Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 14:34, реферат

Краткое описание

Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге тура келеді. Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын пайдалануды басқарудың жылдары болды. Алайда, Қазақстанда көптеген он - жылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғи ресурстарды пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты

Содержание

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1. Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі

2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы

ІІІ.Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология концепция.docx

— 47.24 Кб (Скачать документ)

Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.

Қазақстан конституциясында және «Қазақстан – 2030» стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алып отыруына құқық берілген.

               

 

              1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі

Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін «зат алмасусыз» мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсетқіштер мен факторлардың үш өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен экологтар арасында экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған. Ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей қалады. Бүгінде біздің де еліміздегі экологиялық жағдай осындай іс-әрекеттерге байланысты нашарлап кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Біздің елімізде қоршаған ортаны сақтау мен оны пайдаланудың экономикалық әсері осы уақытқа дейін болмады. Экономикалық механизмнің жаңа структурасы өзіне табиғат ресурстарын қарастырып, материалдық техникалық жабдықтауды және сонымен бірге, жаңа экономикалық стимулдарды, яғни, экологиялық фондтар экологиялық сақтандырулар кіргізеді.

Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механизмнің негізгі ерекшелігі – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік коммерциялық дамудың негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы немесе өндіруші өзінің өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аударуы керек.

Экономика мен экологияның қарама-қайшылығы – қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негізгі мәселелерінің бірі. Осы уақытқа дейін бұл мәселелерде әкімшілік-құқықтық әдістермен әсер ету тыйым салу, шектеулер қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. Егер әкімшілік-құқықтық әдісі билік және бағыну қатынастарынан туындаса, онда экономикалық механизм атқарушының нақты мақсатқа жетудің материалдық қызығушылығына негізделеді. Экономикалық механизмнің құрамына тұрақты әрекет институттармен қатар нарық қатынастарына көшу қатынастары негізінде туындаған жаңа институттар кіреді.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизміне арналған тарау бар. Бұл тарауда қоршаған ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.

1. Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі шараларды жоспарлау  мен қаржыландыру.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларында, табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты; экологиялық сақтандыру қаражаты, табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдықтары есебінен жүргізіледі.

2. Табиғи ресурстарды  пайдаланғаны үшін ақы төлеу.

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар табиғат пайдаланушылардан алынады.

3. Қоршаған ортаны ластағаны  үшін ақы төлеу. Қоршаған ортаның  ластанғаны үшін төленетін ақы  ластайтын заттарды шығарғаны  және тастағаны, өндіріс пен тұтыну  қалдықтарын орналастырғаны үшін  ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қоршаған ортаны ластанғаны үшін  төлемдердің ставкаларын қоршаған  ор¬таны қорғау саласындағы орталық  атқарушы орган мен келісе  отырып, облыстардың әкімдері бекітеді.

4. Табиғи ресурстарды  қорғау және толықтыру үшін  ақы төлеу. Табиғи ресурстарды  қорғау мен толықтыру үшін  ақы табиғат пайдаланушылардан  аталған қызметті жүзеге асыруға  жұмсалған бюджеттік шығыстардың  орнын толтыру өтемі ретінде  алынады.

5. Қоршаған ортаны қорғауды  экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық  жағынан ынталандыру қоршаған  ортаны қорғауды тиімді жүзеге  асыратын заңды тұлғаларға –  табиғат пайдаланушыларға субсидиялар  берудің экологиялық жағынан  бағдарланған саясаты мен ынталандыратын  сипаттағы өзге де шаралар  арқылы жүзеге асырылады.

6. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қоршаған  ортаны және табиғи ресурстарды  ұтымды пайдаланбаудың салдарынан  белгілі бір сақтандыру оқиғалары  болған жағдайда сақтанушылар  өздеріне сақтандырушылар төлейтін  сақтандыру төлемдерінен құрылатын  ақша қорлары есебінен, сондай-ақ  заңмен тыйым салынбаған өзге  де көздерден сақтандыру өтемдерін  төлеу арқылы заңды тұлғалар  мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік  жағынан қорғау жөніндегі қатынас  болып табылады. Шаруашылық және  өзге де қызметтің экологиялық  жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын  заңды тұлғалар мен азаматтар  міндетті түрде экологиялық сақтандырылуға  тиіс. Міндетті сақтандыру шарты  сақтандырудың осы түріне лицензиясы  бар сақтандырушымен ғана жасалуы  мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру  заңды тұлғалар мен азаматтардың  өз еркін білдіруі бойынша  жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық  сақтандырудың түрлері, шарттары  мен тәртібі сақтанушылардың  арасындағы келісімдермен белгіленеді.

 

 

 

 

 

              2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары

2.1 Қазақстан Респбуликасындағы  экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру  тетіктері 

Экологиялық қауіпсіздіктің критерийлерін әзірлеу және экологиялық қауіпсіз технологияларын жаппай енгізумен қатар үкіметаралық ұйымдардың бірлескен отырыстарында жақын арада және ұзақ мерзімге атқарылатын іс-шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.

Бейімделудің әмбебаптығы экологиялық қауіптілігі жоғары өнеркәсіп салаларындағы мақсатты ынтымақтасу бағдарламаларын ұзақмерзімді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Әлемдік қауымдастық алдында ластануды анықтау тәсілдерінің біртектілілігін, газ және суды тазалаудың тиімділігі жоғары жабдықтарын әзірлеуде және бақылау мен өлшеу құрылғыларын әзірлеуде, экология-экономикалық фундаментальды ғылыми зерттеулер жүргізуде ғаламат жұмыстар күтіп тұр.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген. ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған.

Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты даму концепциясына алып келді. Тұрақты дамудың анықтамасы бойынша экология мен экономика әріптес болуы тиіс.

Тұрақты даму – бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.

Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

- қаржы ресурстары және  оларды пайдалану механизмі;

- экологиялық қауіпсіз  технологияларды қолдану;

- тұрақты дамуды ғылыми  және ақпараттық қамтамасыз ету.

Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше.

Адамзат дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есептеледі. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.

Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.  Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.

Экологиялық білім беру – әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.

Білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау. Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.

Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

1) суды тиімді пайдалану  технологияларын қолдану 

2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цикл)

3) ауыз су мақсатында  берілген суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл, әсіресе, жоғары сапалы жерасты суларына қатысты.

4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық  мақсатта пайдаланатын судан  бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болмауына жол бермеу

5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Қорытынды

  Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта - табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Бэконның: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек»,- деген сөзін еске алған жөн. Біздер осы қағиданы есте сақтамағаннан соң қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экологиялық-экономикалық мәселелер дүниежүзілік проблемаға айналып отыр. Осыған орай осы уақытқа дейін адамзаттың экологиялық-экономикалық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары толық жүзеге аспай отыр. Сондай қауіпсіздіктің сақталмауы қоғамдағы адамзаттың әрекетінің зияны қоршаған ортағада әсерін тигізбей қоймасы хақ. Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адам басқа тірі организмдерден айырмашылығы, табиғи ортадан өзгеше, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес. Міне, сондықтан адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік шаралар. қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі. Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз-табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады. Осыған байланысты қоғамдағы  экологиялық проблемаларды  реттеуде заңдарды бұлжытпай басшылыққа алу негізгі  рөл атқарады. Еліміздің ішкі экологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін,  жүйелі түрде әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыру қажет. экологиялық талаптарды күшейтіп, адам денсаулығын сақтау шараларын қолға алу керек. «Халық арасында экологиялық ақпаратты таратудың экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде зор ағартушылық-насихаттық маңызы бар. Бұл жұмысқа орталық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары таратылуда»[5]. Сонымен қатар, ұсынылған материалдардың сапасын, жеделдiгi мен өзектiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттiк органдар бұқаралық ақпарат құралдарында олар бойынша ресми материалдарды жариялап көкейкестi экологиялық проблемаларды жария етуге тиiс. Қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштардың мөлшерін азайту үшін, модельді бағдарламалар қабылдануы тиіс. Зиянды қалдықтарды өңдеп қайта қолдану жолдарын қарастыру қажет. Барлық адамзат үшін табиғаттың тазалығын қадағалау басты борышы болуы тиіс.

 

 

                                        Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы » атты 2006 жылғы жолдауы.
  2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңы», 1998 ж, 26 маусым.
  3. Қала мен Дала газеті, Экологияның өзекті мәселелері // 2004 ж, 26 мамыр.
  4. Ақиқат журналы, Экологияның экономикалық залалдары// 2006 ж, № 4, 58-бет.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсiздігі тұжырымдамасы " 2003 жыл 1 тамыз

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары