Тұрақты даму концепсиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 22:59, реферат

Краткое описание

Адамзат қоғамының алдында түрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық атрихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экология мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

эколог 6 срсп.docx

— 51.33 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Тұрақты даму критерийлері мен көрсеткіштері

 

Тұрақты даму көрсеткіштері  мен критерийлерін таңдау мәселелері әлемде кеңінен талқылануда. Бұл  мәселелермен БҰҰ-ның Тұрақты дамуды саяси үйлестіру департаменті айналысады. Бұл мәселелер түрлі халықаралық  конференциялар мен семинарларда жан-жақты  қарастырылады. Тұрақты даму көрсеткіштерінің әдістемесі күрделі ғылыми мәселе болып  табылады. Тұрақты даму сипаттамасы  үшін түрлі иерархиялық деңгейлерде  қарастыруға бірқатар көрсеткіштер қолданылады:

    • ғаламдық;
    • ұлттық;
    • аймақтық;
    • жергілікті;
    • салалық.

Негізінде ғаламдық және жергілікті көрсеткіштермен толықтырылуы мүмкін ұлттық көрсеткіштер негізі болып табылады. Экологиялық-экономикалық даму көрсеткіштерін әзірлеудегі шетелдік және отандық  әдіснамалық тәжірибені қорытындылау барысында келесідей бағыттарды көрсетуге болады:

    • тұрақты дамуды бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер санының өсуі олардың жіктелуін қажет етеді, экологиялық-экономикалық көрсеткіштерге «қоғам-табиғат» жүйесіндегі қатынастарды сипаттайтын көрсеткіштердің бүкіл жиынтығын жатқызу ұсынылады;
    • тұрақты даму көрсеткіштерінің әр деңгейі үшін жетекші фактор белгіленеді;
    • интеграциялық көрсеткіштерге аймақтық «экоөнім» және адам әлеуетінің даму индексі жатады.

 

Туризм

 

Туризм (франц. tourіsme, tour –  серуендеу, жол жүру) – адамның  бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын  жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен  өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік  туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді.

 

Халықаралық туризм көшбасшылары

 

1950 жылы туристердің келу  саны бойынша жетекші ел –  АҚШ болды. 1970 жылы туристік келу  саны бойынша біріншілікке Италия  шықты. 1990 жылдан бастап,  шетелдік  туристерді қабылдау бойынша  көшбасшы Франция болды. Франция  ХХ ғасыр соңына дейін халықаралық  туризмде көшбасшы болды.

Тура ХХ ғасырдың соңында  туристік қызметтер экспортынан  түскен жалпы әлеуметтік түсімдер салыстырмалы жоғары көрсеткіштерге жетті. 1998 жылы туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ  долларын құрады.

ХХ ғасырдың соңында АҚШ  халықаралық туризмнен түскен табыс  бойынша көшбасшы болды. 1999 жылғы  түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000 жылы – 95,2 млрд доллар болды.2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы 10 елдің қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл цифр 21,2 млн адамға жетті.

БТҰ-ның статистикалық  мәліметтері 2000 жылы халықаралық туризмдегі келу бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен  түскен түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.

БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды  сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі, мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай  әлемде туристік келу саны 1561,1  млн  адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан  үшін бұл кезде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері қызықты  оқиғалы және спорт туризмі болып  табылады.

2020 жылға қарай жалпы  келу көлемімен арақатынастағы  аймақаралық туризмнің үлесін  бөлу былай анықталады: Оңтүстік  Азия – 85%; Таяу Шығыс – 63%; Африка – 43%; Америка – 38%; Еуропа  – 15%.

2020 жылға қарай туристік  нарықтың маңызды сегменттері  мыналар болады: күн және жағажай;  спорт туризмі; қызық оқиғалы  туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі;  тематикалық парктер; конгрестік  туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы  түрлері; спорттың судағы түрлері.

Ұлттық Туристік ұйымның (НТО) ХХI ғ. таяу онжылдығындағы басты  бағыттары мыналар болды:

-  маркетингті күшейту, бағыттылығы мен агрессивтілігін көтеру;

- өнімді, оның сапасы немесе бағасын дифференциалдау арқылы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге үнемі тырысу;

- ұзақ мерзімді жағдай мақсатында туризмді тұрақты дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігін мойындау;

-мемлекеттік бақылауды азайту, мемлекеттік–жеке меншік серіктестерін кеңейту.

 

Халықаралық туризмнің дамуының қазіргі факторларына жер шары халқының бейбіт өмір сүруі, халықаралық туризмді дамытып отырған көптеген елдерде  мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық байлықтың өсуі, жұмыс уақытының  қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің жетілуі жатады. Демографиялық  факторлар да (өмір сүрудің орташа ұзақтығының өсуі, урбандалу деңгейінің көтерілуі) әсер етеді.Туризмнің дамуына  кедергі келтіретін факторларды  да бөліп қарастыруға болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің  тым алыс орналасуы, сейсмикалық  белсенділік пен апаттық жағдайлар, азаматтық соғыстар мен дамушы елдердегі  экономикалық төмендеулер, халықаралық  терроризм.

 

Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:

 

  1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, басқа жағынан туризм индустриясында қызмет ететін адамдарға үнемі мәселелер тудырады;
  2. Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндіктері туралы туристердің ақпараттылығы өсті. Туристер саяхат кезінде өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;
  3. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі және әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігі кеңейді;
  4. Жаңа қызмет түрлері ұсынылады (кәсіпкер өте қолайлы комбинациялар әзірлейтін болды. Мысалы, демалысты саудамен, білімді ағартушылықпен, бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);
  5. Халықаралық туристер үшін фирмалардың бәсекелестік күрестері күшейді;
  6. Қазіргі кезгі ақпараттық технологиялар қызметтерді сатуға, орындарға тапсырыс беруге, әртүрлі  туристік орталықтар мен көрнекіліктерді оқып-зерттеуге жаңа жолдар ашты;
  7. ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады, яғни туристің қажеттілігін максималды ескеру мен оның әкелетін зияны арасында тепе-теңдікті сақтауға негізделеді.

 


Информация о работе Тұрақты даму концепсиясы