Қазақстанның табиғат ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды. Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын.

Содержание

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ..........................................5

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.....................................5

1.2 Қазақстанның жер ресурстары..........................................................9

1.3 Қазақстанның су ресурстары...........................................................11

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары..........................................14

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары...........................................15


2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері...................................................................................................17

2.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау.................................................................................................................19

2.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау...................21

2.3. Су ресурстарын қорғау...........................................................................25

қорытынды..................................................................................................30
пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 83.62 Кб (Скачать документ)
  • өзендер  мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу
  • жер  беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану
  • айналымдық  су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу
  • тазаланбаған  өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу
  • ауылшаруашылығында  суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту
  • жерасты  суларын  үнемді  пайдалану

                           

                        

Қ о р ы т ы н д ы

 

     Адамзат қоғам дамуы жолындағы үлкен қиындықтарды еңсере отырып, өркениеттілікке  қарай табандылықпен қадам басып келеді. Ал, өркениеттіліктің басты өлшемдерінің  қатарына табиғатпен келісімде өмір сүру, оны қорғай білу жатуы тегіннен тегін емес. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік — қазіргі заманғы адамның дүниетанымында басымдықты  сипат алып  отыр. Қоршаған ортаның ластануы мен осыған орай  азып, тозуының алдын алу — материалдық жағынан алып қарағанда, оның    салдарларымен күресуден гөрі  әлдеқайда тиімді. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттап, республикадағы экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді. Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінің белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің тұқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ байлығын», «Сабан той» өткізу мектеп, студенттер өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сақшыларының» штабтары құрылды, республикада «Мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын қорғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық және эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар  мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен  торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

   Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты  мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.Еліміздің табиғат байлықтарын  дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарай білу қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор.Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен  қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі:

 

  1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экоология негіздері.Алматы.2003 36-бет
  2. Қазақстан республикасының Орман Кодексі;
  3. Қазақстан республикасының Су Кодексі, Алматы жеті жарғы 1995. 97-бет
  4. Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы, 1996.178-бет
  5. Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы кодексі. Алматы, 1992. 281-бет
  6. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995. 101-бет
  7. Сатыбалдин С., Төлемісов О., Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы. Ғылым, 1992. 23-бет
  8. Экология және табиғат қорғау.А.Қ.Құсайынов.Алматы.2002. 56-бет
  9. Мұқаев С. Табиғат пайдаланудағы ренталық  қатынастар. Алматы. 1996.  238-бет 

 

 


Информация о работе Қазақстанның табиғат ресурстары