Жаһандық мәселелер.
Адамзаттың дамуы демографиялық
дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік
тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер
мен қайшылықтарға қосарласқан
жаңа қауіптерге душар етуде. Олар ядролық
қарулардың және басқа да жаппай қыру
қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық
терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа
түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа
сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының
1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм,
наркотрафик т. б. қауіптер мен қайшылықтар.
Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың
сақталуына зардаптарын тигізетін осы
қауіп-қатерлерден келетін шығындарды
азайтуға бағытталған тиімді де күшті
саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре
отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті
мүдделі.
Қазақстан өзінің географиялық
орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің
тоқайласқан аумағында тұр. Әлемге
есірткі, наркотик өнімдерінің қомақты
бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің
«солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері
арқылы ауған наркотиктері Ресей мен Батыс
Европа елдеріне жол тартуда. Қазақстан
әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады.
Егер 1987 жылы елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы
тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті.
2009 жылдан бастап 2000-нан астам қазақстандықтар
ВИЧ - инфекциясын жұқтырды. Көршілес Өзбекстанда
2009 жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын
жұқтырған. Орта Азия мемлекеттерінде
ВИЧ көбінесе инъекция жасалу кезінде
таралатыны мәлім болып отыр .
Соңғы 2009-2010 жылдарда
бес жасқа дейінгі балалардың
полимелит ауруының асқынуы байқалуда.
Орта Азия халықтары үшін полимелит эпидемиясының
ошағы Тәжікстан Республикасы болып отыр.
Құс тұмауы, шошқа тұмауы сияқты жаңа індеттер
түрлері де шекараларды жоққа шығаруда.
Жаһандық мәселелерді
шешу.
Әлемдік тәртіптер
мен мемлекетаралық қатынастардың
өзара тәуелділік пен ортақтасу
принципіне бейімделе түскендігі
нақты байқалады. Әлем халықтары
мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен
мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім
саясатымен ғана шешуге болатындығын
ұғнып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық
мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары
БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық
ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары
жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық
азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық
Қызыл Крест, шекарасыз дәрігерлер, феминистік,
гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы
жүргізілуде.
Мемлекеттер мен халықтар
жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында
әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік
қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми
түрде АҚШ Президенті Ричард Никсон 1969
жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген
сөзінде қолданған. Ол,- «Бүкіл тарихи
ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қауымдастық
болып отырмыз»,- деп көрсетті /2/. Әлемдік
қауымдастықтың мақсаты-әлемдік тәртіптерге
әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен
адамзатты сақтау болып табылады. Негізгі
мақсатты орындау үшін барлық мемлекеттер
әлемдік қауымдастықты нығайта беруге
мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік
және аймақтық басым державалардың бейбітшілік
пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен.
АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония,
Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты
қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы,
әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен
қауымдастығының жаһандық мәселелері
мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге
жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде,
әлемдік геосаяси құрылымда бейбітшілік
әлемінің басым болуына жағдай жасайтын
мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін
мемлекеттер ретінде бағалауға болады.
Қазіргі әлемдік саясатқа
қатынасатын негізгі акторлар: егеменді
мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар,
халықаралық үкіметтік, немесе
үкіметтік емес ұйымдар болып
табылады. Сонымен қатар қазіргі
халықаралық қатынастардың белсенді
акторлары, яғни қатысушылары
түрлі мемлекеттер блоктары (НАТО,
ОДКБ, СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС), интеграциялық
топтар (ЕО, ТМД) мемлекетаралық бірлестіктер
(ШЫҰ, БРИК) т. б. халықаралық
ұйымдар өздерінің мақсаттары
мен тәуелсіздіктерін сақтай
отырып әлемдік саясатқа қатысады
және жаһандық мәселердің шешілуіне
ат салысады.
Мемлекеттің шеңберінен
тыс мәселелерді сол елдің
сыртқы саясаты шешеді, айналысады.
Қазіргі өзара байланыстағы дүниеде
ұлттық мемлекеттер әлемдік қатынастарда
өздерінің мүдделерін қорғау
мақсатында басқа мемлекеттермен
тығыз қарым-қатынастар жасау
саясатын жзүргізеді. Ол саясат
арқылы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық,
ақпарат т. б. салалардағы байланыстар
жүреді. Сонымен бірге, әлемдік
қатынастарды реттеп отыратын бір жеке
орталық жоқ. Барлық мемлекеттерді байланыстыратын
әлемдік саясатты жасаушыда орталық жоқ.
Әлемдік саясат мемлекеттердің өзара
қарым-қатынастарынан стихиялы түрде
қалыптасқан құбылыс. Әлемдік саясат принциптерін
негізінен тең құқықтағы мемлекеттер
өзара қарым-қатынастары барысында жасайды.
Мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі.
Елдің ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік
саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары
ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер
мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың
өмірі мен тағдырына өзінің әсерін тигізіп
отырады. Жеке адам әлемдік қауіптердің
құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар
ол әлемдік ақпараттық жүйелердің өнімдерін
міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек
әлемдік саясат пен әлемдік тәртіптер
жеке тұлғаның өмірінде белгілі дәрежедегі
ықпалға ие.
Қазіргі әлемдік саясаттың
түрлі деңгейлері макро, мего,
микро деңгейлері өзара байланысып
біріне – бірі күшті ықпал
жасап отырды.
Ұлттық мемлекеттер
шеңберінен тысқары жүргізілетін,
әлемдік мәселелерді реттеуге, немесе
оларға ықпал етуді мақсат
тұтатын саясат мынадай категориялардан
тұрады.
1. Сыртқы саясат –
мемлекеттің, немесе жеке халықтың
сыртқы саладағы қызметі. Бұл
саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен
байланыс жасау, немесе жасамау
деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат
мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы
сыртқы жағдайларды жасауды көздейді.
Әлемдік қауымдастықтан ұлттық
мемлекеттің орнын табуына ықпал
етеді.
2. Халықаралық саясат
– мемлекеттердің халықаралық
аренада бірлескен қызметі болып
табылады. Саясаттың бұл саласы
мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді
бірлесіп, келісімдер арқылы шешу
жолдарын көрсетеді. Халықаралық
саясаттың елдер мен халықтар
арсындағы өзара тәуелділіктің,
шешімін табу үшін халықаралық
әріптестікті талап ететін мәселелердің
көбеюіне байланысты маңызды
арта түседі.
3. Мемлекетаралық саясат
– жекелеген мемлекеттердің арасындағы
қатынастар жүйесін белгілейді.
Бұл саясат мемлекеттердің органдарының,
қызметтерінің және өкілдерінің
(президент, парламент, үкімет, сыртқы
істер министрілігі, кеден т.б.) екі
мемлекетке ортақ мәселелерін
өзара келісіп шешулерінің жолдарын
анықтайды.
4. Ұлттық мемлекет үстіндегі
саясат (наднациональная политика)
– жекелеген мемлекеттердің өздерінің
кейбір егеменді құқықтарын өз
еріктерімен халықаралық ұйымдарға беруімен
сипатталады. Мысалы, мұнай бағасын халықаралық
нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік
саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану
ғылымында әлі зерттелген жоқ
5. Мультиұлттық саясат -
бірнеше, немесе одан көп мемлекеттерден
құралған біріккен саясат субъектілерлінің
халықаралық қатынастарға ықпал
етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың
субъектілері ұлттық мемлекеттер
болып табылады.
6. Трансұлттық саясат
– мемлекеттік емес саясат
акторлары мен субъектілерінің:
партиялар, кәсіподақтар, әлемдік
діндердің ұйымдары, халықаралық
үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық
корпорациялардың т.б. халықаралық
аренада қызмет етуі.
Аталған категориялардың
барлығы әлемдік, немесе халықаралық
саясат ұғымының түрлі аспектілерін,
қырларын көрсетеді. Ал, әлемдік,
халықаралық саясат ұғымына келетін
болсақ бұл ұғым халықаралық
құқық суъектілерінің (мемлекеттер,
мемлекетаралық және мемлекеттік
емес ұйымдар, одақтар, діни
ұйымдар, трансұлттық ұйымдар
мен корпорациялар т.б.) соғыс
және бейбітшілік, адамзаттың
сақталуы, жалпыға бірдей қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және қарусыздану,
ұлттық, аймақтық, жаһандық қайшылықтардың
алдын алу және реттеу, қоршаған
ортаны сақтау, аштық пен ауруларды
азайту және басқа да әлемдік
қайшылықтарды шеше отырып адамзат
үшін әлемде неғұрлым әділетті
тәртіптер орнатуға бағытталған
мақсатты қызметін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының
әлемдік саясаттағы орны.
Қазақстанның
сыртқы саясаты.
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен,
сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен
және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен
ерекшеленеді. Халықаралық аренада
мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық
және экономикалық факторларына байланысты
көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес
мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу
принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең
құқылы және екі жаққа да тиімді
қарым-қатынас құруға дайындығы
оның бүгінгі күні дипломатиялық
байланыс орнатқан шет мемлекеттердің
санының көптігімен дәлелденіп отыр.
1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен
бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында
қазіргі кезде ерекше назарға
ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының
арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың,
өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына
ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан
Орталық Азиядағы географиялық сипаты
бойынша ең ipi мемлекет болып табылады,
оған қоса экономикалық даму қарқыны
бойынша біздің мемлекет аймактағы
көшбасшы. Осы ретте еліміздің
болашақта даму мүмкіндіктерінің мол
екендігін ескере кету керек. Бүгінгі
күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы
ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық
Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен,
ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас
құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда
2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен
және аймақтармен ей жакты байланыс
едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты
бірталай маңызды құжатқа қол
қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон,
Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир,
Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да
басқа мемлекеттердің астаналарына
ресми сапарларының қорытындылары
да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары
мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы
стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге
көтерілді деуге болады.
Халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық.
Халықаралық коғамдастықтағы
еліміздің позитивті образының
қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге
ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі
республика басшылығының көрегендік шешімдерімен
мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық
қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы
тұру, әлем діндері арасында толерантты
қарым-қатынас құру мәселелерін
атап өтуге болады. Осының негізінде
еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік
мүддесі турасында халықаралық
аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік
алды. Мысал ретінде Қазақстанның
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі
елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық
етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын
атап өтуге болады. Соңғы жылдары
Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде
тиянақтылық пен қажырлық танытты.
Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің
кандидатурасын Қазақстанның халықаралық
қауіпсіздік турасында сіңірген
еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер
қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық
етуге өз кандидатурасын ұсынуының
бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш
ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде
пайда болған әpi көбейіп келе жатқан
түрлі қауіпке төтеп бере алатын
күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады.
Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге
ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша
айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на
мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері
Кеңесінің қабылдаған шешімі болды.
Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан
2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының
шешімі халықаралық қоғамдастықтың
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің
маңыздылығын мойындағанының бірден бір
дәлелі болып табылады. Бұл ретте
Қазақстанның аталмыш халықаралық
ұйымның төрағасы ретінде халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
бағытталған өзекті мәселелерді
шешу турасында бірталай ұсыныс жасай
алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты
тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен
қызығушылыққа ие болып келеді және
де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс
беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на
төрағалық ету - бұл Қазақстанның
Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне
интеграциялануының, ұйымның бас
мүшелерімен жалпы еуропалық
өзекті мәселелерді шешу турасындағы
тең құқықты сұхбатты жалғастыру
мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан
дипломатиясының ipi жетістіктерінің
бipi Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық
және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті
(АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны
болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан
басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын.
Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер
басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары
екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар
халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие
болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында
өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық
пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін
форум қатысушылары біріге шешетіндігі
сипатталған декларация және де аталмыш
ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол
қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық
20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық
ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш
форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық
пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған,
бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы
күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу
алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен
400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында
өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің
Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының
(БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен
бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға
айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық
Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет.
Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда
халықаралық және аймактық ұйымдармен
қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға
ие болып келеді. Олардың басты қызметі
қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай
ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап
Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты
және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі
сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың
біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан,
Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және
Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл
ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия,
Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ
шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан
саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық
салалар бойынша көптеген мәселелерді
шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу
мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында
терроризм, экстремизм және сепаратизммен
күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады.
ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік
қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық
деңгейдегі беделді ұйымға айналуына
септік етті.
Жоғарыда айтып кеткен
фактілер Қазақстанның тәуелсіздік
жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді
жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке
айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл
мемлекет басшылығының сыртқы саясатты
дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты
мүмкін болып отырғанын атап кету керек.
Экономикалық жетістіктеріміз де осыны
анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға
$50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция
құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры
тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін
алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп,
ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің
мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002
жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты
экономикалы мемлекет» деген дәрежені
берді. Бұл республика жүргізген нарықтық
реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік
экономикалық форум жария еткен 2006-2007
жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес
Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін
озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша
ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында
көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер
республика алдында жаңа сыртқысаяси
мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы
бойынша Қазақстанның қарқынды дамып
жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері»
ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының
катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте
қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі
мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз
бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары
бар республика болашақта қалыптасып
келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік
жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік
нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші
мемлекетке айналуы әбден мүмкін.
Қорытынды.
Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің
саясатының жәй ғана жиынтығы емес.
Ол жекелеген халықаралық қатынастар
субъектісінің де саясатына сыймайды.
Сонымен қатар әлемдік саясат
халықтар мен мемлекеттердің ортақ,
жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып,
түйістіріп халықаралық қатынастардың
барлық элементтеріне өзінше жеке әсер
етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері
бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді
бола отыра біртұтас құбылыстың жеке
бөлшектері ретінде қызмет істейді.
Әлемдік саясаттың тиімділігі оны
жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді
түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге
бағытталған белсенді саясат ұстануына
байланысты. Мемлекеттің сыртқы саясаты
әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап
бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға
нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер
өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік
алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды
бағалауда ортақ мәселеге келу арқылы
мемлекеттер олардың бетін қайтарудың
біріккен шараларын жасау саясатын күн
тәртібіне қояды.