Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 20:34, лекция
Химия өнеркәсібі –өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы үшін химялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы. Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келді. XX ғасырдың 50-70 жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірленген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұңай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланыстысты сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өндеуші өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9 %- дан 12-15 %-ға дейін өсті.