Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:00, реферат
Адамның бұл дүниеде өмірі мен денсаулығынан қымбат еш нәрсе жоқ. Ал біздің өз денсаулығымыз өзіміздің санамыз бен біздің өзіміздің қолымызда.
Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілді. Өйткені, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.
Мазмұны
Адамның бұл дүниеде өмірі мен денсаулығынан қымбат еш нәрсе жоқ. Ал біздің өз денсаулығымыз өзіміздің санамыз бен біздің өзіміздің қолымызда.
Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілді. Өйткені, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.
Нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіру және оны тасымалдаудан, сатудан бастау алатыны белгілі. Мұны ауыздықтау медицина мекемелерінің құзырына жатпайды. Ал есірткіні екі-үш қолданғаннан кейін ол адам оған тәуелді болып, айықпас дертке ұшырайды. Оның аты – нашақорлық. Бұл дертті емдемесе ол одан әрі асқына береді. Ең соңында өлім халіне душар етеді. Міне, біз басты назарды осы емдеу шараларын жүйелі жүргізуге аударып отырмыз.
Бұл жұмысты жазғанда алдыға қойған мақсаттар – Қазақстандағы нашақорлықтың қандай мөлшерде өріс алғандығын зерттеп, талдап сараптау; нашақорлыққа қарсы қандай шаралар қолданылып жатқанын білу; айналымдағы белгілі есірткілердің құрамдары мен әсер ету аймақтарымен танысу; есірткінің адам баласының өміріне келтіретін зардаптарын ашып жазу;
Осы жұмыста бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығынан алынған статистикалық мәліметтер, БҰҰ-ның сараптамалары бойынша алынған нақты деректер келтірілген.
Осы жұмысты жазар алдында көптеген ізденіс жұмыстары барысында өзім үшін нашақорлық пен есірткі жайлы көлемді ақпарат иелендім.
Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан апиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.
Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ.
Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды.
Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған бір мысал ретінте морфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн.
Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.
Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес.
Гашиш – қара базарда жасырын сатылатын есірткінің бір түрі. Ол дүниенің көп аймағына өсірілетін ұрғашы Үнді сарасынан тамыры, жапырағы және гүлінен алынады. Есірткілік әсер туғызушысы өсімдіктің құрамындағы делта-9 – театрагидроканнабинол. Оның кепкен жапырағын орып темекі түрінде тарту кең етек жайған. Батыста марихуана атымен кең тараған үнді сорасының басындағы жапырақтары кептіріліп темекі түрінде тартылуы АҚШ-тың жастары арасында 50-70 пайызға жеткен. Сыра ішуші алкаголь ішімдіктеріне неғұрлым жақындай түссе, гашиш те героин, кокаин тектес күшті есірткілерге «жасыл көше» ашады. Гашиш қолданушылардың көзіне төбешіктің тау, көлшіктің көл болып, керісінше де кішірейіп көрінуі мүмкін. Миға зақым келеді, сондықтан да жол оқиғасына ұшырауы мүмкін. Гашиш шегушінің сол мезетте-ақ жүрек пен тамыр соғуы артып жоғарлайды. Созылмалы қан тамыр тұрақсыздығы (инфаркт) бар сырқаттың тамыры бітелуінің бір себебі осыдан. Көп уақыт апиынға салынушылардың тыныс жол зақымдануынан жүрек, ми, бүйрек зардап шегеді. Гашиш денсаулықты бүлдіріп қана қоймай жүйкеге әсер етіп, ашушаң да етеді. АҚШ-тың есірткі басқармаларының мұрағаттарында марихуана салдарынан жасанған сансыз қылмыстардың тізімі сақтаулы. Медициналық мақсатқа қолданылмайтын апиынды пайдалану адамды жындандырып тікелей, өліміне де себепші болған талай жағдайлардың жай-жапсары онда жан-жақты баяндалған. Оның әрбірінің себеп, салдарын терең зерттеп, ашар болса кім-кім үшін де тағлымы аз емес.
Кокаин – Оңтүстік Америкада өсетін кокаин өсімдігінің жапырығынан өндіріледі. Мөлдір тұз сияқты ақ үнтақ. Шамамен 200 кг қоқа жапырағынан жарты кг кокаин алынады. Оны пайдаланушылар ұнтақ күйінде иіскеп, елтиді немесе суға ерітіп, қан тамырына егеді. Оның әсері іле-шала сезіледі: орталық жүйке жүйесі арқылы жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы жоғарылайды, тыныс тарылып, ауа жетіспейді. Есірткі пайдаланушы соның салдарынан өзгені де, өзін де «ұмытып», уақытша бір «рахатқа» батады. Мөлшердің артығрақ қолданса, сол «рахат» денесінің бақилыққа жол таратады. Мұндай жағдайдың жиі қайталануы есірткіге елетушілер үшін анау айтқан жаналық емес, оған еті де, құлағы да үйренген.
Кокаинға салынушыларға ұықысыздық, рухани жұтандық, өзіне-өзінің қол салуы сияқты келенсіз құбылыстар көбіне көп тән. Есірткінің жүрек еті мен сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне тигізер уытты әсер ықпалы басым.
Крэк – кокаиннің көбейтілген арзан түрі. Ұзақ уақыт зерттеген мамандалдың пайымдауынша кокаин героиннан да заянды болса, ал крэктің зардабы одан да үш есе екен. Искелмейді, темекі түрінде тартады. зиянының күштілігі сондай өлтіріп те жібереді. Ұзақ уақыт оны шегушілердің арасында рухани жұтандыққа ұшырап, ақыл-есінен айырылып, жынданушылар аз емес көрінеді.
ЛСД (лисеруикасид диетиламид) – бидайға бұқтырылған санырауқұлақтан жасалады. Түрсіз, дәмсіз, әрі иіссіз. Мұның пайдаланушылар өз бойынан қиялға шомып, жарқылдаған тамаша жарық – сәулелер көретін «қасиет» барын «ашқан». Расында да бұл қоспада соншалық не «құдірет» бар? Мамандардың зерттеу барысы оның микроскоппен көрінерлік өте аз мөлшерінің өзі-ақ пайдаланушының ғажайып «ертегілер» әлеміне алып кететінін көрсеткен. Тәжірибе барысында ЛСД-ның өте аз, мөлшерінің де клеткалар құрамындағы және тұқым қуалауға байланысты микроскоппен көрінетін хросмосомды өлшеусіз бүлдіріп зақымдайтыны дәлелденген. Оны екі қабат болашақ ана пайдаланса, сәбидің дене мүшелері кеміс болып туылған. Мамандар тәжірибесі бұл қоспада удан өте күштілігін көрсетеді. мұның бәрін көріп біле тұра қолдану өзін-өзі өлімге итермелеумен пара-пар. Ақыл есі бүтін адам оған бара ма?
Фенсиклидин – бұл да ЛСД секілді қиялға шондырушы есірткі түрі. Қысқаша періште ұнтағы деп аталады. Медицинада сонау алпысыншы жылдардың басында операция жасағанда денені жансыздандырушы ретінде пайдаланған. Денсаулыққа зияны бары анықталмасымен іле-шала тоқтатылған. оның зиянды зардабы сол қолдану кезінде де, одан соң көптен кейін де байқалады
Көпшілік арасында тек апиын, морфий, героин, кокаин секілді есірткі түрлері ғана құмарлыққа апарып соқтырады деген пікір қалыптасқан. Шындығы да солай. Бірақ медицинада қолданылатын кейбір дәрінің де жөнсіз жиі пайдалануы құмарлыққа салындыратынын ұмытуға болмайды. Оған нақты мысал керек пе? Ол біреу ғана емес бірнешеу. Атын атап, түсін түстелік. Біріншісі – нендей сырқаттың да алдын алу үшін қолданылып қолдан-қолға өтетін - амфетамин! Операция жасалатын дененің бөлігінің жансыздандырып сырқатты тыныштандыратын – гипноседатив дәрісі. Бұлардың түрі көп. Қоздырғыш дәрілер аурудың алдын алуға қолданылады. Орталық жүйке жүйесіне ескерту беретін ерекшелігі жадымызға түйелік. Оның бір тобы – амфетаминдерді спортшылардың өзіне пайдалануын допинг дейді. Іс-әрекеті анықталғандарын жарысқа қатынастырмай, масқаралап, саптан шығарып тастау оқиғаларын баспасөз жиі жазып жүр. Бұған нақты мысал келтірудің қажеті бар ма? Медицинада ұйқысыздыққа қалжырау мен әлсіздікке қарсы емдеуге қолданылады. Семіздіктен арылуға да бұл қоздырғыш дәрінің емдік қасиеті бар. Өз орнымен қолдануына тиесінше көңіл бөлінбесе, тым жиі әрі ұзақ уақыт пайдалану әдеттегі үйреншйкті дағдыға айналып, құмарлыққа соқтырса, қайғы-қасірет дегеннің өзі де нақ осы.
Бензодияпиндер – күндіз тыныштандырып түнге ұйықтаушы дәрі. күйгелектікке, рухани тұрақсыздыққа, ұйқысыздыққа ем ретінде, барбитураттардың (ұйқы дәрісі), басқа да жасанды тыныштандырушы дәрі-дәрмектердің де орнына қолданылады. Дегенмен бұл да құмарлыққа бастайды.
Ұйқы дәрілері (барбитурат) – басқа да жасанды тыныштандырушы дәрілермен салыстырғанда аты жиі естілгенімен, көрер көзге салал келтіруші метакуалон мен метробамат ауыздан түспей-ақ келеді. Әрине, өкінішті-ақ. Екеуінің де пайдасынан зияны көп. Құмарлық туғызатынын айтпасақ та белгілі. Морфий, героин, кокаиндердің аты аталғаннан аза бойы қаза тұрушылардың ұйқы дәрілерінің де тап солардай өзіне еріксіз құмарлығын оятар сиқырлы арбау күші барын ескермейтіні таңқалдырады. Үлкен өкінішке орай, өмір шындығы осындай.
Аталмыш дәріден қол үзбеушілер арасында ашушандық, рухани тұрақсыздық, көңіл күйдің ауытқушылығы қылмысқа бейімделу, өзіне қол салуға ыңғайлану, ең әрісі кісі өлтіру де байқалуы көп жәйттен хабар берсе керек. Кей-кейде «бір қораптағы ұйқы дәрісін бір-ақ ішіп алып өліп қалыпты» дегенді де құлағымыз шалып қалып жүр. Мысалы АҚШ-та улы заттарға құмарлықтан өлгеннің 30 пайызы гераиннің, 7 пайызы ұйқы дәрісімен жасанды тыныштандырушы диязепамның үлесіне тиетіні анықталған. Ал, өзіне-өзі қол салуынан өлгеннің 8 пайызының есірткілердің бірін пайдаланғаны 15 пайызының жасанды тыныштандырушы пайдаланған адамдардың басқаның, содан өз ажалын тапқанын көрсетеді.
Анкарадағы Хажетепе университеттерінің студенттері арасындағы жүргізілген зерттеу нәтижесі де олардың әрбір төртіншісі құмарлық туғызар ұйқы дәрісіне үйірсектігін айғақтады.
Ұйқы дәрісін пайдаланушылар өзге сау адамдай таңертең сергек тұра алмайды. Тұрғанның өзінде де көпке дейін өзінне-өзі келе алмай, бей-жай жүреді. Денені түрлі дәріге еріксіз зорлап таңудың қажеті жоқ. Ол жақсылық алып келмейтіні мәлім.
Бізде есірткінің бірнеше түрі бар. Апиын, гашиш, героин, кокаин, морфий т.с.с аталып кете береді. Бәрі де отбасына қасірет-қайғысын қоғамға залаларын әкелуде. Әсіресе саны аз біздің ұлт үшін аса қауіпті індет. Оның шырмауына түсіп, шыға алмай қалған жастардың тағдыр-талайы жүректі күрсіндіреді. Ұрпақты аздырып-тоздыратын дертке дауа бар ма? Онымен күресуде ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де ай қарап отырған жоқ. Есірткі тасушылардың жолын кесіп, қаншама тәркілеп заң жүзінде жазылса да олардың тасқыны толастар емес. Қайта есірткі өткізудің неше алуан түрлі айла тәсілдеріне көшуде.
Ислам оқымыстылары опиум, героин сияқты улы есірткілердің денеге, ақылға, дінге және мінез құлыққа тигізген зардабы туралы «арақтан да өткен сорақы», деп бірауыздан өз бағасын берген. Оның кейбірі есірткіден болатын зиянның 120 түрден асатынын жеке-жеке талдап көрсеткен. Мұхаммад (ғ.с) пайғамбарымыз өз хадисіне «Мас қылатын барлық нәрсе арам», деп біржола тыйым салған. Мас болған адамның өз сөзі мен іс-әрекетіне есеп бермей, адамгершіліктен шығып кетеніні бұған басты себеп болса керек. Қолданылуы арам болған есірткінің өндірілуі мен сатылуының да дүние жүзі бойынша заңнан тыс деп жарияланып, оған, қарсы жалпы халықтық аяусыз күрес жүргізілуі тектен-тек емес. Сол күрестің әр елде әрқалай жүргізілетіні өз алдына әңгіме. Құран иен Шариғатты мемлкеттік заң дәрежесіне көтерген Иран Ислам Республикасында есірткіні тұтынушы да, өндіріп, сатушы да ең ауыр жазаға - өлім жазасына кесіледі. Үкім кешіктірілмей халық алдына жүзеге асырылады. Оны көрушілер есірткіге жуымайды.
Бұл мәселемен поляк дәрігері Станислав Гурски көп жылдардан бері ғылыми түрде айналысып келеді. Ол: «Есірткінің шығу тарихы тереңде. Көне заманның шығармаларына көз жүгіртсең, ара-кідік есірткі пайдаланушылар жайында да айтады. Ондай мысалдары Гомердің «Одиссейінен» және үнді халқының әлімсақтағы жазбаларынан көруге болады. Сол кезде-ақ адамдар оны жүйелі түрде пайдаланып, әрбірден соң тұрақты дәстүріне айналдырған. Ежелден есірткінің «алтын үшбұрышы» аталған Тай елі, Бирма, Лауоста әлі күнге дейін пайдаланудың ескілікті дәстүрі сақталуда. Сондай-ақ Жапония, Қытай, Түркия, Үндістан және бірқатар Араб елдерінде бұрыннан ақ бар. Ал Еуропа елдерінде бұл негізінен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп тарады. Әуелі оны денедегі ауру азабын уақытша болса да басу үшін, тозған жүйкені сабырға түсіру үшін дәрі ретінде қолданса, алпысыншы жылдардан кейін мүлдем басқаша сипат алды. Жастар уақытша болса да рахат сезімге бөлену үшін пайдалана бастады. Есірткінің барлық түрлерін жеткіншектердің жаппай пайдалануы әуелі Америкада, содан соң Еуропада кең өріс алды». – дейді.
Кейбіреулер Колумбия мен Ауғаныстанды есірткінің отанына байлайды. Олар есірткі сатып, пайда табуды әлемдік бизнеске айналдырған дейді. Алайда біз оларды жөн-жозықсыз қоштап, есірткінің ошағы соларда деп, пәледен ат тонымызды алып қашып, бар кінәні біреуге арта салғаннан не ұтамыз? Жамбыл облысындағы Шу өңірі жаман атымен әлемге танылып отыр. Шу қарасорасынан жасырын түрде есірткі өндіріп, жастардың санасын улап, денсаулықтарын бұзып, жарымжан етіп жатқандарды қалай атап кетуге болмайды? Тәуелсіз телеарналардың бірі Солтүстік облыстардың біріндегі шағын бір ауылдың 80 пайыз тұрғыны есірткі пайдаланатынын хабарлаған.
Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілді. Өйткені, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Мысалы. үстіміздегі жылдың тек қаңтар айында ішкі істер тарапынан нашақорлыққа байланысты 908 қылмыс тіркелсе, 2003 жыл бойынша бұл көрсеткіш 970 болған. Әсіресе, есірткі заттарын сатып алушылардың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 330 адамға көбейіп, 5,4 пайыздық өсімді көрсеткен. Оның үстіне биыл Ауғаныстанда есірткі шикізатын өндіру 4 млн тоннаға жеткенін ескерсек, онда мұнша мөлшер сораның ел аумағымен транзит арқылы тасымалданып, қаншама отбасының желікбастарын сорлатып кететінін көз алдымызға елестету қиын емес. Ресми мәліметтерге жүгінетін болсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысы бойынша 2000 жылы Оксфорд университеті жүргізген зерттеулердің нәтижесі әлемде 200 миллион адам (ресми тіркелгендері) есірткі қолданатындығын көрсетіп берді. Оның ішінде 8 миллион адам героинді тұтынады. Бұл көрсеткіштен басқа есірткілер де қалысып тұрған жоқ. Мәселен, 13,3 миллион адам – кокаинді, 141,2 миллионы – марихуананы, 280 миллионы синтетикалық есірткіні тұтынады. Деректер бойынша көршілес Ресейде 2 миллионға жуық адам есірткінің азабын тартуда. Соңғы он жылда одан жастай қайтыс болғандар саны 12 есеге көбейген. Ал Қазақстанда үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейін еліміздегі нашақорлардың саны 47 мың адамға жеткен. Бұл бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығынан алынған мәлімет. Сонымен қатар, мұндай зерттеулер жүргізілген нашақорлықтың медика әлеуметтік мәселелерін зерттейтін республикалық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты тіпті басқаша болып қалыптасып отыр. Аталмыш орталық есірткіге есі кеткендер санын 254 мың 203 адам деп көрсетіпті, яғни еліміздің 1,7 пайыздайы есірткі заттарын тұтыныды деген сөз. Бұнымен қоса 1689 мың адам (11,3 пайыз) осы шеңбердің аумағына кіру қауіпі аумағында тұрғанын меңзейді. Олардың жас мөлшері 17 мен 26 жас аралығында екенін қаперге алар болсақ, онда жалғыз Қазақстанның сыртқы фактормен жалғыз күресуге шамасы жетпесі айдай анық.
Информация о работе Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері