Ауыл экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 20:35, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауьшшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына, басқаларының бос қалуына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы - кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендердің салынуы, ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу жөне ауыл-шаруашылық техникаларын жөңдеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) міне, осылар бой көтерді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ауыл экологиясы.doc

— 105.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

          Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауьшшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына, басқаларының бос қалуына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы - кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендердің салынуы, ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу жөне ауыл-шаруашылық техникаларын жөңдеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) міне, осылар бой көтерді. Жеке ауылдық елді мекендерде түрғыңдардың шоғырлануы, ауылды жақсы жабдықтау, жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыз ету, қатты және сұйық калдықтарды жинау секілді шаралар қоршаған ортаны залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі іс жүзінде қалалық өмірге жақындады.

Осылайша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне себепкер болды.

 

Ауылдын экологиялық жағдайын анықтайтын факторлар

Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтуге жоғары талаптар койылады. Олардың ең бастылары — аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға болу және санитарлық-гигиеналық нормаларды катаң түрде сақтау.

Аумақты дұрыс тандау және оны аймақтарда халық тұратын өңірлерді дұрыс орналастыра білудің, оны сәулеттендірудің және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден-бір алғышарты.

Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада - оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға алғанда оның материалдык және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі өмірдің әлеуметтік-экономикалык факторлары ескерілуі қажет.

Ауылдық жердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты болады. Мәселен, дәлірек айтсақ, ауылдың өңдірістік аймағы селитебтік аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау аймағын сақтай отырып, жердің бедері бойынша төмен орнанасуы керек.

Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін.

Ең алдымен  құрылыстың кебінесе 1—2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі негізінен ел мекендеген аймақты сумен қамтамасыз ету мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен камтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізеді, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек.

                 Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен қайта жасалынуында аулының микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылу керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдаңдыруға қатысты болады. Ауылдық елді мекендердің 40 % аумағын бүкіл ел пайдаланатын және қоршауға алынған жасыл желектер көрініп жатуы және арнаулы мақсаттағы (өнеркәсіп секторының санитарлық қорғау аймағын және қар тоқтату жолақтарын коғалдандыру) орыңдар болу керек.

   Қазіргі  кезде тұтынуға қажетті өнім өндіруте байланысты адамның ауылшаруашылық қызметінің ауқымының өсуіне орай табиғатта бірқатар өзгерістер болып жатыр. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар жыртылған жерлер, суарылатын алаптар, жасанды жайылымдар арқылы ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер - агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы қызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Адам мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, экологиялық жүйенің барлық компоненттеріне былайша әсер етуде:

-топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен;

  • ауылшаруашьшық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен атмосфералық алуға;
  • ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су қоймаларына.

Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге байланысты малшаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластай бастады. Мал шаруашылығы кешендерінің саны қуатшлығының артуы нәтижесінде оның көлемі коммуналдық қалдықтар аумағынан әжептеуір арта түсті, мысалы, Германияда - 5 рет, АҚШ — 10 рет. Бір сиыр тастайтын жапаның мөлшері 16 адамдікіне, ал бір шошқаның шығарғаны - 2 адамдікіне тең.

Халық тығыз  орналасқан аумағы шағын Данияда, мал  шаруашылығы кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарының эквивалентіне, ал Голландияда мал шаруашылы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2,5 млн. тұрғыны бар қалалардың ластануына тең келеді. 100 мың бас ірі қара малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғанымен пара-пар екендігі есептелініп шығарылған.

Қазіргі уақытта, мал және құс шаруашылықтарының кешендері мен фермалары ауылды жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері десек, оны қуаттылығы мен ауқымы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады. Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан қорғау нақты технологиялық шешімдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол үшін мал шаруашылығы кешендерін үйлерден біршама қашық жерлерге салу, лас заттарды өңдеу мен жоюдың дұрыс жолын таңдап алу қажет. Сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен шығару механизацияның көмегі арқылы көң жиналатын орындарға тасымалданады. Мәселен, ірі қара малының қиында аса мол мөлшерде органикалық және бактериялық лас заттар болады. Олар мыналар:

Рн 7,2

Қалқыған  заггар 19000-60000 мг/л

Мөлдірлігі  1:50, 2,0-2,5 см

ОБҚ (оттегінің  биологиялық қажеттілігі) 3000-8000 мг/л

ОХҚ (оттегінің  химиялық қажетгілігі) 6000-25000 мг/л

Аммиак азоты 300-1400 мг/л

Нитратгар азоты -

Микробтық сан 1,0-107 1 литрде

Колититр 10-5-10-7 1 мл-ге

Энтерококгар  титрі 103-105 1 мл-ге

Гельминттер жұмырткасы 10,0-20,0 1 л-де

Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез, бруцеллез, сүзекті-паратифозды инфекциялар, салмонеллез, гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бүл малшаруашылық кешендерінің көң араласқан шайынды суларында эпидемиологиялық қауіп төндіретін заттардың болатындығын көрсетеді. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мг/м3 дейін) және күкіртті сутегімен (14 мг/м3 дейін) ластанады.

Мал және шошқа фермаларындағы көң шайындыларының елді мекендерден  шығатын осы тектес лас заттарға қарағанда біршама зиянды әрі қауіпті екендігін төмендігі салыстырмалардан да байқауға болады:

Рн 8,1

Қалқыған заттар 21 168 мг/л

Хлоридтер 56 мг/л

ОБҚ (оттегінің  биологиялық қажетгілігі) 67,7 мг/л

ОХҚ (оттегінің  хішиялық қажеттілігі) 320,1 мг/л

Аммиаказоты 37,1 мг/л

Микробтық сан 1,6 х 106

Колилитр                                        10-5 мл-ге

Малшаруашылық кешендеріндегі органикалық заттар мен минералдық тұздардың шоғырланулары шаруашылық-тұрмыстық жуынды ағындылардағы және кейбір өнеркәсіп салаларының жуынды ағындыларындағы шоғырланудан бірнеше есе артады, сондықтан қоршаған ортаны ластайтын қауіптірек ластауыштар болады (кесте).

Құс саңғырығының құрамы малшаруашылығының қалдықтары құрамынан өзгеше. Мәселен, жұмыртқалайтын тауық жыл сайын 60 кг құрғақ саңғырык шығарады, күрке тауық - 90 кг, қаз - 240 кг. Саңғырықтың құрғақ массасында әдетте 0,8-1,2 % азот, 5-7 % протеин болады. Құс зәрінде зор қышқылы, креатин, креатинин болады.

34,5-48,3 % 15-40 % 8,5% 2,3% 2%

2,8-4,5 % 14-25 % 6 % дейін



Құрғақ қалдық

Күл

Кальций

Фосфор

Калий                                                 2%

Шикі май (эфир экстраты)                 2,8-4,5%

Шикі клетчатка                                  14-25%

Зәр қышқылы                                      6% дейін

 

Ауылдың қоршаған орта нысандарының ластану көздері

Топырақ және су көздерінің ластануы тудыратын жағдайлар мыналар:

- өнеркәсіптік алаңшалардың үстіңгі бетінен атмосфералық 
жауын-шашынмен жұылған заттар;

- көң сақтайтын орындардан немесе сыйымдылықтардан топырақтагы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулардың жырып өтіп кетуі;

— жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы;

— ауылдық елді мекемелердің аумақтарын дұрыс жоспарламау. 
Су қоймасына түскен жуынды судың әсері суда еріген өтгегі

мөлшерінің күрт азаюы, шіріген иістердің пайда болуы, қарақошқыл түсі, органикалық заттар ОБҚ және қышқылдануының көбеюі арқылы білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак жәнс органикалық қосылыстар шоғыры курт жоғарылайды. Топырақта ішек тобына жататын патогендік бактериялар мен сальмонеллездер бір айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 см жөне одан да тереңге кіруі мүмкін.

      Атмосфералық ауаны газдармен ластаудың негізгі көзі — көң мен құс саңғырығы болып саналады. Газдар жерге түсу, тасымаддану, сақтау, өндеу және жою үрдістерінде шығады.

          Жерге жаңа түскен тезекте анаэробтық үрдістер дами бастайды. Жасушадан тыс ферменттер көміртектік қешенді қарапайым  қанттарға, протеинге және аминоқышқылдарға, майға және майлы қышқылдарға (сірке суы, май, пропиондык қыжылдары) дейін гидролиздейді, соның нәтижесінде қышқылданып дамиды;

  • қышқылдануы ашудың регрессиясы: органикалық қышқыл-дар ерітілетін азоггық қосылыстар аммиакка, көмір қышқыл газына, азотқа, метанға, сутегіге ыдырайды, Рн арта түседі және күкіртті сутегі, индол, скатол, миркоптан пайда болады;
  • сілтілік ашу: органикалық қышқылдар көмір қышқыл газы мен метанға ыдырайды.

Мал шаруашылығы  мен құс шаруашылың қалдықтарының анаэробтық үрдістерінің нәтижесінде 27 газ тәрізді қосылыстар шығады, олардын негізгілері күкіртті сутегі, аммиак, көмір қышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар. Олар фекалийлерден иістер шығуының себебі болады. Олар жануарларға да, адамдарға да зиянды әсер стеді. Олардың жиіркеніш тудыратын қасиетінен басқа да әсері болады: бас ауыру, жүрек айну және үстүрт тыныс алу, қышқылдану үрдістерінің әлсіреуіне, тыныс органының функциясы бұзылуына, орталық жүйке мен сезім органдарының (иіс сезу) бұзылуына ықпал жасайды.

Шошқа шаруашылығы кешендерінің ауданында атмосфералық ауа 1500 м қашықтыққа дейін 0,44 мг/м3, 2500 м - 0,22-0,44 мг/м\ 300 м - 0,33 мг/м3, 3500 м - 0,22 мг/м3 аммиак пен ластанады. 3000 м қашықтықта 47,5 % сынамалар аммиак бойынша ШРЕК асады және 4500-5000 м қашықтықта ғана аммиак мөлшері ШРЕК деңгейінде болады. Кешендерден 2500 м қашықтықта өзіне тән арнаулы иіс сезіледі. Шошқа шаруашылығы кешендері ауданындағы атмосфералық ауаны биологиялық зерттеу көрсеткендей, одан 100, 200 м қашықтықта 1 м3 ауада микробтар саны 1501825 құрайды, 800 м -900 дейін, ал 2000 м 25 тен 1300 дейін микробтар болды, ол бақылау (контроль) сынаманың мағынасына жақындайды.

Ірі қара мал (10 000 бас) шаруашылыгы  кешенінен атмосфералық ауа ластануы мынадай үлгіде көрінеді: Кешеннен 700 м қашықтықта аммиактың шоғырлануы 0,50 мг/м3>, 1800 ден 2300 м дейін -0,44 мг/м3 анықтадады, сонда осы қашықтықта аммиак шоғырлануы 37 % болған жағдайында ШРЕК артты. Кешеннен 3000 м қашықтықта аммиак шоғыры ШРЕК-тен төмен болды. Күкіртті сутегі мен меркаптандар атмосфералық ауада анықталмайды. Органолептикалық арнайы иіс комплекстен 700-1200 м қашықтықта үнемі және күшті сезіледі, 1800 м — үнемі жөне әлсіз, 2500—3000 м - үнемі емес әлсіз болып сезіледі.

Осы үлгімен, гигиеналық көзқарас тұрғысынан 1800 ден 2000 м қашықтықта тұрғындардың тұруына болмайды және ірі қара мал кешені (10 мың бас) атмосфералық ауаны 3000 м қашықтықта ластайды.

Құс шаруашылығы кешендерінің ауданында атмосфералық ауа аммиакпен ластанады оның концентрациялары өнеркәсіп алаңшасында 0,22-1,22 мг/м3 аралығында, 500 м қашықтықта - 0,38 ден 0,47 мі/м3, 1000 м - 0,37-0,39 мг/м3,1500 м - 0,15-0,50 мг/м3, 2000 м -0,20-0,27 мг/м3, 2500 м - 0,11-0,16 мг/м3 анықталды. 2500 м және одан алыс қашықтықта аммиак шоғыры ШРЕК-тен аспайды.

Құс шаруашылығы кешендерінен органолептикалық анықталатын арнайы иіс 2500 м дейін таралады: 1000 м дейін - үнемі және күшті, 1500-2000 м - үнемі және әлсіз, 2500-3000 м - үнемі емес және әлсіз. Соңда 2500 м құс шаруашылығы кешенінен ұнамсыз иістердің таралатын шекарасы деп санауға болады. Осы комплекстер ауданындағы атмосфералық ауада бактериалдық шашылуы өнеркәсіп алаңшасында 1 м 3 ауада 13400 микробтар, 100 м қапшықтықта - 905-тен 2925 дейін; 500 м - 1500-8700; 1000 м - 1925-4100; 2000 м"- 150-1125; 2500 м - 175-1200 микроптар құрайды. 3000 м қашықтықта микробтық шашылу 1 м3 ауада 150-950 микробтар құрайды және іс жүзінде бақылаудағымен бірдей (225-900).

         Ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз етілуі қалаға қарағанда біршама өзгеше. Мәселен, республика бойынша ауылдардың18-20 % немесе 36 % ауылдық тұрғындар орталық арқылы сумен қамтамасыз етілген, ал кепілдік сапасы бар ауыз сумен 60 % шамасында республика тұрғындары қамтылған. Егер қалаларда бір адамға шаққанда тәуліктік су жұмсау 300—350 л жетсе, ол ауылда тәулігіне 50-60 л ғана құрайды.

Ауылдық жер жағдайларында тұрғындар деңсаулығын сақтауда судың мағынасы зор.

Бұл - ең әуелі эпидемиологиялық қауіпсіздік. Өршіп шығатын көп аурулардың қоздырғыштарын таратушы су болады: дизентерия, ішек аурулары, сүзек-паратиф инфекциялары, сальмонеллез, инфекциялық гепатит, энтеровирустар, аденовирустар таралуына су себепкер болады.

Сонымен бірге қалаларда  да, ауылдық жерлерде де ауыз судың химиялық құрамы тұрғындар арасында инфекциялық емес аурудың таралуына көп жағдайда әсер етеді: кариес, флюороз, бүйректас ауруы, өттас ауруы, созылмалы гастриттер, дерматиттер, остеохондроздар, қан аурулары (метгемоглобинемия), атеросклероз, жүйке жүйелері аурулары.

Информация о работе Ауыл экологиясы