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыруды құштарлығы басым кезде үйрету абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ  ұрпақтарының кез-келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Соңғы кезде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына орай адамдардың табиғатқа тигізетін ықпалы елеулі түрде күшейіп, бұл әрекет тіршілік ортасының белгілі дәрежеде өзгеріп, бұзылуына әкеліп соқты. Қазіргі таңда пайдалы қазбалар қорының сарқылуы, жер бетіндегі өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы, сол сияқты табиғи ортаның шектен тыс ластануы қауіп тудырып, проблемаға айналуда. Әсіресе өндірісте өңірлерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық бұл жағдай адамдардың денсаулығына әсер ете бастады. Салғырттықтың салдарынан химиялық заттардың биосфераға таралуы табиғи мөлшерден бірнеше есе асып кетті. Жыл сайын жер қойнауынан 120 млрд. т дейін құрылыс материялдары, жанғыш пайдалы қазбалар мен кен алынады, 560 млн т. аса химикаттар мен минералды тыңайтқыштар егіс даласын тыңайтуға жұмсалады, 600 млн  текше метрге дейін өндірісте пайдаланылған қалдық су қоймаларға, су  көздеріне төгіледі, 200 млн т. қатты қалдық қоқысқа тасталады. Жыл сайын 2 млрд т .қазба отындары жағылып, атмосфераға 5,5 млрд т. СО2 енеді екен. Қазақстандағы 182 млн га жайылымның 110 млн гектары әр түрлі деңгейде зиян шекті, ал 7 млн га орман жойылып кетті . Соған қоса тропиктік ормандардың өртенуі мен топырақтағы қара шіріктің тотығуы салдарынан шамамен 1,7 млрд т парникті газ ауаға араласады . Ауада СО2 , метан, фреон сияқты газдардың шамадан тыс көбеюі салдарынан ғаламдық климат жылынуда. Эколог ғалымдардың зерттеулері бойынша ауа райы   жыл сайын экватордан полюске қарай 1,5 шақырым жылдамдықпен жылынып барады . Ауа осылай ластана берсе,  ауаның орташа жылдық температурасы 60-70 жылдан соң 2-3 градус жоғарлайды екен .Аталған ұйымның мамандары қоршаған ортаның өнеркәсіптік зиянды қалдықтарымен ластануынан таяу жылдары жер бетінде 8 млн адам ажал құшады деген болжам айтады . «Егер адамзат атмосфераға таралып жатқан көмір қышқыл газын шектеуді қолға алмаса, осы ғасырдың аяғына қарай ғаламшарымыздағы орташа температура 8 градусқа дейін ысиды да экватор сызығына жақын орналасқан аймақтар адам баласының өмір сүруіне мүлде қолайсыз жағдайға жетеді» деген тоқтамға келді. Өндірістің табиғатқа, қоршаған орта жағдайына сайып келгенде адамның өз денсаулығына қандай зиян келтіріп отырғанын ұғу үшін осы бір деректің өзі де жеткілікті болар 

Экологиялық білім берудің  міндеттері:

1.   оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қ алыптастыру ;

2.   оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу ;

3.   экология салысындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу ;

4.   нормативтік-құқықтық құжаттарды білу .

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың мынадай түрлері  мен әдістерін қолдану керек :

1.   Семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік , дидактикалық ойындар , әңгімелеу, пікірсайыс , сұрақ-жауап кештері т.б.

2.   Табиғаттағы өзгерістерге талдау жасау , салыстыру , себеп-салдарын анықтау, бағалау және жобалау, болжау сияқты шығармашылық, іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін қолдану .

3.   Экологиялық мәселелерді шешуге батыл әрі дұрыс шешім қабылдау әрекеттеріне үйрету.

4.   Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың практикалық іс-әреркеті дағдыларын дамыту, туған өлкесінің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру , экологиялық үйірмелер мен ұйымдар, клубтар құру, экологиялық соқпақ  ұйымдастыру, табиғат ресурстарын жауапсыз пайдалануға жол бермеу .

5.   Лекция немесе дәрістер арқылы, теледидар, радио , газет, журналдар арқылы экологиялық насихат жүргізу .

Жас өспірімдерге экологиялық  білім мен тәрбие беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуының өзіндік себептері бар.

1.   Туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жолдар бойы орынсыз пайдаланылуы нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы .

2.   Республикамыздың көптеген аймақтарында экологиялық апатты  жерлердің, аймақтардың көбейе түсуі.

3.   Өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы.

4.   Экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен тұрмыстық қажеттілік үшін табиғатты пайдалану арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.

Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше  талаптарды қажет етеді.

1.   Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар мен оқу әдістемелік құралын жасау, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

2.   Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі.

3.   Жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм принціпіне негізделген қолданбалы, таңдау курстары арқылы экологиялық білім беру.

4.   Табиғат қорғау мәселелері мен экология бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау шаралары.

5.   Қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды компьютерлендіруді және оқытудың интерактивті әдістерін кең түрде қолдану.

6.   Мұғалімдердің тәжірибе, оқу материалдарымен алмасу мүмкіндіктерін туғызу.

7.   Ақпарат жинақтау орталығын құру.

8.   Барлық пән мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдар, оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс.

9.   Мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.

Экологиялық білім мазмұнын және ұстанымды зерттеген И.Д.Зверев оқушылардың экологиялық жауапкершілігін  қалыптастыру үшін:

1.   білімді ізгілендіру ;

2.   экологиялық білімді белсенді ету ;

3.   экологиялық білімді өмірде қолдану ;

4.   білім мен іс-әрекеттің үйлесімділігі;

5.   экологиялық білім беру мазмұнын қалыптастыру керек деп өз ойын тұжырымдайды .

Экологиялық ұғымдар  сабақтастық тұрғыда ғана әрекет етеді. Ол –заңды құбылыс. Өйткені табиғатта басы артық еш нәрсе болмайды, бәрі де бір-бірімен байланысты түрде ғана жүзеге асады. Яғни сабақтастық-табиғаттың бір тұтастығы туралы оқушылардың экологиялық ойлау қабілетін үнемі дамытып отыратын маңызды ұстаным. Экологияны оқыту жалпы жаратылыстану ғылымдарының тәжірибесінен әдіснамалық теориядан бастау алатыны сөзсіз. Экологиядан білім беру барысында оқушыларға берілетін оқу – тәрбиелік жұмыстарының ең маңызды мақсаттары  мен міндеттерін басшылыққа алу керек. Олар-оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы кеңейтіп ғылымға деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін, өз бетінше шешім қабылдау, практикалық іс-әрекеті мен қабілетін дамыту, зерттеушілік қабілетін ашу және жергілікті жердің экологиялық проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру.Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі дидактикалық ұстанымын сақтау керек. Олар негізінен-ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік ұстанымдар. Оқушылардың экологиялық білімді игеруі көптеген жағдайларда оқыту әдіс – тәсілдеріне, эмоционалды білім берудің деңгейіне, оларды табиғат қорғауға белсенді қатыстыруға да байланысты. Орта мектепте оқушылардың тұрақты экологиялық сауаты болуы үшін белгілі бір табиғат құбылыстарын түсіндіріп, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастырған абзал. Таным ықыласын қалыптастыру мақсатында сабақта эмоционалды материалды, жаңа фактілерді қолданған тиімді. Жаңа материалды түсіндіру алдында проблемалық маңызды сұрақтар қойып, пікірталас тудырудың тиімді екенін тәжірибе көрсетті. Экологиялық білім берудің ғылыми негізіне ғылым және оқу пәні ретіндегі экологияның мазмұны, ұғымдары мен заңдары жатады. Оқушыларға экологиялық білім бере отырып, бір мезгілде табиғат қорғауға тәрбиелейміз. Себебі экологиялық білім мен тәрбие – бір-бірінен айыруға болмайтын тұтас үдеріс. Жалпы білім беретін орта мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық мәселелерін зерттей келе мынадай басты принциптерге тоқталамыз.

1.   Оқушының  экологиялық білім мен тәрбиесін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.

2.   Экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі

3.   Оқушылардың қоршаған ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекетінің бірлігі

4.   Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру . 

Қазіргі кезде жер  шарындағы жаппай экологиялық апаттардың орын алуы және оның алдын алу мақсатында табиғатты қорғау жұмыстарын жаңа негізде жетілдірудің қажеттілігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан- 2030» атты жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту , ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Жолдауда айтылғандай, экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп болып отырғанын, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың 1/3 сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жақында ғана елімізде экологиялық кодекс қабылданды. Бұл жерде еліміздегі  бүкіл мәселелерге талдау жасалып алдағы уақытта мемлекеттік тұрғыдан істелетін шаралардың мақсаттары мен міндеттері нақты атап көрсетілген. Экологиялық кодекс 9 бөлім , 47 тарау және 326 баптан тұрады . Кодекстегі мұғалімдер мен тәрбиешілер  үшін  ең қажеттісі 7 бөлім. Бұл бөлім «Қоршаған ортаның қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық» деп аталған. ҚР-ның экологиялық кодексінде тағы бір ерекше алға қойған міндеттердің бірі – оқытушы кадрларының біліктілігін арттыру арқылы экологиялық  білім берудің сапасын жақсарту. Бүгінгі таңда экологиялық кодекс барлық білім беру жүйелерінде кеңінен талқылануда. Ондағы көрсетілген шараларды барлық мекемелер қызу қолдауда. Біздің міндетіміз – жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, сөйтіп, өз жұмыстарымызда экологиялық кодексте айтылған міндеттерді үнемі басшылыққа алып отыру .

    Адамның түрлермен және бірлестіктермен өзара қарым-қатынасына адам тарапынан күш жұмылдыру есебінен қол жетізілуі мүмкін. Осы арқылы:

  • бірқатар салаларда өндірісті интенсифтендіру;
  • қымбат тұратын шикізаттарды сақтау және үнемдеу;
  • өмір жасын ұзарту және адамдардың сырқаттанушылығын азайту;
  • қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету тетіктерін жетілдіру сияқты көптеген шаруашылық проблемаларын шешуге болады.Экологиялық білімді адам өз өмірінің қоршаған ортаға стихиялы қатынас танытуына жол бермейді. Ол экологиялық мәдениетсіздікке қарсы күресетін болады, ол егерде осындай адамдар көп болса, олар адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасының ең жақсы «экологиялық таза» нұсқаларын таба отырып, өркениеттің өзін  қайта жаңғыртып, жетілдіру арқылы, өз ұрпақтарының қалаыпты өмірін қамтамасыз етеді.Бұл айтылғандардан көзделетіндей, қазіргі кезде экологиялық заңдарды бұзуды әрбір мүшесінің экологиялық мәдениетін жоғары деңгейге көтеру арқылы ғана тоқтатуға болады, бұған ең алдымен, білім беру, экология негіздерін оқып білу арқылы қол жетеді. Бұл, әсіресе барлық мамандықтар үшін, бірінші кезекте техникалық мамандар үшін маңызды. Сонымен, барлық алуантүрлікке қарамастан, тірі организмдердің өздерін қоршаған ортамен қатынасы жайлы іргелі биологиялық идеялар экологияның барлық бағыттарының негізіне жатады. Табиғат  біз ойлағандай ғана емес, ол біздің түсінігімізден де әлде қайда күрделі.Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді,ал улы заттар денені улайды. Ауа табиғи жолдармен және адамдардың іс-әрекетінен ластанады.Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды- тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады.«Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

 

         Адам қоршаған ортаның ғана емес өз жеке басының да экологиясын бұзады.   Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.  
Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі  үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады. Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді. Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен. Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді. Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе. Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс. Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді. Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының  пайда болуына әсер етеді.

Информация о работе Экология ғылымы