Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 20:34, лекция
Химия өнеркәсібі –өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы үшін химялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы. Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келді. XX ғасырдың 50-70 жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірленген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұңай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланыстысты сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өндеуші өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9 %- дан 12-15 %-ға дейін өсті.
Химия өнеркәсібі –өндірістің барлық салалары, ауыл шаруашылығы, тұтыну саласы үшін химялық өнімдердің әр түрін өндіруші халық шаруашылығының саласы.
Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келді. XX ғасырдың 50-70 жылдарының басы химия өнеркәсібінің дәуірленген «алтын ғасыры» болды. Бұл кезеңде мұңай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланыстысты сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өндеуші өнеркәсібінде химияның үлесі XX ғасырдың екінші жартысында 8-9 %- дан 12-15 %-ға дейін өсті.
Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын, желім қайнататын ұсақ кәсіпторындар жұмыс істеді. 1930-1940 жылы Ақтөбе химия комбинаты, «Аралсульфат» комбинаты, ірі фосфорит кеңі – Қаратау комбинаты, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды. 1950-1960 жылдары Қазақстанда осы замаңғы химялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химия зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады.
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы төрт топқа бөлінеді, олар:
Өз уақытында табысты даму шүбәсіз пайда әкелді. Қазіргі уақытта бұл үдерістің кері салдары байқалуда.
Біріншіден, жыл өткен сайын химялық қосылыстардың қоршаған ортаға тасталымдары өсуде. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұймының бағалауы бойынша 6 млн астам химялық қосылыстар белгілі, 500 мың қосылыс іс жүзінде қолданыс табуда, олардың ішінен 40 мың шамасындағы адамға зиянды қаситі болса, ал 12 мыңы улы. Әрбір люменесцентті шамда 150 мг сынап бар, мысалы, бір сынған шам ШМК дәрежесінде 500 мың ауаны ластайды.
Екіншіден, табиғи материалдарды синтетикалыққа алмастыру ойламаған бірқатар салдарға әкеледі. Биохимиялық циклге табиғи тың ортаға тәне емес синтетикалық қосылыстардың көп саны қосылды. Мысалы, егер суға негізгі массасы майдан тұратын сабын түссе, онда су өздігңнен тазалынады. Егер суға құрамында фосфаты бар синтекалық жуғыш заттар түссе, онда ол көк – жасыл балдырлардың көбеюіне әкеледі және суаттағы тіршілік иелерін жояды.
Химия өнеркісібі – халық шаруашылығында жалпы ғылыми-техникалық тұрғыдан дамыған, өскелең ауыр өнеркәсіп салаларының бірі.
Қазақстаннның химия өнеркәсібі ең жас және тез дамып келе жатқан экономика саласы. Қазіргі уақытта республикада тау-химия өнеркәсіптері мен химиялық шикізат қазбаларын өндірумен, минералдық тыңайтқышатар, бейорганикалық фосфор және күкірт қышқылдарын өндіруге байланысты негізгі химия дамығын.
Химия кәсіпорнының қоршаған ортаға әсері қолданылатын шикізатқа, технологияға, пайдаланылатын қондырғылыр мен жабдықтарға, кәсіпорынның ішкі жоспарлы шешіміне, территория құрылысына байланысты.
Табиғатты пайдаланушы өнеркәсіп кәсіпорындары арасынан табиғатты қорғау шараларын орындауда жұмсалған бойынша қоятын болсақ, алдыңғы қатарда «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» АҚ ҰТҚ, «Қазаойл Ақтөбе» АҚҚ және т.б.
Осыладың арасынан қазіргі табиғатты қорғау шараларын іске асыру мақстатында жүргізіп жатқан жұмысы бойынша «Қазфосфат» АҚ мына ең маңызды міндеттерін бөліп көрсетеді:
Химия өнеркәсібін даму басымдығын ескере отырып, ҚР индустриялық-инновациялық жедел дамуы бойынша жасалған Мемлекеттік бағдарламада Қазақстанның химия өнеркәсібінің 2015 жылға дейінгі дамуы қарастырылған. Осы құжатқа қарап 2010-2015 жылдар аралығында химия өнеркәсібін әрі қарай дамыту үшін шикізат, кадр, ғылыми және нормативтік-құқықтық негіздерге көңіл бөлінетінін байқауға болады. 2041 жылға дейін негізінен органикалық және бейорганикалық өнімдердің базалық өндірістері ұйымдастырылады. Бұл өндірістерді әрі қарай қайтаруға негіз бола алады, ал бұл өнімдер Қытай, Иран және Үндістан елдерінде үлкен сұранысқа ие.
Химия кәсіпорнының негізгі тасталымдары газдар, бу мен химиялық қосылыстардың тозаңы.
Химия кәсіпорнының негізгі тасталымдары құрамындағы қоспалардың агрегаттық жағдайына байланысты сыныптарға бөлінеді:
1-сынып – газ және бу тәріздестер (көмірсутектер, фенолдар және т.б.);
2-сынып –сұйықтар ( қышқыл, сілті, тұздар ерітіндісі, сұйық металдар мен олардың тұздарының ерітінділері, органикалық қосылыстар);
3-сынып –қаттылар (органикалық және бейорагникалық шаң, күйе, шайыр заттар, қорғасын және оның қосылысьары және т.б.);
4-сынып –араластар (сыныптрадың әр түрлі комбинациялары).
Химия кәсіпорнының тасталымдарының көпшілігі бір мезгілде бірнеше заттардың тобынан тұрады, оның негізгі массасы биосфера компоненттеріне қолайсыз әсер береді.
Бұл заттарды шартты түрде былай бөлуге болады:
Көмір оксиді. Құрамында көміртегі бар заттар толық жанбағанда бөлінеді, ауаға қатты қалдықтарды жағу, мотордың пайдаланған газды шығаруы және өнеркәсіп кәсіпорындарының тасталымдары нәтижесінде түседі. Мұндай газдар жылына атмосфераға 1250 млн тоннадан кем түспейді.
Күкіртті ангидрид. Ол құрамында күкіртті бар отынның жану немесе күкіртті кендерді өндеу барысында түзіледі (жылына 170 млн тоннаға дейін). Күкірт қосылыстарының біраз бөлігі тау-кен үйінділеріндегі органикалық қалдықтар жанғанда бөлінеді. Тек АҚШ жалпы атмосфераға тасталған күкірт ангидридінің мөлшері жалпы әлемдік тасталымынң 65-ын құрайды.
Күкірт ангидриді. Күкіртті ангидрид тотыққанда түзіакледі. Реакцияның соңы жаңбыр суында аэрозоль немесе ерітінді түріндегі күкірт қышқылы, ол топырақты қышқылдандырады, адамынң тыныс жолы ауруын асқындырады.
Күкірт диоксиді. Улы, ол көз бен тыныс жолының былжыр қабығын тітіркендіреді. Тіпті оның аз мөлшерін тыныс алу өкпе ауруына әкеледі. Күкірт диоксиді атмосфераға құрамында күкірті бар табиғи заттарды өндірісте және тұрмыста жаққанда шығады.
Күкірт диоксиді атмосфераға күкіртті кендерді күйдіргенде және балқытқанда, түсті және қара металлургияда, күкірт қышықылын, сульфиттерді химиялық алу барысында, тыңайтқыштарды, целлюлозаны өндіруде, мұнай өнімдерін тазалау және т.б. түседі.
Күкіртті сутек және күкіртті көмірсутек. Олар атмосфераға және күкірттің басқа қослыстарымен бірге шығады. Тасталымдырдың негізгі көздері жасанды талшықты дайындау, қантты, коксхимиялық, мұнай өндеу, сол сияқты мұнай кәсібімен шұғылданатын кәсіопрындар. Олар атмосферада басқа ластаушылармен баяу әрекеттесіп күкірт ангидридіне дейін тотығады.
Азот тотықтары. Тасталымдардың негізгі көздері азот тыңайтқыштарын өндіретін, азот қышқылы мен нитраттар, анил бояулары, целлулоид кәсіпорындары болып табылады. Атмосфераға шығарылатын азот оксидтерінің мөлшері жылына 20 млн тоннны құрайды.
Азот оксиді өзі өте улы газ бола тұра, көк түтін түзілгенде химиялық реакцияларға қатысады.
Фтор қосылыстары. Ластаушы көздер – алюминий, эмальдар, керамика, болат, фосфор тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар. Құрамында фторы бар заттар атмосфераға газ тәріздес қосылыстар – фторлы сутек немесе натрий және кальций фторидтері шаңы түрінде болады. Қосылыстар улылығымен сипатталады. Фтор туындылары күшті инсектицидтер.
Хлор қосылыстары. Атмосфераға тұз қышқылын, құрамында хлоры бар пестицидтерді, органикалық бояғыштарды, гидролиз спиртін,хлорлы известі, сода өндіретін химия кәсіпорындарынан түседі. Атмосферада хлор молекуласы мен тұз қышқылы буының қоспасы ретінде кездеседі.