Халық ауыз әдебиетінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:10, доклад

Краткое описание

Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

халық+ауыз+әдебиеті++реферат+17.doc

— 96.50 Кб (Скачать документ)

Үшіншіден, Маркс ескі грек көркемөнерін, грек эпосын жоғары бағалай отырып, ертеде туған көркемөнер үлгілерінің мәні зор екендігін, көркемдік әсер беретінін айтады. «Ересек кісі қайтадан бала бола алмайды, бірақ ол жас баланың адал, аңқау қылығына қуанып, сүйсініп отырады», - дейді. Мұны айтумен ол ертеде жасалған көркемөнердің кейбір түрлеріне бергі кезде, яғни қоғам өмірі алға басқан, дамыған кезде де, қызығып қараушылық болатындығын білдіреді. Көркемөнердің өркендеп, жоғары дәрежеге жетуі ескі мәдениетті бағалауға, оны жоққа шығаруға әкеп соқпайды деп қарайды.

Халықтың ауыз әдебиетіне Ф. Энгельс те айырықша көңіл аударып, оған зор мән береді. Маркс сияқты, Ф. Энгельс те ауыз әдебиетінің халықтың тұрмысына, қоғам өміріне, экономиканың дамуына байланысты туғандығын айтады. «Ертедегі адамдардың табиғат сырын, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін түсіне алмай,  олар жайында неше түрлі мифтік ұйымдар тудыруы және олардың ауыз әдебиетінен орын алуы – экономикалық дамудың төменгі сатыда болғандығынан» деп дәлелдейді.

Ф. Энгельс ауыз әдебиеті үлгілерінен құралған «Немістің  халық кітаптары» туралы жазған мақаласында ауыз әдебиетінің мәдени, тарихи, көркемдік мәнін айта келіп, оны саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. Халық кітаптарының міндеті «күні  бойы ауыр жұмыс істеп, арып-талып қайтқан шаруаның көңілін  көтеру, ойын ояту, ауыр азабын ұмыттыру, оған өзінің тастақ даласын иісі жұпар аңқыған гүл бақшасы етіп көрсету» ғана емес, оның міндеті халықтың сана-сезімін, ықылас-жігерін, отанға деген махаббатын ояту, өзінің күш-қуатын, провосын, бостандығын аңғарту екендігін айтады. Осыған байланысты, ол халық арасында айтылып, пайдаланып жүрген шығармалардың барлығы халықтық еместігін, оның бәріне сын көзімен қарау керектігін ескертеді.

Тарихты жасаушы, қоғамды  алға бастырып дамытушы ең негізгі, ең белсенді және шешуші күш – халық  деп үйретеді В.И. Ленин. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарын жасайтын да халық екендігін айта келіп, ол еңбекші бұқараның творчестволық күшін, таланты мен өнерін аса жоғары бағалады. Адам баласының тарихынан айырықша орын алған мәдени мұралардың барлығы да еңбекші халықтың қолымен жасалғандығын айтады.

В.И. Ленин еңбекші  халықты және оның творчествосын  аса жоғары бағалау мен қатар, оған әр уақытта қамқорлық жасап отырады. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ, ол совет өкіметінің кезектегі міндеттерін көрсете келіп, халықтың творчестволық күшіне айырықша көңіл бөлуді ұсынады. «Егер Октябьр ревалюциясына дейін үстемдік еткен қанаушы тап халықтың  өзін де, оның творчествосын да бағаламаса, совет өкіметі еңбекші халықтың творчестволық таланты мен өнеріне, творчестволық  күшіне ерекше мән береді, оларды дамыту ісін қолға алып дұрыс жолға қояды», - дейді. Және де ол, осыған байланысты, пролетариат мәдениетін жасау жолдарын көрсетіп берді. Пролетарлық мәдениет адамзаттың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті қайта қарастырып пайдалану негізінде жасалатындығын айта келіп, В.И. Ленин былай дейді: «Пролетарлық мәдениет маманымыз дейтін адамдардың ойлап шығарған нәрсесі де емес. Оның бәрі өңкей бос сөз. Пролетарлық мәдениет адам баласының капиталистік қоғамның, помещиктік қоғамның, чиновниктік қоғамның езгісінде жүріп жасап шығарған білім қорларының заңды дамуы болып табылуға тиіс.

Проблемалық мәдениетті жасау үшін В.И. Ленин үйретуінше, бір жағынан, ертедегі мәдени мұраны сын көзімен қайта қарастырып пайдалану керек; екіншіден, социалистік жаңа мәдениеттің туып, өркендеуіне қамқорлық жасау керек. Бұл ретте ол ертедегі мәдени мұраның бәрі халық тілегіне қабыса бермейтіндігін айтады. Өткен заманның мәдениетінде бір-біріне қарама-қарсы екі мәдениет болғанын атап көрсетеді. Оның бірі халық тілегінен туған болса, екіншісі, халық мүддесіне қарсы, үстем таптың санасын білдіретіндігін, бұларды таптық тұрғыдан, әлеуметтік-саяси тұрғыдан қарастыра отырып, оның ішінен тек халықтың мәдени мұраны таңдап ала білу қажеттігін ескертеді.

Мұнымен бірге В.И. Ленин социалистік мәдениетті өркендеу ісінде халық творчествосының алатын орны зор екендігін атап өтеді. Халық творчествосына, оны жасаушыларға ерекше назар аударады, оларға қамқорлық жасап басшылық ету қажеттігін айтады.

Халықтың творчествосын, соның ішінде ауыз әдебиетін, жетік  білген В.И. Ленин, оны өте жоғары бағалап, зор мән береді. Халықтың ауыз әдебиетінде тарихи, әлеуметтік-таптық маңызы бар мәселелер суреттелген, одан қанаушыларға қарсы халықтың жүргізген күресі, халықтың арман-мүддесі қайдан екендігін білуге болады деп қарайды. Бұл ретте Вл. Бонч-Бруевич жоғарыда аталған еңбегінде халықтың ауыз әдебиетін Лениннің жетік білетіндігін, оны сүйсініп оқитындығын айта келіп, былай дейді: «Әңгімеміз халық эпосы туралы болды да, мен оған (Ленинге) өзімнің кітапханамда батырлар жыры, халықтың өлеңдері мен ертегілерінен құралған жақсы жинақтар барлығын айттым. Ленин «сол жинақтармен танысып шығуға болар ма екен» деп сұрады. Мен оның бұл өтінішін зор қуанышпен орындадым. Сол күннің кешінде-ақ Лениннің жаңағы жинақтарды зейін қоя оқуға кіріскендігін көрдім. Оларды оқып шыққаннан кейін В.И. Ленин: «Мына жинақтарды көз жүгірте қарап шықтым... Тек осылардың бәрін талдап, зерттеп, саяси-әлеуметтік тұрғыдан  қорытып шықса қандай жақсы болар еді. Бұларға сүйене отырып халықтың арман-мүддесі, тілегі, психологиясы жайында тамаша зерттеулер жазуға болар еді...»

В.И. Ленин халық творчествосына айырықша көңіл бөліп, оны зерттеу ісіне айырықша қамқорлық жасап отырды. Халық творчествосының ең асылдарын сын көзімен қайта қарастыра отырып пайдалану жолдарын көрсетіп берді.

Еңбекші халықтың ауыз әдебиетіне айырықша көңіл бөлген, ол жөнінде ғылымдық мәні зор пікірлер айтып,  еңбектер жазған адам Алексей Максимович Горький  болды. Оның ауыз әдебиеті жайындағы көзқарасы орыс халқының революцияшыл ұлы демократтары Белинский, Чернышевский, Добролюбовтың және марксизм-ленинизм класиктерінің пікірлерімен ұштаса жатады.

Революцияшыл ұлы демократтар  еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті – қоғамдық, таптық сананың жемісі, онда еңбекші  бұқараның тұрмыс-тіршілігі, дүниеге көзқарасы, таптық күресі суреттеледі деп қарады. Халықтың ауыз әдебиеті әлеуметтік теңсіздікке, құлдық өмірге қарсы күресу жөнінде еңбекші  бұқараның сана-сезімін оятуға жәрдемдеседі, соны бейнелейді деп дәлелдейді. Мұнымен қатар олар ауыз әдебиетінің көркемдік қасиетін жоғары бағалады. Және де ауыз әдебиеті арқылы халықтың өткендегі өмірін, тарихын елестетуге болады дейді. Сондықтан да олар халықтың ауыз әдебиетін таптық тұрғыдан, қанаушы тапқа қарсы күресу тұрғысынан бағалауға айырықша мән береді.


Информация о работе Халық ауыз әдебиетінің тарихы