Атмосфералық ауа сапасының нормативтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 13:27, курсовая работа

Краткое описание

Атмосфера Жердің ауа қабатын құрайды. Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Жеке иондардың шамамен 2000 км биіктікте де байқалатындығы белгілі болып отыр.
Атмосфераның төменгі шекарасы — Жер беті болып саналады.
Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бірақ бұл шекара да дәл емес. Өйткені ауа Жердің ішкі қабаттарына да өте алады. Бұған су буы да араласады. Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.

Содержание

Кіріспе
1.Атмосфераның құрамы және маңызы
1.1Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі
1.2Атмосфераның қабаттық құрылымы

2. Атмосфералық ауа сапасының нормалау
2.1 Атмосфералық ауа жағдайын бақылау
2.2Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар
шығарындыларының нормативтерін есептеу


3.Атмосфералық ауаны қорғау
3.1Атмосфераны ластаушы көздерді және зиянды физикалық әсерлерді бақылау
3.2Қазақстан қалаларының атмосферасының шаң бөлшектерімен ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп – қатерін бағалау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс мика.docx

— 151.01 Кб (Скачать документ)

Өндірістік жағдайларда  шығарындыларға сандық және сапалық  анализ жүргізу үшін аса қарапайым  индикаторлы әдістерді қолданады. Тәжірибеде УГ-2 и УГ-3 газанолизаторлары аса кең қолданылады. Осы күрделі емес құралдың көмегімен зиянды қосылыстардағы 20-ға жуық заттарды анықтауға болады, соның ішінде күкіртсутек, аммиак, ацетон, этилді эфир және т.б қосылыстар қатарындағы элементтерді анықтайды. Бұл құрал өте қолайлы, қарапайым.

3.2 ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ  АТМОСФЕРАСЫНЫҢ ШАҢ БӨЛШЕКТЕРІМЕН  ЛАСТАНУЫНАН ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА  ҚАУІП-ҚАТЕРІН БАҒАЛАУ

Қазіргі кезде кез-келген елді мекендердегі ауа бассейіні жүздеген химиялық заттардың түрімен ластанған, бұлардың деңгейі шекті деңгейден әлдеқайда  жоғары, ал оның ағзаға тигізетін қосалқы  әсерлері өте жоғары болып отыр. Барлық тұрғылықты мекендердегі атмосфералық ауаның ластануы ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Экологиялық мониторинг Департаментінің ресми мәліметтері  бойынша алынған атмосфераның ластану  индексі (АЛИ5) кешенінің көрсеткіштері бойынша бағаланады. Республиканың ластанған қалаларына (АЛИ≥ 5) 12 қала кіреді, соның ішінде ауаның жоғары деңгейде ластанған қалаларына (АЛИ≥ 7) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) кіреді (1-нші сурет).

Қазақстан Республикасы қалаларының ауа бассейінінің ластануына жүргізілген бақылау  нәтижелері бойынша ең жоғары ластану  деңгейі Алматы қаласында байқалды (АЛИ– 11,7) (Сурет 1).

Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейі бойынша динамикасын  талдау барысында мынадай нәтижені көрсетті; өткен 2009 жылға қарағанда 2010 жылы, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қалаларында  АЛИ(атмосфераның ластану индексі) төмендегендігі байқалса, ал Шымкент, Теміртау, Астана, Қызылорда қалаларында ол керісінше жоғарылады. Ал қалған Тараз, Қарағанды, Атырау, Риддер, Жезқазған, Петропавл, Қостанай, Семей, Ақтау, Павлодар, Глубокое ауылы, Балқаш, Екібастұз, Талдықорған, Көкшетау қалаларында өзгеру үрдісі байқалмады (1-нші сурет).

1-нші сурет. 2009-2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (АЛИ5) салыстыру

Көптеген қалаларда ауаның ластану индексінің құрамына ауадағы қалқыған шаң бөлшектерінің үлесі басқа да зерттелініп отырған бөлшектермен (Атырау қаласында 45%, ал Астана қаласында 65% дейін) салыстырғанда жоғары болды. Осыған байланысты, біз ҚР қалаларындағы қалқыған бөлшектердің жиынтық концентрацияларын бағалау қажет деп есептейміз.

Жалпы қалқыған заттар (шаң) жөніндегі мәліметтер «ҚР қоршаған орта жағдайы жөнінде», РГП «Қазгидромет» жыл сайынғы ақпараттық бюллетеньдерінен алынған. 2-нші суретте көрсетілгендей Тараз бен Павлодар қалаларынан басқа зерттелінген қалаларда қалқыған заттардың орта жылдық концентрациялары соңғы үш жылда шекті деңгейден асып кетті.

Осыған байланысты, көрсетілген тұрғылықты мекендер қалқыған шаң бөлшектерінің жиынтық концентрациясының жоғары әсеріне тәулік бойы ұшырап отырады. Қалқыған шаң бөлшектерінің жиынтық концентрациясының бұдан да жоғары деңгейі, шекті қалыптан 2 есе жоғары Алматы қаласында, (зерттелінген кезеңде ШРЕК асу еселігінің біртіндеп төмендеуі байқалды) сонымен қатар, Астана, Жезказған және Атырау қалаларында (2-нші сурет) байқалады.

2-нші сурет. 2008-2010 жж аралығындағы ҚР қалаларының атмосфералық ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) ШРЕК-нан асу еселігі.

ҚР қалаларындағы шаң фракцияларының орта жылдық концентрациялары 2008-2010 жж аралығында бағаланды. Зерттелініп отырған кезеңде барлық бақылауға алынған тұрғылықты мекендердің ауа бассейінінде шаң фракцияларының орта жылдық концентрациялары РФ гигиеналық нормативтерінен жоғары болды (кесте 1). Бір көзбен қарағанда, осы шаң бөлшектерінің фракцияларының гигиеналық нормативтері РФ өте төмен сияқты көрінеді. Бірақ, Европа Одағының PM10 шаң фракциялары үшін орнатылған нормативі 40 мкг/м3 немесе 0,04 мг/мқұрайды, бұл РФ регламентіне сәйкес келеді. ( РМ10ШРЕК-ы=0,04мг/м3). Мысалы АҚШ –да РМ10 шаң бөлшектері үшін регламент – 83 мкг/мнемесе 0,08 мг/мболып табылады. Сонда РФ шаң фракцияларының гигиеналық нормативтері Европа Одағының нормативті шамаларымен бірдей болып табылады, бірақ АҚШ регламентімен салыстырып қарағанда 2 есе төмен болып отыр.

РМ10 и РМ 2,5 респирабельді фракциялардың ШРЕК-нан жоғарылау еселігінің маңызын талдау кезінде Республиканың зерттелініп отырған барлық қалаларында, 2008 ж Тараз бен Павлодар қаласы және 2010 ж Қызылорда қалаларынан басқа, олардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден 2 есе ШРЕК шамасында жоғары болып отыр (3-нші сурет). Ал, Астана, Жезказған және Атырау қалаларында жүргізілген зерттеулердің барлық кезеңдерінде жоғары деңгейлері (5 ШРЕК және одан жоғары) байқалады

Қорытынды

 

Қазіргі кезде тұрғындар денсаулығын  сақтау және нығайту көп жағдайда қоршаған ортадағы нысандардың сапасына да байланысты екендігі мәлім. Адамның  тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта дамыған  қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің  біріне жатады. Қоршаған ортаның ластануы ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуіне  әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде  ағзада әртүрлі патологиялық жағдайлардың дамуына ықпал жасайды. Қазіргі  уақытта өндіріс орындарына, энергетика және автокөліктерге таза, қалдықсыз  технологияның енгізілгендігіне қарамастан, ластанған ауа әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін қатерлі болып табылады. Көптеген зерттеушілер атмосфералық ауа  және оның құрамындағы ластағыштар  урбанизацияланған аймақтарда тұратын  тұрғындардың денсаулығына жоғары деңгейде қауіп-қатер туғызатын «бірінші дәрежелі фактор» деп бағалайды

Қазіргі кезде кез-келген елді мекендердегі ауа бассейіні  жүздеген химиялық заттардың түрімен  ластанған, бұлардың деңгейі шекті  деңгейден әлдеқайда жоғары, ал оның ағзаға тигізетін қосалқы әсерлері өте жоғары болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

     1.Д.Шардарбеков «Алматы облысының экологиялық жағдайы» 

2.Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду. – М., 2002.-408 б.

3.Ревич Б.А., Авалиани С.Л., Тихонова Г.И. Экологическая эпидемиология. – М., 2004., – 384 б.

4.Авалиани С.Л., Ревич Б.М. Оценка риска загрязнения окружающей среды для здоровья населения как инструмент муниципальной экологической политики в Московской области. – М., 2010. – 311 б.

     5.Ж.Жатқанбаев « Экология негіздері»  Оқулық – Алматы. 
    6.А.Көшербаев «Тау –кен және байыту өндіріс экологиясы». 
    7.Е.Шілдебаев «Қызық экология» Әдебиет  
    8.Оспанова «Экология негіздері»  Алматы: 2002ж. Асқарова Ұ.Б «                Экология  және қоршаған ортаны қорғау» 2005ж. 
    9.Облыстық экологиялық орталық 2006 жылғы мәліметтер

 


Информация о работе Атмосфералық ауа сапасының нормативтері