Қазақстанның экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:05, контрольная работа

Краткое описание

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соқты.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүрді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................2
1. Арал теңізінің экологиялық жағдайы...................................................................3
2. Семей ядролық полигоны......................................................................................4
3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы...............................................................6
4. Балқаш көлінің жағдайы........................................................................................6
5. Ірі өндіріс орталықтары мен үлкен қалалардың экологиялық жағдайы...........8
6. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту шаралары.......................................8
Қорытынды................................................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология.docx

— 43.10 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе.........................................................................................................................2

1. Арал теңізінің экологиялық жағдайы...................................................................3

2. Семей ядролық полигоны......................................................................................4

3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы...............................................................6

4. Балқаш көлінің жағдайы........................................................................................6

5. Ірі өндіріс орталықтары мен үлкен қалалардың экологиялық жағдайы...........8

6. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту шаралары.......................................8

Қорытынды................................................................................................................10

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік  әсерінен болып отыр. Атмосферадағы  көмірқышқыл газдардың концентрациясының  артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соқты.

Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде  және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүрді.

Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық  болады, басқа жерлерде жаңбыр көп  жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі  мәңгі мұздар еріп аралдар мен  жағалауларды, мұхиттар мен теңіз  сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін  тастап, күн көрістің қамымен басқа  жерлерге көшеді.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасындағы Экологиялық  жағдай күрделі мәселенің бірі болып  отыр. Ол біздің елімізде шешімі табылмай жатқан өткір тақырыптар ретінде  алға қойылуда. Табиғи

қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда  көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың  өмір сүру ортасына зор қауіп төніп  келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті  нормалардан асып түскен.

Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Осы байлықты заңды, әрі тиімді түрде, аса зор  қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Су қорларын, қоймаларды сақтау-экологиялық  проблеманың ең күрделі саласы екені  барамызға мәлім.

Қазіргі уақытта табиғат  және биологиялық орта тұтас алғанда  бүкіл адамзат алдына күрделі  талап қойып отыр.Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде  әрине ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арал теңізінің  экологиялық жағдайы

 

Бұл проблеманың тууына себепші  болған — адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге  жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы  оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі  кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған  бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың  есептеуі бойынша, теңіз табанынан  атмосфераға жылына 200 млн тоннаға  дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз  суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі  жойылып, теңіз айналасы бұл күнде  тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан  мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес  қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде  сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.

Соңғы отыз бес жылдың көлемінде  Арал теңізі 700 км2 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз  деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен  жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл  сайын 75 миллион тонна топырақ  пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын  тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болып  отырған жағдайы бар.

1960 жылға дейін Арал  аймағы қандай болды? Ол КСРО-ның  құрлықтық көлдері ішінде төртінші  орын алған. Аралдың су қорын  толтыратын Орта Азияның екі  ірі өзені-Әмудария және Сырдария  еді. Олардың суы өте нәрлі,  егістікке пайдалы болатын. Арал  теңізінен жыл сайын 450 мың  тонна бағалы балықтар ауланатын  болған. Балықшылар қайығы мен  жол қатынас кемелері теңіздің  көркі еді. Арал теңізі сол  аймақтың ауа райына жағымды  әсер еткен табиғатты реттеуші  болды. Алпысыншы жылдардан бастап  екі өзеннің суын егістікке  пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс  қарқын алып, соның салдарынан  теңіз суы тартыла бастады.  Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды.

Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік  әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен  көгалды аймақтары жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық  мүлде ауланбайтын болды. Жер  тұзданып, оның өнім беруі тоқтады. Бүкіл Арал аумағында іш ауруы  етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр  аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке  айналдырды.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі  Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне  өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын  тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты  жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық  конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Аралды қалпына келтіру  үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар  жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне  ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады

 

Арал теңізін құтқару  жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар  мен жобалар бар. Олар:

1.     Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.     Амудария  мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3.     Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.     Каспий теңізінің  суын жасанды канал арқылы  әкелу.

5.     Жер асты  суларын пайдалану.

6.     Арал теңізінің  өздігінен табиғи реттелуін немесе  толысуын күту.

 

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны  күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі  мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының  білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару  бағытында батыл да жоспарлы түрде  ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға  ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

 

 

 

Семей ядролық  полигоны

 

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі — Семей  ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс  дауысы 1949 жылы 29 тамызда болды. Семей  ядролық полигоны ауданында 450-ден  астам жер үсті және жер асты сынақтары  жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Ядролық техниканы сынаудың  салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв-жүйке, психикалық аурулар, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келді. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.

Қазақстандағы сансыз ядролық  зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы құрылып Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салынды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. Соңғы сынақтардан бері біраз уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.

Дәл осыдан 22 жыл бұын – 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы қабылданып, ядролық қарудан бастарту туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда, бұл бастаманы әлемнің көптеген мемлекеттері қолдап, халықаралық конгрестер, конференциялар мен саммиттер ұйымдастырылуда. Солардың бірі, 2011 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызы күні АҚШ-та өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы.

Бұл сессияда БҰҰ-ның Бас  хатшысы Пан Ги Мун былай деген  болатын: «Қазақстан президентінің  осынау сынақ алаңын жауып қана қоймай, тұтас өңірде ядролық қарудан  таза аймақ құрғанына зор қолдау білдіремін. Оның бұл қадамы біздің ядролық қарусыз әлемді құру ісіміздің ең бірлік іргетасы іспетті. Барлық елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, оның жолымен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын». «Мен кеше Семейде болдым. Ол өңірге жасаған сапарым мен үшін баға жетпес тәжірибе. Семей полигонындағы сынақтар барысында зардап шеккен миллиондаған адамдардың қасіреті мен ондағы экологиялық ахуалдың қиындықтарын суреттеуге тіл жетпейді. Тіпті оны елестетудің өзі аса ауыр. Егер сіздің көрегендігіңізбен басшылығыңыз болмаса кім білсін, қазірде сол миллиондаған адам сол қасіретті бастан өткізіп жатқан боларма еді?

Мен сізге Семей ядролық  сынақ алаңын жапқан және Қазақстан  аумағында барлық ядролық инфроқұрылымдарды  жойған ұлттың басшысы ретінде шексіз ризашылығымды айтқым келеді… Ядролық сынақтарды тоқтатып, ядролық қарудан ада болу қажеттігін әлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде сізден лайық адам жоқ», деді.

БҰҰ-ның Бас хатшысы  Пан Ги Мун мырзаның сөзіне Қазақстан  Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев  былай деп ризашылығын білдірді: «Қазақстанның Семей полигонының  жабылу күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы бастамасына  қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды  білдіремін. Біздің еліміздегі барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-ның толық  бақылауында және кепілдігінде деді Мемлекет басшысы.

Н.Ә.Назарбаев өз сөзінің  соңында Бас хатшының осындай  Жоғары деңгейдегі кездесу ұйымдастыру  идеясына ризашылығын айтып, осында жария етілген ұсыныстар ядролық  қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін нығайтуға  ықпал етеді», деп үміттенетінін білдірді

 

 

 

 

 

Каспий теңізінің  экологиялық жағдайы

 

Каспий теңізі – жер  шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс  бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық  климатты құрайды. Каспийдің солтүстік  жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.

Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде  орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы  организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне  тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен  ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам  түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті  мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте  зор. Сонымен қатар сол маңдағы  шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің  салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі  теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай  мен газды өндірудің маңызды  экономикалық ауданына айналды. Теңіз  деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына  ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар  туындауда:

Информация о работе Қазақстанның экологиялық жағдайы