Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:14, реферат
Энергияның физикалық түсүнігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси, экологиялық және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ дәстүрлі табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және дәстүрлі емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану.
Кіріспе
Күн энергиясы
Жел энергиясы
Гидроэнергетика
Биоэнергетика
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Жүйелік талдау және басқару кафедасы
Реферат
Тақырыбы: «Альтернативті энергия көздері»
Орындаған: Габбасова Асель АБ-11
Тексерген: Дәрібай А.О.
Астана, 2013 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Энергияның физикалық түсүнігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси, экологиялық және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ дәстүрлі табиғи отындардың (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және дәстүрлі емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану. Бұл ғылыми жобада электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері қарастырылады. Жер астынан алынатын отын түрлерінің азаю салдарынын жаңартылып отыратын энергия түрлері қолдануда — бұл энергия формалары өзінің жиналған қорымен шектелмеген. Осындай типті энергияның қолдануы энергия қорының азаюына әкелмейтінін білдіреді.
Қазіргі кезде әлемде энергия
тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып
келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ
сияқты энергия көздерінің сарқылуы
немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға
тигізетін зиянды әсерінің күн санап
артуы адамдарды бей-жай
Күн энергиясы - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл сәуле шығару аймағы. Қазақстан республикасы үшін алып айтқанда бізге қуат боларлық энергия көздері көп. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады. Халық шаруашылығы, металлургия, ауылшаруашылық, энергетика саласында күн энергиясын пайдалануға болады. Қытайда 18 қабаттан тұратын, тек қана күннен қуат алатын ғимарат былтыр қолданысқа берілді, әрине, мұндай жағдайды бізде де жасауға болады. Себебі, жер температурасының жылуы Батыс елдерін айтпағанның өзінде, Қазақстан және Ресей секілді миниралды ресурстарға бай елдердің де табиғатына әсер етіп отыр. Қысқасын айтқанда, күн сәулесі - сарқылмас болашақтың энергиясы. Күн энергиясын пайдалануға бізде қолайлы жағдай бар. Қазақстанда күн энергиясын, қайтарымды қуат көздерін дамытуға толықтай негіз бар. Географиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті. Әсіресе еліміздің оңтүстік аймағына энергияның осы балама көзін пайдаланған әлдеқайда ұтымды болар еді. Стэнфорд университетінің бір топ ғалымдары, күн энергиясын электроэнергияға жарататын құрылғының жаңа типін қоғам көпшілігінің назарына ұсынды. Жаңа күн түрлендіргішінің прототипі былай жұмыс істейді: күн сәулесі электрондарды қоздырады, ал, жылу бұл электрондар вакуум арқылы басқа электродқа секіріп шығуына итермейледі. Сөйтіп, электроқуат пайда болады. Конструкция, сондай-ақ, артық жылуды бу қозғалтқышына жібереді де, күн энергиясының 50% электроқуатқа жаратады. Мұндай көрсеткіштер, қазірде қолданып жүрген, күн батареялардың көрсеткшінен екі есе артық. Кремний күн батареяларының басым бөлігі, батареяға түсіп тұратын, күн сәулесінің 20 пайызын ғана электроқуатқа жаратады. Күн энергиясын пайдаланудың мұндай тиімсізділігін оңай түсіндіруге болады. Батареяның белсенді элементтері тек белгілі бір алабтың күн спектрін сезеді. Фотондардың бұл алабқа сәйкес келмегендігі, электроэнергиясының емес, жылу энергиясының пайда болуына ықпал етеді. Сөйтіп, потенциалды энергияның көбі текке кетеді. Қисынсыз шығындарды болдырмау үшін, күн энергиясының бірнеше спектрін пайдаға жарата алатын құрылғыны жасап көруге болады. Нақты шешім – бұл көпқабатты күн батареяларын ойлап табу. Мұндай батареялармен күн энергиясының 40 пайызын түрлендіруге болады. Бірақ, шынына келетін болсақ, мұндай қондырғылар, кәдімгілерге қарағанда, едәуір қымбат болмақ. Жылу және күн энергиясының түрлендіру принциптері әртүрлі, сондықтан олар бір мезетте электроқуатқа айналмайды. Неғұрлым температура жоғары болса, соғұрлым жылу энергиясының түрлендірілуі тиімді болады. Ал, жоғары температуралар күн батареяларын құртып тастайды. Үнемі қатарлас жүретін, бұл электроқуат көздерінің пайдасын бір мезетте іске жарату үшін, Стенфорд университетінің зерттеушілері термоэмиссиялық түрлендіргішіне назарын аударды. Оның жұмысы термоэлектрондық эмиссияның әсерінде негізделеді. Қондырғының құрамында, шағын аралықпен бөлінген, екі электрод бар. Катод жылынғанда (жиі жағдайда катодты цезийден жасайды) оның электрондары қоздырылады да, бос кеңістікті «секіріп өтіп» анодқа «секіріп шығады». Нәтижесінде, сыртқы тізбегінде электрикалық тоқ пайда болады. Мұндай түрлендіру жоғары температураларда орын алады. Цезийдің әсерінен. Стенфорд тобы катодты жасау үшін, цезийді емес, тек жылумен ғана емес, жарықпен де жұмыс жасайтын, жартылай өткізгіш материалдан шығарылған тілімшені пайдаланды. Осының арқасында, түрлендіруге әкеле алатын, температуралар біршама төмендеді. Прототиптен өнеркәсіптік үлгісіне дейін жету үшін құрылғы ұзақ жол өту керек екенін, жоба авторлары жақсы түсінеді. Бірақ, қазірдің өзінде мұндай батареялардың болашағы бар деуге болады.
Жел энергиясын
механикалық, жылу немесе
Гидроэнергетика (грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Дүние жүзіндегі ең үлкен СЭС Венесуэлада) (Гури бөгеті, 10 млн кВт) және Бразилияда Парана өзенінде (Итайпу ГЭС-і, 12,6 млн кВт) салынған. Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері саркылмайтын (трубина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын өзен және бұлақ суымен толтырылады) болуы мүмкін. СЭС-тердің экологияға нұқсан келтіретін факторлары да бірталай. Мысалы, жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді пайдалануға жарамсыз етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық бұзады. Су қойма түбінде мыңдаған тонна шөгінділер (өнеркәсіп және тұрмыстық ақаба суымен бірге өзенге түсетін улы заттектер) жиналады. Бұл су қойманы жойғанның өзінде аумақты пайдалануға жарамсыз етеді. Таулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы. Бірақ сейсмикалық қауіпті аудандарда алапат ықтималдығы жоғары болуы мүмкін. Жер сілкіністері орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Италиядағы Вайонда 1993 жылы бөгетті су жарып өткенде 2118 адам, ал Индияда Гуджерат бөгетін су жарып өткенде 16 мың адам қаза болды. Қазіргі уақытга үлкен СЭС-тер салудың келешегі жоқ, оларды бөгет салуды қажет етпейтін ағыны жылдам шағын немесе үлкен өзендерде салу ыңғайлы деп есептеледі. Кіші су энергетикасы дәстүрлі емес энергетикаға жатады; 2 бөгет салу арқылы не салмай, аққан судан энергия алу. Су энергиясының біршама арзандығына қарамастан, ресурстардың шектеулілігіне және энергия қондырғыларының көп аумақты алатынына байланысты болашақта ол дүние жүзіндегі энергетиканың 5%-ынан аспайтын болады. Шағын су, жел электр станцияларының тиімділігі де жоғары. Мысалы, Алматы облысында қажетті қуаты 500 мВт жылу электр станциясын салуға 6-8 жыл керек, ал республика бойынша жел энергия қондырғыларының бір күнде екеуін құрып пайдалануға болады екен. Сонда бір ЖЭС, АЭС салынатын жылда бірнеше мың жел энергия қондырғысын салып, одан ЖЭС-тен екі есе артық энергия алуға болады. Бұл дегеніңіз жел энергиясы атом энергиясына бәсекелес бола алады деген сөз. Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.
Алғашқы су энергиясы диірмендердің,
станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің,
т.б. жұмыс машиналарының
Биоэнергетика,
биологиялық энергетика — тірі
организмдердегі энергияның
Соңғы жылдары биогазды өндіру үрдісіне қызығушылық елеулі өсті – бұл жоспарланған және салынып жатқан биогаздық қондырғылар санының өсуімен ғана байқалмайды, фермерлер, коммуналдық шаруашылықтар, кәсіпорындар, саясатшылар және жеке шаруашылықтардың едәуір бөлігінің қызығушылығын туғызуда, олар осы сектордың дамуын мұқият байқауда. Энергетика саласы биогаздық қондырғылардың салынуына байланысты өндірісті орталықсыздандыруға бұрынғыдай алаңдаушылықпен қарамайды. Тамақ өнеркәсібі, гастрономия, үлкен мейрамханалар, қоғамдық тамақтандыру мекемелері мен тамақ қалдықтарын өңдеу жөніндегі кәсіпорындар үшін биогазды өндіру технологиясы органикалық қалдықтар мен азық-түлік қалдықтарын биогаздық қондырғыларда ауылшаруашылығына пайдалы, арзан кәдеге жаратуға мүмкіндік береді.