Қазақстанның экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:05, контрольная работа

Краткое описание

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соқты.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүрді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................2
1. Арал теңізінің экологиялық жағдайы...................................................................3
2. Семей ядролық полигоны......................................................................................4
3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы...............................................................6
4. Балқаш көлінің жағдайы........................................................................................6
5. Ірі өндіріс орталықтары мен үлкен қалалардың экологиялық жағдайы...........8
6. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту шаралары.......................................8
Қорытынды................................................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология.docx

— 43.10 Кб (Скачать документ)

•    экологиялық  апатты аймаққа жататындықтан, негізгі  әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр  полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс  істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

•    мұнай мен  газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

•    осы теңізге  ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

•    аңызақ жерлердің  шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

 

 

 

Балқаш көлінің  жағдайы

 

Балқаш көлі — Қазақстандағы  ең ірі экожүйелердің бірі. Көл  Балқаш — Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі — 501мың км2, ұзындығы — 605 км, ені — 9-74 км аралығында. Ал ең терең  жері — 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті  болып келеді. Су айдынының булануы  өте жоғары. Осыған   байланысты судың деңгейі тез өзгеріп  отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі  тұрақты болып келген су айдынының  қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.

Аталған антропогендік жағдайлар  Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп  жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі  нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле  өзенін қоректендіріп отырған Шелек  өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында  Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан  төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен  көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе  төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар  балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған  пестицидтер, тербицидтер және минералды  тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім  көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары  жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы  тіршілік ететін құстардың түрлері  де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы  тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені  мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм  атты табиғат туындысы, Алтынемел  ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар  бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі  қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық  ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын  байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы  өндіріс орындарында суды тиімді  пайдалануды реттеу.

2. Қапшағай суқоймасынан  Балқашқа жіберілетін судың үлесін  тұрақтандыру.

3. Ақдала және Шарын  массивтеріндегі күріш алқаптарын  азайту.

4. Жер асты суларын  пайдалануды жүзеге асыру. 

5. Суармалы жерлердің  көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару  бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы

 

 

Ірі өндіріс орталықтары  мен үлкен қалалардың экологиялық  жағдайы

 

Ауаға шығатын улы заттардың  концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе  артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен  және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың  концентрациясы жыл бойынша белгіленген  мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін  аудандарда да байқалады.

 Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

 

 

 

Еліміздің экологиялық  жағдайын жақсарту шаралары

 

Осы жоғарыда көрсетілген  қазіргі Қазақстан Республикасындағы  өзекті мәселелердің шешімін табу үшін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық  қауiпсiздiк тұжырымдамасында, Ќазаќстан  Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға  дейінгі кезеңге арналған ќұќыќтық саясат тұжырымдамасында, конференциялар мен саммиттерде күрделі тақырыптардың бірі ретінде айтылып жүргені бәрімізге белгілі.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1. Физикалық ластану –  радиактивті заттар, электрмагнитті  толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2. Химиялық ластану –  көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер,  фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3. Биологиялық ластану  – ауру қоздырғыш бактериялар  мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін  жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян –  табиғаттың қайталанбас сұлу  ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың  жойылуы, т.б.

Осындай апаттарды болдырмас  үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналадағы қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.

1997 жылы 24 шілдеде АҚШ  президенті Клинтон атақты ғалымдарды  жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының  лауреаты бар) «парниктік эффекті»  тудыратын газдарды азайтуға  бағытталған заңды қабылдап, глобальдық  жылынуға қарсы күресетін ұлттық  компанияны құрып, бұл мәселені  радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы»  қабылданды.

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы  әлемдік көлемдегі проблема болып  табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың  өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік  конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы  Конвенцияда Киото хаттамасына  қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан  қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді  өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.

Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың  шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.

Талассыз экологиялық  тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық  инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру  мүмкіндігімен инвестор рөліндегі  бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру  үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің  экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына  квоталар жөніндегі перспективалары  ашады.

Киото хаттамасын біткеннен  кейін нақты жобалар мен іс-шараларды  іске асыруды көздейтін Қазақстан  Республикасында қызған газдардың  шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға  дейінгі бағдарлама әзірленетін  болады.

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Табиғатпен қайшылықтың  шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, кінә адамдардың іс-әрекетін дұрыс басқармаудан, қабілетсіздіктен, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан болып отыр. Табиғатпен тиімді қатынасты  қалыптастыруда адам шешуші фактор болып  табылады. Табиғатты қорғаудағы басты  стратегиялық бағыт-мүмкіндігінше  қалдықсыз технологиялық процестерді  енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын  азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік  береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.

Табиғат қорықтары, парктер  өсімдік және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар  мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың  маңызы үлкен. Ол үшін көгалдандыру, бау-бақша  өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу қает. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі-оны  өсіруде.

Табиғатты қорғау саласының  бірі-экологиялық бақылау. Бұл бағытта  бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика бойынша облыс, аудан, қалаларда  айналадағы ортаны қорғау, экологиялық  бақылау мекемелері құрылды.

Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі-адамдардың санасын тәрбиелеу  және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін  қолдау. Адам әрекеті нәтижесінде  табиғи кешендердің өзгеруі Адамның  шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне  әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек  пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді  де. Сондықтан табиғатты өзгерту  барысында адамзат оның кейінгі  зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат  кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды  тыңайткыштар енгізу, ол заттардың  шайылып, өзендер мен бөгендердің  ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама  еңбек пен шикізатты зая кетірумен  бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Қазіргі кезде антропогендік  ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны  пайдалану тиімділігін арттыруға  бағытталған шаралардың жиынтығы болып  табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде  қарастырылуы қажет.

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты  қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық  шаралар тиісті нәтиже бере алады.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын  жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне –  өзі шек қою. Халықтың экологиялық  санасын қалыптастыру міндетті экологиялық  білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық  психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

Информация о работе Қазақстанның экологиялық жағдайы