Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:10, доклад
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.
Халық ауыз әдебиетінің тарихы
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, коллективтің әдебиетіне айналып кеткен.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г. Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», - деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу- сызу өнері болмаған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта болған емес.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т.б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде туған емес және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен өткен кезде орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып, әр түрлі пікірлер айтқан-ды. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған-ды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді. Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретінде қысқаша тоқтай кетелік.
Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Россияда ауыз әдебиетін зерттеген буржуазияшыл ғалымдар «мифтік теория» дегенді ойлап шығарды. Бұл теорияны ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында орыстың Ф.И. Буслаев, О.Ф. Миллер, А.Н. Афанасьев секілді ғалымдары қолдап, ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға, әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Ауыз әдебиетін жасауда адамдардың саналы ролі болған жоқ, ауыз әдебиетін құдайлардың өздері туғызды, адам баласы құдайлар жасаған мифтердің ауыз әдебиетіне қосушы ғана болды және оны өзгертпей, бергі заманға алып келді десті. Сөйтіп идеалистік көзқарасқа негізделген «мифтік теория» ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Экономиканың, қоғам өмірінің ілгеріліп дамуына қарай ертедегі мифтік ұғымдар да, наным-сенімдер де өзгеріп, жаңарып отыратынын және олардың жоғалатынын «мифтік теорияны» жақтаушылар мойындамады және мойындағысы келмеді.
Ауыз әдебиетінің шығуы өткен ғасырдың екінші жартысында батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл «ауысып алу» («теория заимствования») теориясы деп аталды. Оны Россияда А.Н. Пыпин, В.В. Стасов, А.Н. Веселовский т.б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетін басқа елдердің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айрықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттерге екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса-ақ болғаны, оны олар бір-бірінен ауысып алған деп есептеді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым-қатынас, сауда-саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен, Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпин оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейіннен Потанин де баса көрсетеді. Орыстың батырлар жырында Илья Муромеюдцтің өз баласымен соғысатыны айтылады. Мұны «ауысып алу» теориясын қолдаушылар «Шахнамәден» келген сюжет деп қарады. Сөйтіп, олар әрбір халықтың творчестволық қабілетін жоққа шығарады. Олардың ойынша, бірде-бір халық өз тарапынан шығарма тудыра алмақ емес, тек даяр сюжетке ие болады, сол сюжетті өз тілінде жырлайды және олардың мұндай шығармалары бір елден екінші елге ауысып отырады, қыдырма, мекені жоқ сюжетке айналады-мыс.
Ауыз әдебиетінің тууы, дамуы жайында «ауысып алу» теориясы ғылми теріс, дәлелсіз және қате теория еді. Марксизм-ленинизм іліміне сүйенген советтік ауыз әдебиеті ғылыми (фольклористика) бұл теорияны қатты сынға алып, әрбір халықтың өзіне тән творчестволық қабілеті барлығын дәлелдейді. Ауыз әдебиетінің қандай түрін, қандай сюжетін болса да әрбір халық өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен алатындығын айқындайды.
Екіншіден, бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе батырлар жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Мұндай ұқсастық екі халықтың, кейде бірнеше халықтың, жаңағы сюжеттерді бір-бірінен ауысып алғандығынан бола бермейді. Ондай ұқсастық Экономиканың, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан туады. Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған, шалғай жатқан халықтардың ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, міне, осыған байланысты. Бұған кейінде Г.В: Плеханов та айырықша көңіл аударған болатын. Ол өзінің «Адрессіз хат» дейтін еңбегінде ауыз әдебиетіндегі сюжет ұқсастықтарын халықтардың тұрмыс-тіршілік, шаруашылық, қоғамдық жағдайларының ұқсастығынан іздейді. Бұл жөнінде И.В. Сталин де біраз пікір айтады. «Диалектикалық және тарихи материализм туралы» жазған еңбегінде ол былай дейді: «Қоғамның өндіріс тәсілі қандай болса – негізінде қоғамның өзі де сондай болады, оның идеялары мен теориялары, оның саяси көзқарастары мен мекемелері де сондай болады... немесе, анайылап айтқанда, адамдардың тұрмыс салты қандай болса, олардың ой-пікірі салты да сондай болады» .
Мысалға Манас пен Қобыланды батыр жайындағы жырларды алайық. Мұның бірі қырғыздың, екіншісі қазақтың жыры. Осы екі батырдың туысын жырлауда үлкен ұқсастық бар. Мәселен, Манастың әкесі Жақып баласыз адам болады. Көп уақыт оның еліне жау шабуылдап күн көрсетпейді. Жақып құдайдан бала тілемейді, жауға қарсы күресетін, ел қорғайтын ұл бер дейді. Ал Қобыландының әкесі Тоқтарбай да осындай. Қызылбастардан қысым көре берген Тоқтарбай құдайдан бала тілемейді, басқыншылардан елді қорғай алатын бала бер деп жалбарынады.
Сырт қарағанда бір-біріне өте ұқсас келетін бұл сюжетті қазақ ақындары қырғыздан немесе қырғыз жыршылары қазақтан алған секілді болып көрінеді. Шынында олай емес. Бұл сюжет осы екі халықтың ертедегі өмірінен алынады. Тарихи деректерге қарағанда, қазақ пен қырғыз елі көп уақыт шетелдік басқыншылардың шабуылын көрген. Сондай жағдайда басқыншыларға қарсы аттанып, жаудан ел-жұртын қорғап аларлық ұлды қазақ та, қырғыз да арман еткен. Мұны олар өздерінің жырына да қосқан. Осы бір мысалдың өзі-ақ сюжет ұқсастығы ауысып алу нәтижесінде тумайтындығын, ол халықтардың тұрмыс-тіршілік, қоғамдық жағдайларының ұқсастығына байланысты болатындығын көрсетеді.
Рас, ерте заманнан бастап әр түрлі шаруашылық, мәдени қарым-қатынастар жасаған және көршілес отырған халықтардың бір-біріне әдебиеттік әсер ететін болады. Мысалға қазақпен туыс, ағайындас қырғыз, өзбек, түрікпен, қарақалпақ халықтарын алайық. Бұлардың арасында туысқандық қарым-қатынас ертеден келе жатыр. Олардың әдебиеті бір-біріне әсер еткен, өзара кейбір сюжетті «ауысып алған» жайы да бар. Бұған қарап, аталған халықтардың өзіндік таланты, творчестволық қабілеті жоқ, тек бір-бірінен сюжет алып отырған, сол сюжеттерді ғана жырлап өткен деуге болмайды. Олардың әрқайсысы үлкен талант иесі, ауыз әдебиетінің неше алуан әдемі үлгілерін тудырған және ондай творчестволық іс қолынан келетін халықтар.
Өткен ғасырдың ақырынан бастап революцияға
дейінгі дәуірде ауыз әдебиетін
зерттеу жөнінде жоғарыда аталғандардан
басқа тағы бірнеше теориялар
болды. Соның ішінде ауыз әдебиетінің
шығу жайын тексеруде басқа
Ауыз әдебиетін, соның ішінде батырлар жырын зерттеуде басқа теорияларға қарағанда «тарих мектебінің» ауыз әдебиеті халықтың өміріне, тарихына байланысты туады деуі бұрын айтылмаған тың пікір болатын. Әйткенмен ауыз әдебиетін түгелімен өткендегі тарих және оның документі деп қарау қате айтылған пікір еді. Рас, халықтың тарихынан елеулі орын алған оқиғалар әдебиетке әсерін тигізбей қоймайды, кейде ол әдеби шығармлардың тууына себепші болады. Бірақ та ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды өз қалпында, шындық түрінде жырлай бермейді. Тарихи фактілерді негізге ала отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді, кейде асырып, кейде өзгертіп елестетеді; ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды сурет арқылы бейнелейді. Олай болса ауыз әдебиетін тарихтың өзі, соның документі деуге болмайды.
Сөйтіп, ауыз әдебиетінің туу, қалыптасу жайын буржуазияшыл ғалымдар дұрыс түсіндіріп бере алмайды. Бұл мәселені тек марксизм-ленинизм іліміне сүйенген советтік ауыз әдебиеті ғылымы ғана толық шешіп берді. Советтік ғылым ауыз әдебиеті адамдардың еңбек, кәсіп етуіне, тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне және оның дамуына байланысты туғандығын дәлелдейді. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, рушылдық қоғамда туған; бертін келе қоғамдық, экономикалық жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы т.б. ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің даму жолында талай тарихи дәуірлерді басынан кешірген, талай таптық, қоғамдық тілектер мен көзқарастардың елегінен өткен. Әрбір қоғамдық құрылыс, таптық тілектер ауыз әдебиетінің идеялық бағытына, мазмұнына ықпал жасаған, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне сәйкес ауыз әдебиетін тудырған, оны пайдаланып отырған.
Қазақтың көркем әдебиеті тарихын
зерттеген әдебиетшілердің
Бұл жағдай қазақтың көркем әдебиетінің тууына үлкен әсер етеді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан былайға жерде аты-жөні белгілі авторлар шыға бастайды. Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетінің жігін ашатын негізгі белгінің бірі болды.
Рас, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың ауыз әдебиеті есейген, жетілген еді. Бұл кезде ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері (ертегі, аңыз, батырлар жыры, тұрмыс-салт өлеңдері т.б.) дамыған да болатын. Бірақ оларды шығарған авторлары белгісіз болды. Сондықтан ондай шығармалар жеке авторлардың емес, бүкіл халықтың шығармасы болып саналатын. Бұл жөнінде В.Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «...Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін жабайы, үстіртін-аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді... Ал көркем әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары – халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ақыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді.
Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағнасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше «ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетінің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы экономиканың дамыған, қоғамдық ой-санасының ұлғайып өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жұртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады», - дейді.
Ұлы сыншы осы пікірін дамыта келіп былай дейді: ауыз әдебиеті айтайын деген ойын әр түрлі тұспалдау, бейнелеу жолымен білдіреді, соларға әрдайым иек сүйеп отырады, ал көркем әдебиет айтайын деген ойын айқын етіп суреттейді, өз заманының рухын, идеясын ашып көрсетеді.