Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:14, реферат
Энергияның физикалық түсүнігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси, экологиялық және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ дәстүрлі табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және дәстүрлі емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану.
Кіріспе
Күн энергиясы
Жел энергиясы
Гидроэнергетика
Биоэнергетика
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Бұл технологияның қоршаған ортаға пайдалы екеніне көз жеткізген адамдар өз жақтаушыларын табуда. Биогазды қолда бар қалдықтар ағындыларынан жеңіл өндіруге болады, мысалы целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің, қант өнеркәсібінің қалдықтарынан, кәрізден, мал шаруашылығы қалдықтарынан және т.б. Мұндай әртүрлі ағындылар бір массаға сұйылтылып, ашу процесін өтуі тиіс, соның нәтижесінде метан газы пайда болады. Мұны қазіргі тазалағыш ғимараттарды биогаз қондырғыларына қайта құру жолымен жасауға болады. Биогаз қондырғысымен барлық метан газы бөлінгеннен кейін қалдықтардың қалдығы бастапқы биомассадан гөрі өте қолайлы тыңайтқыштар болуы мүмкін. Биогазды өндірудің балама әдісі – қоқысты өңдеудің замануи жүйелерін пайдалану, мысалы, механикалық, биологиялық өңдеу. Мұндай жүйелер өңдеуге жарамды тұрмыстық қалдықтар элементтерін қалпына келтіруде және анаэробтық қазандықтарда микробөлшектермен ыдырылататын субстанцияларды өңдейді. Жаңаланатын табиғи газ – бұл биогаз, оның сапасы табиғи газдың деңгейіне дейін көтерілген. Оның сапасын мұндай деңгейге дейін көтеру, газды қолданылып жүрген газкөлік жүйесі арқылы жаппай нарыққа қоюға мүмкіндік береді. Биогаз – бұл метан мен көмірқышқыл газының қоспасы, арнайы реакторларда – мэтантектерде пайда болады, ол метанның барынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін осылайша басқарылады және құрастырылған. Биогазды жағу кезінде алынатын энергия бастапқы материалдағы 60-тан 90 %-ға дейін жетеді. Алайда биогазды құрамында 95 % суы бар сұйық массадан алады, мұны іс жүзінде анықтау қиындау.
Басқа – және өте маңызды нәрсе – биомассаны өңдеу үрдісінің құндылығы мынада, оның қалдықтарында бастапқы материалға қарағанда, ауруға шалдықтыратын микроорганизмдер аздау. Биогазды әртүрлі кең құлашты қондырғыларда алуға болады, әсіресе, агроөнеркәсіп кешендерінде тиімді, онда толық экологиялық цикл мүмкіндігі бар. Биогазды жарықтандыру, жылыту, тамақты әзірлеу, тетіктерді, көлікті, электр генераторларын іске қосу үшін пайдалануға болады.
Қазақстанда орман 10 млн. га-дан аса алқапты алуда, бұл елдің жалпы аумағының 4 % құрайды, соның ішінде 4700 мың га-да сексеуіл өседі. 1990 жылы елімізде ағаш дайындау көлемі жылына шамамен 3 млн. м3 құрады.
Қорытынды
Сарқылмайтын энергия
көздері бойынша Қазақстан жан
басына шаққанда алдыңғы қатарда. Оңтүстік
және оңтүстік шығыс тау өзендерінде
жалпы қуаты қазіргі жылу электр
станцияларына тең келетін
Қолданылған әдебиеттер
1. А.А. Крашенников Перспектива использования нетрадиционных источников энергии //Энергетика и топливные ресурсы Казахстана, 1992, №1. С.48 -52.
2. А. БЕЙБАРСОВ, 19.11.2004. http://www.kubhost.com
3. А.Е. Викторов, JI.A. Нечаев, JI.H. Чернокнижная Перспективы использования солнечной энергии в народном хозяйстве Казахстана.
4. Атлас энергетических ресурсов СССР /под ред. А.В. Винтера. Т II, выпуск 16, 1937.
5. Агроклиматический справочник по Жамбылской области. JI: Гидрометео-издат, 1974, 116 с.
6. Б.М. Маринушкин Проблема развития нетрадиционной энергетики // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана, 1992, № 1. С. 115 117.