Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік, немесе халықаралық саясат – халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірлескен саяси қызметі болып табылады. Әлемдік саясат мәні мен мазмұны БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, АМҰ (американ мемлекеттерінің ұйымы), АМҰ (африкандық мемлекеттер ұйымы) Социалистік интернационал, Гринпис т. с. с. ұйымдардың қызметтерімен анықталады. Сонымен қатар әлемдік қауымдастық бірігіп жасаған заңды органдар мен ұйымдардың қызметтері арқылы әлемдік саясат іске асады. Әлем мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастар жасаудың принциптері мен жолдарын анықтайтын әлемдік саясат халықаралық қатынастарды реттеудегі шешуші фактор болып табылады.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................................2
Әлемдік саясат және халық аралық қатынастар туралы жалпы түсінігі.................................................................................................................4
Әлемдік саясат..............................................................................................4
Халықаралық қатынастар............................................................................5
Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер..............................7
Қазіргі әлемдік саясат...................................................................................7
Әлемдік саясаттың мақсаты.........................................................................8
Жаһандық мәселелер....................................................................................9
Жаһандық мәселелерді шешу......................................................................9
Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы орны..................13
Қазақстанның сыртқы саясаты...................................................................13
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.............................................14
Қорытынды.........................................................................................................17
Пайдаланған әдебиеттер ...................................................................................20

Прикрепленные файлы: 1 файл

әлемдік саясат экология.docx

— 44.59 Кб (Скачать документ)

 Әлемдік саясатты ішкі  саясат сияқты орталықтанған  билік басқармайды. Әлемдік саясатқа  қатысушы акторлар әлемдік шындықтарға  сәйкес өз беттерінше қызмет  етеді. Сондықтан әлемдік саясаттың  тәуекелі көп. Әлемдік саясаттың  бір субъектісі екінші субъектісінің  не істеп жатқандығын да біле  бермеуі мүмкін. Әр мемлекеттің  сыртқы саясаты сол елдің ұлттық  мүдделерінен туындайтын нақты  және анық міндеттер болса  әлемдік саясат субъектілерінің  қызметі стихиялы жүреді. Оның  бағыт-бағдарын анықтап, әрбір  субъектінің шешетін мәселелерін  белгілеп отыратын әлемдік саясаттың  орталығы жоқ. Әлемдік саясат-әлем  мемлекеттерінің жаһандық қауіптерімен  мәселелерді бірлескен күшпен  шешу қажеттілігін түсіну құбылысы. Әр мемлекет өзінің қуатына  және мақсаттарына қарай әлемдік  тәртіптерге ықпал етуді көздейді. Адамзаттың тағдырының ортақтастығын  түсіну, әлемдік қатынастарды бейбіт  жолмен реттеуге құлшыныс тудырады. Өзара жауласу, теке-тірес, күш  көрсету, басқа әлсіз мемлекеттерге  зорлық жасау әлемдік тәртіптерге  қауіпті екендігі халықтар түсіне  бастады.

 Әлемдік саясаттың  күнделікті мақсаты - әлемдік  тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтау. Сонымен қатар  оның көздегені әлемдік саясатқа  қатысушы субъектілердің барлығының  мүдделі тоғысатын халықаралық  орта жасау. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік  көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық  мүдделердің басымдылығын мойындауына  әкеліп отыр.

 Сонымен қатар әлемдік  саясатты әлемдік билік үшін  күресетін, әлемдік тартыстардан, әрбір елдің өздеріне тән геосаяси  күрестерінен, түрлі бәсекелестіктер  мен мүдделер қайшылығынан тысқары  алып қарасыруға болмайды. Әлемдік  саясатта АҚШ, Қытай, ЕО, Ресей  сияқты алпауыт мемлекеттердің  үстемдігі байқалады. ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдары мысалы, әлемдік  саясатта екі басым полюс АҚШ  пен Кеңес Одағы болды. Кеңес  Одағы күйрегеннен кейінгі ХХ  ғасыр аяғы мен ХХІ басы  бір полюстік әлемдік саясат  болды. Ол АҚШ-тың басым болуымен  сипатталады. Ал, 2005-2010 жыдардан бастап  әлемдік саясатта көпполюстік  қатынастар басым болуда. Әлемдік  қатынастарды айқындаушы күштер  қатарына жоғарғы аталған мемлекеттермен  қоса Үндістан, Жапония, Бразилия  сияқты жылдам дамушы елдердің  де ықпалы арта түсуде. Әлемдегі  өзгерістер үздіксіз процесс.  Онда ұдайы жаңа, табиғаты күрделі  құбылыстар пайда болуы заңдылық. Әлемдік саясат субъектілері  осы әлемдік өзгерістерді, мәселелерді,  қайшылықтарды танып білуге және  оларды шешу ісіне, немесе қауіптерді  азайту шараларына әлем мемлекеттерін  жұмылдырып отыруға міндетті.

 Әлемдік тәртіптерді реттеп отыратын Әлемдік Үкімет құру жоспары әзірше футурологтардың ғана ойларында. Бірақ та, әлемдік мәселелер мен тәртіптердің өзгеруіне әлемдік қауымдастықты дайындайтын БҰҰ, ЕЫҚҰ, АЕО, Ислам конференциясы сияқты халықаралық ұйымдар бар. Олар әлемдік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттарын әлем мемлекеттеріне танытуға және мойындатуға ат салысып келеді. Бірақта, әзірше бірде бір халықаралық ұйым әлем мемлекетеріне міндетті шараларды іске асыруға мәжбүрлей алған жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен болатын санкциялардың өзінің орындалуы ойдағыдай емес. Әлемде әділетті тәртіптер орнады деп айтуға ертерек.

 Елеулі кемшіліктерге  қарамастан әлемдік саясат өркениетті  адамзат пен дамыған мемлекеттер  ықпалымен біртіндеп ізгіленіп,  гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды  ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық  тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді  бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне  негізделген әлемдік саясаттың  қазіргі мақсаттары: халықаралық  қауіпсіздік жүйесін жасау, мемлекетаралық  қатынастарда күш көрсету, зорлыққа  жол бермеу, халықтар арасындағы  сенім мен бейбітшілікке бастайтын  қатынастарды қалыптастыру, жаппай  қырып жоятын және ядролық  қарулардың таралуына жол бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты  жеке адамдар мен халықтардың  бейбіт және тыныш өмір сүруін  қамтамасыз ету. Ең бастысы  әлемдік саясат жаһандық бейбітшілікті қамтамасыз етуге тиісті. Әлемдік басым державалардың әлсіз мемлекеттерге қарсы зорлыққа бармауының, ұлттық мүдделерін адамзаттың мүдделерге бағындыруының маңызы арта түсуде. Ол үшін әлем халықтарының, әлем азаматтарының бейбітшілік пен адам құқығы идеяларының платформасында топтасу қажет. Әлемдік саясат әлемдік қатынастар сияқты аса күрделі құбылыс. Оның ойдағыдай шешімін табуы тіптен қиын. Сондықтан әлем мемлекеттері мен халықтары жаһандық мәселелер мен қауіптерге қарсы әлемдік саясаттың тиімділігін арттыра беруге мүдделі. Онсыз әлемдік тыныштықты сақтау мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 1. Казахстан и глобальные вызовы современности: материалы научно-практической конференции (Алматы, 19 мая 2010г.) Отв. ред. Б.К. Султанов. – Алматы: КИСИ, 2010

2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: ИСИ, 2007

3. http://kk.wikipedia.org/wiki

4. Балғымбаев А.С.Саясаттану . оқу құралы.-Алматы, 2003

5. Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

6. Жандаулетов Т.Қазақ ұлттық идеологиялық мәселелер.- Алматы: ХКАА    “ЖШС”, 2004

7. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2003.

8. Политология: Энциклопедический словарь / Под общ. ред. Ю.И. Аверьянова – М.: 1993

9. Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану. Алматы АлМУ, 2002

10. Лаумулин М.Т. Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология. А.: 2000

11. Тоқаев Қ.К. Беласу. А.: 2002

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы орны