Қазақстанның табиғат ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды. Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын.

Содержание

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ..........................................5

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.....................................5

1.2 Қазақстанның жер ресурстары..........................................................9

1.3 Қазақстанның су ресурстары...........................................................11

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары..........................................14

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары...........................................15


2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері...................................................................................................17

2.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау.................................................................................................................19

2.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау...................21

2.3. Су ресурстарын қорғау...........................................................................25

қорытынды..................................................................................................30
пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 83.62 Кб (Скачать документ)

     Қазіргі    уақытта   сүт   қоректілердің    130    түрі    мен   құстардың   450   түрінен  ( оның   350   түрі    ұялайды )    тұрады.   Қазақстан   палеарктикалық   –  зоогеографиялық     облысқа  кіреді. Қазақстанның   жануарлар  дүниесі    барлық    палеарктикалық    аймақ   сияқты   пайда   болуы    мен     қалыптасуы     жағынан    жас.  Оның    қалыптасуына   жануарлардың    дамуының    жаңа     тарихы    мен   орналасуы,  сондай – ақ    физикалық  –  географиялық    жағдайлар   үлкен   рөл   атқарған.  Жануарлар  дүниесінің    үштік  және   төоттік    дәірдегі   даму   тарихы   өсімдік   жамылғысының   даму   тарихымен   ұқсас.

     Республикада    ормандар  тек   3,8%   алып  жатыр. Сонымен   қатар   орманның  жартысы  -  сексеуілдер ,  бұларсыз   ормандар  1,7%   құрайды. Орманды    жерлердің      10%- ы   Шығыс   Қазақстанда, Алматы  және   Оңтүстік   Қазақстан   облыстарында .

     Қазақстанның   орман  қоры     21 млн.  гектар,  ол   жалпы  жер   көлемінің    3,5  пайызын   алады. Орман  өндірісте  бағалы   материал   ғана  емес,  сонымен   қатар  топырақты  эрозиядан   сақтау,  құм   көшкінін  тоқтату, суды  реттеу,  егінді  қорғау,  атмосфераны   шаң – тозаңнан  тазартуда  оның  маңызы  зор.  Сонымен  қатар   орман  ағаштары    қуаңшылық   пен  аңызақ   желден  сақтайды.

     Республиканың    орманды   алқаптарына  көз   жүгіртсек,  солтүстік   бөлігінде    қайыңды ,  қарағайлы   орман,  шығысында    Алтай  тауы   бөктерінде  майқарағай,  балқарағай,  сібір  шыршасы  орманы,  оңтүстік  бөлігіндегі    таулардың  теріскей  беткейінде  тянь – шань  шыршасы,  оңтүстіктегі   шөлді  аймақта  сексеуіл,  ал   өзендердің   бойында  жиде,  тораңғыл,  жыңғыл,  шырғанақ    тоғайы    өсетінін   байқаймыз.  Ел   байлығы -  орман   ресурсын  сақтай    білудің   маңызы  зор. Орман -  жан – жануарлырдың   мекені,  адамдар   тынығатын   орны. Орман   ресурсына  ең   еөп   залал    келтіретін    тілсіз   жау -  өрт. Өртке  басты  себеп  адамдардың   ұқыпсыздығы.     Орман   алқаптарын  ұқыпты  пайдалану,  оларды   қорғау  бүкіл   халық   алдындағы    негізгі    міндеттердің  бірі    болып   табылады.

2. ТабиҒат ресурстарын пайдалану төлемдері және оларды ҚолданудыҢ Қазіргі жаҒдайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Табиғи  ресурстарды  тиімді пайдалану мен қорғау  мәселелері

Табиғат  бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  - бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады.

 Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді.

    Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

     Табиғатты  қорғау  бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.

    Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады

Қоршаған  ортаны  қорғаудың негізгі  факторларының  схемасы

 

 Геожүйелердің  экологиялық  тұрақтылығының  бұзылуы  адамның  өмірлік   қажеттіліктері  мен  өндірістік  технологиялардың  мүмкіндіктері  арасындағы  динамикалық  тепе-теңдіктің  өзгеріске  ұшырауының  нәтижесі  болып  табылады. Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қарым-қатынас  негізіндегі  біртұтас  жүйеге  келтірілген  табиғатты  регионалды  пайдалану   ережелері  мен   қағидалары  жатуы  тиіс. Олар  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  табиғи  ресурстардың  әртүрлерін  мақсатқа  сай  пайдалануға  бағытталған  ғылыми-тәжірибелік  ережелердің  жиынтығын  білдіреді.

Табиғи  ресурстар     бұл  адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыс тары.

    Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

    Таусылатын  табиғи  ресурстар  қорлары  өндіру  әрекетінің  нәтижесінде  таусылуы  мүмкін  табиғи  ресурстар  түрлерін  қамтиды.

   

 

Таусылатын табиғи  ресурстар үш  түрге  бөлінеді:

1)Қалпына  келтірілмейтін   жердегі  ұзақ  эволюция  процесінің  нәтижесінде  қалыптасқан  рудалы  және  рудалы  емес   пайдалы  қазбалар, минералды  шикізат  ресурстары

2)Салыстырмалы  түрде  қалпына  келтірілетін – қалпына  келуі  үшін  ұзақ  уақыт аралығы  қажет  ресурастар: оларға  сондай –ақ  жойылып  бара  жатқан   жануарлар мен өсімдіктер  популяцияларын  қалпына  келтірудің  шектеулі  мүмкіндіктері  кіреді  

3)Қалпына  келтірілетін  ресурстарға  тірі  табиғат  элементтері, өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі, минералдық  шикізаттың  жекелеген  түрлері  кіреді

Таусылмайтын  ресурстар   жерге  қатысты  алғанда  сыртқы  болып  есептелетін  табиғи процестермен   байланысты  табиғи  ресурстар

түрлерін  қамтиды.

    Таусылмайтын  ресурстар  үш  түрге  бөлінеді:

1) Климаттық  ресурстар -  жер  мен  күннің  өзара   қарым – қатынасына  байланысты: күннің  энергиясы, жел  энергиясы, атмосфералық  ауа.

2)Су  ресурстары – дүниежүзілік  мұхит  сулары

3)Космостық  ресурстар – жердегі  тау  жыныстары, космостық  сәулелер  мен  метеоиттер  энергиясын  қамтиды

         Табиғи  ресурстарды  пайдалану  процесінде  олардың  көпшілігі  ресурстық  цикл  деп  аталатын күрделі  айналымға  түседі. Ресурстық  цикл  дегеніміз  белгілі  бір  заттардың   немесе  заттар топтарының  өзгеруі  мен  оларды  адам  пайдалануының   барлық  кезеңінде  өтетін  кеңістікте  орын  ауыстыруы. Қолданбалы  экология  әдістемесінде  ресурстық  цикл  концепциясы  маңызды  болып  табылады. Ол  неғұрлым  толық ( қалдығы  аз)  өнеркәсіптік  өндірісті  және  осы  кезде  пайда  болатын   қалдықтарды  қайтадан   пайдалануға  тартуды  білдреді. ( мысалы  техникалық  суды   өнеркәсіпті  кәсіпорында  бірінші  рет   пайдалану).Жабық  өндірістік  цикл  дегеніміз  өндірістік  қалдықсыз   немесе  қалдығы  аз  түріне  ұмтылу.

     Өндіріс  қалдықтарын   қысқарту, табиғи  ресурстарды  үнемді  пайдалану  табиғатты   регионалды  пайдалану  стратегиясын  іс  жүзіне  асыру  процесінде  жүзеге  асырылады.

 

 

  2.1. Минералды  шикізат   ресурстары  мен   жер  қойнауларын  қорғау

      Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

    Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия  – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

    Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

    Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

   Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары 

  3 трлн. Текше  метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).( 13 сурет

  Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

       Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс  рудаларын ,алтын , фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

                                        Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді . Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен  өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды.

 Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту  процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.

Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.

Информация о работе Қазақстанның табиғат ресурстары