Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:00, реферат

Краткое описание

Адамның бұл дүниеде өмірі мен денсаулығынан қымбат еш нәрсе жоқ. Ал біздің өз денсаулығымыз өзіміздің санамыз бен біздің өзіміздің қолымызда.
Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілді. Өйткені, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

valeo_ref_32.doc

— 99.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нашақорлық- қылмыс пен қауіптің ошағы

 

Еліміздегі есірткіге байланысты қылмыстарды сараптап, талдай қарасақ, оның саны жылдан жылға артып, әсіресе, жастарымыздың арасында бой бермес белең алып бара жатыр. Адам баласының жастық жалынын жаулаған есірткінің салар дерті тек біздің елімізде ғана емес, көрші мемлекеттердің де жұлынқұртына айналып отыр. Сондықтан оған бүкіл әлем жаһандану арқылы да күрес жүргізуді ойлайды. Бірақ әзірге есірткіге тосқауыл қою оңайға түсіп тұрған жоқ. Кез келген адам бұл кеселдің қауіпті екенін жақсы біледі. Әйтсе де соған саналы түрде барған жанның сол тозақтан қайтып саналы түрде шыға алмай қалатыны – нағыз қасірет. Мұны үлкендермен қатар жастарымыздың өздері де растайды. Жасы 18-ге толған 1200 адамға осы есірткіге  қалай қарайтындары туралы сұрақ қойғанда, олардың  көпшілігі бірауыздан есірткі бизнесінің дамуына және оның таралуына қарсылық білдіретіндерін жасырмаған. Өйткені, ол біздің болашағымыз үшін  өте қатерлі. Атап айтқанда, сұралған респонденттердің 30,3 пайызы оны ең қатерлі дерт десе, 54,2 пайызы Қазақстан үшін  ең қауіпті кесел санайды.

Мемлекетімізде жастардың есіртекі дертіне ұшырамас үшін түрлі сақтандыру  шаралары қолға алынып жатыр.Соның бірі жоғары оқу орындарындағы студенттерді арнайы тесттен өткізу болып табылады. Оның мақсаты – негізінен жастарымыздың балғын кезінен есірткіге қатысы бар ма, жоқ па, соны анықтау. Араларында қатыстылары шығып жатса, оларды дер мезетінде пәледен аулақ әкетуге  қолұшын беріп, көмектесу ұтымды болмақ. Демек, есірткімен күресудегі барлық тәсіл тиімді. Дегенмен, сараптау нәтижесіне қарасақ, елімізде 1996 жылға дейін есірткімен ешқандай күрес жүргізілмеген сияқты. Өйткені, бұған дейін республика бойынша  героинге байланысты бірде-бір дерек анықталмаған және есепке есірткі тұтынатын 20 мыңдай адам ғана тұрыпты. Ал қазіргі кезде ол сан 50 мыңнан асып отыр. Оның үстіне, еліміздің әр түпкірінен героиндер қаптап алынып жатады. Ал халқаралық  ұйымдардың Қазақстанда жүргізген сараптамасына қарағанда, есірткіні пайдалану қолдағы деректерден 5 есе көп екені байқалды. Сонда,  шындықты жасырмай айтатын болсақ, халқымыздың 1,7 пайыздан астамы нашақорлар болып шығады.

Бірақ біле білсек, негізгі есірткіні пайдаланғандармен емес, сол есірткіні заңсыз өндіретіндер мен жасырын тасымалдап, айналымға  жіберетіндер секілді тасада қалатындармен жүргізілуге тиіс. Есірткіқұмарлар қылмыскерлер емес, олар шындап келгенде – ауру адамдар. Сондықтан оларды қудалау емес, қайта ем көрсетіп, науқасынын айығуына көмектесу қажет. Көптеген жастар бір сәттік ләззат үшін кішкене мөлшерде есірткі пайдаланғанның зияны жоқ деп есептейді. Бұл мүлде қате пікір. Бір рет пайдаланған адам оны екінші рет міндетті түрде тағы қолданады екен. Одан кейін оның қуатын, яғни әсерін күшейту үшін мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, адам ағзасының  қасиетіне сай, ол есірткіге дағдыланған сайын құрамын да түрлендіріп, мөлшерін де ұлғайтуды тілей береді. Ақырында адам есірткіге бүкіл жан тәнімен саналы түрде байланып, тәуелді болып қалады. Мұндай жолға түскен адамдардың кейбірі енді өздерінің өлетіндігін сезген кезде наркологиялық орталыққа сүйретіліп келеді. Іштерін, қан-тамырларын тазалап денсаулығын түзетіп алған соң, үйреншікті әдеттеріне қайта басады.

Қазақстан, Еуропа және Азия мемлекеттерінде есірткі ахуалының барысын анықтайтын криминогендік  фактор Ауғаныстандағы есірткі өндірісі бизнесінің дамуы болып табылады. Қазір еліміздегі сауда саттықта нашақорлардың пайдаланатын героиннің бәрі Ауғанстаннан келіп жатыр.

Ал есірткі негізгі  күнкөрісіне айналған ауған халқы да оны өсіруді оңайлықпен қоя қоюуы екіталай. Кейбір мәліметтерге қарағанда, мұндағы жағдайды реттеуге кем дегенде 20 жылдай уақыт қажет екен. Өйткені, қазіргі Ауғаныстан басшысы өзі есірткі өсірушілерге тыйым салуға бата алмай отыр. Себебі, мұндағы  күштеп жою операциялары басталысымен елде үкіметке қарсы табанды толқулар орын алуы әбден мүмкін.

Дегенмен де нашақорлық дерті БҰҰ деңгейінде өткір мәселелер қатарында көтеріліп келеді. Халықаралық ұйымның есірткі заттарын қадағалау және қылмыстардың алдын алу жобасының үйлестірушісі Мирзахит Сұлтановтың сөзімен айтқанда, нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің екі жолы бар. Алғашқысын күштеп тыю арқылы қарастыратын болсақ, екіншісіне превентивтік тәсілдері жатқызылады. Алайда, күрестің  бірінші жолына миллиондаған доллар бөлінгенімен, кешегі 1930-жылдардың өзінде есірткі саудасы үлкен индустрияға айналып үлгерген. Сондықтан бұндай кеселмен күресудің жалғыз жолы – ұлттық заңдарды нашақорлықпен күресті нығайтуға,қатаң жазалар қолдануға итермелемек.

Қалай болған күнде есірткі заттарын анықтау техникалық жарақтарсыз жүзеге аспасы түсінікті. Мұндай кемшіліктің орнын толтыру мақсатында Еуропа одағының Орталық Азиядағы нашақорлықпен күрес орталығының арқасында бірқатар әуежайлардағы кеден және шекара қызметкерлеріне  тексеріс құралдары табыс етілді. Ауған есірткісінің Орталық Азия аумағы арқылы  Еуропаға жетіп жататынын ескерсек, онда мұндай көмек арта берері түсінікті.

Жалпы соңғы жылдары есірткі заттарын сату, сатып алу оқиғалары көбейіп келеді. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында осындай іспен айналысқандардың 992-сі ұсталса, соның 10-ы шетелдік азаматтар болып  шықты. Олардан тәркіленіп алынған есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар және тағы басқаларын қоса есептегенде салмағы 1 тоннадан асқан. Соның ішінде есірткінің ауыр түрі героинді тәркілеу 1 кг 276 гр болса, ал үстіміздегі жылы қолға түскен бұл есірткі түрінің көлемі 4 кг 418 гр-ға артып отыр. Мүндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы ТМД елдерінің қауіпсіздік қызметтерінің коалиция құруымен ғана жүзеге асырылатыны уақыт талабынан туындайды.

Есірткіні сөз еткенде әлемнің үш нүктесі ойға оралады. Бірінші қатарға Оңтүстік Американың бірқатар елдері кіреді.  Екінші топқа лақап аты «Алтын үштаған»  аталатын  Оңтүстік шығыс Азияның Маньяма, Тайланд, Лаос секілді елдер жатады. Үшінші топ «Алтын жарты ай» атанған Ауғаныстан мен Пәкістан. Қауіпсіздіктің ауадай қажет екендігі осы жерде сезіледі. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік біздің ұрпақтың қолына тиді. Ал соны қаншалықты қамтамасыз етіп отырмыз?  Елбасының қауіпсіздікке қатысты өзінң ұстанымында ғаламдық сипаттағы қауіп-қатердің бәрімізге ортақ екендігін, онымен бір жерден қол, бір жағадан бас шығара отырып күресу  қажеттігіне назар аударуды көп ойға жетелейді. Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздігімізге  төніп тұрған қатердің бірі – нашақорлық.

Нашақорлық әруақытта есірткі бизнесінен бастау алады. Сондықтан оның түптамырын, бастау шегін ауыздықтауды үздіксіз жүргізуді кімде-кім қолдайтындығы сөзсіз. Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы да күресуде. Бұл бағытта біздің елде де айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Батыс Азия, Ауғаныстан елдерінен Ресейге, одан ары Батыс еуропаға асырылатын есірткілер қазақ жері арқылы тасымалданады.

Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында шығарылған қорытынды бойынша 17 есірткі арнасының түбіне балта шабылған. Осының нәтижесінде есірткіні табыс көзіне айналдырған 30 қылмыстық топ ауыздықталған, 92 қылмыстық іс қозғалып, оған қатысты 106 адам ұсталған. Алынған олжа: 2,8 тонна есірткінің 121 кг героин, 1,7 тоннасы марихуана, 20,6 кг опиум, 33,1 кг гашиш. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда үш еседей көп. Қазақстан әзірше транзиттік ел ретінде қарастырылуда. Алдағы бірнеше жылдан кейін кәдімгі наша тұтынушы елге айналмасына кім  кепіл.  Бұдан оншақты жыл бұрын Ресей қалалары да тек транзиттік рөл атқаратын. Ал қазіргі жағдай керісінше. Ауғаныстаннан асып келген героиннің басым бөлігі Ресейде шөгіп қалады. Яғни тұтынушы бар.

Иран Ислам Республикасында есірткіні өндіруші де, таратушы да, пайдаланушы да қатаң жазаланып, өлім жазасына кесіледі екен. Және  сол жаза халықтың көз алдында орындалады. Сондықтан Иранда нашақорлар саны жоқтың қасы. Ал еуропаның кейбір елдері бұл мәселені басқаша тәсілмен шешуде. Солардың бірі – Финляндия. Өркениеттің биік сатыларына көтерілген ел. Мүнда есірткі тұтынушылардың түгелге жуығы есепті тіркеуге алынып, оларды белгілі бір мөлшерде ғана есірткі сататын дәріханаларға бөлген. Біздердегідей есірткі әсерінен жасалған қылмыскерлер мүлде аз. Ал біздің елде есірткі тұтынушылар жасаған қылмыс өте көп. Оның себептерінің ең бастысы отбасындағы әлеуметтік,тұрмыс жағдайы айтарлықтай төмен, халықтың сана-сезімі өркениетті мемлекеттермен салыстырғанда олардағыдай жетілген жоқ.

 

 

 

 

 

Нашақорлық СПИД пен ВИЧ-тің таралуында беделді орын алады

 

«Ауру кірді - әлек кірді» делінген емес пе. Бұл аталы сөз ойға оралғанда ғасыр обасына айналған СПИД-пен ВИЧ-тің ортамыздағы  ошағындай болып отырған Теміртаудағы жағдай алдымен өз алдына келеді. СПИД-тің елімізде ең алғашқы рет тіркелгені осы қала болса, оның вирусын жұқтырғандар саны жағынан ол сол қалпында көш басында қалып тұр. Аса қауіпті дерт сан адамның өмірін қиды. Ал оған ұрындырмай қоймас ВИЧ дертіне бүгін де Теміртаулықтардың 1100-і  шалдыққынын айтқанда қатерлігін тіптен болжау қиын. Солардың біразының ұзамай көз жұматындығынан ойласақ, жағдай тіпті үрейлендіреді. Осынау індетін таралуына нашақорлықтың өріс алуы бірден-бір себеп саналады. СПИД тырнағына ілігушілердің дені есірткі заттарын тұтынуға үйірлер екені мәлім жай. Бұл ретте де Теміртауға жабысқан қара дақ осал емес. Қалада 1500-ге жуық нашақор арнайы есепке алынғанымен, есаландық дағдыға деп бергендер тобын тап басып айту қиынрақ. Ең сорақысы бұлардың көбі есірткіні тамырына ине арқылы  сұққылайтындар. Басқа біреулердің пайдалануынан кейін қалған, қан жұққан шприцтерді қайталай қолдану айықпас ауыруға апарып соқтырары белгілі болса да осылай  істеледі. Міне, жағдай осылайша күрделі болғанымен, қатерлі дертке қарсы күрестің  пәрменделігі кейінгі кезде байқала түсіп отырғандығын айтқан жөн. «Аурудың зардабын ауру баққан біледі» демекші, бұл залал әбден жандарына батқан жандардың оның алдыналып, бетін қайтарудағы іс тажірибелері ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай.

Алматы қалалық наркалогиялық емдеу орталығының дәрігері Сапар Рахменшеев: «Біз есірткі науқасына шалдыққандарды емдеп қана қоймаймыз, әлеумкттік кеселдің алдын ылу мақсатымен мектептерге, колледжлерге, университеттерге барып, профилактикалық-тәрбиелік жұмыстар жүргіземіз», - дейді. Наркологиялық орталықтың бұл ісі құптарлық. Алайда бұл шара әлі де жетімсіз секілді. Өйткені олар әлгі оқу орындарында жиі-жиі бола бермейді. Оған мүмкіндіктері де жоқ. Ал жастар есірткі тұтынушылармен және оны таратушылармен аулаларында, сондай-ақ көңіл кетеретін орындарында күнбе-күн ұшырасып жатады. Солардың алдап, есірткімен арбауларына түсіп, әуелі қызық үшін, артынан тәуелділікке бой алдыратындары анық. Есірткіге қарсы күрестің тәрбие жолын барынша күшейту керек. Кем дегенде аптасына бір рет бастауыш класстардан бастап есірткінің зардаптары туралы сабақтар жүйелі түрде жүргізілсе, оған арнайы мамандар қатысып, оқушылар санасын жоғары көтергенде ғана жақсы нәтижелерге жете аламыз. Соңғы екі жылдан бері Астана қаласында жастардың есірткіге қарсы акциясы өтуде. Есірткіні тұтынушылар азайса, сатушы қылмыскердің де саны кеми түседі.

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе, нашақорлық басымызға төніп тұрған негізгі проблемалардың бірі. Бүкіл әлемді дүрілдетіп тұрған кесел Қазақстанда да халықтың арасына жылдам жайылып барады. Бұл глобалдық проблема, бұл бәрімізге ортақ қасірет, онымен күресу үшін барлығымыз бірігіп  қарсылық көрсетуіміз керек. Есірткіге қарсы күрестің тәрбие жолын барынша күшейту керек. Жеке басым бұл дерттің біздің елімізде кең өріс алып таралмауына бар үлесімді қосамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1. Амосов Н.М. Денсаулық туралы толғаныстар. Алматы: Қазақстан баспасы, 1988 ж.

2. Жатқанбаев Валеология. Алматы, 2003

3. Торманов Н. Валеология: Дәрістер  жинағы. - Алматы: Қазақ университеті, 2000. - 153 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері