Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 23:29, курсовая работа

Краткое описание

Жер учаскелері әртүрлі сапалы болғандықтан, олардың әрқайсысына енгізілген бірдей көлемдегі еңбек әртүрлі өндірістік нәтиже береді. Бұл жағдай ауылшаруашылық мекемесінің шаруашылық жүргізу көсеткіштеріне әсерін тигізеді. Содықтан жер – кез келген өндіріс құралы сияқты - өзінің өндірістік қабілетіне қарай бағалануға тиіс.
Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақтылы мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалануды талдау мен жоспарлауда; жер пайдаланулардың оптимальды мөлшерлерін анықтауда; ауыспалы егіс аймақтарын ұйымдастыруда; егіс алқаптарын орналастыруда; жер төлемдерін реттеуде; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда; жерді бұрынғы пайдаланушыдан қайтарып алуда және қайтадан бөлуде, төтенші жағдайларда шығындарды қайтаруда және т. б. жағдайларда, атқаратын міндеті зор.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ1.docx

— 31.87 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

    Кіріспе 

   

   Негізгі бөлім

 

Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі

 

   Қорытынды

 

   Қолданылған әдебиеттер

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде жерді бағалаудың қажеттілігі жер қатынастарының өзгеруіне байланысты, жерді және жерді пайдалану құқықтығын сату–сатып алу мүмкіншілігінің пайда болуына байланысты, өсуде.

Ауылшаруашылық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру негізінде жерді экономикалық бағалау, жалпы мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі ретінде, жатады.

Жер учаскелері әртүрлі сапалы болғандықтан, олардың әрқайсысына енгізілген бірдей көлемдегі еңбек әртүрлі өндірістік нәтиже береді. Бұл жағдай ауылшаруашылық мекемесінің шаруашылық жүргізу көсеткіштеріне әсерін тигізеді. Содықтан жер – кез келген өндіріс құралы сияқты - өзінің өндірістік қабілетіне қарай бағалануға тиіс.

Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақтылы мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалануды талдау мен жоспарлауда; жер пайдаланулардың оптимальды мөлшерлерін анықтауда; ауыспалы егіс аймақтарын ұйымдастыруда; егіс алқаптарын орналастыруда; жер төлемдерін реттеуде; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда; жерді бұрынғы пайдаланушыдан қайтарып алуда және қайтадан бөлуде, төтенші жағдайларда шығындарды қайтаруда және т. б. жағдайларда, атқаратын міндеті зор.

 

 

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМІСІ

Бұл әдістеме бойынша ауылшаруашылық алқаптардың бағалары нормативтік бағалар арқылы есептелінеді. Жерді бағалау жұмыстарын жүргізгенде әкімшілік ауданның территориясы ең оптимальді жер аумағының бірлігі. Ауданның территориясы, ауылшаруашылық алқаптары бойынша, топырақ сапасына, өсімдіктеріне және мал шаруашылығының мамандандырылуына байланысты бағалау учаскелеріне, контурларға бөлінеді.

           Математикалық есептеу жұмыстары  арқылы фактілі деректер мен  топырақтың табиғи қасиеттері  арасындағы тығыз корреляциялық  байланыстар анықталған. Ауылшаруашылық  дақылдардың өнімділігі, табиғи  мал азықтық алқаптардың типтері  топырақ параметрлеріне байланысты  болған.

           Аудан  бойынша бағалық зоналау - территорияны құндылығына қарай  егістіктер, жайылымдар және шабындықтар  бойынша түбегейлі дифференцациялау  мүмкіншілігін береді.

Қызыл-орда облысы Жаңақорған ауданының ауылшаруашылықтық   алқаптары Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қолданылатын жалпы   мемлекеттік жерді бағалау әдістемісі арқылы бағалық зоналарға бөлінеді. Бұл ауылшаруашылық алқаптарын зоналық бағалау жұмыстарында жерді экономикалық бағалаудың III турының, Қызылорда облысы бойынша  негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі және олардың ауыспалы егістегі үлестері жайында мәліметтер пайдаланылған.

Жерді бағалық  зоналауда   аудан бойынша   ауа-райы,    топырақ және, геобатаникалық зерттеулер мен ізденіс жұмыстарының материалдары түбегейлі зерттеліп, бағалау негізі ретінде алынған.                 

                   

Егістік алқаптарын бағалау

           Егістік алқаптарын бағалау және егістіктің нормативтік бағасын анықтау негізіне егістік   алқаптарының    құрамына   кіретін   топырақтың   өндірістік қабілетіне байланысты алынған жалпы өнімнің мөлшері мен нормативтік кірісті капитализациялау көрсеткіштері алынған.

           Жердің құнын анықтаудағы ең  ыңғайлы және ең төменгі бірлік - топырақ контуры.

           Әр контур бойынша, оның тұздылығы  мен механикалық құрамына байланысты, орташа салмақтық өнімділігі  центнер/гектармен (ц/га) және 1 га егістіктің құны - теңгемен анықталады.

           Бағалық   контурға   ауыспалы   егістің   бағасы   бірдей   немесе   қатар орналасқан танаптары  кіреді.

           Бағалық контурлар, жалпы қабылданған  тәсіл бойынша, әріқарай бағалық  кластарға біріктіріледі.

           Егістіктің нормативтік бағасын  есептеу   келесі   көрсеткіштер  арқылы жүргізіледі: аудан бойынша  жиі кездесетін негізгі ауыл  шаруашылықтық дақылдардың нормативтік  өнімділігі, ц/га; ауыл шаруашылық  өндірісінің нормативтік рентабельділігі. Бұл есептеуде ел  экономикасының  бір қалыпты

даму кезіндегі 30%-тік рентабельділік алынған. 30% рентабельділік ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы кеңейтілген өндірісін қамтамасыз ететін нормативтік денгей. Негізгі ауылшаруашылық дақылдарыдың өнімділіктері және олардың ауыспалы егістіктердегі үлестері Қызылорда облысының облыстық департаментінен аудандардың жылдық есеп беру құжаттарынан алынған.

 Егістіктің нормативтік  бағасын  есептеудегі келесі көрсеткіш -  негізгі ауылшаруашылықтық  дақылдардың сату бағасы. Күріштің  және басқа ауылшаруашылық дақылдарының  сату бағасы ауылшаруашылық Министрлігі  дайындаған нарықтық ақпараттар  қызметінің «Бюллетенінен» алынған.

           Жаңақорған ауданы бойынша негізгі  дақылдарға күріш, бидай, жоңышқа, тары  жатады.

          Егістікті бағалау көрсеткештері  жоғарыда аталған ақпараттар  жинау орындарының мәліметтері  бойынша келесі кестелерде берілген (кестелер 1, 2, 3). Осы  берілген деректермен  есептегенде: 

1 гектар күріштік ауыспалы егістен алынатын жалпы өнімнің орташа  салмақтық бағасы аудан бойынша мына мөлшерде болады:

ЖӨ = (Ө1 х Б1) х Ү1 + (Ө2 х Б2) х Ү2 + (Ө3 х Б3) х Ү3 + (Ө4 х Б4) х Ү4=

(24,3 х 2640) х 0,44 + (10,8 х 670) х 0,14 + (14,7 х 670) х 0,01 + (39,0 х 224) х 0,41 = 28226,9 +1013,0 + 98,5 + 3581,8 = 32920,2 теңге;

онда, ЖӨ – 1га   күріштік    ауыспалы   егістің    жалпы    өнімінің     орташа салмақтық  бағасы, теңге;

         Ө1,2,3 – аудан бойынша ауыл шаруашылық дақылдардың орташа өнімділіктері,  ц/га;

          Б1,2,3 - өнім бірлігінің сату бағасы, теңге/ц;

         Ү1,2,3 – ауданнның күріштік ауыспалы егістеріндегі ауылшаруашылық  дақылдардың үлесі, бірдің бөлігінде.

     1 гектарға келетін нормативтік кірістің мөлшері мына формула бойынша анықталады:

Кн = ЖӨ х R/1+R                                                                                               

онда, Кн – 1 га келетін нормативтік кіріс, теңге

          R – нормативтік рентабельділік (30%, немесе 0,3 бірдің бөлігі)

Кн = 32920,2 х 30/130 = 7597,0 тг/га.

           Жердің   нормативтік    бағасы    дүние   жүзінде   қолданылатын  жерді пайдаланудан алған кірісті  капитализациялау тәсілі арқылы  есептеледі:

                                      Бжн = Кн/К                                 

онда, Бжн – жердің норматівтік бағасы, теңге/га

          Кн – нормативтік кіріс, теңге/га

          К – капитализациялау ставкасы, (8% немесе 0,08)

Бжн = 7597,0/0,08 = 95,0 мың тг/га

   Аудан бойынша   күріштік ауыспалы   егістік  орналасқан егістік алқабының  орташа норматівтік бағасы 95 мың  теңге.

Жоғарыда айтылғандай бағалық контурлар әріқарай бағалық кластарға біріктіріледі. Қабылданған тәсіл бойынша Жаңақорған ауданының алқабында анықталған егістіктік бағалық класстардың сипаттамасы төменде берілген.

Егістікке нақтылы нормативтік баға есептелгенде ауданның алқабында 481 контур бөлінген. Олар 4 (III, IV, V, VI ) бағалық класстарға біріктірілген.

III бағалық классқа нормативтік бағасы 65,5 мың теңге/га контурлар кіреді. Бұл класс өте сирек, ауданның территориясында әрбір жерде ғана кездеседі. Үшінші бағалық классқа құмайт және өте тұздылы топырақтар жатады.

IV бағалық класстарға 76,0 мың теңге/га нормативтік бағасы бар жерлер жатады. Бұл бағалық классқа бірнеше контурлар кіреді. Топырақтарының механикалық құрамы – ауырсаздақ.

V бағалық классқа нормтивтік бағасы – 80,8 және 85,5 мың теңге/га контурлар жатады. Бұл класстың жерлері жиі кездеседі. Механикалық құрамы бойынша саз және саздақ топырақтар кездеседі.

VI бағалық классқа нормативтік бағасы 95 мың теңге/га контурлар кіреді. Механикалық құрамы – ауырсаздақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1

Ауыспалы егістің негізгі дақылдарының орташа өнімділігін есептеу

 

 

А/ ш

дақылдарының аттары

Өнімділігі

Күріш-тің орташөнімд.

ц/га

Күрішті бидайға

ауд. коэф.

Дақылдар.

орта

өнімділігі

ц/га

Жылдар

1994

1995

1996

1997

1998

1999

 

1.күріш

2бидай күз/

3.бид.жазд.  4.тары

5.жоңышқа

26.9

7.5/

1.7

1.9

34.7

18.4

8.8/

2.5

4.5

26.6

26.7

11.0/

8.2

6.3

29.0

43.0

19.3/

8.4

15.9

59.6

38.0

18.0/

8.4

16.8

47.3

38.8

17.5/

8.9

19.7

37.0

34.7

-

 

-

-

0.7

-

 

-

-

24.3

10.8

 

14.7

39.0


 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2

Ауыспалы егістіктің құрамындағы негізгі дақылдардың үлесі

 

№№

кезегі-

мен

Ауыл шаруашылық

дақылдарының

аттары

Ауданы (га)

Дақылдың ауыспалы

егістегі үлесі

барлығы

дақылдар

астында

 

1

2

3

4

күріш

бидай

тары

жоңышқа

20448

9000

2835

300

8313

0.44

0.14

0.01

0.41


 

 

Кесте 3

Егістіктің нормативтік бағасын есептеуге қолданатын көрсеткіштер

 

№№

кезегі-мен

 

Дақылдардың

аттары

Ауыспалы егіс

дақылдарының үлесі (бірдің бөлігі)

 

Өнімділік,

ц/га

 

1ц өнімнің сату

бағасы

1

2

3

4

күріш

бидай

тары

жоңышқа

0.44

0.14

0.01

0.41

24.3

10.8

14.7

39.0

2640

670

670

224


 

 

Кесте 5.

Ауылшаруашылық алқаптардың аудан бойынша орташа салмақтық бағаларын салыстыру

 

Өлшем бірліктері

Аудандардың аты

Еңбекшіқазақ (Алматы облысы)

Жаңақорған

(Қызылорда облысы)

Қазалы (Қызылорда облысы)

Егістік суармалы, 1га: 1)көкөніс шаруашылығы

 

мың тг

 

 

66,4

 

 

-

 

 

-

2)темекі шаруашылығы

мың тг

92,6

-

-

3) күріш өсіру, га

 

-

80,6

112,9

Егістік тәлімі, 1га: астық

 

мың тг

 

16,6

 

-

 

-

Шабындық, 1га қой шаруашылығы

   

 

6,0

 

6,3

Жайылым, 1га:  1)етті мал шаруашылығы

мың тг

 

6,9

 

-

 

-

2) сүтті мал шаруашылығы

 

 

11

 

-

 

-

3)қой шаруашылығы

 

мың тг

 

4,9

 

-

 

-

4) елтірілі қой шаруашылығы

 

мың тг

 

-

 

2,4

 

2,4                                

Информация о работе Қазіргі кезде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарды бағалау әдістемесі