Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 14:34, реферат
Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге тура келеді. Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын пайдалануды басқарудың жылдары болды. Алайда, Қазақстанда көптеген он - жылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғи ресурстарды пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі
2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі әлемде экологиялық процестер жаһандық масштабтарға ие бола түсуде. Бұл туралы мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының 5-ші отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты. Сондай-ақ, Премьер-Mинистр Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы құрылған. «Бүгіндері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Біз экологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында біздің ел Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары секілді ұйымдардың аясында табысты қарым-қатынастар орнатуда», – деді ол[3].
Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.
«Елің сенің ертегі, жерің сенің ертегі!» деп «Қыз Жібек» жырында Шеге ақын суреттейтін еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу мәселесі енді қандай маңызға ие болатындығын мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық естідік: «Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш «экологиялық атласын» жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген болатын». Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары тіршілік етуге мейлінше қолайлы болатындығын нақты біле алады.
Нұрлан Исқақов бұдан былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын болса, түпкі нәтиже – сондағы су сапасын «таза ауыз су» дәрежесіне жеткізу болмақ. «Біз өзендерді таза ауыз су сапасына дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау министрі. – Мысалға, қазір Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация озық дамыған Еуропа елдерінде дәл осы мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын мәлім етті. Ол нақты айқындалған, осыған біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық қаржымен қамтимыз». Әйткенмен, Қазақ жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті елдер де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан Қазақстан Германияның тәжірибесін әжетке жаратпақ. – Германияда «таза зоналар» әдісі қолданылады, – деп баяндайды Нұрлан Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі ең лас өзендердің бірі болғанын білесіздер, қазір ол әлемдегі ең таза өзенге айналды[4]. Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның тіршілік кешуі үшін қолайлы, ең таза бөліктерін таңдап алған және сол тұстардан тазалықты ақырын-ақырын өзеннің бүкіл бойына жайған. Қазір біздің осы бағытта жоспарлаған қадамдарымыз бар.
«Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздікпен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның дамуында төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады:
- табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек қана жаңа жерлерді игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;
- экологиялық жүйеге үнемі
кері әсер ететін табиғи
- экономиканы милитаризациялау;
- техникалық жүйенің осалдығы және экологиялық қауіп-қатері жоғары кәсіпорындардағы кадрлар мамандығының жетімсіздігі;
- өндіріс орындарында технологиялық процестерде қолданылатын табиғат қорғау жабдықтарының ескіруі және тиімсіздігі;
- қала халқының өсуі, табиғи
ресурстарды пайдалану
- стихиялық және антропогендік апаттар, апатты жағдайлар және түрлі бақытсыздықтар».
Адамның бірінші байлығы – денсаулық. Демек, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауы адам денсаулығына орасан зиян келтіретіні анық. Қазақстан аумағында жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, біздің азаматтардың денсаулығына кері әсер ететін ең зиянды факторлардың арасынан ерекше алаңдататыны экологиялық фактор (42,1 пайыз) болып отыр.
Адамзаттың, әсіресе, планетаның биосфера региондарындағы экологиялық жағдайы қиын мемлекет халықтарының (оның ішінде Қазақстан да бар) экологиялық қауіпсіздігіне төнген жалпы қауіп-қатерін ғаламдандыру, сондай-ақ соғыс қауіпсіздігі қатерін бәсеңдетуді ескере отырып, реформалардың экономикалық мүдде пирамидасын және иерархиялық әлеуметтік басымдыктарын пайдалы қазбалар игерудің ақылға қонымды, табиғи-тарихи және экологиялық негіздерді сактай отырып, тиімді бағыттарын талдап жасау керек. Еліміздің мемлекеттік институттары мен субъектілері және объектілерінің қандай экологиялық жағдайда екендігін есепке алу қажет.
Қауіпсіздікті өлшеудің негізгі критерийлеріне қауіпті алдын-ала сезу, оның қазір және келешекке келтіретін әлеуметтік және табиғи зияндарын анықтау мүмкіндігі және алдын алу шаралары жатады.
Қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін анықтауда тек әлеуметтік саламен шектеліп, адам мен табиғатты екіге бөліп қарастыруға болмайды, ол табиғаттың, қоғам мен адамның жүйеленген бірлігін бұзады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды мәселесі болып табылады. Қоршаған ортаның сапасының төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен табиғи ортаның ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының төмендеуіне, экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты кедергі жасап отыр.
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары
Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым — қатынасы экологиялық-экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі — түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магний өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнеркәсіп орындары мен ведомстволарға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми-техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.
Әлемнің ірі-ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.
Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа деген немқұрайдылыққа ертең кімді кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта «жау шапты, от қашты» деуімнің ең басты себебі экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің біржақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып, көз қарауытардай тапқанымызбен тарих алдындағы жауапкершілігімізді де ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.
Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.
Жергілікті бюджет табысына орман; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.
Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбінесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.
Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.
Қазіргі негізгі принцип мынадай – ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.
Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар.
Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде займдар береді. Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.
Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған. Бұл елбасы жолдауы – болашақ бағдарламасы деген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.
Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі темен.
Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары