Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 23:29, курсовая работа

Краткое описание

Жер учаскелері әртүрлі сапалы болғандықтан, олардың әрқайсысына енгізілген бірдей көлемдегі еңбек әртүрлі өндірістік нәтиже береді. Бұл жағдай ауылшаруашылық мекемесінің шаруашылық жүргізу көсеткіштеріне әсерін тигізеді. Содықтан жер – кез келген өндіріс құралы сияқты - өзінің өндірістік қабілетіне қарай бағалануға тиіс.
Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақтылы мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалануды талдау мен жоспарлауда; жер пайдаланулардың оптимальды мөлшерлерін анықтауда; ауыспалы егіс аймақтарын ұйымдастыруда; егіс алқаптарын орналастыруда; жер төлемдерін реттеуде; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда; жерді бұрынғы пайдаланушыдан қайтарып алуда және қайтадан бөлуде, төтенші жағдайларда шығындарды қайтаруда және т. б. жағдайларда, атқаратын міндеті зор.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ1.docx

— 31.87 Кб (Скачать документ)

 

Жоғарыда берілген кесте бойынша келесі қорытындылар жасауға болады. Әр табиғи-климаттық жағдайда жерді әртүрлі шаруашылықтық пайдалану арқылы ең тиімді пайдалануын таңдап алуға болады. Жер учаскесі жергілікті жердегі жағдайда оның ең тиімді пайдалануы бойынша бағалануы тиіс. Міне осы қағидаларға байланысты Қызылорда облысының кейбір аудандары ежелгіден күріш шаруашылығымен  айналысуда. Ауыспалы егістердің құрамындағы күріштің үлесі 44 %. Жерді пайдалану бағыты жайында шешімнің дұрыстығын кестеден байқауға болады: құрғақ, күрт континентальді, жазы өте ыстық жағдайда, белгілі (негізінен құба, сұр-құба және тақырлар, құмдар) топырақ түрінде, жерді суару ақылы одан ең көп өнім алынған (112,9 мың тг/га). Күннің энергиясы және жылы мерзімнің ұзақтығын тиімді пайдаланылану арқылы жерден максимальды тиімділік алынған. Жаңақорған ауданының егістік алқаптары - 4 (III, IV, V, VI), ал Қазалы ауданының егістік алқаптары,  оған қарағанда жоғары, - 6 (V, VI, VII, VIII, IX, X) бағалық класстармен берілген. Сондықтан, кестедегі суарылатын күріштік егіс алқаптарының бағасы Жаңақорған ауданына қарағанда Қазалы ауданы бойынша жоғары. Бұл көрсеткіштер Қазалы ауданының ауылшаруашылық алқаптарының жерлерінің құнарлылығының жоғары екендігін көрсетеді.

Мал шаруашылығы бойынша аудан өндірісінің негізгі мамандығы – елтірілі қой шарашылығы. Бұл аудандар бойынша табиғи мал азықтық алқаптардың бағасы елтірілі қой шаруашылығының өнімділігі арқылы есептелінеді.

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қалыптасқан ауылшаруашылық алқаптардың құрылымы, егіншілікпен айналысуға ыңғайлы табиғи-климаттық жағдайы және Алматы қаласына жақын орналасуы, өсімдік және мал шаруашылығының бірдей дамуына мүмкіншілік берді. Жоғарғы кестеге қарасақ, бұл ауданның өндірістік салаларының дамуы әржақты екені байқалып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда 1996 жылдан бері ауылшаруашылық алқаптардың бағасын нормативтік бағалар арқылы есептеу тәсілі қолданған. Оның негізіне есептелген кірісті капитализациялау әдісі алынған. «Мемлекеттік жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы» осы тәсіл бойынша жерге, топырақ сапасына байланысты, республиканың әр облысы және зонасы бойынша жіктелген, базалық ставкалар есептеп шығарған. Осы базалық ставкалар қазіргі кезде іс жүзінде жер учаскелерін бағалауда пайдаланылады. Бірақ мамандардың айтатын пікірлері бойынша жалпы республикалық жер кадастрлық бағалау жұмысы жүргізілуі қажет. Бүгінгі күндегі жерді бағалаудың барлық түрлерін зерттей отырып, Қазақстанда қалыптасқан экономикалық, қоғамдық және экологиялық жағдайларды есепке алатын жерді бағалау әдістерін таңдап алу және жергілікті жағдайларға адаптация жасау қажет. Қазақстан жері кең байтақ  болғандықтан, оның оңтүстігі мен  солтүстігінде, батысы мен шығысында әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлар жерді пайдалану мүмкіншілігіне өте көп әсерін тигізеді, сондықтан жерді бағалау әдістерінде бұл ерекшеліктерді де есепке алу қажет. Дамыған елдердің жерді бағалау әдістемелерінде жерді пайдалану мақсаты есепке алынады, содықтан бағалау жер санаттары және жер пайдалану ерекшеліктері бойынша жіктелу қажет.      

 

 

 

                                  ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Временная  методика по определению нормативной  цены сельскохозяйственных угодий  – Алматы: Госкомзем, 1995. -32с.

2. Подольский  Л.И., Михонина С.В., Есполов А.Т. Ценовое  зонирование и оценка сельскохозйственных  угодий Энбекшиказахского района  Алматинской области. –Алматы: «Китап», 2000, - с. 111.

3. Сейфуллин  Ж.Т. Земельный кадастр: Управление  земельными ресурсами Казахстана  в рыночных условиях. – Алматы: КазНИИЭОАПК, 2001.- с.216.

4. О земле. Закон Республики Казахстан от 24 января 2001 г. – Алматы: Юрист, 2001.- 60с. 

5. Есполов  Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной  системы земельных отношений  в Казахстане. – Алматы: Изд. «Агроуниверситет», 2002 г. – с. 40.  

6. Механизм  развития рыночного оборота земель  сельскохозяйственного назначения. Рекомендации под научным руководством  д.э.н., профессора Когаспаева Ж.К.- Алматы: КазНИИЭОАПК, 2002.- с.71.

 

 

 

 

 

                    

 


Информация о работе Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі