Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 10:48, реферат
Планетаны сактау және корғау проблемасы адамзаттың бүлдіруші кызметінің нәтижесінде туындады. Көптеген мемлекеттер адамның өнеркәсіптік кызмет әсері болмай тұрғанда-ақ табиғи орта бұзылуының ғаламдық зардаптарын ұғынды. Ұлттардың минуттық мүддесі кейбір мемлекеттерді қоршаған ортаның бұзылуы мен ластануына көз жұмғызып отыр. Ал бұдан да маңыздырақ проблемалары бар мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мәселесін екінші қатарға жылжытып қоюға мәжбүр болып отыр. Осы қиыншылық жағдайға қарамастан, адамзат қызметінің табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға қауіпті әсер ететіндігі қазірдің өзінде дәлелденіп отыр.
1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы.
2. Экологиялық құқытың арнайы қағидаттары мен қайнар көздері.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы.
Халықаралық экологиялық құқыктың ең басты қағидаттары алғаш рет адамды қоршаған табиғи орта мәселелері жөніндегі 1972 ж. БҰҰ Стокгольм декларациясында қалыптасты.
Стокгольм декларациясындағы қағидатгар 1992 ж. қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясында жалғасын тапты.
Қайнар көздер — халықаралық экологиялық құқықтың даму серпінін көрсетеді. Қазіргі кезде халықаралық екі-жақты шарттар басымдылыққа ие, бірақ соңғы уақьггтарда халықаралық құқықтың осы саласының дамуына халықаралық конвенциялардың ықпалы зор. Бұл көзқарасты негіздеу үшін халықаралық конвенциялар халықаралық экологиялық құқықгың "құрылымдық заңдары" болып табылатындығын, олардың негізінде басқа нормалар, мысалы, осы конвенция хаттамаларының дамитындығын айтуға болады. Мемлекетаралық келісімдер мен шарттарға келетін болсақ, олар негізінен жергілікті деңгейде саяси мәселелерді щешеді және қоршаған ортаны аумақтық немесе әлемдік деңгейде қорғау мәселелерін іс жүзінде шешуге қабілетсіз болып келеді.
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық қүқықтық шығармашылық өте маңызды рөл атқарады. Бүл ең алдымен халықаралық жауапкершілік институтының дамуына, сондай-ақ халықаралық құқықгы екіге: абсолютті, яғни қатаң (міндетті) және жұмсақ (ресми заңды күш иеленбейтін) деп аталатын квази құқық деп бөлуге байланысты.
Адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі экологиялық қатынастарды реттеу болып табылғандықтан, оны шешуге халықаралық ұйымдардың басым көпшілігі қатысады. Олардың кейбіреулері арнайы табиғатты қорғау мақсатында құрылған. Басқалары әр түрлі халықаралық қатынастар жасау мақсатында құрылғандықган, бірте-бірте табиғатты қорғау кызметіне енді және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтердің бір бөлігін өзіне алды.
Табиғатты қорғау ісіне қатыспаған Ұлттар Лигасына қарағанда. БҰҰ мұндай маңызды мәселені шешуге үлкен үлес косты. Оған БҰҰ-ның Бас Ассамблея, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС), аумақтық экономикалық комиссиялар (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭКА, ЭКЛА), Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТ.ЛД), Өнеркәсіптік даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО), Хадықаралық Еңбек ұйымы (МОТ), Сауда-саттық пен ауылшаруашылык мәселелер жөніндегі БҰҰ (ФАО), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО), Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым (ВМО), Табиғи ресурстар жөніндегі халықаралық банк (КПР), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) және басқа басты органдар мен арнайы мекемелер көңіл бөледі.
1949 ж. БҰҰ бастамасымен табиғатты корғау мәселелеріне байланысты халықаралық техникалық конференция өткізіліпол әлемдегі мемлекеттерді ғьшым мен техниканың даму процесіндегі қолайлы табиғи жағдайлардың бұзылмауының алдын алу қажеттігіне бағыттады. Кейінірек 1962 ж. 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының XVII сессиясында "Экономикалық даму және табиғатты қорғау" жөнінде қарар қабылдап, экономикалық даму процесінде мемлекеттердің негізгі борышы болып табылатын табиғи құндылықтарды сақтау, қалпына келтіру, байыту және тиімді қолдануын жариялаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттердің халықаралық табиғатты қорғау жөніндегі ұйымдарына көмек көрсету, флора мен фаунаны қорғау жөніндегі халықаралық келісім-шарттарды сақтау, ішкі заңнаманың негізінде табиғатты қорғау жөнінде неғұрлым қатаң шаралар қолдану, ақпарат алмасуын кеңейту, халық арасында табиғатқа ұқыпты түрде қарау жөнінде насихат жүргізуді күшейту туралы кеңес берді.
Шешімдері БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVII сессиясында мақұлданған Стокгольм конференциясының тарихи маңызы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының "Қоршаған орта саласындағы халықаралық қатынастар бойынша ұйымдастырушылық жөне қаржылық шаралар" жөнінде 1972 ж. 15 желтоқсанда қабылдаған №2997 қарарына сай қоршаған ортаға байланысты БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) деген атқа ие болғанын ерекше атап өтсек. БҰҰ-ның шегінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде үкіметаралық жаңа орган құрылды. Ол негізгі қосалқы органның міндетін атқарады, экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы әрбір 2 жыл сайын өзінің қызметі жөніндегі баяндамаларын Бас Ассамблеяға ұсынып отырады. ЮНЕП құрамында 3 негізгі: 1) Басқарушылар кеңесі; 2) Атқарушы директоры басқаратын секретариат; 3) Қоршаған орта жөніндегі қор құрылымы бар. ЮНЕП-тің штаб-пәтері Найробиде (Кения) орналасқан.
ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясының 3 жылдық мерзімге алынатын 58 мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Ол жыл сайын қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық катынастардың негізгі мәселелерін талқылау үшін жиналады.
Қоршаған орта жөніндегі қор ЮНЕП шеңберіндегі мемлекеттер жүзеге асыратын халықаралық табиғатты қорғау шараларына қосымша қаржылық көмек көрсету мақсатында кұрылған. Қор әрбір мемлекеттің өз еркімен берілетін салымдарының негізінде құрылады және ЮНЕП Басқарушьшар кеңесінің ұсынысына сәйкес жұмсалады. Алғашқы қордың көлемі 5 жылға 100 млн. доллар.
ЮНЕП үйымдастырылғалы бері қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды: қоршаған ортаның жағдайына байланысты әлемдік бақылау жүйесін құру үшін дайындық жүмыстарын өткізді (мониторинг). 100-ден астам халықаралық табиғатты қорғау жобаларын өз қамкорына алды.
Азық-түлік және ауылшаруашылык. мәселесі жөніндегі БҰҰ (ФАО), өнімді жерлерді, су ресурстарын. өсімдіктер және жануарлар әлемін корғауға көңіл бөледі. ФАО осы табиғат объектйіерінің жағдайын анықгау максатында зерттеулер жүргізеді, оларды үнемді қолдану және қорғау жөнінде ұсыныстарды дайындайды, кызмет көрсетуші ұйымның тапсырысын орындайды, осылайша әлемдік "және аумақтық көлемде тәжірибе жинау мен алмасуды жеңілдетеді. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларға қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсетеді.
ЮНЕСКО қоршаған ортаны қорғауға байланысты ғылыми мәселелермен айналысады. ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша жердің тропиктік және құрғап кеткен аймақтарында табиғатты корғауға байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізілген. Әлемдегі ,.табиғат ескеткіштерін қорғау бағдарламаларына көмек көрсетеді, халықты табиғатқа ұқыпты қарау рухында тәрбие және білім беруге жәрдемдеседі. ЮНЕСКО "Халықаралық гидрологиялық онжылдық", "Адам және биосфера" және басқа қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар ірі халықаралық ғылыми бағдарламалардың жүзеге асырылуын ұйымдастырды.
Табиғат қорғау міндеттерін шешуге қоғамдық күштерді жұмылдыру үшін арнайы құрылған үкіметтік емес ұйым -Табиғат және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП). Ол 1948 ж. қазанда Фонтенеблода (Францияда) өткен құрылтай ассамблеясының шешімі бойынша құрылды. МСОП жарғысының 1-бабына сәйкес ол үкіметтердің, ұлттық және халықаралық ұйымдардың арасындағы, сондай-ақ ұлттық және халықаралық шараларға сәйкес жүргізілген табиғи ресурстарды сақтау және табиғатты қорғау мәселесімен айналысатын жеке тұлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі. Бұл ұйымның мүшелері: елдердің үкіметі сияқгы, жеке мемлекеттік органдар, мекемелер. қоғамдық ұйымдар (ұлттық және халықаралық) және табиғатты қорғау ісіне өз салымдарын салушы адамдар болуы мүмкін.
МСОП-тың жоғары органы сессиясы 3 жылда 1 рет өткізілетін табиғатты қорғау жөніндегі Бүкіләлемдік Конгресс деп аталатын Бас Ассамблся. МСОП-тың табиғат қорғау қызметі әркайсысын комиссия (ұлттық парк. экологиялық күқык, сирек түрлері жөніндегі) басқаратын 6 негізгі бағытта жүргізіледі. Комиссия мүшелері қоршаған ортаны қорғау мақсатына жету үшін белсенді қатынас жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар және басқа тұлғалар. МСОП бірқатар пайдалы шараларды жүргізген. Арнайы қорғауды қажет ететін жануарлардың түрлері туралы мәліметтерді құрайтын халықаралық "Қызыл кітап" шығарды. МСОГТ қоршаған ортаны қорғауға байланысты әлемдік қоғамдық ой-пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. МСОП шең-беріндегі халықаралық және экологиялық құқықты жасауда маңызды рөл білім және құқықтық ғылымды дамытудағы халықаралық ұйымдардың заң жобалық кызметі мен мемлекеттерге кең бағдарлама негізінде көмек беру қызметін атқаратын Экологиялық құкық жөніндегі комиссияға берілген. Комиссияның жанында таңғажайьш экологиялық-құқықтық материалдар жинағын иеленетін Экологиялық құқық жөніндегі орталық қызмет етеді. Жинақ (коллекция) 4 компоненттен трады: 1) әлем мемлекеттерінің қазіргі қызмет ететін экологиялық заңдылығының жинағы; 2) табиғи ресурстарды қолдануды реттеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Еуропа одағы актілерінің жинағы; 3) күші бар келісімдер, конвенциялар, шарттар және халықаралық экологиялық құқыктың баска да актілер жинағы; 4) әлемнің әрбір елдерінен экологиялық-құқықтық әдебиеттер жинағы.
Экологиялық құқық жөніндегі комиссиянын құрамында 89 мемлекеттен келген 300 заңгер қызмет етеді.
1969 ж. 26 қарашада Нью-Делиде құрылған Қоршаған
орта құқығы жөніндегі халықаралық кеңес
өзін толығымен экологиялық құқыққа арнаған
ұйым болып табылады. Экологиялық құкықты
жасау мен қолдануда кәсіби мамандандырылатын
әлемнің әрбір мемлекеттері заңгерлерінің
шектелген аясы оның құрамына кіреді.
Бүл ұйым "Рим клубыньң" монерінде
қызмет етеді, қоршаған ортаны қорғау
және табиғатты пайдалану аясындағы құқыктық
реттеудің алдыңғы қатарлы идеяларының
негізгі жүргізушісі болып табылады. Ол
экологиялық, саясат және құкық деген
халықаралық журналды шығарады. Соңғы
жылдары. әсіресе, 1992 ж. БҰҰ-ның қоршаған
ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясын
дайындау мен жүргізуге байланысты әлемде
көптеген үкіметаралық және үкіметтік
емес экологиялық бағыттағы халықаралык
ұйымдардың пайда болуына ыкпалын тигізді.
Соның ішінде БҰҰ-ның тұрақты дамыту жөніндегі
комиссиясы қоршаған орта және дамыту
жөніндегі БҰҰ конференциясының шешімдерінің
жүзеге асырылуын қадағалау, үйлестіру
және жалпылама көмек көрсетуге байланысты
өзіне міндет жүктеді.
Халықаралық қатынастардағы алдыңғы және маңызды рөл БҰҰ-ға және оның арнайы мекемелеріне тиесілі. Адамды қоршаған ортаны қорғау - БҰҰ Жарғысынан туындайды. Оның мақсаты мен міндеті — экономикалық, әлеуметтік өмір және денсаулық сактау аясындағы ха-лықаралық проблемаларды шешуге жәрдемдесу, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, адам құқықтарын сакдау.
БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық қауымдастықтың экологиялық саясатының негізгі бағыттарын айқындайды: қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттердің қарым-қатынас жасау қағидаттарын жасайды. Қоршаған ортаның манызды проблемалары бойынша БҰҰ-ның халықаралық конференцияларын жүргізу жөнінде шешім қабылдайды, халықаралық конференциялардың жобаларын жасайды, қоршаған ортаны қорғау жөнінде кеңестер береді, табиғатты қорғауға байланысты жаңадан органдар құрады. қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттердің екіжақты және көпжақты қарым-қатынас жасауын дамытуға жәрдемдеседі. БҰҰ-ның табиғатты қорғау кызметі тікелей оның негізгі немесе қосалқы органдары арқылы немесе мамандандырылған мекемелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық экологиялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруда халықаралық ұйымдар маңызды рөл атқарады. Жоғарыда аталғандай, ол ұйымдар құқықтық шығармашылықпен, тұрақты даму бағдарламасын жасаумен маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асырумен, донорлық қызметті көрсетумен, сондай-ақ қоршаған орта жағдайы жөніндегі мәселелерді жариялаумен айналысады. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғаумен айналыспайтын арнайы халықаралық ұйымдар мемлекеттерге көмек көрсетеді. Сондай-ақ қоршаған ортаны корғау аясында халықаралық құқықтық шығармашылықты дамытуды жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдар өзге де проблемаларды шешуде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ең жэоғарғы нысаны екендігін ескеру керек.
Әдебиеттер тізімі
1.Сарсембаев М.А.
2.Колбасов О.С. Экологическое право России. Учебник под редакцией В.Д.Ермакова, А.Я.Сухарева. М;1997
3.Ерофееп Б.В. Экологическое право, учебник, «Новый Юрист» М., 1998.
4.Петров В.В. Экологическое право России. М;1995
5.Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. Учебник, 1996