Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:26, реферат
Азық-түлік — адамның тіршілік көзі. Азық-түлік қорымен үздіксіз қамтамасыз ету — адамзат қоғамының басты мақсаты. Азық-түлік молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су тағы басқа ресурстар кеңінен пайдаланылады. Азық-түлікті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер сипатына тығыз байланысты. Азық-түлік қоры дүние жүзінде әр түрлі қалыптасқан. Қазақстанда 800-ден аса өсімдік және мал өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер негізінен Алматы, Петропавл, Орал тағы басқа қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау балық өнімдері зауытында өңделеді. Қазақстанда ауыл шарушылық алқабының ауданы 1996 жылы 222,2 млн. болды. Оның 14,3% — егістік, 2,3 — жемшөптік, 83,4% — жайылым. 1997 жылы 14,1 млн. га жерден 12,3 млн. т дән жиналды, оның үштен екі бөлігін астық (8,9 млн т), арпа — 2,6 млн. т, күріш — 255,3 мың т, жүгері дәні — 111,2 мың т, тары — 63,8 мың т және 18,2 т —қарақұмық. Одан басқа көкөніс өнімдері — 880 мың т, картоп — 1472 мың т, бақша дақылдары — 180 мың т, жеміс-жидек — 101,5 мың т, қант қызылшасы — 128 мың т, майлық күнбағыс — 54 мың т.
І Кіріспе
Азық түлік— адамның тіршілік көзі.
ІІ Негізгі бөлім
Азық - түлік қауіпсіздігі – заман талабы.
Азық-түлікті таңдау, сақтау.
Қоғамдық тамақ өнімдерінің сапасын бақылау.
ІІІ Қорытынды