Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 20:35, курсовая работа
Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауьшшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына, басқаларының бос қалуына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы - кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендердің салынуы, ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу жөне ауыл-шаруашылық техникаларын жөңдеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) міне, осылар бой көтерді.
Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химияландыру топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе кең ауқымда ол ауылшаруашылығында гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минерал тыңайтқыштарды (нитраттар, нитриттер) қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазартып, өсімдіктерді ауырулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын-шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге, ауылшаруашылық өнімдеріне, жануарлар организміне, содан кейін транслокациялық жолмен адам организміне, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады.
Ауылшаруашылығында қолданылатын дефолианттар карқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, тұрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі.
Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі.
Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерден тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам организміне түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қолдану адамның жедел және созылмалы улануына соқтырады. Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитриттермен және нитраттармен созылмалы улану қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады.
Ауыл экологиясына байланысты ауылдық тұрғындар денсаулығының ерекшеліктері
Ресми статистикалық деректер бойынша ауылдық тұрғындар деңсаулығын сипаттайтын көп көрсеткіштер қалалық тұрғыңдар көрсеткіштерінен біршама жақсырақ.
Мәселен, ауылдық жерде туушылық қаладағыдан жоғары; өлім-жітім қалалық тұрғындар арасында шамалы жоғары; орташа болашақ өмір ұзақтығы ауыл түрғындарында қалалық тұрғындардан жоғары.
Қалалық тұрғындардың жалпы аурушаңдылығы ауылдық тұрғындар аурушандылығынан біршама асады (мың тұрғынға шаққанда қалада 3800-4500 аурушандылықтың кездесу жағдайы, ауылда 1500— 1800 кездесу жағдайы болады). Шынында да осылай ма? Осы көрсеткіштер деңгейі не нәрсеге тәуелді?
Осы сұрақтар көп себептерге тәуелді және солардың ішінде мыналарға:
- біріншіден, дәрігерлік кадрлармен
тұрғындардың қамтамасыз
етілуіне және осымен байланысты диагностика
деңгейіне (ауылда
ауруларға диагностика жасайтын көп мамандар
жетіспейді);
Ауылдық жерлердегі қоршаған орта жағдайларын оңтайландыру (оптимизация) жөніндегі шаралар
Бұл шаралар мынадай негізгі мәселелерді қамтиды:
1. Ауылдық елді мекендердің жоспарлануы мен қайта құрылуын
гигиеналық негіздеу (рагиональдық аудандастыру, ерекшеліктерін тиімді пайдалану);
Ауыл тұрғындарының денсаулық күйін жақсарту үшін қажет:
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
- Ауыл экологиясына байланысты ауылдық тұрғындар денсаулығының ерекшеліктері
Қорытынды
Ауылдық жерлердегі қоршаған орта жағдайларын оңтайландыру (оптимизация) жөніндегі шаралар
Литература