Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 22:59, реферат
Адамзат қоғамының алдында түрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық атрихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экология мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Тұрақты даму концепсиясы
Адамзат қоғамының алдында
түрған экологиялық мәселелер оның
дамуының барлық атрихи кезеңдерінде
орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам
мен демографиялық жарылыс
Қазіргі кезең адамының ерекше биоcфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік
қоршаған орта мен даму
Алғаш рет «тұрақты даму» концепсиясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан)
1992 жылдың маусым айында
Рио-де-Жанейро қаласында
Мәселе |
Мәселенің қысқаша мәні |
1 |
2 |
Кедейлікпен күрес |
Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 млрд-тан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық көмек. |
Тұтынудың құрылымын өзгерту |
Адамзаттың бай бөлігінің
шектен тыс ысырап етуі – қоршаған
ортаның бұзылуы мен табиғат
ресурстарының сарқылуының |
Халық және тұрақтылық |
1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 млрд.-тан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді. |
Халықтардың денсаулығын қорғау мен жақсарту |
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: 1) СПИД-пен күреске жұмылдыру; 2) Туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес 3) бала өлімін кеміту; 4) халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; 5) еркектер мен әйелдердің
өздерінің балаларының саны 6) халықты ауыз су, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; 7) балалардың денсаулығын қорғау 8) қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан қорғау |
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) |
2000 жылға қарай дүниежүзінің
халқының жартысы қалаларда |
Атмосфераны қорғау |
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны өндіру мен тұтыну |
Жер ресурстарын тиімді пайдалану |
Топырақтың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен хмииялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауыл шаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану жіне т.б. |
Ормандарды жоюмен күрес |
Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рол атқарады. Үкіметтерге орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыру қажет. |
Шөлденумен құрғақшылықпен күрес |
Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады |
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану |
Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн т.дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді. |
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану |
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: 1) қалалардың әрбір тұрғынын
бір адамға шаққанда ең 2) өнеркәсіптік, тұрмыстық
шайынды суларды 3) барлық ауылдық аудандардың
тұрғындарын экологиялық |
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру |
Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-нің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ. |
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою |
Тұрмыстық қалдықтар мен
шайынды сулардың мөлшерінің жылдам
артуы қала халқының денсаулығы мен
қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл
сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4 млн
балалар шайынды сулар мен
қатты қалдықтарды дұрыс |
Радиактивті қалдықтарды жою |
Радиактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-дің жұмысы нәтижесінде 200 мың м3 төмен, ал 10 мың м3 жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі. |
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ролі. |
Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға, жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет. |
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру |
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеулер
адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында
жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада
қауіпті өзгерістер болуы мүмкін.
Ғалымдар төмендегі мәселелерді
зерттеуде; ауа райының өзгеруі,
ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық
тенденциялар, ортаның деградациясы,
энергия мен ресурстарды |
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конферециясы барлық
елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұл
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық,
экономикалық,әлеуметтік мәселелерді
интеграциялау саласындағы
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепсиясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарастырылған (Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен бекітілген. 30 сәуір,1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға, қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы теп-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы байқалып отыр.
Қазақстан Республикасының
«экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық
мақсаты мен міндеттеріне»
Рим клубы
Адамдар планетамыздағы орасан күшке ие болды. Сондықтан олар енді саналы және табиғатты аялаушы болу керек, өздерінің табиғаттың тағдырына жауапкершілігін сезінуі керек. Планетамыздың болашағы адамдардың күш-қуатын қайта бағыттауына байланысты. Адамзат жер планетасының тағдырына жауап беруі тиіс.
Әлеуметтік теория құрамында
оның экотехника, экодаму, экологиялық
тәрбие мен мәдениет экологиялық
сана, т.с.с. бағыттары маңызды болып
келеді. Адамзат әрекетенің едәуір
бөлігін әлеуметтік-
Егер бұрынғы болжамдар оптимистік сипатта болса, экологиялық салдарды ескере отырып, жасалған болжам пессимистік болды. Өйткені ХХІ ғасырдың ортасында барлық минералдық ресурстар сарқылады және табиғи орта шамадан артық ластанады. Рим клубының тапсырыстарымен М.Медоуздың басшылығымен орындалған. «Өсудің шегі» (1972ж.) және М.Месарович пен Э.Пестельдің «Адамзат бұрылыс шегінде» еңбектері негізінен Дж.Форрестердің болжамын растады. Сонымен, өркениеттің алыс болашақта емес, нақты уақыт аралығында аяқталатыны туралы көңіл көншітпейтін болжамы айтылды. Сондықтан осы мәселені зерттейтін және ғаламдық қауіптің алдын алатын ғылым саласына қажеттілік туды. Ондай ғылым болып табиғи ортаның ерекшеліктеріне сәйкес адамзат қоғамының оған үйлесімділік мүмкіндігін зерттейтін әлеуметтік экология қалыптасты. Адам әрекеті өте көпқырлы болғандықтан, жалпы теориялық мәселелермен айналысатын әлеуметтік экологиядан оның қолданбалы салалары: адам экологиясы, инженерлік экология, геоэкология, урбоэкология, ауыл шаруашылық экология, т.б. бөліне бастады.
Жалпы, қазір әлемде экологиялық дәуірге өту туралы заңды құбылыс жүріп жатыр. Оған өту міндетті түрде болуы керек, өйткені адамның тағдыры соған байланысты.
Беделді мемлекеттік емес халықаралық ұйым – Рим клубы 1968 ж. құрылды. Оның мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптік алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Олар компьютерлік жүйені талдау және көпсатылы бағынышты жүйе негізінде ғаламдық экономикалық, техникалық, әлеуметтік және экологиялық жүйелердің біртұтас дамуының моделін жасауға тырысты.
Д.Медоуздың басшылығымен
орындалған Рим клубының алғашқы
баяндамасы – «Өсу шегі» 1972 жылы жарияланды.
Оқиғалардың:ресурстардың сарқылуының
жалғасуы;ресурстардың шексіздігі; халықтың
өсімінің және техногенездің шектелуі;
тұрақтану үрдістері
«Әлемдік динамикада» және «Өсу шегінде» экология-экономикалық құраушылар және биосферадағы көптеген факторлар әлемнің ала-құлалығы жеткілікті ескерілмеді. Сондықтан Рим клубының М.Месерович пен Э.Пестельдің басшылығымен әзірленген келесі жобасында – «Адамзат бұрылыс шегінде» экономикалық даму мен экологиялық жағдай болжамдарында қарқынды аймақтарды саралаулар қолданылды. Әлем 10 аймаққа бөлінді және әлемге ғаламның опат емес, әр аймақта, әр кезде болатын опаттар қауіпті деген қорытынды жасалды. Жалпы олар өсуді шектеу қажеттігі туралы қорытындыға келеді.
Осы идея Рим клубының кейінгі
еңбектерінде және БҰҰ даму және қоршаған
орта комиссиясының жұмысында
Тұрақты даму жөнінде Стокгольм конферециясы
Экологиялық тоқырау құндылықтарды
қайта қарауға мәжбүр етті, әлемдік
қауымдастықтың табиғи ортаның жағдайына,
өркениеттің дамуының болашағына алаңдатушылығын
туғызды. Осы жағдай 1972 ж. Стокгольмде
қоршаған орта жөнінде Бірінші бүкіләлемдік
конференцияны әзірлеуге және өткізуге
сәйкес келді. Оған 113 мемлекеттің өкілдері
қатысты. Конференцияның Бас хатшысы
Морис Стронг алғаш экодаму түсінігін
адамдардың игілігінің өсуі табиғи ортаның
сапасын нашарлатпайтын және табиғи
жүйелерді аздырмайтын
Стокгольм мәлімдемесі әр
түрлі елдерге экологиялық
Мұндай міндеттер арнайы құрылымды – қоршаған орта жөнінде БҰҰ бағдарламасын (ЮНЕП) құруды қажет етті. ЮНЕП-тің алғашқы міндеттері экологияның кезек күттірмейтін өзекті мәселелері: жердің тақырлануы, топырақтың тозуы, тұщы су қорының сарқылуы, мұхиттардың ластануы, ормандардың отасуы, жануарлар мен өсімдіктердің құнды түрлерінің жойылуы бойынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттерге қолдануға ұсыну.
Сондай жаңа уақыт талабына сай ұсыныстың бірі – экодаму тұжырымдамасы болды. Онда алғашқы рет экономиканың дамуын табиғат жүйелерінің мүмкіндігіне сәйкестендіру идеясы, теңгерушілік идеясы, экологиялық және экономикалық талаптардың теңдестігі идеясы қалыптастырылды. Дамудың жаңа тұжырымдамасын М.Стронг қоршаған орта жөнінде Бірінші халықаралық конференциядағы (Стокгольм 1972ж.) баяндамасында ұсынды. Ол өзінің баяндамасында әлемдік қауымдастықты дамытудың үлігісін өзгертуді – экономикалық дамудан экологиялық-экономикалық дамуға өтуге шақырды. Нақ экологиялық-экономикалық жүйе болашақ дамудың үлгісі деп анықталды. Бұл тұжырымдаманың тартымды жағы – экологиялық-экономикалық жүйеге өте дамудың басты мақсатын өзгертеді. Тұжырымдаманың мәні – экологиялық және экономикалық теңдестік болғанда ғана даму болатынын мойындату. Адамзат шаруашылығын ұйымдастырудың жаңа түрі басқару қызметін және ұйымдастыру құрылымын түбірлі өзгертуді талап етеді.
Стокгольм конференциясынан кейін экодамуға байланысты көптеген еңбектер жаряиланды. Бірақ бұл тұжырымдама ұзақ жалғаспады, біртіндеп тұрақты даму тұжырымдамасына ауысты.